Тпс 3 лабка. Зертханалы жмыс 3 Сызыты емес тізбектегі сигналды трлендіру
Скачать 0.68 Mb.
|
Зертханалық жұмыс № 3 Сызықты емес тізбектегі сигналды түрлендіру Жұмыстың мақсаты: сызықты емес элементтің кірісіндегі және шығысындағы уақыт диаграммасын әртүрлі жұмыс режиміндн бақылау; сызықты емес тізбектің шығысындығы сигналдың қиылысу бұрышын өлшеуді үйрену;сызықтық емес элементтің реакция спектрін жұмыс режиміне байланысты түрлендіруін зерттеу. 3.Жұмыстың орындалу тәртібі 1.Ең алдымен компьютерді қосып,Workbench бағдарламасына кіреміз.Қажетті терезе ашылғаннан кейін,сызықты емес тізбектің электрлі функционалды зерттеу сұлбасын жинаймыз. 2.Жұмыстың әртүрлі режиміндегі сызықты емес элементтің кірісіндегі және шығысындағы уақыт диаграммасын бақылаймыз. 3.1Резистивті мәнін R3 номиналды мәннен 13%-ға орнатып,I ажыратқышын қосамыз. 3.1-сурет.R3 номиналды мәнді 13%-ға орнатқандағы сигнал 4.Осциллографты екі рет шерту арқылы сигналды аламыз.Кіріс сигналының уақыт периодын T1, қызыл үшбұрышты сигналдың бастапқы периодына,ал аяқталу уақытын T2 сигналдың көк үшбұрышын жылжыту арқылы қоямыз 5.Одан кейін Circuit суретін тышқанның сол жақ батырмасын шертіп,тізбек параметрі функциясына кіреміз. 6.Show nodes жазуына қарама-қарсы тұрған бос шаршыны манипулятордағы тышқанның сол жақ батырмасымен шерту қажет. 3.2-сурет.Show nodes функциясы 7.Терезенің жоғарғы бөліміндегі Analysis функциясына кіреміз,содан соң Fourier спектр анализін шертеміз. 8.Simulate функциясын басып,амплитуданың спектрлік диаграммасының пайда болуын күтеміз.Toggle Cursors шертіп,спектрдегі қара үшбұрышты жылжыта отырып,максимум және минимум мәндеріне қойып шығамыз. 3.3-сурет.Амплитудалық спектрлік сигнал көрінісі 9.Бұл әрекеттерді қайталап,R3 мәнді 42%-ға ауыстырып,сигналдың өзерісін байқаймыз. 3.4-сурет.R3 номиналды мәнді 42%-ға орнатқандағы мәні 10.R3 мәнді 83%-ға ауыстырып,сигналдағы көрінісін көре аламыз. 3.5-сурет.R3 номиналды мәнді 83%-ға орнатқандағы мәні Қорытынды Қорытындылай келе,сабақта сызықты емес тізбекті түрлендіру түсіндірілді.Workbench бағдарламасында виртуалды түрде жұмыс жасай отырып,R3 номиналды мәнінің әртүрлі пайыздағы сигналдағы көрінісі көрсетілді.Сондай-ақ спектрдегі сигнал түрі айқын жасалынды.
|