дельфин. 9. 02. 2022 дріс 6 Дельфин тсілін йрету дістемесі
Скачать 189.63 Kb.
|
9.02.2022- Дәріс 6:Дельфин тәсілін үйрету әдістемесі. Дельфин спорттық жүзу әдісі, шапшаңдық жағынан кроль әдісімен етпеттеп жүзу түрінен кейін екінші орында. Суда етпеттей жатып жүзушінін екі қолы суды күрей кейін қарай серпиді, сонан соң қол су бетінде екі жақтап алға қарай созылады. Қол мен аяқ бірдей жұмыс істейді және бірге қосылып, дельфиннің құйрық қанатының толқыны сияқты қимылына ұқсап, жоғырадын төмен және төменнен жоғары қарай қимылдайды. Оның ерекшелігі терең дем алғанда қолмен есіп, аяқпен екі дүркін ұру қимылын жасайды. Ол төмендегідей орындалады: қолмен есу кезінде аяқпен екі дүркін суға ұру керек, біздің елде және шетелдер атақты жүзушілер осы әдісті қолданады. Дельфин әдісімен жүзу қосалқы түрге жатпайды, оны таза спорттық әдіс деп түсіну керек. Жарыс кезінде бұл әдіспен 100-200 метр қащықтьққа жүзеді. Кешенді жүзу осы әдіспен басталады да, аралас эстафетада үшінші /этапқа/ кезеңге тура келеді. Дельфин әдісімен жүзу спортшылардың /жүзушілердің/ күш-қайратын жетілдіруге көп жәрдем береді. Дельфин әдісімен жүзген кезде тез шаршап қалуы мүмкін, осыған қарамастан өзінің динамикалық көрнекті қимылымен көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Дельфин әдісін үйрету.Бұл әдісті жүзудің жалпы үлгісін үйренуден бастайды, сондықтан қолдың қимылына көп көңіл бөлген жөн. Ең алдымен қол қимылымен құрғақта жаттығып алу керек: тік тұрып сәл еңкейіп алақанын төмен қаратып иық деңгейіне дейін қолды алға қарай созып, басты сәл көтеріңкіреп қолға қарап тұру керек. Осы бастапқы екі қолды бірдей созып, түзу ұстап шыр айналдырып дөңгелек қимыл жасайды, төмен-артқа және жоғары-алға, содан соң бастапқы қалпына қайтып оралады. Осы жағдайда қос қолдап есу қимылына көбірек көңіл бөлу керек. Тыныс алу еркін болғаны дұрыс. Келесі қолдың қимылын дамыту суда өткізіледі, ол үшін ең алдымен суда тік тұрып, сәл алға еңкейіп екі қолмен қимыл жасау керек. Бұл жаттығудың ең маңыздысы қолды түзу ұстап, қос қолдап су бетіне тигізбей есуді үйрену, содан соң қол қимылын тыныс алумен үйлестіріп орындау керек. Суда тұрған қалпында иық деңгейіне дейін қолды алға созып, басты судан көтеріп, терең дем алады, содан соң бетті суға батырып, сол қалпында қолмен толық қимыл жасайды; үш-төрт рет қайталаған соң, бастапқы қалпына қайтып оралады, содан кейіи су ішінде дем шығару қажет. Ол үшін басты көтеріп дем алады, басты қайтадан суға батырып, қолмен бірнеше қимыл жасайды. Тыныс алудың үйлесімділігін қадағалау керек. Осы кезде есу әдісін естен шығармай, есуді көзді ашып орындаған жөн болады. Одан ары қол қимылын суда жүру әдісімен біріктіріп, бойды тік ұстап, қолдың емін-еркін қимылын байқап отыру керек. Кезекті демалыс /пауза/ кезінде басты дем алу үшін көтергенде саусақтармен жайлап есуге болады, одан су бетінде қалқып тұруға жеңілдік тұрады. Бұл жаттығуды үйренген соң келесі жаттығуды басты суға батырып, кеудемен жылжып, оны аяқ қимылымен үйлестіріп, крольмен етпеттеп жүзу әдісіндегідей етіп, су түбінен аяқпен итеру арқылы орындау керек. Қол қимылын бірнеше цикл тоқтамай орындаған соң, қолды әдеттегі қалпында ұстап тұру және басты көтеріп демалу қажет, осы кезде қолмен жайқысу керек. Тынысын тежеп жүзуді үйренген соң қол қимылына тыным салмай және алға қарай жүруін нашарлатпай, қол қимылы кезіндегі демалу жаттығуына кірісуге болады. Алғашқыда суда тік тұру әдеттегі қалпында қандай болса, сондай өтіп орындалады. Жүзуші есуді бастап, басын суға батырып дем шығарады, толық есу кезінде демнің шыққан жолында су бетіңде із калу керек. Қолдар есуді бітіріп, судан шыққан кезде, басты көтеріп, ауызды кенірек алып дем алады. Қолды көтеріп иық деңгейде жеткен кезде демалуды бітіріп, басты суға батыру керек, сонан соң қол су бетіне жеткен кезде қимылдың жаңа циқлын дем шығарудан бастайды. Содан соң бұл жаттығуды суда жүріп қайталау керек.Суда тік тұру және жүру жаттығуларын үйренген соң осыларды жылжи отырып, орындау керек. Осы кезде аяқ сәл кроль әдісімен жұмыс істейді, етпеттеп созылып жатып, аяқ дельфин әдісімен қозғалады, тыныс алуды бірдей орындайды.Жүзген кезде дене мен аяқты бостау ұстау керек, ал демалған кезде денені аздап бүгу керек. Сонда ғана кеуде мен басты жоғары көтеруге мүмкіндік туады. Басты суға батырған кезде денені созып, мейлінше бос ұстау керек.Осылай жүзіп үйренген соң қолмен ескен және қолды су үстімен алға созған кезде дем алумен қабат кроль әдісіндегіден аяқ қимылын жайлатады, кейде мүлдем тоқтатады. Аяқ қимылын "ұмыту" үшін екі аяқтың арасына қалтқы қыстырады, денені су бетінде ұзыннан созып ұстау мақсатымен қолдармен еседі. Аяқтың тізе буынын босаңсытады, денені аздап бөлдің тұсынан бүгеді, қолмен ескенде иықтар судың бетіне шығады. Бұл жаттығу дұрыс орындалса, аяқ тізеден бүгіліп, жазылып еркін қозғалады. Екі аяқтың арасына қалтқы /тақтайша/ қыстырып жүзген кезде аяқтың тобықтан жеңіл қозғалуына жағдай жасап, тезіден бүгіліп, созылу арқылы ауырлатпауға тырысыңыз. Бұл жаттығудың негізі - қолды көтеріп, суға тигізгеннен кейін босаңсыған аяғын суда ұстап тұру және дененің әртүрлі бағытын бірдей ету. Аяққа қалтқы қыстырмай тек қолдың қимылымен ғана жылжу арқылы бұл қимылды дамытуға болады.Бұл жаттығуларды үйренген соң есу қимылын дамытуға болады.Алдынан артқа қарай түзу есуді үйренуге танысу керек, есудің орта шеніндегі қимылына зор көңіл бөліңіз. Бұл жаттығу төмендегідей орындалады бастапқы қалпыңда қол алға созылып, есу біршама екі жақты төмен қарай басталып, дененің орта шеніне дейін астымен өткізігі, артқа қарай жамбасқа дейін, жамбастан бастап, саусақтармен есуықимылы күшейеді, бұлардың қимылы біршама денеден артқа қарай бұрылады. Есу кезінде қол шынтақ буынынан иілу керек, өйткені саусақтар /кисти/ өзінің қозғалысында шынтақтан алда болу керек. Алдымен есуді суда тік түрып, содан соң суда жүріп, одан ары жузу кезінде үйренеді. Осыларды дұрыс орындау суда тез жылжуға жәрдем береді. Қол қимылының тәсілін үйренумен қатар біртіндеп аяқты да жұмысқа қосу керек, қолдар ауадан өткен кезде және суға кірген уақытта пайда болатын дененің толқын қозғалысы аяқтарға беріледі, ол денені суда ұстап тұру және жоғарыдан төмен ұру қимылы арқылы орындауға мүмкіндік береді. Егер де жүзуші осы әдісін күшейтуді аз да болса үйренсе, ол кәдімгі бір ұрма дельфин әдісімен жүзіп кете береді. Бұл қимылды құлашын сермеп қана орындаған жөн болады. Бұл қимылды жеңілдету және тез үйрену үшін үш метр кроль әдісімен, екі метр дельфин әдісімен жүзу керек, біртіндеп аяқ қимылымен жүзу арасын ұзартып орындау керек. Аяқ қимылын орындау тәсілін осындай әдістермен тез үйреніп көруге болады. Соның нәтижесінде екі ұрма дельфин әдісіне кірісуге болады, бұл әдіс те аяқпен бірінші ұрма алғашқы қолмен есу кезінде, екіншісі -қолмен есу аяқталған кезде орындалады.Екі ұрума дельфин әдісінің қиындау жерлерін орындау үшін бір аяқпен қимыл жасау тәсілін жақсы үйрену керек. Екі ұрума дельфин әдісімен жүзгенде аяқ, қол және тыныс алу қимылдарын жақсы меннгеру үшін ең алдымен бетті суға батырып, тынысты тежеп, содан соң 3-4 рет ескен кезде бір дем алу керек. Дем алған кезде аяқ қозғалысы бәсеңдемеу кажет, соған көңіл бөлген жөн. Осыдан кейін дельфин әдісімен жүзуге кірісуге болады, бірден алу екі рет қолмен ескен кезде, содан соң әрбір цикл сайын дем алуды орындау керек. Осы әдістерді үйренген соң екі ұрума дельфин әдісін одан ары дамытуға болады. Тапсырма: Дельфин тәсілінің даму тарихы. БаттерфляйУикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Jump to navigationJump to search Дельфин немесе Баттерфляй (ағылш. butterfly — «көбелек») — жүзудің техникалық жағынан ең қиындарының және шаршататын түрлерінің бірі. Дененің сол және оң жақ бөлігі бір уақытта симметриалық қозғалыс жасайтын (қолдар жүзніштің денесін судың үстіне көтеретін кең және мықты есулер жасаса, аяқтары мен жамбасы толқын тәріздес қимыл жасайды) ішпен жүзу стилі. Баттерфляй — жүзудің ең қиын стилдерінің бірі және жылдамдық жағынан крольден кейін екінші орышда тұр. Мазмұны1Стильдің тарихы 2Жүзу техникасы 3Дереккөздер 4Сілтемелер Стильдің тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашында жүзудің тек 3 стилі болған. Олар: еркін стиль, брасс және арқамен жүзу. Баттерфляй брассты жетілдіру кезінде пайда болған. Қолдар судың бетінде зымырай бастады, сол себептен жүзгіштің қозғалысы жылдамдады. Кейін аяқтардың қозғалысын да көбірек табиғиға ұқсатты. Жүзу техникасы[Баттерфляйда жұрыс техника ерекше маңызды. Кроль, шалқалай жүзу мен брассқа қарағанда баттерфляйда жақсы жылдамдықты тек физикалық күш арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Көп адамдар бар қиындық бұл стильді үйренуде жатыр деп ойлайды. Бастаушылар үшін басты қиындық екі қолын бір уақытта судың үстінде қайтару мен барлық денесін бастапқы позицияға келтіру, сонымен қатар бір уақыттағы деммен жүзу Техника қол мен аяқтың синхронды қозғалысынан тұрады. Мұндағы негізі рөлді дененің толқын тәріздес қозғалысыорындайды.Бастапқы позицияда жүзгіш суда қарнымен жатады, қолдары алға созылған, ал аяқтары артқа қарай созылған. Дереккөздер |