1. Зерттелетін құбылыстың шынайы табиғатын зерттеудегі биостатис. Зерттелетін былысты шынайы табиатын зерттеудегі биостатистиканы мні
Скачать 21.17 Kb.
|
Зерттелетін құбылыстың шынайы табиғатын зерттеудегі биостатистиканың мәні. Ф.Гальтон, Р.Фишер және К.Пирсонның биометриканың дамуындағы рөлдері. Биостатистиканың нысандары, мақсаттары мен міндеттері. Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын өлшеу шкалаларының негізгі түрлері. Сандық және сапалық белгілер. Статистикалық деректерді кескіндеудің графиктік әдісі. Биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігі мен шынайылығы. Жиынтықтың параметрлерін бағалау Таңдама тәсіл. Таралудың дискреттік және интервалдық статистикалық қатарлары. Таңдаманың сандық сипаттамалары. Таңдама сипаттамалары бойынша бас жиынтықтың параметрлерін бағалау. Стандарттық қате. Бас жиынтық параметрлерінің нүктелік және аралық бағалары.Сенім ықтималдықтары мен сенім аралықтары. Вариациялық қатардың әртүрлілік критерийі. Вариация коэффициенті. Эпидемиологиялық кӛрсеткіштердің статистикалық бағалары. Қалыпты таралу және оның параметрлері. Асимметрия және эксцесс коэффициенттері 3 сигма ережесі.. Стандартталған кӛрсеткіштер. Стандарттау әдістері. Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері Биомедициналық зерттеулерде қолданылатын статистикалық жорамалдар. Мәнділік деңгейі. Нөлдік және балама жорамалдар. Бірінші және екінші текті қателер. Критерийдің қуаттылығы. Жорамалдарды тексерудің негізгі кезеңдері. Таралудың түрі жӛніндегі жорамалды тексеру. Шапиро-Уилкс критерийі. Екі таңдаманы салыстырудың параметрлік критеийлері. Стьюденттің t-критерийі. Екі таңдаманы салыстырудың параметрлік емес критеийлері. Манн-Уитни критерийі. Уилкоксон критерийі. Таңбалар критерийі. Пирсонның Xu-квадрат, Колмогоров-Смирновтың келісім критерийлері. 8 №1 кредит дәрістерінің, практикалық сабақтарының, ОСӚЖ, СӚЖ тақырыптық жоспарының ҥлгілері Дәрістердің тақырыптық жоспарының ҥлгісі № Тақырыптары 1. Кіріспе. Биостатистика негіздері. Таңдама тәсіл. Биостатистиканың пәні мен міндеттері. Ф.Гальтон, Р.Фишер және К.Пирсонның биометриканың дамуындағы рөлдері. Биостатистиканың нысандары, мақсаттары мен міндеттері. Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын өлшеу шкалаларының негізгі түрлері. Сандық және сапалық деректер. Бас жиынтық және таңдама. Таңдаманың репрезентативтілігі. Таңдаманың статистикалық таралуы және оның сандық сипаттамалары. Қалыпты таралу және оның параметрлері. Бас жиынтық параметрлерінің нүктелік және аралық бағалары. 2. Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік критерийлер. Биостатистикалық зерттеулерге қолданылатын статистикалық жорамалдар. Бірінші және екінші текті қателіктер. Мәнділік деңгейі. Критерий қуаттылығы. Статистикалық критерийлер. Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері туралы жорамалдарды тексеру. Екі таңдаманы салыстырудың параметрлік критерийлері. Стьюденттің tкритерийі, оның қолданылу шекаралары. 3 Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік емес критерийлер. Келісім критерийлері. Таралу түрі жөніндегі жорамалды тексеру. Манн-Уитнидің, Уилкоксонның параметрлік емес критерийлері. Пирсонның Хи-квадрат, Колмогорова-Смирновтың келісім критерийлері. Барлығы: 3 сағат Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарының ҥлгісі № Тақырыптары 1. Таралудың дискретті статистикалық қатары. Вариациялық қатар. Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары: таңдама орта, таңдама дисперсия, орта квадраттық ауытқу, мода, медиана. Асимметрия мен эксцесстің таңдама коэффициенттері. Жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер полигоны. 2. Бас жиынтық параметрлерін бағалау. Статистикалық жорамалдарды тексеру. Бас жиынтықтың параметрлерін нүктелік және интервалдық бағалау. Сенім аралықтарын табу. Қалыпты таралған жиынтықтардың 9 параметрлері жӛніндегі жорамалдарды тексеру. 3. Жорамалдарды тексерудің параметрлік критерийлері. Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі. Екі тәуелсіз таңдамалар үшін жұптаспаған критерий.Таңдама кӛлемдері тең және тең емес жағдайлар. 4. Жорамалдарды тексерудің параметрлік емес әдістері. Стьюдент критерийінің параметрлік емес аналогы: Манн – Уитни (Uкритерий) критерийі.Емдеуге дейінгі және емдеуден кейінгі бақылау нәтижелерін салыстыру. Биометрияның шығу тарихы Биометрия – халықтың әлауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуда алатын орны үлкен және өзіндік үлесі бар биология ғылымының бір саласы болып саналады. Биометрия гректің «bios» биос – тіршілік, өмір және «metria» метрия –өлшеу,өлшеймін деген сөздерінен шыққан, яғни ол тірі организмдерде болатын өзгерістерді өлшеудеген мағынаны білдіреді. Алғаш рет математикалық статистиканы, биологиялық құбылыстағы өзгергіштік пен тұқым қуалаушылықты зерттей келе ағылшын ғалымы Ф. Гальтон 1889 жылы қолданды. Сол себепті Гальтон биометрия ғылымының негізін салушы болып саналады. Кейбір кездерде математикалық статистиканы вариациялық статистика деп те атайды. Мұндай атауды 1889 жылы Дункер ұсынды. Содан бері бұл екі термин (математикалық және вариациялық статистика) биометрияның балама синонимдері болып табылады.Ф. Гальтон Биометриядағы бұдан кейінгі жүргізілген басты зерттеулерді, биометриктердің белгілі мектептерін ұйымдастырып, негізгі биометрикалық қондырғыны жасаушы ағылшын ғалымдары Фрэнсис Гальтон (18221911) және Карл Пирсон (1857-1936) еңбектерімен байланыстырылады. Ағылшын биометрия мектебі 19 ғасырдың екінші жартысында экспериментальді биологияның қарқынды дамуы және биология ғылымында төңкеріс жасаған Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық теориясы әсерлерінен қалыптасты.Табиғаттағы кездесетін биологиялық түрлерді өзгермейтін бірліктер деп қарастыратын қалыптасып қалған ескі – метафизикалық көзқарасқа (К. Линней, Ж. Кювье) қарсы, Дарвин, алғаш рет органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі тұжырымды жасайды. Тірі дүниедегі болып тұратын өзгерістердің себеп-шарттарының статистикалық сипатына байланысты жүретін табиғи іріктеу принципіне сүйене отырып, Дарвин, Гегелдік кездейсоқтық пен қажеттілік, себеп пен салдар және бөлшек пен бүтін араларындағы ішкі бірліктің бар екендігі жөніндегі концепциясының дұрыс екендігін қуаттайды.Дарвиннің биология ғылымына қосқан табиғи сұрыптау теориясының негізгі жаңалығы да осы болатын. Ф. Гальтон мен К. Пирсон биометрия ғылымының негізін қалаушылар деп есептеледі. Олардың ойлап тапқан статистикалық әдістемелері уақыт таразысы сынынан мүдірмей өтіп, биометрия мен математикалық статистиканың алтын қорына енді. Биометрия ғылымына көп еңбек сіңірген одан кейінгі ғалымдар легі ішінде Фишердің шәкірттеріФ. Иетс, Ч. Блисс және Пирсонның шәкірті болып табылатын Дж. Юлл (1871-1951) айтуға болады. Бұлардан басқа ағылшын биометриктері мектебінің ғалымдары Н. Бейли, М. Кендэл, Д. Снедекор, С. Уилкс де өздерінің сүбелі үлестерін қосқан. Сонымен, биометрия қолданбалы ғылымдар қатарына жатады. Биометрияның негізгі заңдылықтары Гаус-Лаплас, Ньютон биномы, ықтимал теорияларына сүйенеді. |