Зертханалық жұмыс 4 БД 2022 икт. Зертханалы жмыс 4 Таырыбы Деректер орыны рылымын зірлеу, кестелер мен сраныстарды ру
Скачать 464.05 Kb.
|
Зертханалық жұмыс №4 Тақырыбы: Деректер қорының құрылымын әзірлеу, кестелер мен сұраныстарды құру. Дәрістік материалдардың, ғылыми баяндамалардың және т б презентацияларын жобалау және құру. Мақсаты: Деректер қорының құрылымын әзірлеп, кестелер арасындағы байланысты құру. Әр тұрлі парамтрлі сұраныстарды құра білу. MS Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысу. 1-тапсырма: Негізгі кестелерді кұру. Кітапханадағы екі кестеге негізделген деректер туралы мәліметтер қорын құру. Бірінші кесте кітапханадағы кітаптарды тіркеуге арналсын. Екінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Бағдарламаны жүктеңіз. Деректер қорын құру Файл - Сохранить базу данных как командасы арқылы«Имя файла» жолында деректер қорын сақтайтын жерді таңдап алып, файлға «Кітапхана» атын жазып, «Сохранить» батырмасын басыңыз. Сонда 4.1-суреттегі терезесі ашылады. 4.1-сурет – Microsoft Access-тің негізгі терезесі Конструктор режимінде кесте құру. Microsoft Access-тің негізгі терезесі конструктор режимінде кесте, сұраныс (запрос), пішін (форма), есеп беру, парақтар құруға мүмкіндік береді. Создание мәзірінен Конструктор таблиц таңдаңыз. Таблица1 кестесін белгілеп алып, контекстік мәзірден Сохранить командасын таңдаңыз. Кестенің атын Кітаптар деп беріңіз. 4.2-суреттегідей ұяшықтарға мәліметтерді енгізіңіз. Конструктор режимінде мәліметтер сақталатын кестенің құрылысы беріледі. 4.2-сурет – «Кітаптар» кестесінің конструктор режиміндегі құрылысы Имя поля – Өрістің аты жазылады; Тип данных – мәліметтер типі (Текстовые, МЕМО, дата/время логический, денежный, поле OLE, гиперссылка, мастер подстановок) беріледі; Описание - Енгізілетін мәліметтер туралы жазылады; Размер поля – мәліметтерді көрсету үшін ерекшеленген символдар саны көрсетіледі. Microsoft Access-тің кез-келген кестесінің ең болмағанда бір кілттік өрісі болуы керек. Ол үшін тышқанның оң жағымен «Кітаптың Коды» өрісінде ашылған контестік мәзірден «ключевое поле» таңдаңыз және кестені сақтаңыз. Создание - Конструктор таблиц командасын орындау арқылы конструктор режимінде «Оқырмандар» атымен тағы да бір кесте құрыңыз. 4.3-кесте - «Оқырмандар» кестесінің параметрі Создать ключевое поле сейчас? Сұранысына Нет деп жауап беріңіз. Кестелер арасындағы байланысты орнату Кестелер арасында бірден бірге, бірден көпке, көптен көпке байланыстарын орнатуға болады. Біздің құрған «Кітапхана» деректер қорында «Кітаптар» және «Оқырмандар» кестелерінің арасында кітаптың коды өрістері арасында бірден көпке байланысын орнатуға болады. Себебі, бір кітапты бірнеше оқырмандар алып оқиды. "Схема данных" терезесін ашыңыз. Ол үшін Работа с базами данных мәзірінен батырмасын басыңыз. 4.4-сурет - «Схема данных» терезесі "Схема данных" терезесіне «Кітаптар» және «Оқырмандар» кестелерін мәліметтер схемасына қосыңыз. Ол үшін тышқанның сол жақ батырмасын баып тұрып, Кітаптар кестесіндегі Кітаптың кодын Оқырмандар кестесіндегі Кітаптың кодына қосыңыз. 4.5-сурет – Кестелер арасындағы байланыс орнату "Обеспечение целостности данных" бөліміне белгі қойыңыз. Байланыстардың өзгеруін тағайындаңыз. Тип отношения:один-ко-многим байланысын қойыңыз. ОК батырмасын басыңыз. Сонда байланыс орнаған терезе пайда болады. 4.6-cурет – Кестелер арасындағы байланыс Деректер қорын толық толтырып шығыңыз. «Кітаптар» кестесіне 8-10 жазба, «Оқырмандар» кестесіне 15-20 жазбаға дейін мәліметтер енгізіңіз. Кестеге қосымша өріс енгізу. Кітаптар кестесін Конструктор режимінде кестені ашыңыз. Кесте құрылымы басына жаңа өріс кірістіріңіз. Бұл үшін бесінші өрісті ерекшелеңіз және Insertпернесін басыңыз. Өріске Жанр атауын енгізіңіз және оның Мәтіндік типін беріңіз. Сақтай отырып, Конструктор терезесін жабыңыз. Кітаптар кестесін ашыңыз және әрбір жанр үшін мәліметтер енгізе отырып, оны толтырыңыз. Сақтай отырып, терезені жабыңыз. 3-тапсырма: Сұраныстар құру Сұраныс құру – кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылым. Сұраныс құру көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты амалдар атқарылады. Іріктеуге арналған сұранысты жасау Бұл жаттығуда кемінде 1500 теңгелік роман кітаптарды іріктеуге арналған сұранысты жасаймыз.Нәтижелеуші кестеде, сонымен қатар Оқырманның мекен-жайы мен телефон нөмірі болуы тиіс. 1. ДҚ терезесінде Создание бетіндегі «Конструктор запросов» мәзірін таңдаймыз. Добавление таблицы терезесінен «Оқырмандар» және «Кітаптар» кестесін Запрос1 аймағына қосыңыз. Терезеде байланысқан кестелер схемасы шығады. 2. Кітаптар кестесінен кітаптің аты, бағасы, жанры; Оқырмандар кестесінен оқырманның аты-жөні, оқырманның телефоны. 3. Өрістер үшін іріктеу шарттарын беріңіз. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына роман сөзін енгізіңіз. Сонда кестеден барлық кітаптар емес, тек романдар ғана таңдалады. 4. Өрістер үшін іріктеу шартын беріңіз. Бағасы өрісіндегі Условие отбора жолына <1500 деп енгізіңіз. Кестеден бағасы кемінде 1500 теңгелік кітаптар алынады. 5. Сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жапқан кезде оның атын Кітапты таңдау деп беріңіз. 6. Деректер қорында жаңа ғана жасалған сұранысты ашыңыз және нәтижелеуші кестені қарап шығыңыз. Онда Кітаптар және Оқырман кестелері бойынша алынған мәліметтер шығады. Егер де жазылған шарттарды қанағаттандыратын мәліметтер болмаса бос кесте пайда болады. Бұл жағдайда кестелерді ашыңыз және сұраныс жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыз және өзгертілетін кестені сақтаныз. Іріктеуге арналған сұранысты қайта ашқанда, бағасы 1500 теңгеден аз роман кітаптарын іріктеп алатын сұраныс нәтижесін көруге болады. Қосымша тапсырмалар: Беттерінің саны 400 парақтан артық кітаптарды шығаратын сұранысты орындаңыз. Бағасы өрісіндегі Условие отбора жолына >1000 AND <2000 шартын енізіп, бакғасы 1000-нан жоғары, 2000-нан төмен тұратын кітаптарды шығарыңыз. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына “роман” OR “поэма” OR “ертегі” шартын енгізіп, осы шарттарды ғана қанағаттандыратын кітаптар тізімін шығарыңыз. II. Параметрлерлік сұранысты құру Сұранысты іске қосқанда пайдаланушы шекті бағаны өзі бере отырып, кітаптарды іріктеуге мүмкіндік беретін қарапайым сұраныс жасайық. 1. Конструктор режимінде сұраныс құру терезесін ашыңыз. 2. Оқырмандар және Кітаптар кестесін сұраныс терезесіне қосып, келесі өрістерді таңдап алыңыз: - Кітаптың аты; - Бағасы; - Жанры; - Оқырманның аты-жөні; - Оқырманның телефоны. 3. Кітап жанры өрістің іріктеу шарты жолында Роман деп енгізіңіз. 4. Өзіндік құн өрісі үшін іріктеу шартын пайдаланушы сұранысты іске қосқанда қажетті мәнді енгізуге ұсыныс алатындай етіп толтыру керек. Мысалы, енгізілген бағадан төмен тұратын романдарды шығару үшін, Бағасы өрісіне <[Кітаптың құнын енгізіңіз] жазбасын енгіземіз. 5. Сұранысты Бағасы бойынша таңдау атауымен сақтаңыз. 6. Выполнить батырмасын басыңыз. Экранда Параметр мәнін енгізіңіз терезесі пайда болады. 7. Кестеге толтырған мәліметті қанағаттандыратын кандай да бір санды енгізіңіз, ОК батырмасын басыңыз, сұраныс нәтижелері бойынша нәтижелеуші кесте қалыптасады. Сұраныс кестесін жабыңыз. 8. Конструктор режимінде сұраныс терезесінде Бағасы өрісіндегі шартты: >[Кітаптың құнын енгізіңіз] жазбасына өзгертіп, сұранысты қайта іске қосыңыз. Сонда енгізілген бағадан жоғары тұратын романдарды алуға болады. 9. Сұраныс терезесін жабыңыз. III. Қорытынды сұранысты жасау Сұраныстар кестелерден қажетті ақпаратты іріктеп және оларды жаңа өрістерді құру жолымен өңдеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, қорытынды есептеулерді де орындайды. Барлық мәндердің жазбаларының қандай да бір тобындағы сумманы немесе олардың орташа мәнін шығаруға болады және басқа да қорытынды функциялар жиынтығын қолдануға болады. Іріктемеге арналған сұраныстар сияқты қорытынды сұраныстар да үлгі бойынша сұраныстың бланкілерінің көмегімен дайындалады. 1. Мәліметтер базасының Создание панелін ашыңыз. 2. Конструктор режимінде Сұраныс құру терезесін ашып, Кітаптар кестесін қосыңыз. 3. Үлгі бойынша бланкке Кітаптар кестесінің мынадай өрістерін енгізіңіз: Жанр, Бағасы. 4. Жанр өрісі үшін бойынша сұрыптау енгізіңіз. 5. Работа с запросами – Итоги командасын орындаңыз. Бұл бұйрық бланкісінің төменгі бөлігінде Топтық операциялар жолын құру үшін қажет. Соның негізінде қорытынды есептеулер жасалады. Сұраныс үшін іріктелген барлық өрістер бұл жолда Топтастыру мәнін алады. 6. Жазбаларды топтастыру жүргізілетін өрістер үшін (біздің жағдайымызда Жанр) ашылатын тізімнің өрістегі мәндерді есептеу үшін қорытынды функцияны таңдауға болады. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына роман сөзін енгізіңіз. 7. Бағасы өрісі үшін романдардың түрін анықтау үшін Sum қорытынды функциясын таңдаңыз. 8. Сұранысты Кітап құнын есептеу атауын беріп сақтаңыз. Сұранысты іске қосыңыз және оның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізіңіз. 9. Осы сұранысты конструктор терезесінде ашып Бағасы өрісі үшін Avg, Max, Min, Count функцияларын қолданып, нәтижелерін байқаңыз. 4-тапсырма: Формалар құру. Деректер қорында деректерді көру, жазбалар енгізу, түзету үшін форманы құру керек. Создание – Мастер форм командасын орындаңыз. 4.7-сурет – «Создание формы» терезесі «Доступные поля» терезесіндегі барлық жолды таңдап, «Выбранные поля» терезесіне жібереміз. «Далее» басып, одан кейін «Готово» батырмасын басамыз. Сонда Кітаптар кестесі бойынша құрылған форма шығады. Осы тәсілмен Оқырмандар кестесіне және құрылған сұраныстарға әр түрлі үлгідегі бірнеше формалар құрыңыз. 5-тапсырма: Есеп беру (Отчет) құру Сұраныс жұмысының нәтижелері бойынша алынған базалық немесе нәтижелеуші кестелердің ақпараты бар басылым құжаттарын жасау үшін арнайы нысандар – есептер қызмет етеді. Есептер экранға емес, басып шығаратын құрылғыға (принтерге) мәліметтер шығаруға арналған. Есеп беруді құру пішін құруға ұқсас тәсілдермен орындалады. Кестелерге және құрылған сұраныстарға әртүрлі үлгідегі бірнеше есеп берулер құрыңыз. Барлық нұсқалар үшін жалпы тапсырма: MS Access - те келесі нысандардан тұратын кез келген пәндік аймақ үшін деректер қорын құрыңыз: 1. Байланысқан 2-5 кестелер; 2. Қарапайым сұраныс, іріктеуге арналған сұраныс, параметрл3к с8раныс және қорытынды сұраныстар; 3. Кестелер бойынша формалар; 4. Қандай да бір сұранысты орындауға арналған батырмадан тұратын кестелер немесе сұраныстар бойынша форма; 5. Есеп беру. Нұсқалар. 1 нұсқа. «Фирма тауарлары» туралы деректер қорын құрыңыз. 2 нұсқа. «Мекеме қызметкерлері» туралы деректер қорын құрыңыз. 3 нұсқа. «Музыкалық компакт-дискілер» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 4 нұсқа. «Стипендия» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 5 нұсқа. «Жұмысшылардың еңбек-ақысы» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 6 нұсқа. «ЗАГС» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 7 нұсқа. «Тамақтану» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 8 нұсқа. «Материалды-техникалық жабдықтау» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 9 нұсқа. «Видеотека» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 10 нұсқа. «Мұражай» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 11 нұсқа. «Емхана» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 12 нұсқа. «Пошта» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 13 нұсқа. «Ателье» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 14 нұсқа. Футбол командалары, футболшылар, матчтар туралы мәліметтерден тұратын «Футбол» деректер қорын құрыңыз. 15 нұсқа. «Адрестік стол» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 16 нұсқа. «Некеге тұру» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 17 нұсқа. «Сақтандыру» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. нұсқа. Клиенттер, берілген кредиттер және негізгі қарыз бен процентті қайтару туралы мәліметтерден тұратын «Банк» деректер қорын құрыңыз. нұсқа. «Оқытушылар» мен «Кафедра» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. нұсқа. Жол жүру ережесін бұзғандар туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. нұсқа. Автокөлік сататын салон туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. нұсқа. Тұрмыстық техника дүкенінің туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. нұсқа. Игротека туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. нұсқа. Бала бақша туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. Нұсқа. Автовокзал туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. Нұсқа. Теміржол вокзалы туралы мәліметтен тұратын деректер қорын құрыңыз. Нұсқа. Авиакасса туралы мәліметтен тұратын деректер қорын құрыңыз. Нұсқа. Пошта туралы мәліметтен тұратын деректер қорын құрыңыз. Нұсқа. Мейрамхана туралы мәліметтен тұратын деректер қорын құрыңыз. Нұсқа. Емхана туралы мәліметтен тұратын деректер қорын құрыңыз. Бақылау сұрақтары Деректер қоры дегеніміз не? Деректерді ұйымдастыру үшін деректер қорын қолдану ерекшелігі неде? Деректер қорының қандай модельдерін білесіз? Реляционды кесте қандай қасеттерге ие болады? Кестенің өрістері мен жазбаларының арасында қандай айырмашылық бар? Деректер қорының қай өрісін кілт деп атайды? |