Главная страница
Навигация по странице:

  • Қандай антибактериалды әдіс ЕҢ тиімді

  • Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді

  • Шұғыл көмек көрсету үшін қандай инъекциялық препаратты таңдау қажет

  • Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын осы науқасқа тағайындау БАРЫНША тиімді

  • 01 03 каз Клиническая фармакология


    Скачать 178.24 Kb.
    Название01 03 каз Клиническая фармакология
    Дата19.10.2020
    Размер178.24 Kb.
    Формат файлаrtf
    Имя файла01_03_kaz_Klinicheskaya_farmakologia-variant_2.rtf
    ТипДокументы
    #144050

    01_03 каз Клиническая фармакология вариант 2
    !

    44 жасар науқас ауыр ағымды бронхиалды демікпемен 25 жыл бойы ауырады. Преднизолон 30 мг тәулігіне, беклометазон дипропионаты 600 мкг/тәул және сальметерол қабылдайды. Сальбутамолда қажеттілік – күніне 3-4 рет, тұншығу ұстамасы аздаған физикалық жүктеме кезінде пайда болады, өткір иістер, шаң, температура өзгерістері теріс әсер көрсетеді. Сонымен қатар, науқаста созылмалы гастрит, артериалды гипертензия 2 деңгей, қауіп тобы 3, ДМИ – 32. Қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?

    /

    Беклометазонды флюнисолид немесе будесонидпен ауыстыру

    /

    Преднизолон мөлшерін жоғарылату

    /

    Беклометазон дипропионатының мөлшерін жоғарылату

    /

    Емге пролонгирленген теофиллин қосу

    /

    Преднизолон дозасын азайту үшін бетаметазон суспензиясын б\і

    !

    26 жастағы ер адам ашты тамақ пен ішімдік қабылдағаннан 30 - 40 минуттан кейін асқазан тұсындағы басып ауру сезіміне; сода қабылдағаннан кейін азаятын, қатты мазалайтын қыжылға; қышқылмен кекіруге шағымданады. Қарап тексергенде: тілі ақ жабынмен жабылған, терең пальпацияда асқазан тұсындағы жайылмалы ауырсыну сезімі. ЭФГДС да: асқазан кілегейлі қабаты қызарған және ісінген, антральды бөлігінде – бірен саран геморрагиялық эрозиялар. Науқасқа төменде келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША көретілген?

    /

    Лансопрозол

    /

    Платифиллин

    /

    Фосфалюгель

    /

    Домперидон

    /

    Но-шпа

    !

    Әйел 27 жаста, жүктілігінің 28-29 аптасы, УДЗ кезінде өт қапшығында өт шығу жолының ¼ жауып тұратын өттастары анықталды. Көп майлы тамақ жегеннен кейін ішінде белдемелі ауру сезімі, жүрек айну, 1 рет жеген тамағы аралас құсу болды. Жүктілік кезінде төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы берілген патологияның даму қауіпін жоғарлатады?

    /

    Эстрогендердің жоғары деңгейі

    /

    Жатырдың ұлғаюы кезінде іш қуысының қысымының жоғарлауы

    /

    Жүкті әйелдің тамақтану сипаты өзгерген кезде

    /

    Кеш токсикоздың пайда болуы

    /

    Жүктілердің құсуы

    !

    Әйел 36 жаста , іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезімге шағымданады. Улкен дәреттен кейін ауру сезімі азаяды. Тәулігіне 4-5 реттік жағымсыз иісті ботқа тәрізді нәжіске, тенезмдер.Бөрітпесі – 37,5, соңғы айларда 5 кг арықтаған.Буындары ауру сезімді. Б Ирригоскопияда :ішектері біркелкі емес тарылған,рельефі шырышты көрінісі «булыжной мостовой». Емдік терапия сульфосалазиноммен басталды. Еміне қандай антибиотикті қосқан дұрыс?

    /

    Рифампицин

    /

    Амоксициллин

    /

    Тетрациклин

    /

    Офлоксацин

    /

    Олеандомицин

    !

    33жасар әйел адам созылмалы вирусты гепатит С, 1 генотип бойынша пег-интерферон және рибавиринмен вирусқа қарсы терапия қабылдайды. Емнің басынан 4 айда таңғы құрысу сезімі мен проксималды фалангааралық, білек-фалангалық және білезік буындарда ауыру сезімі, 37,7-37,9С дейін дене қызуы пайда болды. РФ – емге дейін 24 МЕ/мл, емнің басынан 12 аптада – 125 МЕ/мл, АЦЦП – оң. Вирусты жүктеме динамикасы: HCV РНК емге дейін – 6,4х106 МЕ/мл, 12 аптада – 2,3х102 МЕ/мл. Ары қарай қандай тактика дұрыс?

    /

    Емді тез арада тоқтату

    /

    Пег-интерферонды тоқтату, рибавиринді жалғастыру

    /

    Пег-интерферонды 2 аптаға тоқтату, РФ деңгейі төмендегенге дейін

    /

    Пегинтерферонды қысқа әсерлі интерферонмен ауыстыру

    /

    Емді преднизолон (10 мг\тәул) қосып жалғастыру

    !

    29 жастағы жүкті әйел грипп эпидемиясы кезінде екі жақты пневмониямен ауыр күйде ауруханаға жатқызылды. Жүктілік 28-29 апта. Емдеуші дәрігер вирусқа қарсы ем қосуды ұйғарды. Төмендегі препараттар ішіннен осы жағдайда БАРЫНША таңдамалы қайсысы?

    /

    Осельтамивир

    /

    Интерферон альфа

    /

    Ронколейкин

    /

    Зидовудин

    /

    Задаксин

    !

    Әйел адам 67 жаста. Суықтағаннан кейін 7 күн көлемінде шырышты-іріңді қақырықпен қатты жөтелге,дене температурасының 38,0 С көтерілуіне шағымданады.Қарау кезінде: ТАЖ – 22 рет мин,өкпесінде қатаң тыныс, шашыранды ысқырықты сырылдар. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Аталған препараттардың ең тиімдісі қайсысы?

    /

    Азитромицин

    /

    Цефепим

    /

    Ципрофлоксацин

    /

    Гентамицин

    /

    Линкомицин

    !

    Әйел 33 жаста, пневмонияға байланысты кларитромицин 1,0г/тәу тағайындалды. Динамикада науқаста субфебрильді температура, интоксикация симптомдары, жөтелдің жасыл түсті қақырықпен үдеуі байқалды. рентген көрінісінде оң өкпенің ортаңғы бөлігінде ошақты инфильтрат анықталды.


    Қандай антибактериалды әдіс ЕҢ тиімді?

    /

    Кларитромицинді левофлоксацинге ауыстыру

    /

    Гентамицин қосу

    /

    Кларитромицин дозасын жоғарылату

    /

    Кларитромицинді имипинемге ауыстыру

    /

    Кларитромицинді амоксициллинге ауыстыру

    !

    Ревматоидты артритпен ауыратын, делагил және НПВС базистік емін қабылдап жүрген 67 жастағы науқас бір жылдың ішінде екі рет пневмониямен ауырған. Осы жағдайда респираторлық инфекцияның алдын алу үшін қандай профилактикалық шара жасау қажет?

    /

    Пневмококты вакцинаны егу

    /

    С витаминін үнемі қабылдау

    /

    Haemophilus influenzae-ға қарсы вакцинация

    /

    Превентивті антибактериалды терапия

    /

    Бронхомуналды немесе рибоминулды қолдану

    !

    Науқас Ж., 28 жаста,қолының майда буындарындағы, омыртқаның мойын бөлігіндегі қатты ауыру сезіміне,1сағаттан көп таңертеңгілік құрысуға, әлсіздікке, дене қызуының 37,7С дейін жоғарылауына шағымданып келді.Буындарының ауыруы екі айдан бері мазалайды. Қол саусақтарының рентгенограммасында буын маңылық остеопороз, буын саңылауының тарылуы, бірен-саран эрозиялар. Қан анализінде: лейкоцитытер -4,6 х109 /л, эритроциттер -3,2 х1012 /л, тромбоциттер -250 х109 /л, ЭТЖ – 54 мм/сағ. С-реактивті белок ++. АЦЦП- оң. Төменде келтірілген қандай препарат науқастың емдеу жоспарына ЕҢ тиімді болады?

    /

    Метотрексат

    /

    Сульфасалазин

    /

    лорноксикам

    /

    Преднизолон

    /

    D-пеницилламин

    !

    35 жастағы науқас өзін ЖРВИ-н кейін қызбаның қайталануы, анық байқалатын әлсіздік, артралгия мен миалгия, екі жақ өкпедегі өзгерістерден кейінгі (бұл белгілер бойынша дәрігер пневмония, Рейн феномені деп диагноз қойған) 5 жылдан бері ауырып жүрмін деп есептейді. Кейіннен жүрек тұсында ауыру және дисфагия пайда болған. Объективті тексеру нәтижелері: терісінде – тығыздалу ошақтары және атрофиялар. Жалпы қан анализі: Л-4.2 тыс, Эр – 3.5, Нb- 129 г/л, ЭТЖ- сағатына 30 мм. SCL70 анти денелер анықталған. Осы жағдайда қандай ем тиімді болып табылады?

    /

    Д-пеницилламин

    /

    Циклофосфамид

    /

    Триамцинолон

    /

    Преднизолон

    /

    Индометацин

    !

    40 жастағы науқас әйел, БСА 5 сатысы. Науқаста полиурия, АҚҚ180/100 мм.с.б., көзге көрінетін ісінулер жоқ. Биохимиялық қан анализінде: креатинин 540 мкмоль/л, К, Na көрсеткіштері қалыпты. ЖЗА: белок – 1,5 г/с. Диуретиктер және нормодипин қабылдау фонында АҚҚ 120/75мм с.б. дейін түсті. Аз белокты емдәмде. БАТ- на дайындау кезеңінде қандай ем тағайындаған дұрыс?

    /

    АҚҚ және креатинин бақылай отырып, эритропоэтин және ААФ тежегіштері

    /

    Тек аз белокты ем дәм

    /

    Диуретикалық ем

    /

    Гемодиализ

    /

    Коллоидты ертінділермен инфузия

    !

    Бүйрек транплантациясы жасалған науқасқа антигипертензивті мақсатта ангиотензин айналдырушы ферменттің тежегіші тағайындалған. Келесі күні креатинин деңгейі күрт жоғарылап, диурез азайған. Трансплантат БЖЗ мүмкін болатын себебін көрсетіңіз?

    /

    Трансплантаттың бүйректік артериясының тарылуы

    /

    Инфекция

    /

    Диетаның бұзылуы

    /

    Жедел ажырау кризі

    /

    Емге селқос қарау

    !

    Қандай препараттан стандартты терапияда протокол бойынша жедел промиелоцитарлы лейкозда 85-96 % науқастар клиникалық және цитогенетикалық ремиссия ала алады?

    /

    Трансретинді қышқыл

    /

    Иматиниб (Гливек)

    /

    Циклофосфамид

    /

    Венкристин

    /

    Цитозар

    !

    Ер адам 62 жаста, бірнеше айдан бері бел аймағындағы ауру сезіміне, көбіне ауру сезімі түнгі уақытта шалқасынан жатқан кезде үдейді. Невропатологқа қаралған, остеохондроздың белгілері анықталған. НПВС кейін ауру сезімі басылмаған. Науқас 3 айда 5 кг салмақ жоғалтқан . Қан анализінде: Нв-109г/л, лейкоциттер-7,9х109/л, тромбоциттер-190х109/л, ЭТЖ-56 мм/сағ. жалпы белок–99 г/л. Жалпы зәр анализінде: тығыздығы- 1028, Бенс-Джонс ақуызы – 0,8 г/л. Сүйек деструкциясының алдын алу үшін науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс?

    /

    Золендронат

    /

    Кальций және витамин Д3

    /

    Кальцитонин

    /

    Леспенефрил

    /

    Вобензим

    !

    50 жастағы ер адамды соңғы 3-4 ай аралығында шөлдеу, әлсiздiк, полиурия мазалайды. Объ-ті: дене салмағы - 106 кг, бойы - 170 см., терісі құрғақ, тырнақ іздері бар, АҚ - 140/85 мм.с.б. Зәр шығаруы жиіленген, ауыру сезімсіз. Гликемиялық профиль: 9,7-14,9-12,3 ммоль/л.


    Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

    /

    Метформинді

    /

    Глибенкламидті

    /

    Орташа әсерлi инсулинді

    /

    Қысқа әсерлі инсулинді

    /

    Ұзақ әсерлі инсулин

    !

    43 жастағы әйел салмағының жоғарылауы, терісінің құрғауы, сөйлеудің қиындауын байқаған. Анамнезінде: созылмалы гайморит. Объективтi: бойы - 168см, салмағы-92кг. Айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, тiлінің қырында тiстер ізі таңбаланған. Жүрек үндері әлсіреген, брадикардия. АҚ 80/50 мм.с.б. Қанда: эритроциттер - 3,5 миллион, гемоглобин - 75 г/л, лейкоциттер - 4, 5 мың, ЭТЖ - 13 мм/с. Қанда қант - 3, 5 ммоль/л. Сары су ақуыздарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л. Қандай дәрілік топты тағайындау БАРЫНША тиімді?

    /

    Тиреоидты препараттарды

    /

    Витаминдер

    /

    Йод дәрілері

    /

    Зәр айдайтын дәрiлерді

    /

    Қабынуға қарсы дәрi-дәрмектерді

    !

    Қабылдау бөліміне гипертониялық кризбен (АҚ 280/130 мм.с.б.) 39 жастағы науқас жеткізілді. Ұстама тәрізді АҚ жоғарылауы бір жыл аралығында байқалады, криздер қобалжу, тахикардия, діріл, бұлшықеттік тартылулармен қатар болады. Криз көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Криздер кезінде 9,6 ммоль/л дейін гипергликемия анықталған.


    Шұғыл көмек көрсету үшін қандай инъекциялық препаратты таңдау қажет?

    /

    Пропранолол

    /

    Магний сульфаты

    /

    Эналаприл

    /

    Реджетин

    /

    Клонидин

    !

    Кардиологиялық бөлімшеге 50 жастағы ер адам кеуде артындағы өте күшті ауыру сезімімен шағымданып ауыр жағдайда түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз. Жүрек үндері бәсеңдеген, айқын тахикардия, АҚ 90/60 мм сб.б. ЭКГде: жедел коронарлық қан айналым бұзылысы. Пароксизмальді қарынша үстілік тахикардия диагностикаланды. Ырғақ бұзылысын қалыпқа келтіру мақсатымен жедел жәрдем бригадасында изоптин құйылды, бірақ ырғақ қалыпқа келмеді.Изоптиннен басқа АВ-реципрокты тахикардияны жоюға көрсетілген дәрілердің қайсысы таңдау дәріліріне БАРЫНША МҮМКІН жатады:

    /

    Аденозин

    /

    Атропин

    /

    Дигоксин

    /

    Кордарон

    /

    Дилтиазем

    !

    Асқазанның ойық жарасымен ауыратын 62 жастағы әйел бас айналуға, талмаларға, жалпы әлсіздікке шағымсданады. Қарағанда: жүрек шекарасы солға ығысқан, Боткин-Эрба нүктесінде диастолалық шу естіледі. АҚҚ 140/40 мм сб.б. Қанда: жалпы холестерин – 10,8 ммоль/л, холестерин ТТЛП – 4,9 ммоль/л.


    Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын осы науқасқа тағайындау БАРЫНША тиімді?

    /

    ГМГ-КоА-редуктаза ингибиторларын

    /

    Фибраттарды

    /

    Гепатопротекторларды

    /

    Никотин қышқылын

    /

    Омега 3-көпқаныққан май қышқылдары

    !

    Стенокардия ұстамасының айқындығы мен жиілігін бәсеңдету, систолалық АҚҚ-ын бастапқы деңгейден 10-15%-ға төмендету, ЖЖЖ-ін минутына 7-10 –ға жоғарылату және миокардтың ишемиялық көрінісінің жойылу белгілері мына препараттардың қандай тобына Барынша тән:

    /

    Нитраттарға

    /

    Кордаронға

    /

    -адреноблокаторларға

    /

    Кальций антагонистеріне

    /

    Калий каналдарының активаторларына

    !

    67 жастағы ер адам төс артындағы қысып ауратын сезімге шағымданады. АГ мен ЖИА-мен 2 жыл бойы аурады. Жағдайының нашарлауы бір апта бойы, ангинозды ұстамалары жиіленіп, ауру сезімінің интенсивтілігі күшейген. ЭКГ-да: ЖСЖ – 74 рет минутына, систоликалық күштемесі бар сол қарыншаның гипертрофиясы. Холестерин 6,4 ммоль/л, қандағы қант 4,2 ммоль/л. Көрсетілген препараттардың қандай тобы липидті және гликемиялық профильдерді нашарлату мүмкін:

    /

    В-блокаторлар

    /

    Нитраттар

    /

    Дезагреганттар

    /

    Антикоагулянттар

    /

    Жүрек гликозидтері

    !

    ST сегментінің көтерілуі жоқ жедел коронарлы синдромы бар ер адамға кешенді емнің құрамына фракционирленбеген гепарин тағайындалды. Науқаста қан кете бастады. Төменде аталған препараттардың қайсысының енгізуі гепарин әсерін бейтарпатауы ЫҚТИМАЛ?

    /

    Протамин

    /

    Викасол

    /

    Дицинон

    /

    Аминокапрон қышқылы

    /

    Жаңа қатырылған плазма

    !

    67 жастағы ер адамда алтеплазамен жүргізілген тромболизистен кейін жергілікті геморрагиялық реакция пайда болды. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

    /

    Коагуляциялық терапияны жүргізу қажет емес

    /

    Викасолды

    /

    Дицинонды

    /

    Тромбомассаны

    /

    Криопреципитатты


    написать администратору сайта