7 сынып А денгейі. зындыы 30 мм сым темірді арындаша атарластырып 30 орам ораан. Сымны диаметрі андай
Скачать 21.1 Kb.
|
Ұзындығы 30 мм сым темірді қарындашқа қатарластырып 30 орам ораған.Сымның диаметрі қандай? Ұзындығы 650 мм,ені 600 м және биіктігі 150 мм параллелипед пішінді дененің көлемін табыңдар Көлемі V=1м³ болатын текше жасау үшін қырлары L=1мм болып келетін N=10 кішкене текшелер керек.Егер оларды қатар орналастырса ұзындығы қанша болар еді? Электронды микроскспта зат молекуласының көрінерлік диаметрі d1=0,5мм болса және микроскоп молекуланы N= 200000 есе үлкейтсе, онда берілген зат молекуласының нақты диаметрі неге тең болғаны? Ұзындығы ℓ1=0,5мкм -ге тең бактерияларды қатарластырылып орналастырғанда ℓ=1см ұзындыққа қанша бактерия сияр еді? Жас бамбук тәулігіне ℓ=86,4 см-ге өсетін болса, ол секундына қанша өседі? Өлшегіш сызғыштың көмегімен біртекті ұсақ заттардың мысалы; бидай дәнінің, бұршақтың диаметрін анықтауға болады. Әлемдегі кез-келген цирк аренасының диаметрі 13 м-ге тең.Цирк аренасының ауданы қандай? Ауданы 1м² парақтан қиылып алынған әрқайсысының ауданы 1см² болатын қиындылардан тұратын жолақтың ұзындығы қандай? Бірқалыпты қозғалған материалдық нүкте t1=2с мезеттегі координаты x1=4см, ал t2=4с мезеттегі координаты х2=-2см болса, оның жылдамдығы қандай? Мотоцикл жолдың бірінші S1=30км бөлігін υ1=15 м\с орташа жылдамдықпен, ал қалған екінші S1=40км бөлігін t2=1 сағатта жүріп өтті.Мотоциклдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай? Қайықтағы адам оны тынық сумен салыстырғанда υ1=1,2м\с жылдамдықпен еседі.Егер су ағысының жылдамдығы υ2=1,5 м\с болса. Қайықтың жағамен салыстырғанда және су ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы қандай? Автомобиль алғашқы 5 км жолды 25 км/сағ орташа жылдамдықпен, келесі 15 км жолды 50 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтсе, барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығы қандай? Мотоциклдің жылдамдығы υ1=72 км/сағ, ал қарсы соққан желдің жылдамдығы υ1=4м/с. Желмен байланысқан санақ жүйесінде мотоциклдің жылдамдығы қандай болады? 36км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан велосипедші жарты сағатта қанша жол жүреді? . Спортшы конькимен 1500 м қашықтықты 1 мин 52,5 с-та жүгіріп өтті.Оның орташа жылдамдығын есептеңдер. . Самолет 750 км/сағ орташа жылдамдықпен ұшып келеді.Ол 6 сағат ішінде қандай қашық тықты ұшып өтеді? .Бальза- ең жеңіл ағаш. Оның 100 см3 көлемінің массасы 12 г. Бальза ағашының тығыздығын есептеңдер. Машина 3 т жүк тасымалдауға арналған.Әрқайсысының ұзындығы 2 м, ені 80см және қалыңдығы 2мм болыпкелген темір текшелерінің қаншасын тиеуге болады? Салмағы 800 Н адамның массасы қандай? .Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге р=100 Па қысым түсіреді. Өлшемдері 50x90 болатын ауданға ауа қандай күш түсіреді? .Ауданы S1= 200 см2 гидравликалық таптауыштың поршені 20 кН күшпен әсер етеді. Кіші поршеннің ауданы S2=6см2. Кіші поршень таптауыштағы сұйыққа қандай күшпен әсер етеді. .Биіктігі 35 см, ұзындығы 55см және ені 25см аквариумға ернуінен 3см төмен су құйылса, онда оның а) түбіндегі қысым ; ә) құйылған судың салмағы қандай? .Көлемі 8м3 темір бағананың табан ауданы 2 м2 болса, ол жер бетіне қандай қысым түсіреді? Гидровликалық престің кіші поршені F=600 Н күштің әсерінен 33 см төмен түсті. Осы кезде үлкен поршень 23 см-ге көтерілді. Үлкен поршенге қандай күш әсер етеді? Барометр тау бөктерінде 98650 Па, ал тау шыңында 90300 Па қысымды көрсетеді. Таудың биіктігі қандай? Табанының ауданы 300см2 кастролге 3,9 л су құйылса, столға қандай қысым түсіріледі. 101.Шегенің көмегімен 105 Па қысым түсіруге бола ма? Шеге ұшының ауданы 0,1 мм2болса, шеге басына қандай күш түсіру керек. Екі бірдей ыдыс түтікпен қосылған. Біреуіндегі қысым 0,008 Па газ бар, ал екіншісі бос. Кранды ашса екі ыдыстағы қысым қандай болады? Көлемі 0,4 м3 болатын дене суға жартылай батырылған. Денеге әсер ететін архимед күші қандай? Су астындағы массасы 35 кг, көлемі 0,015 м3 тасты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек? Судағы денеге 2500мН Архимед күші әсер етеді. Осы денені сынап қандай күшпен кері итереді? Суда қалқып жүрген ағаш білеуше 0,75 м3 суды, ал толығымен суға батырса, ол судың 1м3 көлемін ығыстырып шығарады. Білеушеге әсер ететін кері итеретін күштерді анықтаңдар. Толығымен керосинге батып тұрған тығынға 50 Н архимед күші әсер етеді. Тығынның көлемі қандай? шпен ығыстырар еді? Суға толығымен батырылған денеге 3000 мН архимед күші әсер етеді.Егер осы денені бензинге батырса, қандай күш әсер етеді? Ат арбаға 450 Н күш түсіріп, оны 0,5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартса, ат 2 сағатта қандай жұмыс істейді? Массасы 100т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып, 9 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай? Иіндіктің ұштарына Ғ1 = 2 Н және Ғ2 = 20 Н күштер әсер етеді. Иіндіктің ұзындығы 1,2 м болса, оның тіреу нүктесі қай жерінде орналасады? Массасы 6 кг тас ,биіктігі 3 м үйдің төбесінен Жер бетінен 18 м биіктіктен құлайды. Ауырлық күшінің жұмысын табыңдар Массасы 105 т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып, 12 м биіктікке көтерілсе ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай? Массасы 25 кг құмы бар жәшікті жылжымайтын блоктың көмегімен 250 Н күш жұмсап 12 м биіктікке көтерсе, қондырғының ПӘК- і қандай болғаны? Едендемассасы 20 кг жәшік тұр. Жәшікті биіктігі 1,5 м машинаның кузовына көтеру үшін қандай жұмыс атқару керек? Әр минут сайын насос 10 л суды 2,1 м биіктікке шығарады. Бұл жұмысты жасау үшін насостың двигателі қандай қуат жұмсайды. Рычагтың кіші иіні 5 см, ал үлкен иіні 30 см. Кіші иінге 12 Н күш әсер етеді.Рычаг тепе-теңдікте тұру үшін үлкен иінге қандай күш түсіру керек? |