Главная страница
Навигация по странице:

  • Жануарлар қайда тіршілік етеді

  • Барлық оқушылар

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

  • (Т) 1- тапсырма «Анықтау» әдісі

  • Дескриптор : - Фотосуреттердегі жануарлар туралы әңгіме құрып айтады.­Саралау тәсілі: «Тапсырма»

  • Сергіту сәтінде «Қаражорға» биіне жаттығулар жасайды. (Ұ) 2- тапсырма «Зерттеу»

  • Кері байланыс: «Үш қадамдық сұрақ»

  • Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды

  • (Ұ) 1- тапсырма . А) «Топтастыр» әдісі.

  • Дескриптор : - Суреттегі жануарларды ортақ белгісіне қарап топтастырады.-Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды.Сергіту сәтінде «Ертегілер» әні.

  • (Т) 2- тапсырма «Зерттеу»

  • Қасиетті Құранда «Кімде-кім тозаң­ның салмағындай жақсылық істесе, соның сауабын көреді. Кімде-кім тозаңның салмағындай жамандық істесе, соның зардабын татады», дейді («Зілзәлә» сүресі).

  • Иә, жақсылық көрсең де өзіңнен, жамандық көрсең де өзіңнен.

  • жаратылыстану 7-- апта. орта мектебі кмм ыса мерзімді жоспар


    Скачать 88 Kb.
    Название орта мектебі кмм ыса мерзімді жоспар
    Дата10.10.2022
    Размер88 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлажаратылыстану 7-- апта.doc
    ТипДокументы
    #726184

    «------------------------- орта мектебі» КММ

    Қысқа мерзімді жоспар

          Жаратылыстану 13-сабақ

    kairshanz@mail.ru

    Бөлім:

    Жануарлар

    Мұғалімнің аты-жөні




    Күні:




    Сынып: 3

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы

    Жануарлар қайда тіршілік етеді?

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

    3.2.2.2.Жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату, олардың тіршілік ортасын анықтау

    3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарымқатынас түрлерін сипаттау

    Сабақтың мақсаты

    Барлық оқушылар: жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажыратады, олардың тіршілік ортасын анықтай алады.

    Көптеген оқушылар: жануарлардың өзара қарым-қатынасын сипаттап талдайды.

    Кейбір оқушылар: жануарларды қорғау жолдарын қарастырып айтады.

          Сабақтың барысы

    Сабақтың кезеңі/ уақыт

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    5 мин

    Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.

    Оқу материалын жариялау «Жедел жауап» әдісі арқылы болады.

    -Жер бетінің қай жерінде өсімдік өседі?

    -Өсімдіктер тіршілік ету ортасына қарай қандай топқа бөлінеді?

    -Жануарлар қандай топқа бөлінеді?

    -Ендеше бүгінгі сабақта жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажыратып, тапсырмалар орындайтын боламыз.

    1. Жаттығу жасайды.

    Сұрақтарға жауап береді.

    Оқу мақсатын анықтап шығарады.

    ҚБ: «Смайлик»




    Сабақтың ортасы

    15 мин

    2 мин

    18 мин

    (Т) 1- тапсырма «Анықтау» әдісі арқылы жүзеге асады.

    1) Эврика Негешке жер бетіндегі алуан түрлі жануарлар туралы айтып берейін деді. Эврикаға фотосуреттердегі жануарлар туралы әңгіме құруға көмектес.

    -Бұл жануарлардың мекен ететін жерін сипатта.

    Жануарлар тағы қандай жерлерде тіршілік ете алады?

    Дескриптор:

    - Фотосуреттердегі жануарлар туралы әңгіме құрып айтады.

    ­Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады.

    Кейбір оқушыға:

    -Жануарларды қорғау жолдарын қарастыр.
    Сергіту сәтінде «Қаражорға» биіне жаттығулар жасайды.
    (Ұ) 2- тапсырма «Зерттеу» әдісі арқылы жүзеге асады.

    1) Сұрақ-жауап:

    -Тундра, дала, шөл, орман, шалғын, саванна, тау сияқты жануарлар мекен ететін жерлерді салыстыр. Оларды қалай топтастыруға болады? Бұл топтарды қалай атауға болады? Жануарларды тіршілік ететін орнына қарай қандай топтарға бөлуге болады?

    2) «Топтастыру» әдісі:

    -Жануарлар суреттерін мекен ететін орнына қарай топтастыр.

    Дескриптор:

    - Тундра, дала, шөл, орман, шалғын, саванна, тау сияқты жануарларын атайды.

    - Жануарлар суреттерін мекен ететін орнына қарай топтастырады.

    - Фотосуреттердегі жануарлар туралы әңгіме құрып айтады.


    Билеп сергиді.

    - Тундра, дала, шөл, орман, шалғын, саванна, тау сияқты жануарларын атайды.

    - Жануарлар суреттерін мекен ететін орнына қарай топтастырады.

    ҚБ:

    5 балл

    5 балл



    Оқулық

    Оқулық

    Сабақтың соңы

    5 мин

    Кері байланыс: «Үш қадамдық сұрақ» әдісі бойынша өтеді.

    Оқу тапсырмасы: Мәтінді оқып, жануарлардың тіршілік ортасы туралы әңгімеле.

    Кері байланыс жасайды.

    ҚБ қойыла-ды.





    «------------------------- орта мектебі» КММ

    Қысқа мерзімді жоспар

          Жаратылыстану 14-сабақ

    kairshanz@mail.ru

    Бөлім:

    Жануарлар

    Мұғалімнің аты-жөні




    Күні:




    Сынып: 3

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы

    Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды?

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

    3.2.2.2.Жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату олардың тіршілік ортасын анықтау

    3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау

    Сабақтың мақсаты

    Барлық оқушылар: жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажыратады, олардың тіршілік ортасын анықтай алады.

    Көптеген оқушылар: жануарлардың өзара қарым-қатынасын сипаттап талдайды.

    Кейбір оқушылар: тақырыпқа байланысты сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.

          Сабақтың барысы

    Сабақтың кезеңі/ уақыт

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    5 мин

    Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Гүлмен тілек» әдісі арқылы жүреді.

    Өткен тақырыпқа шолу және оқу материалын жариялау «Жануар қайда мекендейді?» ойыны арқылы жүреді.

    Ортаға кезекпен шығып, бір жануарды ыммен жасарып көрсетіңдер. Жануар және оның тіршілік ортасы туралы айтып беріңдер.

    - Ендеше бүгінгі сабақта жануарлардың топтары туралы оқып, білімімізді кеңейтетін боламыз.

    1. Ширату жаттығуларын орындайды.

    Жануарды ыммен жасарып көрсетеді, ол туралы әңгімелейді. Тақырыпты шығарады.


    ҚБ: «Смайлик»




    Сабақтың ортасы

    15 мин

    2 мин
    13 мин

    (Ұ) 1- тапсырма.

    А) «Топтастыр» әдісі. Негеш суреттен орман жануарларын іздеп отыр. Ал Эврика ашық даланы мекендейтін жануарларды табуы керек. Оларға көмектес. Өз шешімінді түсіндір. Топтағы жануарларды салыстыр. Оларға не ортақ деп ойлайсың?

    Ә) «Сәйкестендір» әдісі.

    Суқойма жануарлары. Жануарлардың тіршілік ортасын анықта.

    -Суреттегі жануарлардың дене бітіміне қарап суда тіршілік етеді деп айтуға бола ма?

    Дескриптор:

    - Суреттегі жануарларды ортақ белгісіне қарап топтастырады.

    -Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды.
    Сергіту сәтінде «Ертегілер» әні.
    (Т) 2- тапсырма «Зерттеу» әдісі арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жұмыс жүреді.

    А) Артығын тап.

    Суреттегі жануарлардың қайсысы артық? Себебі неде? Тауды қандай жануарлар мекендейді?

    Ә) Зертте.

    -Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтауға болады?

    Дескриптор:

    -Суреттегі жануарлардың артығын табады.

    -Қорытынды жасайды.

    - Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтауға болатынын айтады.

    ­Саралау тәсілі «Тапсырма» арқылы жүзеге асады.

    Кейбір оқушыға:

    - Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар туралы сұрақтар құрастырып, жауап бер.

    - Суреттегі жануарларды ортақ белгісіне қарап топтастырады.

    -Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды.

    Әнге қосылып, билейді.

    -Суреттегі жануарлардың артығын табады.

    -Қорытынды жасайды.

    - -Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтауға болатынын айтады.


    ҚБ:
    5 балл


    5 балл



    Оқулық

    Оқулық



    Сабақтың соңы

    5 мин

    Кері байланыс: «Менің сөзім» әдісі бойынша өтеді.

    Оқу тапсырмасы: Мәтінді оқып, мазмұндау.

    Кері байланыс жасайды.

    ҚБ қойыла-ды.





    Бұл ҚМЖ-ны өзгелерге таратуға болмайды, авторлық құқықты сақтаңыз. Егер осындай дайын ҚМЖ-ны алдын ала толық аптаға әр жексенбіде алғыңыз келсе, 87764531215 нөміріне ватсапқа жазыңыз.

    Қасиетті Құранда «Кімде-кім тозаң­ның салмағындай жақсылық істесе, соның сауабын көреді. Кімде-кім тозаңның салмағындай жамандық істесе, соның зардабын татады»,  дейді («Зілзәлә» сүресі).

    Иә, жақсылық көрсең де өзіңнен, жамандық көрсең де өзіңнен.




    написать администратору сайта