пиза. пиза 5. 5тапсырма. Н азгл алма жне лимон шырынымен эксперимент жасама болды. Ол алманы екіге бліп, кесілген жаымен жайпа ыдыса салды.
Скачать 83.45 Kb.
|
5-тапсырма. Н азгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады. Сұрақ 13 Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды?__________________________________________ 6-тапсырма. О қушылар тауықтың жұмыртқасымен келесі тәжірибелерді жасап, қорытынды жазды. Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап жүреді. Сұрақ 14 Себебін түсіндіріңіздер. _________________________________________________________ 7-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған. Тәжірибені өткізу жолы: -кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз; -қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлау қажет); -қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына -қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс); -жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі. Сұрақ 15 .Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер____________________________________________ |