Главная страница

Зертханалық жұмыс №7. Зертханалы жмыс 7. Ерігіштік константасы


Скачать 13.46 Kb.
НазваниеЗертханалы жмыс 7. Ерігіштік константасы
Дата08.12.2021
Размер13.46 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЗертханалық жұмыс №7.docx
ТипДокументы
#296954

Зертханалық жұмыс №7. Ерігіштік константасы
а) Нейтралдау реакциясы.

1) Күшті қышқыл мен күшті негіздің әрекеттесуі.

Фарфор табақшаға 5 м 2 н тұз қышқылы ерітіндісін қосады. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып, оны лакмус қағазымен тексеру. Реакция нейтралдау болуы керек. (Қызыл және көк лакмус қағаздары түстерін өзгертпейді). Алынған ерітіндіні кепкенше буландырады. Не түзіледі? Молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

2)Әлсіз қышқыл мен негіздің әректтесуі.

Пробиркаға 2мл 2н сілті ерітіндісін құйып, 1 тамшы фенолфталеин тамызады. Қандай иондардың әсерінен фенолфталеин түсі өзгереді? 2н сірке қышқыл ерітіндісін тамшылатып ерітіндінің түсі өзгергенше қосады. Реакцияның молекулалық және иондық теңдеуін жазу. Неліктен әлсіз электролит (сірке қышқылы) қатысатын иондық реакцияда тепе-теңдік су молекуласының түзілу жағына қарай ығысатындығын түсіндіріңдер.

ә) Амфотерлік.

Зертханада бар реактивтерді пайдаланып мырыш гидроксидінің тұнбасын алу. Тұнбаны араластырып, оны екі пробиркаға бөліп құю керек. Пробирканың біреуіне тұз қышқылының ерітіндісін, екіншісіне байқалады? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

б) Нейтралдау кезінде жылу бөлінуі.

50мл 2н натрий гидроксиді және тұз қышқылының ертінділерін өлшеп алып, ерітінділерді екі стаканға құйып, температураларын өлшеу. Стакандардың біріндегі қышқыл мен сілтіні біріктіріп, сұйық байқап термометрмен араластырады. Не байқалады? Реакция теңдеуін молекулалық және қысқартылған түрде жазу.

в) Әлсіз қышқылдың тұзына күшті қышқылдың әсері.

Екі пробиркаға 5мл-ден 2н тұз қышқылының ерітіндісін құйып, әрқайсысына бірдей мырыш түйіршіктерін салады. Екі пробиркада да сутегі бөлінуі тұрақталғанда біреуіне 5 мл 2н натрий ацетатын (СН3СООNa), екіншісіне 5 мл дистильденген су құю керек. Не байқалады? Әрекеттесуші массалар заңын қолдана отырып, әлсіз қышқылдың тұзын күшті қышқыл ерітіндісін қосқанда неліктен қышқылдың реакцияға түсу қабілетін азайтатындығын түсіндіру.
г) Қиын еритін тұздардың түзілуі.

Үш пробиркаға 2-3мл-ден барий хлоридін, стронций хлоридін және кальций хлоридінің ерітінділерін құю. Бір пробиркаға натрийдің сульфатының ерітіндісін, екіншісіне – қаныққан кальций сульфатының ерітіндісін және үшіншісіне қаныққан стронций сульфатының ерітіндісін қосу. Байқалған құбылыстарды Кs ережесіне сүйене отырып түсіндіру. Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазу.

д) Құрамындағы бір ионның концентрациясын азайтқанда тұнбаның еруі.

Пробиркаға аздап кальций гидроксидін салып, су құйып араластыру. Түзілген тұнбасы бар қаныққан ерітіндіге сұйытылған тұз қышқылын қосу. Не байқалады? Кальций гидроксидінің Кs өрнегін жазу және байқалған құбылыстарды түсіндіру.

к) Қиын еритін электролиттердің еруінің Кs-не тәуелділігі.

Темір сульфидін және мыс сульфиді тұнбаларын алу. Алынған тұнбаларға 2н тұз қышқылының ерітіндісімен әсер ету. Қай тұнба ериді? Екі тұнбаның Кs мәндеріне сүйене отырып, олардың ерігіштіктерінің әртүрлі болуын түсіндіру, реакцияның иондық теңдеуін жазу.

л) Ұшқыш қосылыстар түзе жүретін реакциялар.

Пробиркаға аздап аммонийдің бір тұзы ерітіндісін құйып, үстіне 1-2 мл натрий гидроксиді ерідісін қосып, қайнағанша қыздыру. Бөлінген буға суланған қызыл лакмус қағазын ұстау. Не байқалайды? Түсіндіру, реакция теңдеуін жазу.


написать администратору сайта