Главная страница
Навигация по странице:

  • Принципі

  • Ақуыздарды тұнбаға түсіру реакциялары

  • (тұнбаға түсу механизмі)

  • Практикалық

  • 9 жұмыс. Ақуыздарды диализ арқылы тазалау. ИЭН анықтау . Принципі

  • Тақырып бойынша негізгі қарастырылатын сұрақтар

  • Дайындалуға ұсынылатын электронды ресурстар

  • ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР: 1. Белок ерітіндісі коллоидты қасиеттерге ие, сондықтан оларда

  • 4. Құрылым мен оны тұрақтандыратын байланыс арасындағы сәйкестікті табыңыз

  • 5. Денатурация - бұл белоктың

  • 6. Денатурациялаушы агент пен денатурация түрі арасындағы сәйкестікті табыңыз

  • 7. Тұнбаға түсіруші мен тұнбаға түсу механизмі арасындағы сәйкестікті табыңыз

  • 8. Тұздалу – бұл ерітіндіден белокты тұнбаға түсіру.

  • 9. Ауыр металл тұздары белокты ерітіндіден тұнбаға түсіреді, себебі бұзады

  • 10. Концентрлі қышқылдар белокты ерітіндіден тұнбаға түсіреді, себебі бұзады

  • 11. Заряд шамасына, сонымен қатар молекулалық массасына қарай альбуминдерді глобулиндерден бөлу әдісі

  • Зертханалық жұмыс №2. Зертханалы Жмыс 2 Таырыбы Тнбаа тсу реакциялары. Ауыздарды диализ арылы тазалау. Иэн анытау. Масаты


    Скачать 27.91 Kb.
    НазваниеЗертханалы Жмыс 2 Таырыбы Тнбаа тсу реакциялары. Ауыздарды диализ арылы тазалау. Иэн анытау. Масаты
    Дата08.02.2022
    Размер27.91 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЗертханалық жұмыс №2.docx
    ТипДокументы
    #355000

    ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 2
    Тақырыбы: Тұнбаға түсу реакциялары. Ақуыздарды диализ арқылы тазалау. ИЭН анықтау.
    Мақсаты: 1) Нәруыздардың коллоидтік қасиеттері, денатурация, ренатурация және денатурациялаушы агенттер, тұңбаға түсіру реакциялары туралы білімдерін қалыптастыру.

    1. Тұнбаға түсі реакциялардың механизмін және оларды медицинада қолдануды түсіндіру.


    Тәжірибелерді келесі видеодан көріңіз: https://www.youtube.com/watch?v=XY60mqS_Um8

    № 5 жұмыс. Минералды қышқылдар әсерінен ақуызды тұнбаға түсіру.



    Принципі: Әдіс концентрлі бейорганикалық қышқылдардың нәруыздарды дегидратациялау (гидратты қабатын жоғалту), одан кейін денатурациялау қасиетіне негізделген.
    Анықтау әдісі: 3 пробиркаға 10-15 тамшы концентрлі тұз, күкірт және азот қышқылдарын құяды. Пробирканы 450С- қа еңкейтіп, қышқылға бірдей мөлшерде 1%нәруыз ерітіндісін пробирканың қабырғасы арқылы араластырмай қабат түзетіндей етіп құяды. Осы екі сұйықтықтың шекарасында тұнбаға түскен ақ нәруыз сақинасы байқалады. Қоспаны шайқаса күкірт және тұз қышқылдары бар пробиркадағы белок тұнбасы еріп кетеді де, ал азот қышқылы бар пробиркадағы тұнба өзгермейді.


    №6 жұмыс. Органикалық қышқылдардың әсерінен ақуыздың тұнбаға түсуі.



    Принципі: Әдіс органикалық қышқылдардың нәруыздарды дегидратациялау арқылы нәруыздың кеңістіктік құрылымын денатурациялау қабілетіне негізделген.
    Анықтау әдісі: Екі пробирканың әрқайсысына 5 тамшыдан 1% жұмыртқа нәруызының ерітіндісінен тамызады; бірінші пробиркаға 2 тамшы 10% үш хлор сірке қышқылын, ал екіншісіне 1 тамшы 10% сульфосалицил қышқылын тамызады. Екі пробиркада да нәруыздың ақ тұнбасы пайда болады.

    №7 жұмыс. Ауыр металдардың тұздарының әсерінен ақуыздың тұнбаға түсу реакциясы



    Принципі: Әдіс ауыр металдар тұздарының нәруыз молекуласының беткі қабатына адсорбцияланып, нәруыз молекуласының зарядын нейтралдап суда ерімейтін комплекс түзу қабілетіне негізделген.
    Анықтау әдісі: Үш пробирканың әрқайсысына 5 тамшыдан 1%нәруыз ерітіндісін тамызады. Бірінші пробиркаға 1 тамшы 5% мыс сульфатын, екіншісіне 1 тамшы 5% күмісті азот қышқылын, үшіншісіне 1 тамшы 5% қорғасын ацетаты ерітіндісін тамызады.

    Барлық пробиркаларда нәруыздың тұнбаға түскені байқалады. Тұз ерітінділерін көп мөлшерде қосқанда бірінші және үшінші пробиркаларда тұнбаның ерігені байқалады. Кейбір ауыр металдардың тұздарын көп мөлшерде қосқанда тұнба ериді, бұл нәруыз молекуласының қайта зарядталуына байланысты.
    Практикалық маңызы: нәруыздардың ауыр металдардың тұздарымен байланысып,тұнба түзуін медициналық практикада ауыр металдардың тұздарымен уланғанда қарсы қолданады. Нәруыз ауыр металдармен ерімейтін комплекс түзіп, олардың сіңірілуіне кедергі жасайды.

    № 8 жұмыс. Алкалоидты реактивтермен ақуызды тұнбаға түсу реакциясы.



    Принципі:Бұл реактивтер нәруыздардытұнбаға түсіруге қабілетті. Әдіс нәруыздың құрамында алкалоидтардың молекулаларындағыдай азоттық гетероциклдік топшаларының болуына негізделген.
    Анықтау әдісі:Төрт пробиркаға 5 тамшыдан 1%нәруыз ерітіндісін тамызады. Барлық пробиркаларға 2 тамшыдан 1% сірке қышқылын құяды. Одан кейін пробиркаларды шайқап: 1-ші пробиркаға 2 тамшы пикрин қышқылының қаныққан ерітіндісін, 2-ші пробиркаға 2 тамшы қаныққан танин ерітіндісін, 3-ші пробиркаға 3 тамшы 5%-ті темірдің синероидты калий ерітіндісін K4Fe(CN)6, 4-ші пробиркаға 3 тамшы қаныққан фенол ерітіндісін тамызады Барлық пробиркада нәруызтұнбаға түседі.
    Практикалық маңызы: алкалоидты реактивтерді күйіктерді емдеуге қолданады. Күйген аймақтың нәруыздары алкалоидты реактивтермен өңдегенде денатурацияланып, кеуіп кетуден және инфекцияның енуінен қорғайтын қабат түседі.

    5-8 жұмыстардырәсімдеу
    Ақуыздарды тұнбаға түсіру реакциялары


    Тұнбаға түсіргіш агенттер

    Реакция барысы және нәтижесі

    Белоктардың тұнбаға түсіуінің бастапқы себебі

    (тұнбаға түсу механизмі)

    Концентрлі минералды қышқылдар (НCl, H2SO4, HNO3)

    Белок ерітіндісі + конц. қышқыл  тұнба




    Ауыр металдардың тұздары (CuSO4, AgNO3, (CH3COO)2Pb

    Белок ерітіндісі + тұздар ерітіндісі  тұнба




    Органикалық қышқылдар: ТХУ (үшхлорлы сірке қышқылы, сульфасалицил қышқылы)

    Белок ерітіндісі + органикалық қышқыл  тұнба




    Алкалоидты реактивтер (пикрин қышқылы, танин, фенол, темірсинероидты калий)

    Белок ерітіндісі + алкалоидты реактив  тұнба






    Практикалық маңызы:


      1. зерттелетін биологиялық материалдағы нәруызды тұнбаға түсіріп, ары қарай оның құрамын анықтауға болады;

      2. биологиялық сұйықтықтардағы нәруыздың бар екенін анықтау және оның сандық құрамын анықтау үшін;

      3. санитарлық жұмыстарда қалдықтарды өңдеу үшін;

      4. теріні және кілегейлі қабаттарды дезинфекциялау үшін қолданылады.


    9 жұмыс. Ақуыздарды диализ арқылы тазалау. ИЭН анықтау.
    Принципі: әдіс ақуыздардың жартылай өткізгіш мембраналардан өтпеу қабілетіне негізделген.
    Анықтау әдісі: келесі сілтеме бойынша көрсеңіз болады https://www.youtube.com/watch?v=wP4V720h6uQ

    https://www.youtube.com/watch?v=QlCy41Gad7c
    Диализ - бұл жоғары молекулалы және төмен молекулалы заттарды жартылай өткізгіш мембраналарды (коллодий, целлофан, пергамент және т.б.) пайдаланып бөлу процесі. Үлкен диаметрлі ақуыз молекулалары мұндай мембраналар арқылы ене алмайды, ал төмен молекулалық заттардың бөлшектері олар арқылы оңай өтеді.
    Практикалық маңызы: Диализ әдісі биохимиялық зерттеулерде немесе дәрілік препараттар өндірісінде ақуыздарды, нуклеин қышқылдарын, полисахаридтерді және басқаларын тазарту үшін қолданылады. Диализ әдісі - қанды табиғи төмен молекулалы токсиндерден және улы қосылыстардан тазарту үшін қолданылатын «жасанды бүйрек» аппаратының негізі (гемодиализ) болып табылады.

    Тақырып бойынша негізгі қарастырылатын сұрақтар:


    1. Ақуыздар ерітінділердің коллоидтық қасиеттері.

    2. Ерітіндідегі белок молекуласының тұрақтылығы. Тұрақтылық факторлары.

    3. Денатурация, ренатурация және денатурациялаушы агенттер

    4. Тұнбаға түсу реакциялары (кесте толтыру).

    5. Белоктардың тұздалуы.

    6. Нәруыздарды тұнбаға түсіру реакцияларының медицинадағы маңызы.


    Дайындалуға ұсынылатын электронды ресурстар:
    Денатурация и ренатурация: https://www.youtube.com/watch?v=sjyKp_3mvaA&feature=youtu.be

    Высаливание (тұздалу) https://biokhimija.ru/belki/osazhdenie-belkov.html

    ЖАТТЫҒУЛАР МЕН ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР
    Жағдайлық есеп №1

    Белок ерітіндісіне оған бірдей көлемдегі қаныққан аммоний сульфатын қосқанда тұнба түзілді. Қандай белок тұнбаға түсті? Неге? Бейтарап тұздарын қосу арқылы ерітіндіден белокты бөліп алу әдісі қалай аталады? Бейтарап тұздарының әсерінен белоктың тұнбаға түсуі немен байланысты.
    Жағдайлық есеп №2

    Белоктың қышқылдық гидролизінің дәрежесін анықтаңыз, егер белгілі болса:

    1. Биурет реакциясы – оң, тұздалу реакциясы – тұнба;

    2. Биурет реакциясы – әлсіз күлгін түс, тұздалу реакциясы – тұнба пайда болмады;

    3. Биурет реакциясы – теріс, тұздалу реакциясы – тұнба пайда болмады.



    ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР:
    1. Белок ерітіндісі коллоидты қасиеттерге ие, сондықтан оларда:

    1. диффузия жылдамдығы баяу

    2. жартылай өткізгіш мембраналардан өтпейді

    3. нағыз ерітінділер түзеді

    4. Тиндаль конусын береді

    5. гель түзеді

    2. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы тәуелді:

    1. белок молекуласы көлемінің үлкен болуына

    2. әр түрлі функционалдық топтардың болуына

    3. диализге қабілетілігі

    4. молекула бетінде зарядының болуына

    5. молекулада гидратты қабаттың болуына

    3. Белоктың құрылымы мен оны қамтамасыз ететін байланыс арасындағы сәйкестікті табыңыз:

    А) Біріншілік а) екі немесе одан көп полипептидтік тізбектердің тығыз орналасуы

    Б) Екіншілік б) амин қышқылдарының полипептид тік тізбекті түзуі

    В) Үшіншілік в) полипептидтік тізбектің спиральдануы немесе ширатылуы

    Г) Төртіншілік г) бір полипептидтік тізбектің тығыз жинақталуы

    Сәйкес комбинацияны табыңыз:

      1. А-б, Б-в, В-г, Г-а

      2. А-б, Б-г, В-в, Г-а

      3. А-а, Б-г, В-б, Г-в

      4. А-б, Б-а, В-в, Г-г

      5. А-г, Б-б, В-а, Г-в

    4. Құрылым мен оны тұрақтандыратын байланыс арасындағы сәйкестікті табыңыз:

    1) Біріншілік а) дисульфидті, сутекті, иондық, гидрофобты.

    2) Екіншілік б) сутекті

    3) Үшіншілік в) пептидтті

    Сәйкес комбинацияны табыңыз:

    1. А-б, Б-в, В-а

    2. А-б, Б-а, В-в,

    3. А-в, Б-б, В-а,

    4. А-а, Б-б, В-в,

    5. А-в, Б-а, В-б,

    5. Денатурация - бұл белоктың

    1. біріншілік құрылымының бұзылуы

    2. екіншілік құрылымының бұзылуы

    3. үшіншілік құрылымының бұзылуы

    4. төртіншілік құрылымының бұзылуы

    5. гидраттық қабаттың бұзылуы

    6. Денатурациялаушы агент пен денатурация түрі арасындағы сәйкестікті табыңыз:

    1. Жоғары температура а) гидрофобты әрекеттесудің бұзылуы

    2. Ауыр металл тұздары б) сутектік байланыстардың үзілуі

    3. Гуанидин, мочевина в) иондық байланыстардың үзілуі

    4. Тиолды қосылыстар г) дисульфидтік көпіршенің үзілуі

    5. Органикалық еріткіштер д) сутектік байланыстардың түзілуі

    Сәйкес комбинацияны табыңыз:

    1. А-б, Б-д, В-г, Г-а, Д-в

    2. А-б, Б-г, В-в, Г-а, Д-д

    3. А-б, Б-в, В-д, Г-г, Д-а

    4. А-а, Б-б, В-в, Г-г, Д-д

    5. А-г, Б-б, В-а, Г-д, Д-в

    7. Тұнбаға түсіруші мен тұнбаға түсу механизмі арасындағы сәйкестікті табыңыз:

    1. Минералды, органикалық қышқылдар а) зарядтың нейтралдануы

    2. Алкалоидты реактивтер б) ерімейтін тұздардың түзілуі

    3. Ауыр металл тұздары в) дегидратация

    Сәйкес комбинацияны табыңыз:

    1. А-б, Б-в, В-а

    2. А-б, Б-а, В-в,

    3. А-в, Б-б, В-а,

    4. А-а, Б-б, В-в,

    5. А-в, Б-а, В-б,

    8. Тұздалу – бұл ерітіндіден белокты тұнбаға түсіру.

    1. Ауыр металл тұздарымен

    2. Сұйытылған қышқылдармен

    3. Сұйытылған негіздермен

    4. Бейтарап тұздармен

    5. Алкалоидты реактивтермен

    9. Ауыр металл тұздары белокты ерітіндіден тұнбаға түсіреді, себебі бұзады:

    1. Гидратты қабатты

    2. Белоктың үшіншілік құрылымын

    3. Белок зарядын

    4. Молекула формасын

    5. Белоктың екіншілік құрылымын

    10. Концентрлі қышқылдар белокты ерітіндіден тұнбаға түсіреді, себебі бұзады:

    1. Гидратты қабатты

    2. Белоктың үшіншілік құрылымын

    3. Белок зарядын

    4. Молекула формасын

    5. Белоктың екіншілік құрылымын

    11. Заряд шамасына, сонымен қатар молекулалық массасына қарай альбуминдерді глобулиндерден бөлу әдісі

    1. электрофорез

    2. экстракция

    3. қышқыл-сілтілік өңдеу

    4. комплексонометрия

    5. фильтрация

    12. Белок ерітіндісіне тең көлемде (NH4)2SO4–ң қаныққан ерітіндісін қосқанда тұнба түзілді.

    Қандай белок тұнбаға түсті?

    А. альбумин

    Б.глобулин

    В. протамин

    Г.гистон

    Д.кератин


    написать администратору сайта