биостатистика рк ответ полный. Зерттеу жмысында тждік артерияны диаметрі нифедипин абылдаан топта,жне плацебо абылдаан топта лшенді. Тждік артерияны диаметрі (мм) бойынша алынан деректер кестеде келтірілген
Скачать 2.05 Mb.
|
#11 *!Семіздіктен зардап шегетін аурулардың артық салмағын тастауға мүмкіндік беретін препараттың тиімділігі зерттелді. Ол үшін 8 еріктіден тұратын топқа белгілі бір емдәм тағайындалды. Емдәм ұстаған және препаратты үнемі қабылдаған бір ай уақыттан кейін жоғалтылған салмақтың шамасы белгіленді. Нөлдік жорамалға қатысты жасалынған қорытындылардың қайсысы ЕҢ шынайы? *+бірінші топтағы жоғалтқан салмақ екінші топтан аспайды *бірінші топтағы жоғалтқан салмақ екінші топтан асады *екі топ бір популяцияға жатпайды *тәжірибелік топ үшін препарат тиімсіз *семіздіктен арылуға преапарат тиімді #12 *!Зерттеу барысында солтүстік аймақ тұрғындарының гемоглобин көрсеткіштері (г/л) өлшенді. Таңдама қалыпты таралу заңына бағынбайды делік. Қыздар мен ұлдар арасындағы гемоглабин көрсеткіштеріндегі айырмашылықтың статистикалық мәнділігін анықтау үшін ЕҢ тиімді критерий қайсы? *Хи-квадрат критерийі *Стьюденттің жұптасқан t-критерийі *+Манн-Уитнидің U критерийі *Уилкоксонның Т-критерийі *Стьюденттің жұптаспаған t- критерийі #13 *!Клиникалық зерттеу нәтижелерін талдау барысында вариациялық қатар 1, 1, 2, 3, 4, 4, 4, 5, 6 тұрғызылды. Деректерді талдауда статистикалық критерийді қолдану үшін берілген мәндерді ранжирлеу керек. Ранжирленген мәндердің қайсысы ЕҢ дұрысы? *1; 2; 2,5; 2,5; 5; 7,5; 7,5; 9 *1; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8 *+1,5; 1,5; 3; 4; 6; 6; 6; 8; 9 *1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9 *1,5; 1,5; 2; 3; 5; 5; 5; 7; 8 #14 *!Торқабық ауруларында оның тамырларының өткізгіштігі артады. Зерттеушілер торқабықтың тамырларының өткізгіштігінің сау адамдарда және торқабықтары зақымданған ауру адамдарда өлшеді. Есептеу нәтижесінде анықтады. Қандай тұжырым статистикалық мәнді айырмашылықтың бар екендігін ЕҢ дұрыс сипаттайды? *Н0 жоққа шығарылады, торқабық тамырларының өткізгіштіктеріндегі айырмашылық шынайы емес *+Н0 жоққа шығарылады, торқабық тамырларының өткізгіштіктеріндегі айырмашылық шынайы *Н1 қабылданады, торқабық тамырларының өткізгіштіктеріндегі айырмашылық шынайы емес *Н1 жоққа шығарылады, торқабық тамырларының өткізгіштіктеріндегі айырмашылық шынайы емес *Н0 қабылданады, торқабық тамырларының өткізгіштіктеріндегі айырмашылық шынайы емес #15 *!15 адамның физикалық жүктемеге дейінгі және одан кейінгі тамыр соғуы жиіліктері өлшенді. Таңдама жиынтықтағы өзгеріске ұшыраған деректер қалыпты таралу заңына бағынбайды. Қандай критерий физикалық жүктеменің тамыр соғуы жиіліктеріне ықпалын бағалау үшін қолдануға ЕҢ орынды? *+Уилкоксонның Т-критерийі *Стьюденттің жұптасқан t-критерийі *Манн-Уитнидің U критерийі *Хи-квадрат критерийі *Стьюденттің жұптаспаған t- критерийі #16 *!10 науқас адамның өттеріндегі билирубиннің мөлшері антибиотик енгізгенге дейін және енгізгеннен кейін өлшенді. Тәжірибелік деректер қалыпты таралу заңына бағынбайды. Қандай ұйғарым билирубин мөлшеріндегі айырмашылықтың статистикалық мәнділігіне қатысты балама жорамалды ЕҢ дұрыс сипаттайды? *антибиотик енгізгеннен кейін өттің мөлшері өзгерді *билирубиннің мөлшері антибиотик енгізгеннен кейін өзгермеді *дейін және кейін билирубиннің мөлшеріндегі айырмашылық маңызды емес *+антибиотик енгізгеннен кейін билирубиннің мөлшері өзгерді *дейін және кейін билирубиннің мөлшеріндегі айырмашылық маңызды #17 *!Егер шанстар қатынасы OR>1, онда зерттеліп отырған қауіп-қатер факторының ықпалы *+мәнді болып саналады *мәнді емес болып саналады *зерттелуге жатпайды *зерттелуге жатады *нәтижеге ықпал етпейді #18 *!Егер RR (relative risk) үшін 95% сенім аралығының төменгі шекарасы 1 кіші, ал жоғарғы шекарасы үлкен болса, онда фактордың оқиғаның пайда болу жиілігіне ықпалы *+статистикалық мәнді емес *статистикалық мәнді *популяцияда мәнді *таңдамада мәнді *нормадан жоғары #19 *!Зерттеу барысында Р1 және Р2 пропорцияларының айырмасы үшін есептелген 95% СА- сенім аралығы: (0,0182; 0,3202). Онда популяциядағы Р1 және Р2 пропорцияларының шынайы айырмасы шамамен *5% жағдайда берілген СА жатады *0,05% жағдайда берілген СА жатады *99% жағдайда берілген СА жатады *1% жағдайда берілген СА жатады *+95% жағдайда берілген СА жатады #20 *!Популяцияның Р1 және Р2 пропорцияларын салыстыру барысында есептелген мәнділік деңгейі р шамасының мәні 0,012 тең болды (таңдалынып алынған мәнділік деңгейі α=0,05). Онда нөлдік жорамал *+жоққа шығарылады *жоққа шығарылмайды *жоққа шығаруға негіз жоқ *дұрыс ұйғарылмаған *қосымша тексеріледі #21 *!Екі тәуелсіз популяциялардың пропорцияларын салыстыру барысында Z-критерийдің есептелген мәні 2,5182 тең болды. Стандартты қалыпты таралудың сыни мәні 0,05 мәнділік деңгейінде 1,96 тең. Қандай қорытынды ЕҢ ықтимал? *5% сенім ықтималдығымен Р1 және Р2 пропорцияларының арасында айырмашылық бар *+95% сенім ықтималдығымен Р1 және Р2 пропорцияларының арасында айырмашылық бар *95% сенім ықтималдығымен Р1 және Р2 пропорцияларының арасында айырмашылық жоқ *5% сенім ықтималдығымен Р1 және Р2 пропорцияларының арасында айырмашылық жоқ *0,05% сенім ықтималдығымен Р1 және Р2 пропорцияларының арасында айырмашылық бар #22 *!Зерттеуге екі топ қатысты: бірінші топта іштегі нәрестенің туа біткен кемістігі дамыған (ТКД) диагнозы қойылған 200 жүкті әйел болды. Олардың ішінде 50 әйел жүктілік кезінде шылым шеккендер, 150 әйел шылым шекпегендер.Екінші топта ТКД белгісі болмағандар, олардың ішінде жүктілік кезінде шылым шеккендер 10 әйел, шекпегендер - 90 әйел.Шанстар қатынасының есептелген мәні OR=3. Қорытындылардың қайсысы ЕҢ ықтимал? *Нәрестенің ТКД белгісі болған шылым шегетін әйелді кездестіру шансы нәрестенің ТКД белгісі болмаған әйелге қарағанда 3есе төмен *+Нәрестенің ТКД белгісі болған шылым шегетін әйелді кездестіру шансы нәрестенің ТКД белгісі болмаған әйелге қарағанда 3есе жоғары *Нәрестенің ТКД белгісі болған шылым шегетін әйелді кездестірмеу шансы нәрестенің ТКД белгісі болмаған әйелге қарағанда 3есе жоғары *Нәрестенің ТКД белгісі болған шылым шегетін әйелді кездестірмеу шансы нәрестенің ТКД белгісі болмаған әйелге қарағанда 3есе төмен *Нәрестенің ТКД белгісін кездестіру шансы екі топта да бірдей #23 *!Шанстар қатынасының статистикалық мәнділігін бағалау үшін 95% сенім аралығының шекаралары табылды. Төменгі шекараның мәні 1,45, ал жоғарғысы – 6,21. Қорытындылардың қайсысы ЕҢ дұрысы? *+Бақыланып отырған тәуелділік статистикалық мәнді *Бақыланып отырған тәуелділік статистикалық мәнді емес *Қауіп-қатер факторы мен оқиғаның арасында тәуелділік жоқ *Қауіп-қатер факторы мен оқиғаның арасындағы тәуелділік тура *Қауіп-қатер факторы мен оқиғаның арасындағы тәуелділік кері #24 *!Жанама әсердің пайда болу жиіліктерін тәжірибелік және бақылау топтарында салыстыру барысында екі топта пропорциялар алынды және олардың мәндері сәйкес және . Z-критерийінің есептелген мәні 2,5182 тең болды. Алынған нәтижелерге сәйкес жасалынған қорытындылардың қайсысы мәнінде ЕҢ дұрыс? *Нөлдік жорамал жоққа шығарылмайды * пропорцияларының арасында айырмашылық жоқ *Жанама әсерлердің пайда болу ықтималдығы статистикалық мәнді емес *+95% сенім ықтималдығымен пропорцияларының арасында айырмашылық бар *99% сенім ықтималдығымен пропорцияларының арасында айырмашылық жоқ #25 *!Егер RR (relative risk) үшін 95% сенім аралығының төменгі және жоғарғы шекаралары 1- ден кіші болса, онда фактордың ықпалы оқиғаның пайда болу жиілігіне *статистикалық мәнді емес *+кері және статистикалық мәнді *тура және статистикалық мәнді *кері және статистикалық мәнді емес *тура және статистикалық мәнді емес #26 *!Аналарының жүктілік кезінде темекі шегуі мен туа біткен кемістігі (ВПР-врожденный порок развития) дамыған балалардың туылу жиіліктері арасындағы тәуелділікті зерттеу үшін жүкті әйелдердің екі тобы алынды. Тәжірибелік топта 25 әйел, ал салыстырылатын топта 25 әйел болды. Ультра дыбысты зерттеу нәтижесінде іштегі нәрестеде ВПР бар болу жағдайлар саны тәжірибелік топта 5, салыстыру тобында- 3 болды. Популяцияда іштегі нәрестеде ВПР бар болу жағдайларының пропорцияларын салыстыру үшін қандай статистикалық тесті қолданған ЕҢ ыңғайлы? *+Фишердің дәл критерийі *Пирсонның Хи-квадрат критерийі *Йейтс түзетілуімен Хи-квадрат критерийі *Мак-Немардың критерийі *Z критерий #27 *!Вакцинацияның тұмауға қарсы тиімділігін бағалау үшін мектеп оқушыларының тұмаумен аурушаңдығы зерттелді.1200 мектеп оқушыларының 800-не тұмауға қарсы вакцинация егілді. Екпе алғандардың ішінде тұмаумен ауырғандар 8%, екпе алмағандар ішінде - 15%. Ұйғарылған нөлдік жорамалдардың қайсысы зерттеу сұрағының мәніне ЕҢ сәйкес келеді? *топтарда аурушаңдық көрсеткіштері статистикалық мәнді *топтарда ауырғандар саны бірдей емес *оқушылардың арасында аурушаңдық жиіліктері әртүрлі *вакцинация тұмаумен аурушаңдыққа ықпал етеді *+вакцинация тұмаумен аурушаңдыққа ықпал етпейді #28 *!Біріктірілген терапияның тиімділігі зерттелді. Өкпе туберкулезымен ауыратын 263 адамды пневмоторакспен емдеу нәтижесінде 19 адамда рецидив байқалды, ал біріктірілген тәсілмен емделген 77 адамның 15-нде рецидив байқалды. Ұйғарылған нөлдік жорамалдардың қайсысы ЕҢ орынды? *+Біріктірілген терапия тиімді емес *Рецидивтер саны екі топта әртүрлі *Біріктірілген терапияны қолдану тиімді *Пневмоторакспен емдеу тиімді емес *Рецидивтер саны статистикалық мәнді #29 *!Пациенттерді екі әдіспен емдегенде керексіз жанама әсердің даму ықтималдығын анықтау үшін екі топтың (тәжірибелік және бақылау) пропорцияларын салыстырды. Бұл жағдайда есептелген 95% сенім аралығы 0,0182≤ Р2 - Р1≤0,3201. Популяциялық Р1 және Р2 пропорцияларының айырымы *+95% жағдайда берілген сенім аралығында жатады *5% жағдайда берілген сенім аралығында жатады *95% жағдайда берілген сенім аралығында жатпайды *5% жағдайда берілген сенім аралығында жатпайды *0,5% жағдайда берілген сенім аралығында жатпайды #30 *!Эстрогенді қосымша қабылдаудың Альцгеймер ауруының даму қаупіне ықпалын анықтау мақсатында екі топта зерттеу жұмысы жүргізілді. Эстроген қабылдаған топта (n1=156) 9 адам, ал екінші топта (n2=968) 158 адам ауырды. Популяцияда Альцгеймер ауруының даму қаупінің пропорцияларын салыстыру үшін қандай статистикалық тесті қолданған ЕҢ ыңғайлы? *Фишердің дәл критерийі *+Пирсонның Хи-квадрат критерийі *Йейтс түзетілуімен Хи-квадрат критерийі *Мак-Немардың критерийі *Z критерий #31 *!Аналарының жүктілік кезінде темекі шегуі мен туа біткен кемістігі (ВПР-врожденный порок развития) дамыған балалардың туылу жиіліктері арасындағы тәуелділікті зерттеу үшін жүкті әйелдердің екі тобы алынды. Бірінші топта 80темекі шегетін, ал екінші топта 90 темекі шекпейтін әйелдер болды.Ультра дыбысты зерттеу нәтижесінде іштегі нәрестеде ВПР бар болу жағдайлар саны тәжірибелік топта 7, салыстыру тобында 2 болды. Темекі шегу мен іштегі нәрестенің ВПР даму ықтималдығы арасында тура өзара байланыстың бар екендігін бағалау үшін статистикалық тесттердің қайсысы ЕҢ жарамды? *Пирсонның Хи-квадрат критерийі *+Фишердің дәл критерийі *Мак-Немаркритерийі *КохренніңQ критерийі *Z критерий #32 *!Вакцинацияның тиімділігін бағалау үшін мектеп оқушыларының тұмаумен аурушаңдығы зерттелді.1200 мектеп оқушыларының 800-не тұмауға қарсы вакцинация егілді. Екпе алғандардың ішінде тұмаумен ауырғандар 8%, екпе алмағандар ішінде - 15%. Тұмаумен аурушаңдыққа вакцинацияның тиімділігі бағалау үшін статистикалық тесттердің қайсысы ЕҢ жарамды? *+Пирсонның Хи-квадрат критерийі *Фишердің дәл критерийі *Мак-Немаркритерийі *КохренніңQ критерийі *Z критерий #33 *!Ревматизммен ауыратындарға №1 емханада (кардиолог қабылдайды) диагноз қою мерзімі мен №2 емханада (терапевт қабылдайды) диагноз қою мерзімі арасында айырмашылықты анықтау үшін деректердің орайластық кестесіне статистикалық талдау жүргізілді. Әрбір ұяшықтағы күтілетін мәндерді E есептегеннен кейін орайластық кестесінің түрі төмендегідей болды: ПирсонныңХи-квадрат критерийін қолдануға болмайтын себептердің қайсысы ЕҢ лайық? *деректер түрі сапалы деректерге жатпайды *деректер түрі сандық деректерге жатпайды *салыстырылатын топтар тәуелді *бақылау саны оте аз *+ұяшықтардың біреуіндегі күтілетін жиілік 5-тен кіші #34 *!Шылым шегу факторының артериялық гипертонияның пайда болу жиілігіне ықпалының статистикалық мәнділігін анықтау үшін орайластық кестесіне талдау жүргізілді. Пирсонның хи-квадрат критерийінің есептелген мәні χ2=4,396. Критерийдің сыни мәні α=0,05 мәнділік деңгейінде 3,841-ке тең. Нөлдік жорамалға қатысты жасалынған қорытындылардың қайсысы ЕҢ шынайы? *+шылым шегу факторыныңартериялық гипертонияға ықпалы статистикалық мәнді *артериялықгипертония мен шылым шегу арасындағы тәуелділік статистикалық мәнді емес *шылым шегетіндер мен шылым шекпейтіндер арасында гипертонияның таралу жиіліктері бірдей *шылым шегу фактор ретінде артериялықгипертонияға ықпал етпейді *артериалық гипертония шылым шегуге байланысты емес #35 *!Хи-квадрат критерийін қолданып, орайластық кестесіне статистикалық талдау жүргізгенде осы кестенің ұяшықтарында бақылаудың күтілетін жиіліктерін есептеу қажет болады. Анықтамалардың қайсысы кестенің ұяшықтарындағы «бақылаудың күтілетін жиіліктерінің» мағынасын ЕҢ дәл айқындайды? *бақылаудың осы ұяшықтағы фактіге негізделген саны *бақылаудың балама жорамал дұрыс болған жағдайдағы күтілетін саны *бақылаудың таңдама кездейсоқ болғандағы күтілетін саны *+бақылаудың нөлдік жорамал дұрыс болған жағдайдағы күтілетін саны *бақылаудың фактіге негізделген санына тең күтілетін саны #36 *!Шылым шегудің өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ӨСОA) ықпалын тексеру үшін 40 жастан жоғары 400 адамдарға зерттеу жүргізілді. Олардың ішінде шылым шегетін 200 адам және ешқашан шылым шекпеген 200адам болды. Спирометрияның нәтижесі бойынша шылым шегетіндердің 24%, шылым шекпейтіндердің 14% ӨСОА бар екендігі анықталды. Шылым шегетіндер мен шылым шекпейтіндердің арасында ӨСОА таралу жиілігіндегі айырмашылықтың статистикалық мәнді екенін айқындау үшін ЕҢ жарамды тест қайсы? *тәуелсіз таңдамалар үшін t-тест *дисперсиялық талдау *Манн-Уитнитесті *+Хи-квадрат тесті *жұптасқанt-тест #37 *!Өкпе туберкулезымен ауыратын 263 адамды пневмотораксқолданып емдегенде 19 адамда рецидив байқалды, ал біріктірілген тәсілмен емделген 77 адамның 15-нде рецидив байқалды. Ұйғарылған нөлдік жорамалдардың қайсысы ЕҢ орынды? *+топтардағы рецидивтердің жиіліктерінің арасында айырмашылық жоқ *топтардағы рецидивтердің жиіліктерінің арасындағы айырмашылық статистикалық мәнді *біріктірілген терапиямен емдеу нәтижесінің басқа әдістен айырмашылығы бар *біріктірілген терапияны қолдану рецидивтер санын арттырады *пневмотораксты қолдану ең жақсы нәтиже береді #38 *!А препаратының бронхитты емдеуге тиімділігін бағалау үшін зерттеу жұмысы жүргізілді. Осы препаратты қабылдаған 74 аурулардың ішінде 18 адамда, ал емдеудің стандартты схемасын қолданған 119 адамның ішінде 46 адамда аурудың асқынғаны байқалды. Орайластық кестесіне талдау жасағанда күтілетін жиіліктер есептелді. Қайсы мән ұяшықтағы Е4күтілетін жиіліктің мәніне ЕҢ сәйкес келеді? *69,5 *59,5 *+79,5 *49,5 *89,5 #39 *!Пациенттерді екі әдіспен емдегенде керексіз жанама әсердің даму ықтималдығын анықтау үшін екі топтың (тәжірибелік және бақылау)Р1 және Р2пропорцияларын салыстырды. 95% сенім аралығының 0,0182≤ Р2 - Р1≤0,3201 негізінде популяциялық Р1 және Р2пропорцияларының арасында статистикалық мәнді айырмашылық бар деген қорытынды жасалынды. Келтірілген себептердің қайсысы мұндай қорытынды жасауға ЕҢ лайық? *сенім аралығының сол жақ шекарасы нөлден үлкен *сенім аралығының оң жақ шекарасы бірден кіші *+сенім аралығына «нөл» саны кірмейді *сенім аралығының екі шекарасы да бөлшек сандар *сенім аралығына «бір» саны кірмейді #40 *!Жұмыс стажының педиатр-дәрігерлердің кәсіби деңгейлерінің өсуіне ықпалын зерттеуге статистикалық талдау жүргізгенде Пирсонның Хи-квадрат критерийін таңдады. Мәндердің қайсысы Хи-квадрат үшін еркіндік дәрежесінің санын ЕҢ дәл сипаттайды? *+ 9 *6 *1 *7 *8 #41 *!Баспада жарияланған мақалада пациенттерді лапароскопиялық аппендэктомиядан кейін бір апта өткен соң тексерістің нәтижелері берілген. Пациенттер екі топқа – инфекцияланған жарақаты барлар және инфекциясыз жарақаты барлар болып бөлінді.Зерттеу барысында пациенттердің түскен кездегі сипаттамалары жөнінде ақпараттар жиналды: жасы, жынысы, оң мықындық аймақтағы ауырудың болуы, температура және т.б. |