Бірлік жалпы орта мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесі ызыты информатика
Скачать 167 Kb.
|
Бекітемін Келісемін ӘБО қаралды Мектеп директоры: ДОЖЖО: ӘБ жетекшісі: ................... Б.Шырымбекова ............... Ж.Байтелиева ............. Т.Зияханова «29» тамыз «29» тамыз «28» тамыз «Бірлік» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызықты информатика» «MS Excel» «WEB-сайт» ФАКУЛЬТАТИВ ЖОСПАРЛАРЫ 5, 7, 8 – СЫНЫПТАР Информатика пәні мұғалімі: Алтынбекова Ф.К. 2017-2018 оқу жылы Түсініктеме хат Қазіргі уақытта информатиканың мектеп оқушыларын еңбекке, кәсіптік қызметке баулуда, жастардың кәсіптік бағдарды өздері айқындауында рөлі өте зор. Ақпарат қызметінің өсе түскен мәні еңбек ресурстарының материалдық жүйеден ақпараттыққа ауысуына ықпал етеді. Тікелей ақпаратты өндеумен қатар жаңа мамандықтар пайда болуда. Ақпараттық құрам адамның болашақтағы технологиялық дайындығының басты құрамдас бөлігіне айналады. Қоғамдық – гуманитарлық бейімге арналған информатиканың ұсынылып отырған курсы информатиканың базалық курсынан жалғасы болып табылады. Ол маңызы бар жалпы мәдени және жалпы білім мәселелеріне арналған. Информатика оқушылардың бұдан бұрын оқып – үйренген аспектілеріне неғұрлым тереңірек игеруіне және гуманитарлық саладағы кәсіби қызметте немесе оқуда қажетті дағдыларды иеленуіне мүмкіндік береді. Қоғамдық – гуманитарлық бағытқа арналған информатика бойыша білім берудің мазмұны: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар,нақты жұмыс істеуді уйрету. ЭЕМ-де жұмыс істеп отырған әрбір адам үшін мәтіндік және графикалық интерфейстің принциптері толық баяндалған, технологияны баяндау барысында көптеген есептермен тапсырмаларда информатиканың негізгі идеялары мен жеке қолданылатын дербес компьютердің жұмыс істеу принциптері қарастырылады. 5 сынып ( барлығы 34 сағат, аптасына – 1 сағат)
Кіріспе «Информатика» пәнін оқыту үдерісінде оқытушы «Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттарын» басшылыққа алуы тиіс. Аталған стандарт «Информатика» пәні бойынша білім берудің міндетті минимум мазмұны мен оқушының дайындық деңгейіне талаптарды белгілейді және төмендегілерді айқындайды: Информатиканы оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушы дүниетанымының ғылыми негіздерін қалыптастыру; Оқушының ойлау қабілеттерің дамыту; Оқушының ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгеруі; Оқушыны өмірге, еңбекке және білімін жалғастыруға дайындау. Информатиканы оқып-үйренудің негізгі міндеттері: Қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнының өзгеруінде жаңа ақпараттық технологиялардың ролін айқындау, қоғамның постиндустриялық, ақпараттық даму сатысына өтуініңалғышарттары; Оқушының теориялық, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту; Ойлаудың жаңа типін-онтайлы шешімдерді тандауға бағытталған операциялық ойлауды қалыптастыру; Ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білімді, дағдылар мен тәжірибелерді қалыптастыружәне дамыту; Формалдылық, модельдеу, компьютерлік тәжірибе және т.б. тәрізді ғылыми танымның қазіргі заманғы әдістерін меңгеру; Оқушыны еңбекке, кәсіптік өзін-өзі бағдарлауға баулу. Оқудың мазмұны Қазіргі заманғы компьютерді бағдарламалық қамтамасыз ету. Операциялық жүйелер және оларды дамыту. Интергацияланған жүйелер. Мәтіндік процессорлар, құжаттармен жұмыс істеу, тізімдерді жасау, мәтінді кесте түрінде ресмдеу. Құжатқа сүреттерді қосу. Компьютерлік графика. Құжаттарды ажырата білу және онын технологиясы.. бейнелердің түрлері. Бейнелерді өндеу. Құжаттарды ажырата білудің жүйелері. Мәтінді тексеру және түзету бағдарламалары. Слайд-фильмді тексеру, түзету технологиясы. Слайд-фильмдерді жасаудың технологиясы.баспа жүйелер. Мәтіндік процессорлар мен баспа жүйелерінің ерекшеліктері. Қос орта үшін бірдей функциялар. Қазіргі заманғы офистің техникалық құралдар. Құжаттарды өндеудің құралдары. Көшірме жасайтын техника.жедел полиграфия және байланыс құралдар. Ақпараттық жүйелердің шеткері құралдары.Ақпараттық желілерде жұмыс істей білу. Интернетте жұмыс істеу, ақпаратты іздей білу. 7 сынып ( барлығы 34 сағат, аптасына – 1 сағат)
Бағдарламаның негізгі мақсаты оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды Web - беттер құруға, Интернетте материалды жариялау, Web - дизайн негіздерін білуге, дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға, компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін - өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады. Қазіргі кезде компьютерлік дизайн, Web - дизайн, администраторлар, программисттер сияқты мамандықтарды таңдау заман талабына айналып отыр. Кез келген қарапайым құжаттардың өздерін компьютерлік бағдарламалар арқылы өңдеу талап етілуде. Интернетте ақпаратты жариялау үшін Web - дизайн негіздерін білуді қажет етеді. Демек, осы Web - дизайн негіздерін білу кез келген мамандық иесіне қажет болады. Берілген курс мазмұны 8 сынып оқушыларының информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру және болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. Бұл курс аптасына 1 сағаттан 8 сыныпқа, барлығы 34 сағатқа негізделген. Курсты оқыту оқушылардың өз қабілеттерін толық көрсетуге және Web - беттерді құруға мүмкіндік береді. Курстың мақсаттары: • оқушыларды өздері белгілі бір мақсатқа жету кезінде құрған Web - беттерді қолдана отырып, ақпараттық Интернет желісінде тиімді жұмыс істеуге үйрету; • ақпараттың Интернетте берілу тәсілдерін үйрету; • сайт құру және түрлі жобалар жасау арқылы оқушылардың логикалық және танымдық ойлау қабілеттерін арттыру; Курстың міндеттері: • HTML тілінің негіздерін қолданып, қарапайым Web - сайт, Web - жобалар жасау, орналастыру және жүргізуді ұйымдастыру; • оқушыларды Web - сайт түрлерімен, оның құрылымдық, техникалық ерекшеліктерімен таныстыру; 8 сынып ( барлығы 34 сағат, аптасына – 1 сағат)
|