Главная страница
Навигация по странице:

  • Дамытушылы қ ма қ саты

  • Сабақтың барысы: І. ДК. Ұ йымдастыру кезе ң і

  • ІІІ. ДК. Жа ң а саба қ ты т ү сіндіру.

  • Кейбір қатты заттардың тығыздығы

  • Кейбір сұйықтықтардың тығыздығы

  • Кейбір газдардың тығыздығы

  • ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

  • VII.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру. А). Өзін -өзі тексеру сұрақтары

  • Ә) Эксперименттік тапсырма.

  • Б) 12-жаттығуды тақтаға және жазбаша дәптерге жазу. №1, 2, 3, 4 есептер. 4 оқушы тақтаға шығады, қалған оқушылар жазады.В) Физикалық карта ойыны.

  • VIІI.ДК.Үйге та псырма.

  • Физикадан 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары. 7а сынып 23 саба Сабаты таырыбы 32. Затты тыыздыы. Сабаты масаты


    Скачать 106 Kb.
    Название7а сынып 23 саба Сабаты таырыбы 32. Затты тыыздыы. Сабаты масаты
    АнкорФизикадан 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары
    Дата17.09.2017
    Размер106 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФизикадан 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары.doc
    ТипДокументы
    #33325
    КатегорияФизика

    7а сынып № 23 сабақ ______________

    Сабақтың тақырыбы: §32. Заттың тығыздығы.

    Сабақтың мақсаты: Масса.

    1. Білімділік мақсаты: оқушыларға заттың тығыздығын, массамен, көлеммен байланыстыра отырып түсіндіру.

    2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

    3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

    Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

    Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

    Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, таразы, кір тастар, денелер жиынтығы, өлшеуіш цилиндр, стақан құм салынған қорап.

    Сабақтың барысы:

    І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

    ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.

    1. Масса, көлем. Мысаладар.

    ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру. Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.

    1. Тығыздық деген не?

    2. Тығыздықты анықтау үшін не істеу керек?

    3. Көлем мен массаға байланыстылығы.

    4. Өлшем бірлігі.

    Заттың тығыздығы. Көлемдері бірдей әр түрлі заттардан дайындалған денелердің массасы әр түрлі болады. Мысалы, көлемі 1 м3 темір дің массасы 7800 кг, ал сол көлемдегі қорғасынның массасы — 13000 кг. Көлем бірлігіндегі (яғни, бір куб метрдегі немсе бір куб сантиметрдегі) заттың массасы неге тең екендігін көрсететін физикалық шаманы заттың тығыздығы деп атайды. Берілген заттың тығыздығын қалай табу керектігін анықтау үшін келесі мысалды қарастыралық. Көлемі 2 м3 мұздың массасы 1800 кг екендігі белгілі болсын. Сонда 1 м3 мұздың массасы 2 есе кіші болады. 1800 кг-ды 2 м3-ке бөліп, 900 кг/м3-ты аламыз. Осы шама – мұздың тығыздығы. Сонымен, заттың тығыздығын анықтау үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек:

    тығыздық = 

    масса

    .



    көлем

    Осы өрнекке кіретін шамаларды әріптермен белгілелік: m — дененің массасы, V — дененің көлемі, ρ — дененің тығыздығы ( ρ — грек әрпі “ро”). Сонда тығыздықты есептеуге арналған формуланы мына түрде жазуға болады: СИ жүйесінде тығыздық бірлігі килограмм метр куб (1 кг/м3). Практикада заттың тығыздығын сондай-ақ грамм сантиметр кубпен (г/см3) өрнектейді. Осы бірліктердің арасындағы байланысты тағайындау үшін мынаны ескереміз:

    1 г = 0,001 кг, 1 см3 = 0,000001 м3.

    Сондықтан



    г

    =

    0,001 кг

     = 1000 

    кг

    .







    см3

    0,000001 м3

    м3

    Белгілі бір заттың тығыздығы қатты, сұйық және газ тәрізді күйлерінде әр түрлі болады. Мысалы, судың тығыздығы – 1000 кг/м3, мұздың тығыздығы – 900 кг/м3, ал су буының тығыздығы (0°C және қалыпты атмосфералық қысым кезінде) – 0,59 кг/м3. Басқа заттардың тығыздығын 3–5-кестелерден білуге болады. 3—5-кестелерде көрсетілген заттардың тығыздығы қалыпты атмосфералық қысымда және газдар үшін 0 °C температурада, сұйықтықтар мен қатты денелер үшін 20 °C температурада есептелінген. 3-кесте

    Кейбір қатты заттардың тығыздығы

    Қатты дене

    ρ, кг/м3

    ρ, г/cм3

    Қатты дене

    ρ, кг/м3

    ρ, г/cм3

    Осмий

    22 600

    22,6

    Мрамор

    2700

    2,7

    Иридий

    22 400

    22,4

    Терезе шынысы

    2500

    2,5

    Платина

    21 500

    21,5

    Фарфор

    2300

    2,3

    Алтын

    19 300

    19,3

    Бетон

    2300

    2,3

    Қорғасын

    11 300

    11,3

    Кірпіш

    1800

    1,8

    Күміс

    10 500

    10,5

    Қант-рафинад

    1600

    1,6

    Мыс

    8900

    8,9

    Оргшыны

    1200

    1,2

    Латунь

    8500

    8,5

    Капрон

    1100

    1,1

    Болат, темір

    7800

    7,8

    Полиэтилен

    920

    0,92

    Қалайы

    7300

    7,3

    Парафин

    900

    0,90

    Мырыш

    7100

    7,1

    Мұз

    900

    0,90

    Шойын

    7000

    7,0

    Емен (құрғақ)

    700

    0,70

    Корунд

    4000

    4,0

    Қарағай (құрғақ)

    400

    0,40

    Алюминий

    2700

    2,7

    Тығын

    240

    0,24

    4-кесте

    Кейбір сұйықтықтардың тығыздығы

    Сұйықтық

    ρ, кг/м3

    ρ, г/cм3

    Сұйықтық

    ρ, кг/м3

    ρ, г/cм3

    Сынап

    13 600

    13,6

    Спирт

    800

    0,80

    Күкірт қышқылы

    1800

    1,8

    Мұнай

    800

    0,80

    Бал

    1350

    1,35

    Ацетон

    790

    0,79

    Теңіз суы

    1030

    1,03

    Эфир

    710

    0,71

    Қайнатылған сүт

    1030

    1,03

    Бензин

    710

    0,71

    Таза су

    1000

    1,00

    Сұйық қалайы
    (t = 400 °C кезінде)

    6800

     

    6,80

     

    Күнбағыс майы

    930

    0,93

    Машина майы

    900

    0,90

    Сұйық ауа
    (t = –194 °C кезінде)

    860

     

    0,86

     

    Керосин

    800

    0,80

    5 -кесте

    Кейбір газдардың тығыздығы

    Газ

    ρ, кг/м3

    ρ, г/cм3

    Газ

    ρ, кг/м3

    ρ, г/cм3

    Хлор

    3,210

    0,00321

    Көміртегі оксиді (II)
    (улы газ)

    1,250

    0,00125

    Көміртегі оксиді (IV)
    (көмірқышқыл газы)

    1,980

    0,00198

    Табиғи газ

    0,800

    0,0008

    Оттегі

    1,430

    0,00143

    Су буы
    (t =100 °C кезінде)

    0,590

    0,00059

    Ауа (0 °C кезінде)

    1,290

    0,00129

    Гелий

    0,180

    0,00018

    Азот

    1,250

    0,00125

    Сутек

    0,090

    0,00009


    ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

    А) Тығызыдқ ұғымы.

    Ә) Масса деген не?

    Б) Көлем деген не?

    В) Мысалдар.

    V. ДК. Жаңа сабақты бекіту:

    Электронды оқулық бойынша тығыздық ұғымын анық көріп, ойларын жүйелеу.

    VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін -өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау.

    1. 10, 11 жаттығуларды тексеру.

    VII.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

    А). Өзін -өзі тексеру сұрақтары

    1. Денелердің өзара әрекеттесуі?

    2. Өзара әрекеттесу нәтижесінде не байқалады?

    3. Екі дененің массаларын өзара қалай салыстыруға болады?

    4. Масса бірлігі ретінде не қабылданған?

    Ә) Эксперименттік тапсырма.

    1. Судың, сүттің, күнбағыс майының массасын анықтау. Өлшеуіш стақанның көлемі 200 см3. Сұйықтардың әрқайсысының тығыздығын алу. Әр сұйықтың өз тығыздығы болады.

    2. Үйден өз бөлмелеріңдегі ауаның массасын анықта.

    Б) 12-жаттығуды тақтаға және жазбаша дәптерге жазу.

    №1, 2, 3, 4 есептер. 4 оқушы тақтаға шығады, қалған оқушылар жазады.

    В) Физикалық карта ойыны.

    Әр карточкаға әріптерді жазып, оны оқушыларға таратамын, музыка ойналады. Оқушылар формуланы білетіндер осы музыкаға билейді.ρ, V, m S, υ, t

    VIІI.ДК.Үйге тапсырма. §32 Өзін -өзі тексеру сұрақтары.12 жаттығу №5,6 есептер.


    написать администратору сайта