Главная страница
Навигация по странице:

  • 1) Науқаста қандай синдромдар бар 2) Науқаста негізгі аурудың қандай асқынуы дамыды

  • 5) Науқасқа қандай көмек қажет Жауаптары

  • 1) Науқаста қандай синдромдар бар 2) Науқаста негізгі аурудың қандай асқынуы дамыды 3) Бұл асқынудың дамуын қандай белгілер растайды

  • 4) Науқасқа қандай тексерулер тағайындау керек және оларды жүргізу барысында не анықталады деп күтесіз Жауаптары

  • 1. Қандай синдром беолілері бар деп ойлайсыз

  • Есептер. 7, 8, 9 есептер. 1 Науаста андай синдромдар бар


    Скачать 48.89 Kb.
    Название1 Науаста андай синдромдар бар
    АнкорЕсептер
    Дата25.02.2022
    Размер48.89 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла7, 8, 9 есептер.docx
    ТипДокументы
    #373636

    7 есеп.

    Науқас М, 32 жаста, 3 жылдан бері асқазан ойық-жарасы ауруымен ауырады. Бүгін кенеттен қара ұйып қалған қан қоспасы бар құсық пайда болды, басы айналып, көзі қарауытып, әлсіздік пайда болды.


    1) Науқаста қандай синдромдар бар?


    2) Науқаста негізгі аурудың қандай асқынуы дамыды?


    3) Науқасты тексергенде, тамыр соғысын, қан қысымын зерттеу кезінде қандай өзгерістер анықталады?

    4) Осы аурудың этиологиялық факторларын атаңыз.


    5) Науқасқа қандай көмек қажет?
    Жауаптары:

    1. «Асқазанның варикоздық-кеңейген веналарынан қан кету» синдромы.

    2. Қан кету асқынуы дамыды.

    3. Тамыр соққысы 100-120 көрсетіп, ал АҚ 80-90 мм с.б.б. көрсетеді.

    4. Аурудың этиологиясы келесідей: нейропсихикалық, тұқымқуалаушылық, алиментарлық факторлар.

    5. Бұл ауруда қан кетуді тоқтату терапиялармен, сосын шұғыл операция өтеді.


    Есеп 8.

    Науқас Ж, 67 жаста, эпигастрий аймағындағы тұрақты түрде сезілетін және арқаға қарай тарайтын ауыру сезіміне шағым айтады, кез-келген тағамды қабылдау ауырсынуды күшейтед. Тәбеті күрт нашарлады, дегенмен бұрын, тіпті өршу кезінде тәбеті жақсы болатын, ет тағамдарынан жиіркенетін болды, соңғы айларда 12 кг салмақ тастады. 3-4 аптаның ішінде ол «шіріген иісті» кекірік және ұйып қалған қан аралас құсық пайда болғанын атап өтті. Аурудың анамнезі: жиырма жасынан бастап гастритпен ауырады, 12 жыл бұрын асқазан жарасы алғаш анықталды. Объективті: бойы 174 см, салмағы 58 кг. Терісі бозарған; сол жақ бұғанаүсті аймақта диаметрі шамамен 2 см болатын, ауырсынусыз, лимфа түйіні пальпацияланады. Тілі ақ жабынмен қапталған. Іші жұмсақ, эпигастрийде ауыру сезімі білінеді.


    1) Науқаста қандай синдромдар бар?


    2) Науқаста негізгі аурудың қандай асқынуы дамыды?


    3) Бұл асқынудың дамуын қандай белгілер растайды?


    4) Науқасқа қандай тексерулер тағайындау керек және оларды жүргізу барысында не анықталады деп күтесіз?
    Жауаптары

    1. Жоғарыдағы есептегідей «Асқазанның варикозды-кеңейген веналарынан қан кету» синдромы дамыған.

    2. Асқынулары: «Қан кету», «Пенетрация» дамыған.

    3. Себебі, «қан кету» - ұйып қалған қан аралас құсық», ал «пенетрация» - ауыру сезімі арқаға тарауы.

    4. Объективті тексерулер, сосын инструменталдық-зертханалық зерттеулер жүргізіледі.


    Есеп 9.

    Науқас Л., 69 жаста, тамақ ішкеннен кейін бірден эпигастрийдегі ауыру сезімі және жайсыздық сезімдері мазалайтынына шағым айтады. Тамақты аз ішкеннін өзінде тез тойынып қалғандай болады, эпигастрий аймағында ауырлық және керу сезімдері білінеді, жүрегі айнып кетеді. Объективті: салмағы төмен, жүдеу, іші тыныс алу актісіне қатысады, пальпация кезінде эпигастрий аймағында аздап ауырсыну анықталады, бұлшықет кернеуі жоқ, перитонеальдық тітіркену белгілері жоқ. Курлов бойынша бауырдың мөлшері 9х8х7 см. Үлкен дәреті ретті, көзге көрінетін патологиялық қоспалары жоқ.


    1. Қандай синдром беолілері бар деп ойлайсыз?

    2. Тапсырмада сипатталған белгілердің пайда болу механизмдерін түсіндіріңіз.


    3. Науқасқа қандай тексерулерге тапсырыс берер едіңіз және олар нені анықтайды деп күтесіз?

    Жауаптары

    1. Науқаста «Аурулық» синдром бар.

    2. Пайда болуы механизмі: Жергілікті тамырлық бұзылыстар, асқазан сөлінің реттелуінің бұзылысы, безді эпителийдің қалпына келінің бұзылысы әсер етіп, аурулық белгілер, диспепсия дамыған.

    3. Гастрит диагностикасы: рН-метрия, хеликобактерді зерттеу.


    написать администратору сайта