Главная страница

Өзін-өзі тану. Өзін-өзі тану пәнінің психологиялық-педагогикалық негізі. зінзі тану пніні психологиялыпедагогикалы негізі


Скачать 24.29 Kb.
Названиезінзі тану пніні психологиялыпедагогикалы негізі
АнкорӨзін-өзі тану
Дата19.11.2021
Размер24.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаӨзін-өзі тану пәнінің психологиялық-педагогикалық негізі.docx
ТипДокументы
#276464

Өзін-өзі тану пәнінің психологиялық-педагогикалық негізі

«Өзін-өзі тану-өмірді тану», - дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат — әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр. Соған орай көтеріліп отырған мәселе қоғам талабынан туындап отырғандықтан тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

«Өзін-өзі тану» курсы жас ұрпақты жан-жақты, үйлесімді етіп тәрбиелеу мен оқытуға барлық мүмкіндік жасауда. «Өзін-өзі тану» курсы жылдан-жылға қарқын дамуда. «Өзін-өзі тану» пәні балабақшалар мен мектептерге эксперимент ретінде енгізіліп отыр, сонымен қатар республика бойынша 96 білім беру мекемелерінде оқытылатын болады. «Өзін-өзі тану» курсын үйлестіруші Республикалық «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы. Өзінің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде 2003 жылы ақпан айында құрылған Адамның үйлесімді дамуы институты арқылы қажетті зерттеулер жүргізілді. Институтта Қазақстандық ғалымдар, мамандар адамның үйлесімді дамуын зерттейтін, жаңалық енгізетін әдіс-тәсілдерімен, «Өзін-өзі тану» курсының мұғалімдерін даярлау, қайта даярлау ісімен, оқу-әдістемелік, хрестоматиялық оқу құралдарын шығарумен айналысады. «Өзін-өзі тану» пәнін ендіруді қамтамасыз етуде маңызды үлес қосқан және осы курсты әдістемелік тұрғыдан негіздеген мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар С.А. Назарбаева, Ш.К. Беркімбаева, К.Н. Шамшидинова, Б.А. Альмухамбетов, Б.К. Дамитов, Х.Т. Шерьязданова, К.Ж. Қожахметова, М.Ш. Хасанов, А.Н. Нысанбаев, Б.К. Кудышева, Г.И. Калиева, Т.А. Левченко, Г.Г. Соловьева, М.Ж. Джадрина т.б. болды.

Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.

Осыларды ескере отырып, еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері , «Өзін-өзі тану» бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді, яғни 2010-2011 оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына жаппай енгізілді.

«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.

Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше.

Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарында, азаматтылығыңды дәлелдеуге итермелейді.

«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани-адамгершілік білім беруде тиімді қолдану – «Өзін-өзі тану» пәні бастауы бұрыннан болған, біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге болады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру.

Өзін-өзі тануды жеке пән ретінде 1-11 сыныптардың әрқайсысында аптасына 1 сағаттан оқыту белгіленген. Оқу материалдары жүйеленіп барлық сыныптарда да 4 тарау бойынша беріледі. Олар:

1 тарау: Адамның өзін-өзі тануына арналған.

2 тарау: Адам және қоғам қарым-қатынасына арналған.

3 тарау: Адам және қоршаған орта қарым-қатынасына арналған.

4 тарау: Адамзаттың рухани тәжірибесіне арналған.

Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағытыболып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толық сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді.

«Өзін-өзі тану» жобасы жалпы адамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға негізделген мемлекеттік эксперименттік білім беру бағдарламасы болып табылады. Бұл жоба Қазақстанда 2001 жылы қолға алынды және еліміздің жетекші педагогтері, ғалымдары, әдіскер мұғалімдері мен тәрбиешілері, жалпы зиялы қауым тарапынан жан-жақты қолдау тапты.

«Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері – балалар, жасөспірімдер және жеткіншектердің бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту. Балалар мен жеткіншектерді біртіндеп (кезеңмен) адами қарым-қатынас нормаларымен, жалпыадамзаттық адамгершілік қағидаттарымен таныстыру, олардың бойында азаматтық мәдениет пен имандылық қатынастарды қалыптастыру және дамыту.

Бұл білімдер мен біліктер, қабілеттер адамдармен өзара түсіністік пен үйлесімділікке қол жеткізуге, өзге адамдарға дер кезінде көмек беріп, қолдау көрсету қабілеттерін меңгеруге мүмкіндік береді. Рухани-адамгершілік білім баланың, жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатады.

Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау бағдарламада белгіленген оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпы адамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторинг) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.

«Өзін-өзі тану» пәнінде қолданылған әдістемелер мен әдістемелік тәсілдердің мазмұны:

- ізгіліктік: балаларға деген сүйіспеншілік, балалар бақыты, таңдау еркіндігі, таным қуанышы;

- жеке тұрғы: тұлғаны зерттеу, қабілеттерді дамыту, өзіне терең үңілу, жетістік педагогикасы;

- қарым-қатынас шеберлігі: өзара түсіністік заңы, ашықтық;

- отбасы педагогикасы, ата-аналар сенбісі, геронтология, ата-аналар құндылығы;

- оқу іс-әрекеті: оқу және жазу үрдістерінің тәсілдері, балалардың әдеби шығармашылығы.

Тұлғалық бағдарлы білім беру технологиясы гуманистік философия, психология және педагогиканың қайта көрінісі. Педагогтың басты назары –өзінің мүмкіндіктерін максималды жүзеге асыруға ұмтылатын, жаңа тәжірибені қабылдауға дайын, түрлі өмірлік жағдайларда саналы және жауапты таңдау жасауға қабілетті бала тұлғасы. Тұлғалық-бағдарлы технологиялар антропоцентрлігімен, гуманистік болмысымен, психотерапевтік бағыттылығымен сипатталады, мақсаты - баланың жан-жақты, еркін және шығармашыл дамуы.

Өзін-өзі тану сабағының құрылымындағы технологиялары:

• Эмоционалдық сәлемдесу.

• Өзара қызығушылық пен дәстүрлі ашу формасындағы «Қуаныш шеңбері» (басы)

• Балалық бейнелер, эмоционалды өмірлік тәжірибе, проблемді сұрақ, ситуация немесе мәтін арқылы ұғым/сабақ құндылықтары құпиясына жақындау (цитата, фольклор, әдебиет, кино жанрлары) тыныштық минутасы және өзімен-өзі қалу.

• Құндылықтық аймақтың мәндерін «жақтастардың» (Ш.Амонашвили термині) әңгімелер, пайымдаулар, ойындарда, қойылымдарда, жалпылауларда қысылмай ашуы

• Құндылықтарды терең түсіну, жаттығулар, рөлдік ойындар, шығармашылық іс-әрекет арқылы өзі үшін, басқалар үшін, адамзат үшін «аса күрделі» өмірлік міндеттерді шешу арқылы өзімен, жақын адамдармен және жақын емес адамдармен болып жатқан оқиғалар себебінен жақын жіне басқа адамдардың алаңдаушылықтарының бөлінуі.

• Жаттығулар, шығармашылық іс-әрекет, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы әлеуметтік-рухани практиканы иелену және өмірлік дағдыларды өз бетімен дамыту; өзін, өз күшін, ойларын, әрекеттерін және шығармашылық өнімдерін қоршаған адамдарға өз мүмкіндіктері қабілеттеріне сүйіспеншілікпен, сеніммен беру.

• Жаңа кездесуге дейін бір-бірімен жарқын дәстүрлі қоштасу («Жүректен жүрекке» шеңбері формасында, рефлексивті жаттығулар формасында), өзінің болашағын тұжырымдау, өз ұмтылыстарын рефлексивті бейнелеу және өзгеру, одан да жақсы болу, жетілуге ниеті (сабақтың аяқталуы)


написать администратору сайта