Лекция. 9 Дріс Таырыб Портландцемент
Скачать 28.5 Kb.
|
№ 9 Дәріс Тақырыб: Портландцемент Портландцемент және оның түрлері қазіргі заман құрылысының негізгі байланыстырғыш заттары болып табылады. Портландцементтік клинкерді гипспен қоса (арнайы қоспаларды да пайдаланады) майдалап езу арқылы алынатын гидравликалық байланыстырғыш затты айтамыз. Портландцементтік клинкер - әктас пен саз балшықтан тұратын немесе басқа да материалдан(мергель, шлак) қоспаны бірелкі майда дисперстік шикізатқа айнағанша күйдіріп пісіруден алынған өнім. Күйдіру кезінде клинкер құрамында жоғары негіздік кальций силикаты сақталады. Портландцементтің кебу (жабысу) мерзімін бағыттау үшін езгілеу кезінде клинкерге екісутектік гипсті 1,5-3,5% мөлшерде енгіземіз (цементтің массасын SO3 –ке есептегенде) Құрамына қарай қоспасыз портландцемент, минералдық қоспасы бар портландцемент, шлактық портландцемент және т.б. Портландцементті өндіруде негізгі шикізаттар болып келесі тау жыныстары саналады – мергель, әктастықтар, сазды тау жыныстары. әктастармен цемент құрамына негізгі оксид СаО кіреді; сазбен – кремний, алюминий, темир оксиді; мергельмен басқа да қажетті оксидтер. Табиғатта химиялық құрамы күйдіргеннен кейін бірден жақсы сапада портландцемент алынатын тау жыныстары өте сирек кездеседі, сондықтан шикізат қоспасын екі немесе одан да көп компоненттерден құрайды. Шикізат қоспасының компоненттерінің мөлшерін есептеп, күйдірілгеннен кейін портландцементтік клинкер химиялық құрамы келесідей болуы тиіс: СаО - 63-68% ; Al2O3 – 4-8%; SiO2 – 19-24%; Fe2O3 – 2-6%. Әдетте шикізат қоспасы 75-78% әктастан, 25-22% - саздан тұрады. Портландцемент өндірісі келесідей негізгі процестерден тұрады: шикізатты өндіру және шикізат қоспасын дайындау, қоспаны күйдіріп клинкер болғанша пісіру, клинкерді қоспаларымен бірге езіп ұнтақтау. Портландцемент өндірісі шикізаттарын ашық түрде цемент зауытына жақын орналасқан каръерлерде өндіреді. Шикізатты жеткізу үшін рельстік немесе аспалы жолдар, автомобиль транспортын және т.б. қолданады. Клинкер – түсі сұр-жасыл, өлшамі – 15-25мм болатын түйіршікті зат. Оны 80-1000С-қа дейін суыту үшін тоңазытқышқа салады, ол жерден қоймаға түсіп, қоймада 1-2 аптадай сақтайды. Осылай сақтаудан клинкер құрамындағы еркін кальций оксидтері ауа ылғалдылығымен сөнеді, түйірлердің қаттылығы азайып, оны ұнтақтау жеңілдейді, одан жасалған цемент біркелкі болады. Портландцементтің қатайуы. Портландцементті сумен араластырғанда алдымен желімді цемент қамырын аламыз, одан кейін қоюланады, сосын жайлап қатаяды. Цементтің қатаюы – цементтің қамырдан тасқа айналу процесі, бұл процестің 3 периоды бар, олар: еру, колоидациялану (цементтің тұтқырлық қасиетінің пайда болу процесі) және кристалдану. Портландцементтің қасиетіне оның орташа және нақты тығыздығы, ұнтағының майдалығы, су қажетілігі, қатаю уақыты, көлемі өзгеруінің біркелкілігі, беріктігі жатады. Портландцементтің қолданылуы. Портландцементті мнолитті, құрама бетон, темір бетонды жасағанда байланыстырғыш материал ретінде пайдаланады. Портландцементтен жасақталған құрылыстар мен бұйымдарды жер бетінде, жер асты, су асты, сонымен қатар су және төмен температуралар әсері бар жағайларда да колданады. Сапасы төмен портландцементтерді қалау және сылақ жұмыстарында пайдаланады. Теңіздің суында, минералды суда немесе ағын су мен арынды суда портландцементтен жасақталған құрылыстарды қолданбаған жөн. бұл жағдайларға цементтің арнайы түрлерін қолдану керек, олар: сульфат төзімді, пуццоланды портландцемент, шлакты портландцемент және т.б. Портландцемент – қымбат әрі таптырмас байланыстырғыш зат, оны үнемді пайдалану үшін, техникалық жағынан мүмкін болса, басқа да арзанырақ тұтқыр заттармен (әк, қоспалы цемент) алмастыру керек |