школа №22 бельдеубаева.. 22 орта мектебі
Скачать 131.61 Kb.
|
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ “№22 ОРТА МЕКТЕБІ” КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «ЖЫЛ ТӘРБИЕШІ - 2022» байқауы Бельдеубаева Альмира Муратбековна ТАҚЫРЫБЫ: «САУАТ АШУ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ» Өскемен, 2022 ж 1-БӨЛІМ. 1. Жоба авторы: Бельдеубаева А. М Мектеп алды тәрбиеші ретінде педагогикалық еңбек өтілі – 9 жыл. 2.Байланыс телефоны: 87711338127, эл почта almir_beldeubaeva @mail.ru 3.Мектеп алды даярлық сынып тәрбиешісі 4. Кілт сөздер: сауат ашу, оқушы, мұғалім, ойлау қабілеттері. 5. Жобаның өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, сәйкес әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын, таланттын, қабілетін дамыту сияқты өзекті мәселелер еңгізіліп отырғаны белгілі. Әр баланың талабын, бейімдеушілігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып дара әдіс негізінде оны бастауыш білім беру беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады[1] Уақыт талабына сай үздіксіз білім беру жүйесіндегі ең басты өзекті мәселелерінің бірі - баланы мектепке дайындау болып танылды.Ғұлама ғалым ағартушы Ахмет Байтұрсынов: “Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һам күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек” деген екен. Білім беру ісіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де, білікті зейінді де зерделі ұрпақ тәрбиелеу. 6. Мақсаты мен міндеттері: Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Міндеттер: Балалардың танымдық қабілеттерін зерттеу; Ойын- балалардың ойлау қабілетінің арттыратын іс-әрекет ретінде қарастыру; Ойын арқылы балаларды жан – жақты дамыту Жобаның күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу. 7. Қатысушылар: 0 «Б» сынып оқушылары, мұғалімдер, мектеп психологы. 8. Жұмыстың мазмұнын ашатын жобаның қысқаша сипаттамасы Кеңестік педагог А.С.Макаренко: “Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады” деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б көптеген ерекшеліктері болады. Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады.Л.С. Выготский айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Мектеп жасына дейінгі негізгі іс-әрекет – ойын.Ойын арқылы бала түрлі логикалық жаттығуларды орындауға төселеді. Бұл жөнінде белгілі психолог-ғалым А.А.Люблинская “Зейін баланың белсенді әрекетінде туындап қана қоймай, олардың жақсы ұйымдастырылған іс-әрекетінде көрінеді.Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адамдармен, олар-дың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы олардың қабылдау, есте сақтау, зейін, қиял әне ойлау қабілеттері дамиды.Сондықтан оқыту үдерісінде пәндік білім, білік, дағдыларды, яғни құзыреттіліктерді меңгертуде балалардың жас кезеңдеріне сәйкес пайда болатын жетекші әрекеттерге баса назар аудару қажет.Мектепке дейінгі балалардың жетекші әрекеті- ойын.Қазіргі таңда оқытудың түрлі әдістері мен құралдарының сабақтаса бірігуі және олардың қолданылуы сабақ сапасын арттырады деген пікірге мен де қосыла отырып, сын тұрғысынан ойлау стратегияларының өміршеңдігіне толық көз жеткізудемін. Өз іс-тәжірибемде О «Б» сыныпта «Сауат ашу» пәнінде иновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың оқу сауаттылықтарының дамуына ықпал ететін түрлі әдіс тәсілдерді қолданамын Ойлау жолдары Әдістермен тәсілдер Жұмыс құралдары Мәселе: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту Сурет -1. Оқушының оқу сауаттылығын арттыру жүйесі 9. О «Б» - сыныпта сауат ашу пәнінен өткізілген үлгі сабақ жоспары
Кесте-1 Сабақ жоспары 2-БӨЛІМ. 1. Күтілетін нәтиже: мектепкі жасына дейінгі оқушылар көпшіліктің алдында сөйлеуге үйренеді; белсенділік танытуға, алға ұмтылуға, логикалық пайымдауы жоғарылап, тіл байлығы молайып, сөйлеу дағдылары қалыптасады; белсенділік қалыптасады. 2. Мониторинг Оқушылардың ата-аналарынан алынған мониторинг
Кесте 2 О қушылардың білімді меңгеруге деген мотивациясының кері байланыс Кесте-3.Оқушылардың білімді меңгеруге деген мотивациясының кері байланыс көрсеткіштері. Ойын технологиясын және сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың оқу сауаттылықтарын арттыру жолдарында оқушылардың «Сауат ашу» оқу пәні бойынша білім сапасының өсу динамикасын байқауға болады.Қыркүйек айында 28%, ал қаңтар айында 44%. өсуі байқалды.
3-БӨЛІМ. Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында оқу сауаттылығын дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып танымдық үдерістерін, оқу сауаттылығын дамытуда сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдіс-тәсілдерін пайдаланған тиімді.Қазіргі заман талабына сай ақпараттық коммуникативтік технологияны қолдана отырып сабақтарда оқушыларға өзара және өзін өзі бағалатуда маңызды.Жобаны жүзеге асыру барысында әр сабақта ойын технологиясын жүйелі пайдаланатын болсақ оқушылардың оқу сауаттылығының дамуы жүзеге асатыны анық. ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Мектепке дейінгі әдістемесі //№3-2015ж 58- Б// 2. Выготский Л.Я. Вопросы детской психологии. – СПб.: Союз, 1997. 3. Мухина В.С. Возрастная психология: феноменология развития, детство, отрочество. – М., 2003. 4. Макаренко, А. С. Книга для родителей: Учебное пособие / Макаренко А. С. -М. : Педагогика, 1981. – С.44. 60. 5. Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту &ndash- [Қазақстан дамуының басты бағыты] Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2015 ж. |