диктант мамина. зіліс оырау соылды. Оушылар зіліске шыты. сем мен Анар келесі сабаа дайындалды. Келесі сабадене трбиесі. Олар дене трбиесі сабаын натады. ( 20 сз) Кім Кімдер Сраына жауап беретін сздерді анытап, астын сыз. Фермада
Скачать 16.57 Kb.
|
Үзіліс Қоңырау соғылды. Оқушылар үзіліске шықты. Әсем мен Анар келесі сабаққа дайындалды. Келесі сабақ-дене тәрбиесі. Олар дене тәрбиесі сабағын ұнатады. ( 20 сөз) Кім? Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерді анықтап, астын сыз. Фермада Колхозда ферма бар. Ферма үлкен және таза. Фермада сиыр, қой, ешкі көп. Менің әжем озат сауыншы.Біз фермада сауыншыларға көмектестік. ( 20 сөз) Сиыр, қой, ешкі сөздеріне қандай сұрақ қойылады? Аяз болар алдында Жаңа ғана жапалақ қар жауып өтті. Үлпілдеп жатқан ұлпа қар аппақ ақ көбіктен аумайды. Сезілер –сезілмес салқын леп бар. ( 19 сөз) Үлпілдеп- деген сөзі неше дыбыстан тұрады? Қызғалдақ Қар кетіп,жер жылыды.Жазық даланы қызғалдақ жапты.Балалар қызғалдақ теруге барды.Құлпырған қызғалдақтар жер анаға сән берді. ( 18 сөз) Мәтін неше сөйлемнен тұрады? Үшінші сөйлем неше сөзден тұрады? Ұлы ұстаз Ыбырай бала кезінен ақылды, алғыр болған.Әуелі ауылда, кейін үлкен қалада білім алып,ұстаздық жолын қуған.Мектеп ашып, қазақ балаларын оқытқан. (21 сөз) Мәтіннен Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Біздің сынып. Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Он парта бар.Әр партада екі оқушыдан отырады. Сыныбымыз кең және жарық. ( 17 сөз) Сан есімдердің астын сызыңдар. Станция. Станция ауылдан он бес шақырым жерде.Пойыз сағат жетіде келеді. Оңғарбек үйден сағат екіде шықты. Ол автобуспен станцияға жетті. ( 19 сөз) Күрделі сан есімді тауып астын сызыңдар. Кино. Біз сыныбымызбен киноға бардық. Залы кең, биік екен. Залға сегіз жүз кісі сыяды.Оқушылар он бесінші қатарға отырды.Экран үлкен. Кино екі сағат жүрді. ( 24 сөз) Дара сан есімді тауып астын сызыңдар.
|