Трибология зертханалық жумыс. Зертханалы Жмыс "атты бекітілмеген абразивті блшектерге йкеліс кезінде материалдарды тозуа тзімділігін тексеру"
Скачать 126.19 Kb.
|
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Есеп Орындаған:Болат Саламат Тексерген:Сагдолдина Жұлдыз Болатқызы 2021 жыл ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС "ҚАТТЫ БЕКІТІЛМЕГЕН АБРАЗИВТІ БӨЛШЕКТЕРГЕ ҮЙКЕЛІС КЕЗІНДЕ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТОЗУҒА ТӨЗІМДІЛІГІН ТЕКСЕРУ" Есеп Тозуға төзімділік-бұл белгілі бір үйкеліс жағдайында тозуға қарсы тұру үшін материалдың қасиеті, оның мәні, кері тозу жылдамдығы немесе тозу қарқындылығы. Тозуға төзімділік өңделетін материалдың құрамы мен құрылымына, бастапқы қаттылыққа, кедір-бұдырлыққа және бөлікті өңдеу технологиясына, жауап бөлігінің күйіне байланысты. Сынақ қондырғысының схемасы сызбада көрсетілген. Сынақтар резеңке роликтің көлденең осі бойынша айналуды қамтамасыз ететін 7 жетегі бар сынақ қондырғысында жүргізіледі 6, үлгі ұстаушы 2, рычаг 3, 1 үлгіні роликке қысатын, бағыттаушы лоток 4 бойынша үйкеліс аймағына абразивті бөлшектердің берілуін мөлшерлейтін 5 құрылғы, Сынақ процесінде роликтің айналымдарының жиынтық санын бақылауға арналған 8 құрылғы. Абразивті материал-салыстырмалы ылғал мөлшері 0,15% - дан аспайтын ГОСТ 3647-80 сәйкес 16-П түйіршікті электрокорунд-тозуға төзімділікті жалпы салыстырмалы бағалау кезінде қолданылады. Абразивті материалды қайта пайдалануға жол берілмейді. Анықтамалық үлгілер 45 болаттан 1050-88 ГОСТ сәйкес 190-200 HV күйген күйде жасалады. Сыналатын және эталондық үлгілердің тозуын 0,1 мг аспайтын қателікпен сынаққа дейін және кейін өлшеу жолымен анықтайды. Сынақ кезінде тозудың салдарынан үлгінің салмағын жоғалту кемінде 5 мг құрауы тиіс. "Қатты бекітілмеген абразивті бөлшектерге үйкеліс кезінде материалдардың тозуға төзімділігін тексеру" зертханалық жұмысын жасау үшін ең алдымен зертханалық жұмыс теориясымен таныстық.Теориямен танысқаннан кейін «Беттік инженерия және трибология» ғылыми – зерттеу орталығына барып зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Бірінші 121g электролитті-плазмалық өңдеу зертханасында бізге берілген материал АМГ 6 пластинканы наждачный қағазбен өңдедім.Өңдеу кезінде қағазды сумен тазаладым.Өңдеу аяқталған сон қағазбен кептірдім АМГ 6 Өңдеуден кейін Амг 6 пластинасының салмағын CRYSTAL 100CE құралымен өлшедік m=17,547 Келесі істеген өлшеуіміз материалдың микро қатттылығын өлшеу (Материалдардың қасиеттерін зерттеу зертханасында) Қолданылғын құрылғы МЕТАЛОБ 502 1-өлшеу=52 HV 2-өлшеу=44,4 HV 3-өлшеу=35,9 HV Келесі жұмысымыз электрокорунтты ситадан (илектен) өткізу Одан кейін Материалдың образивті тозуға төзімділігін анықтау.Анықтау үшін құрал қолданамыз Қондырғы металл материалдар мен жабындыларды МЕМСТ 23.208-79 бойынша қатты бекітілмеген абразивтік бөлшектерге үйкелу кезінде абразивтік тозуға сынау үшін пайдаланылады. Абразивтік материал – МЕМСТ 3647-80 бойынша түйіршіктілігі 16-П электрокорунд; Зерттелетін және эталондық материалдардың үлгілері-ені 30 мм, ұзындығы 30-50 мм және қалыңдығы кемінде 1 мм пластиналар түрінде, кедір-бұдырлығы ГОСТ 2789-73 бойынша 7-кластан төмен емес. Жұмысты бастамас бұрын роликті және материалымызды спиртпен сүртіп тазалап, кептіріп аламыз.Құрылғы тазартылып болғаннан кейін образивті яғни материалымызды орнатамыз. Үйкеліс аймағына абразивті бөлшектердің берілуін мөлшерлейтін құрылғыға ситадан өткен электрокорунтты саламыз. Орнатылған материалға 4кг 400грамм салмақ түсіреміз. Құрылғы толық жұмысқа дайын болғаннан кейін іске қосамыз. Жұмыс уақыты 10 минут болды, сол уақыт ішінде ролик 600 айналым жасады. Осылай жұмысты үш рет қайталадық. Әр жұмыс жасалған сайын материалды және құрылғыны тазартып отырдық. Әр сынақ жұмысы аяқталған сайын материалдың массасын өлшедік. АМГ 6 1 m = 17.492 2 m = 17.455 3 m = 17.367 17.547-17.492=0.055г =55г 17.492-17.455=0.037г =37г 17.455-17.367=0.088г =88г ЭТАНОЛ 1 m = 41,493 2 m = 41,461 3 m = 41,381 41,555-41,993=0.062г =62г 41.493-41.461=0.032г =32г 41.461-41.381=0.08г =80г Сынақтар аяқталғаннан кейін жетекті тоқтатады, жүктемені алып тастайды, үлгіні босатады, жуу сұйықтықтарында рет-ретімен жуады және өлшейді. Сынаққа дейін және одан кейін үлгілерді өлшеу нәтижелері бойынша эталондық үлгілер массасының жоғалуының орташа арифметикалық мәні және зерттелетін материал үлгілерінің массасы жоғалуының орташа арифметикалық мәні формулалар бойынша анықталады: мг=0,058 г мг=0,09 г мұндағы gэi,gиi -зерттелетін материалдың эталонды үлгілері мен үлгілерін сынау кезіндегі масса шығынының мәні, г; m-зерттелетін материал үлгілерінің саны. Зерттелетін материалдың салыстырмалы тозуға төзімділігін (K) мына формула бойынша есептейді ρэ,= 7,826 г/ ρи = 7,812 г/ Nэ=600 Nи=600 мұндағы ρэ, ρи - эталондық және зерттелетін материалдардың тығыздығы, г / см ; Nэ,Nи -эталондық және зерттелетін материалдарды сынау кезіндегі ролик айналымдарының саны. Қорынтынды қорытындылай келсек бізге материалдың материалы тозуға төзімділік параметрлерімен танысып және қатты бекітілген абразивті бөлшектерге үйкеліс әдісімен материалдың тозуға төзімділігін тексердік. осы зертханалық жұмыстар көптеген қондырғылармен таныстық олар етін болсақ абразивтік тозуды сынауға арналған құрылығы жане салмақ өлшейтін Crystal 100 ce ,Метолаб 502. барлық өлшемдерінен кейін есеп беруді жүргізіп есептелер барысында берілген материалдың орташа арифметикалық мәнін табу арқылы тозға төзімдігін анықтадық.Мәні К 0,7 тең. |