Главная страница
Навигация по странице:

  • Тест сұрақтарының мысалдары

  • Келесі препараттардың халықаралық патенттелмеген атауларын білу керек

  • №3 аралық бақылауға дайындық сұрақтары ФМ 3 курс каз. 20212022 оу жылына арналан фармакология пнінен Фармация мамандыыны 3 курс студенттеріне 3 аралы баылауды з бетімен дайындалуа жалпы сратары


    Скачать 21.7 Kb.
    Название20212022 оу жылына арналан фармакология пнінен Фармация мамандыыны 3 курс студенттеріне 3 аралы баылауды з бетімен дайындалуа жалпы сратары
    Дата06.04.2022
    Размер21.7 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№3 аралық бақылауға дайындық сұрақтары ФМ 3 курс каз.docx
    ТипДокументы
    #448706

    2021-2022 оқу жылына арналған фармакология пәнінен «Фармация» мамандығының 3 курс студенттеріне №3 аралық бақылаудың өз бетімен дайындалуға жалпы сұрақтары


    1. Тыныс стимуляторлары

    2. Қақырық түсіретін және жөтелге қарсы препараттар

    3. Бронхоспазмда қолданатын дәрілердің жіктелуі.

    4. Бронхолитикалық дәрілердің (адреномиметиктер, холиноблокаторлар, миотропты спазмолитиктер) салыстармалы сипаттамасы.

    5. Қабынуға қарсы және бронхолитикалық белсенділігі бар дәрілер (стероидті қабынуға қарсы дәрілер, аллергияға қарсы дәрілер, лейкотриендер жүйесіне әсер ететін дәрілер).

    6. Жүрек гликозидтерінің алыну көздері.

    7. Жүрек гликозидтерінің химиялық құрылысы.

    8. Жүрек гликозидтерінің фармакокинетикасы.

    9. Жүрек гликозидтерінің фармакодинамикасы.

    10. Жүрек гликозидтерінің оң инотроптық, теріс хронотроптық, теріс дромотроптық әсерлерінің механизмдері.

    11. Жүрек гликозидтерінің жүрек жетіспеушілік кезінде ықпалы.

    12. Оймақгүл препараттары және строфантиннің салыстармалы сипаттамасы.

    13. Жүрек гликозидтерінің қолданылу көрсетілімдері, жағымсыз әсерлері.

    14. Дигиталистік улану: белгілері, көрсетілетін көмек шаралары.

    15. «Гликозидті емес» кардиотонустық дәрілер әсерлерінің ерекшеліктері. Қолдану көрсетілімдері.

    16. Стенокардия кезінде дәрілердің әсер ету принциптері. Антиангиралды дәрілерді жіктелуі.

    17. Органикалық нитраттарға жататын препараттар, әсер ету механизмдері, фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы, жағымсыз әсерлері.

    18. Кальций каналдарын тежейтін дәрілер. Әсер ету механизмі, қолданылуы, жағымсыз әсерлері.

    19. Калий каналдарының активаторлары. Әсер ету механизмдері, қолданылуы, жағымсыз әсерлері. .

    20. Бета-адреноблокаторлар және брадикардиялық препараттар. Антиангиналды әсерінің механизмдері, қолданылуы, жағымсыз әсерлері.

    21. Тәждік қан тамырларды кеңейтетін миотропты және рефлекторлы дәрілер. Әсер ету механизмдері, препараттардың ерекшеліктері, қолданылуы, жағымсыз әсерлері.

    22. Антигипертензиялық дәрілер. Анықтамасы, жіктелуі.

    23. Жүрек-қан тамыр жүйесіне адренергиялық иннервацияның ынталандырғыш әсерін азайтатын дәрілер (нейротропты дәрілер). Жіктелуі.

    24. Вазомоторлы орталықтың тонусын төмендететін дәрілер. Вегетативті ганглийлерді тежейтін дәрілер (ганглиоблокаторлар). Адренергиялық нейрондарды пресинапстық ұшы деңгейінде тежейтін дәрілер (симпатолитиктер). Адренорецепторларды тежейтін дәрілер (адреноблокаторлар). Фармакодинамикасы. Қолданылуы, жағымсыз әсерлері.

    25. Ренин–ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрілер. Ангиотензин айналдырушы ферменттің тежегіштері және ангиотензиндік рецептоларды тежейтін дәрілер. Фармакодинамикасы, қолданылуы, жағымсыз әсерлері.

    26. Миотропты антигипертензиялық дәрілер: иондық каналдарға әсер ететін дәрілер; азот тотығының донаторлары; әртүрлі миотропты препараттар. Фармакодинамикасы, қолданылуы, жағымсыз әсерлері.

    27. Су-тұз алмасуына әсер ететін дәрілер (диуретиктер)

    28. Гипертониялық кризде қолданатын препараттар.

    29. Несеп жүргізетін дәрілер. Анықтамасы.

    30. Несеп жүргізетін дәрілердің әсер ету орнына қарай, химиялық құрылысы бойынша, әсер ету механизмі бойнша жіктеулері.

    31. Несеп жүргізетін дәрілердің фармакодинамикасы.

    32. Несеп жүргізетін дәрілердің фармакокинетикасы.

    33. Несеп жүргізетін дәрілердің қолданылуы, қолдануға қарсы көрсетілімдері.

    34. Несеп жүргізетін дәрілердің жағымсыз әсерлері.

    Тест сұрақтарының мысалдары:
    1. Кардиоселективті бета1-адреноблокаторды белгілеңіз...

    Метопролол

    Анаприлин

    Празозин

    Изадрин

    Лабеталол
    2. Дихлотиазидтің негізгі антигипертензивті әсерінің механизмін көрсетіңіз...

    Экстрацеллюлярлы сұйықтықтың көлемін азайтады

    Кальций каналын тежейді

    Калий каналын белсендіреді

    Ангиотензин II синтезін тежейді

    Вазомоторлық орталықтың тонусын төмендетеді
    3. Тұзақты диуретиктер тобына жататын дәрілерді белгілеңіз...

    Этакрин қышқылы, фуросемид

    Маннит, мочевина

    Триамтерен, спиронолактон

    Дихлотиазид, циклометиазид

    Клопамид, оксодолин
    4. Осмотикалық диуретикті белгілеңіз...

    Маннит

    Клопамид

    Фуросемид

    Дихлотиазид

    Триамтерен
    5. Зилеутонның әсерінің механизмін атаңыз...

    5-липооксигеназаны және лейкотриендер биосинтезін тежейді

    Бронхтарда лейкотриен рецепторларын тежейді

    Бронхтарда β2-адренорецепторларды қоздырады

    Бронхта М-холинорецепторларды тежейді

    Бронхта Н1-гистаминрецепторларын тежейді
    6. Теофиллин препараты болып саналады. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықетіне тікелей спазмолитикалық әсер етеді. Бронхоспазмды жою мен алдын алу үшін қолданылады. Парентералді және энтералды тағайындалады. Препаратты анықтаңыз...

    Эуфиллин

    Адреналин

    Мезатон

    Бензогексоний

    Атропин
    7. Орталық әсерлі жөтелге қарсы дәрілер тобына жатады, таңдамалы түрде жөтел орталығын тежейді, дәріге тәуелділік пен үйреніп кетушілік туғызбайды. Препаратты анықтаңыз...

    Глауцин

    Кодеин

    Этилморфин

    Либексин

    Кодтерпин
    8. Бета-адреноблокаторлардың антиангиналды әсерінің механизмін көрсетіңіз...

    Жүректің оттегіге қажеттілігін азайтады

    Миокардқа оттегінің келуін жоғарылатады

    Миокардта зат алмасу процессін жақсартады

    Тромбоциттердің агрегациясын азайтады

    Кардиомиоциттің гипоксияға тұрақтылығын жоғарылатады
    Келесі препараттардың халықаралық патенттелмеген атауларын білу керек: допегит, энап, верошпирон, урегит, лазикс, бринальдикс, дихлотиазид, атровент, интал, АЦЦ, насобек, конкор, добутел, обзидан, кордарон, кораксан


    написать администратору сайта