Главная страница
Навигация по странице:

  • ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

  • Дарибаева Севара Анваркызы

  • 1 Пән сипаттамасы Пререквизиттер

  • Пәннің мақсаты мен міндеттері

  • Оқыту әдістері мен технологиялары

  • 2 Пәннің мазмұны Модуль 1 Органикалық химияның теориялық негіздері. Тақырып 1. Кіріспе . Органикалық заттарды зерттеу әд i стер i .

  • Тақырып 2.

  • Тақырып 3. Органикалық реакциялардың және қосылыстардың классификациясы.

  • Тақырып 4.

  • Тақырып 5.

  • Тақырып 6.

  • Тақырып 7.

  • Тақырып 8.

  • Модуль 2 Тақырып 1.

  • ! Рабочая программа (силлабус)_Органикалық химия 22-23 для ХБ (2. А. Б айтрсынов атындаы останай ірлік университеті . Слтаназин атындаы педагогикалы институты


    Скачать 138.97 Kb.
    НазваниеА. Б айтрсынов атындаы останай ірлік университеті . Слтаназин атындаы педагогикалы институты
    Дата15.05.2023
    Размер138.97 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла! Рабочая программа (силлабус)_Органикалық химия 22-23 для ХБ (2.docx
    ТипДокументы
    #1132971
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5


    «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті»

    Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты




    Бекітемін

    Директор

    ________Т.Ахметов

    _____._________ 2022 ж.

    Жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасы



    ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

    (Syllabus)
    Пән: Органикалық химия

    Білім беру бағдарламасы: 6В01511 Химия-Биология

    Кредит саны: 5

    Қостанай, 2022

    Оқу жұмыс бағдарламасын құрастырушы:

    Дарибаева Севара Анваркызы, жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдары магистрі.

    20.06. 2022 ж.


    жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының отырысында қаралды және ұсынылды 20.06. 2022 ж. №10 хаттама
    Жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедра меңгерушісі ____________Г.Баубекова

    Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының әдістемелік қенесімен келісілген

    22.06. 2022 ж. № 5 хаттама
    Әдістемелік комиссия төрағасы_____________________ С .Байжанова

    1 Пән сипаттамасы
    Пререквизиттер: Мектеп бағдарламасындағы органикалық химия және биология, жалпы және аналитикалық химия, биология пәндері.

    Постреквизиттер: Биохимия, қоршаған орта химиясы, физиология және басқа биологиялық пәндер.
    Пәннің мақсаты мен міндеттері

    Пәннің мақсаты: Органикалық қосылыстардың негізгі класстары мен типтерін ғана емес органикалық химия теориясының негізгі қағидаларын және органикалық синтез өнеркәсібінің қазіргі уақыттағы жетістіктерін ғылымның логикасына негізделген тенденцияларға байланысты студенттерге оқып үйрету.

    Пәннің міндеттері:

    - студенттердің органикалық химия негіздерін меңгеру;

    - органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен түрлері туралы, сонымен қатар органикалық химия теориясы мен өнеркәсіптік органикалық синтездің негізгі ережелері мен заманауи жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру;

    - органикалық молекулалардың құрылымы (химиялық, электронды, кеңістіктік), әртүрлі реакциялар түрлерінің негізгі заңдылықтары мен жүру механизмдері, қосылыстардың негізгі кластарын алу тәсілдері, сондай-ақ осы пәнді өту кезінде экология, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері туралы білім қалыптастыру.

    Оқыту нәтижелері:

    Курсты сәтті аяқтағаннан кейін студенттер:

    1) химиялық құрылым теориясын; химиялық байланыстың электронды теориясын, көміртек атомының орбитальдарын будандастыру теориясын; циклдік, хош иісті және гетероциклді қатарлардың органикалық қосылыстарының электронды әсерлері туралы теориялық білім қалыптастырады;

    2) химиялық ыдыс-аяқпен және жабдықпен жұмыс істеу; химиялық реактивтермен жұмыс жасау, зертханалық операцияларды (айдау, хроматография; сапалық элементтік талдау жүргізу және оны спецификалық реакциялар негізінде қосылыс құрамындағы функционалдық топ анықтау; тәжірибе нәтижелерін түсіндіру: формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізу; практикалық жұмыс нәтижелерін дұрыс рәсімдеу сияқты іс-әрекеттерді меңгереді.

    Оқыту әдістері мен технологиялары:

    Пәнді оқу кезінде келесі оқыту әдістері, технологиялар қолданылады:

    - жобалау технологиясы (шығармашылық, зерттеу, тәжірибеге бағытталған);

    - проблемалық оқыту технологиясы (зерттеу зертханалық жұмыстары, проблемалық тапсырмалар, проблемалық тапсырмалар);

    - блокты-модульді жүйе.
    2 Пәннің мазмұны
    Модуль 1 Органикалық химияның теориялық негіздері.

    Тақырып 1. Кіріспе. Органикалық заттарды зерттеу әдiстерi.

    Жеке заттарды бөлу тәсiлдерi. Органикалық қосылыстардың сапалық анализi. Органикалық қосылыстардың сандық анализi.

    Тақырып 2. Химиялық байланыстың электрондық теориясы. Электрондардың ығысу теориясы.

    Құрамында әртүрлі валенттік күйдегі көміртегі және гетероатомы бар органикалық қосылыстардыг электрондық құрылысы. о- жэне п-байланыстарының схемасы, валенттік бұрыштары. Октет ережесі.

    Тақырып 3. Органикалық реакциялардың және қосылыстардың классификациясы.

    Ациклдi (алифатты), карбоциклi және ароматты) және гетероциклдi қосылыстар. Функционалды топтар туралы түсiнiк. Бағыты бойынша: қосылу (А), орынбасу (S), қайта топтасу, бөліп алу (Е). Әрекеттесушi бөлшектердiң сипаты бойыша: гомолиттiк (SR, АR) және гетеролиттiк (нуклеофильдi SN , АN және электрофильдi SЕ, АЕ). Субстрат, реагент, радикалды, электрофильдi және нуклеофильдi бөлшектер туралы түсiнiк. Моно-, би- және полимолекулалы реакциялар туралы түсiнiк

    Тақырып 4. Органикалық қосылыстардың физикалық қасиеттері.

    Органикалық қосылыстардың физикалық қасиеттері. Алкандардың құрылысы, номенклатурасы, изомериясы. Фотолиз және термолиз жағдайындағы радикалды реакциялар.

    Тақырып 5. Алкендер: құрылысы, номенклатурасы, тұрақтылығы және реакциялары.

    Алкендердің құрылысы, номенклатурасы. Алкендердегі цис- транс-изомерия. Е, Z бойынша алкендердің номенклатурасы. Алкентердің салыстырмалы тұрақтылығы. Алкендердің реакциялары. Электрофильді қосылу реакциялары.

    Тақырып 6. Алкиндер: құрылысы, номенклатурасы, тұрақтылығы және реакциялары. Алкадиендер.

    Алкиндердің номенклатурасы, құрылысы, физикалық қасиеттері. Алкиндерге судың, галогенсутектердің, сутегінің қосылуы.

    Тақырып 7. Арендер, оларды жүйелеу. Ароматтылық.

    Бензолдың құрылысы. Бензолдың делокализацияланған электрондары. Ароматтылыққа қолданылатын критерийлер. Ароматты қосылыстардағы электрофильді орынбасу реакцияларының жалпы механизмі. Фридель-Крафтс реакциясы.

    Тақырып 8. Фенолдар және ароматтық спирттер

    Екі және үш атомды фенолдар. Анықтамасы және номенклатурасы. Физикалық қасиеттері. Фенолдарды алу. Фенолдар мен крезолдарды тас көмір шайырынан бөліп алу. Фенолят- анион, оның құрылысы. Резорцин және флорглюцин таутомериясы. Сілтілік ортада тотығу. Пирогаллол. Өсімдіктерді қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар.

    Модуль 2

    Тақырып 1. Алкандардың галогентуындылары.

    Номенклатурасы. Алкандардың галогентуындыларын синтездеу мен бөлiп алудың лабораториялық және өнеркәсiптiк әдістері. Алкандардың галогентуындыларының физикалық қасиеттерінің гомологтық қатар бойынша, изомерлік түрлері бойынша өзгеруі. Галогеналкандардың орынбасу және элимирлеу реакциялары.
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта