Главная страница

Химия практика. Зертханалық жұмыс 2. Бөлшектеп талдау. Зертханалы жмыс 2. Сілтілік металдар жне аммоний топтары катиондар оспасыны жекелік реакциялары жне оларды блшектеп талдау


Скачать 22.19 Kb.
НазваниеЗертханалы жмыс 2. Сілтілік металдар жне аммоний топтары катиондар оспасыны жекелік реакциялары жне оларды блшектеп талдау
АнкорХимия практика
Дата14.10.2021
Размер22.19 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЗертханалық жұмыс 2. Бөлшектеп талдау.docx
ТипДокументы
#247544

Зертханалық жұмыс №2.

Сілтілік металдар және аммоний топтары катиондар қоспасының жекелік реакциялары және оларды бөлшектеп талдау

(1-аналитикалық топ катиондары)


І-аналитикалық топ катиондарын бөлшектеп талдау
І. рН анықтау: Егер рН>7 болса, зерттеуге алынған ерітіндіде Na+ мен K+ катиондарының тұздары басым болады.

2.NH4+ катионын анықтау: Зерттелетін ерітіндіден NH4+ катионын ашуға ерітіндідегі Na+ мен K+ катиондары кедергі жасамайды.

  • а) Несслер реактивімен ашу: Заттық шыны бетіне 1 тамшы зерттелетін ерітінді, 1 тамшы Несслер реактивін K2[HgJ4]+KOH тамызып, оларды шыны таяқшамен қосу керек. Тамшылар арасында қоңыр - қызыл түсті тұнбаның түзілуі, ерітіндіде NH4+ катиондары бар екендігін дәлелдейді:

NH4CI + 2K2[HgI4] + 4KOH → [OHg2NH2]I2+7KI +KCI+3H2O

б) Гидроксидтермен ашу:

  1. Сынауыққа 5-6 тамшы зерттелетін ерітіндіні тамызып үстіне сонша мөлшерде 2 н натрий гидроксиді NaOH ерітіндісін қосып қыздырады. Сынауықтың аузына суланған универсалды немесе қызыл лакмус қағазын ұстау керек.Зерттелетін ерітінді құрамында NH4+ катиондары болған жағдайда, фенолфталеин қағазы қызарады, ал қызыл лакмус қағазы көгереді.

  2. Сынауықтың ауызына концентрленген тұз қышқылы НСl ерітіндісіне батырылған таяқшаны апарғанда, таяқшаның маңында (сынауықтың ішінде) «ақ түтін» пайда болады (HCl +NH4+→NH4Cl +H+). Индикатор қағазы түсінің өзгеруі:



ІІ. Егер ерітіндіде NH4+ катиондары жоқ болса, Na+ мен K+ катиондары бөлшектеп анықталады.

3. K+ катионын ашу:

а) Натрийдің гексанитрокобальтатыNa3[Co(NO2)6] реактивімен анықтау: Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына сонша көлемде ннтрийдің гексанитрокобальтаты Na3[Co(NO2)6] ерітіндісін қосқанда сары түсті тұнба түзіледі. Реакцияны заттық шыны бетінде де орындауға болады.

б) Натрийдің гексанитроқорғасынкупраты Na2[PbCu(NO2)6] реактивімен ашу реакциясын орындау арқылы дәлелдеуге болады.

4. Na+ катионын ашу:

Калийдің дигидроантимонаты KH2SbO4 реактивімен ашу (K+ катиондары кедергі жасамайды):

Бұл реактивпен Na+ катионын ашу үшін ерітіндідегі натрий тұздарының концентрациясы жоғары болуы керек. Сондықтан фарфор тигельге 10-15 тамшы зерттелетін ерітіндіні көлемі 2 есе азайғанша қыздырып, суалту керек. Ерітіндіні сынауыққа ауыстырып, суытып, үстіне реактив қосады. сынауықтың қабырғасын шыны таяқшамен ысқылап, ерітіндіні араластыру керек. Na+ катиондары бар болған жағдайда, ақ кристалды (аморфты емес!) тұнба түзіледі.

Егер зерттелетін ерітіндіде NH4+ катиондары бар болса, онда К+ катионын анықтамастан бұрын одан арылу керек.

NH4+ катиондарынан арылу:

Ерітіндідегі аммоний тұздарын термиялық әдіспен ыдыратып, NH4+ катиондарын жоюға болады:

Фарфор табақшасындағы 15-20 тамшы зерттелетін ерітіндіні будақтатып «ақ түтін» бөлінгенше қыздыру керек. Табақшаны суытып, 8-10 тамшы дистильденген сумен құрғақ қалдықты ерітіп, ерітіндіде NH4+ катиондарының бар жоғы Несслер реактивімен тексеріледі.

NH4+ катиондары бар тұздар былайша ыдырайды:



5. K+ және NH4+ катиондарын қатар анықтау: (NH4+ катиондарынан арылуды қажет етпейтін әдіс).

Зерттелетін ерітіндінің (рН=7) 5-6 тамшысына 6-7 тамшы натрийдің гексанитрокобальтаты Na3[Co(NO2)6] ерітіндісін қосу нәтижесінде сары түсті аралас құрамды тұнбалар түзіледі:



Түзілген сары кристалдық тұнбаның химиялық құрамын анықтау үшін, тұнбасы бар сынауық су моншасында 5-10 минут қыздырылады. Тұнбаның құрамында К2Na[Co(NO2)6] ғана болған жағдайда, тұнбаның түсі де, көлемі де өзгермейді. Егер тұнба еріп, еру кезінде газ тәріздес зат бөлініп, ерітіндінің түсі өзгерсе (қызғылт түске боялса), онда тұнбаның құрамында (NH4)2Na[Co(NO2)6] болғаны. Болатын өзгерістерді былай өрнектеуге болады:

4(NH4)2Na[Co(NO2)6]+22О2→4Co(NO3)2+4Na(NO3)2+16Н2О+20NO2


написать администратору сайта