Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталуы» Орындаған:Есенгелді Жандос

  • Қабылдаған:Омарбекова Арай 2020 жыл

  • БЕКМАХАНОВ ІСІ »

  • 3.2 Ермұқан өмір жолының басы

  • 3.3 Бекмахановтың шығармасы . Қуғын - сүргіннің негізгі себебі .

  • 3.4 Бекмахановқа қарсы қудалау ісі

  • Е.Бекмахановтың ақталуы

  • Бекмаханов ісі. Бекмаханов ісі... Абай атындаы аза лтты педагогикалы университеті Жаратылыстанугеография институты ГеографияТарих 6В01516


    Скачать 34.18 Kb.
    НазваниеАбай атындаы аза лтты педагогикалы университеті Жаратылыстанугеография институты ГеографияТарих 6В01516
    АнкорБекмаханов іс
    Дата07.04.2021
    Размер34.18 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБекмаханов ісі...docx
    ТипДокументы
    #192449

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    Жаратылыстану-география институты

    География-Тарих 6В01516

    Соөж тапсырмасы

    Тақырыбы: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталуы»

    Орындаған:Есенгелді Жандос

    Қабылдаған:Омарбекова Арай

    2020 жыл

     «БЕКМАХАНОВ ІСІ»
    3.1 Тағдыры күрделі қайсар талант ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
    3.2 Ермұқан өмір жолының басы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
    3.3 Е.Бекмахановтың шығармасы. Қуғын.сүргіннің негізгі себебі ... ... 18
    3.4 Бекмахановқа қарсы қудалау ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
    3.5 Е.Бекмаханов ақталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
    ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
    ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

    БЕКМАХАНОВ ІСІ »

    Тағдыры күрделі қайсар талант Табиғи зерттеушілік таланты совет өкіметінің арқасында жарқырай ашылып , республика жұртшылығына ғана емес , одақтың үлкен ғылыми орталықтарына да кеңінен танылып болғапн М.Бекмаханов атына мол мұра қалдырған тұлғалы ғалым , туған халқының ғасырлық тарихының күрделiмәселелерін зерттеу барысында асыра сілтеушілік пен тартушылық алдынан тосқан қиыншылықтарды асқан табандылықпен жеңе білген ардақты сан азамат . артті гасырдан сәл астам ғана өмір сүрді ол . Ал осы ғұмырының біраз жылдары халық жауы » аптанып , азап пен қасірет тартып, моральдық соққыға ұшырап , түрмелер мен лагерлердің тұз - дәмін татуға кетті . Сол қуғын - сүргін көрген , жүдеушілікке ұшыраған жылдары оның ғұмырын қысқартты , жоспарланған , ойластырылған қаншама ғылыми еңбектерін аяқсыз қаплдыртты , кемелене келген шағында дүниеден ерте өтуіне бірден - бір себепші болды.Қуғын-сүргін , талас тартысқа толы ғалымның өмір жолы туралы қазақтардың белгілі тарихшылары М.Қозыбаев , К.Нүрпейсов , И.Қозыбаев , Л.Гурьевич , О. Тәкенов қалам тартты . Оларда , негізінен , Е.Бекмахановтың ғылыми еңбегін жөнсіз қаралаудың қалай жүргiзгені әңгіме болады . Бұл , әрине , бүгінгі күнге сабақ боларлық тарихи тағылым . Жалпы алғанда , саяси қайшылыққа толы , қиын - қыстау кезеңінде тарих шындағы үшін күрескен Е.Бекмахановтың өмірінің өзі үлкен ерлік екендігі еш күдік туғыза қоймаса керек . Атақты тарихшының ең басты ерлігі , оның « Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында » атты алғашқы докторлық монографиясы , әсіресе , онда қазақтың соңғы ханы -Кенесары Қасымұлының ерен ерлігін туған еліне шынайы танытуы .

    Осы орайда Кеңес Нүрпейісовтың мынадай сөзі еріксіз еске түседі : « ... Алғашқы кәсіби тарихшы ғалымдардың бірі Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы тақырыбының көп қырлылығымен , мәселелерді кеңінен қамтуымен және шешуімен ерекшеленеді » , оларды зерттеу және бағалау – болашақтың міндеті.

    3.2 Ермұқан өмір жолының басы

    Ермұқан Бекмаханов қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауылында 1915 жылы дүниеге келді . Ата анадан жастайынан ерте айырылып ол 1932жылы Баянауылдағы орталау мектепті бітірген соң Семейдегі жоғары оқу орнына түсуге даярлайтын бір жылдық курсты тамамдады . 1933 жылы Воронеж педагогика институтының тарихи факультіне түсіп , оны 1937 жылы аяқтады.. 1937-1938 жылдары Е.Бекмаханов Алматыдағы педагогикалық зерттеу институтында ғылыми қызметкер , директордың орынбасары болды . 1940 жылдан 1941 жылдың ноябрiне дейін ВКП ( б ) Орталық комитеті жанында партия мектебінде оқыды . Ермұқанның бұдан кейінгі еңбек жолы былайша түзіледі : 1941-1946 жылдар Қазақстан Компариясы Орталық Комитетінің лекторы , 1946-1947 жылдар Қазақ ССР Ғылыми Академиясының тарих , археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыстар жөнінде орынбасары , 1947 жылдан өмірінің соңына дейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетеінің Қазақ ССР кафедрасының меңгерушісі . Студент кезінде ғылыми жұмысқа бейімділігін танытқан Е.Бекмаханов 30 жылдардың екінші жартысынан бастап республика тарихына сан салалы мәселелері жүйелі түрде зерттеу ісімен шұғылданды . Ұлы Отан соғысы басталған Мәскеуден Алматыға көптеген ғалымдармен , айтқанда Анна Михайловна Панкратова бастаған көрнекті тарихшылармен бірлесе жұмыс істеп , солардан тәлім алуы жас қазақ ғалымы зертеулерінің аясы кеңіп , мазмұнының тереңдей түсуіне игі ықпал етті. Е. Бекмаханов 1943 жылы Орталықган келген ғалымдардың жан жақты көмегімен жарық көрген Қазақ ССР тарихының алғашқы біртомдық басылымының белсенді авторларының бірі болды . А.Н.Панкратова , Н.М. Дружинин сияқты ғұламалар Е.Бекмахановқа салиқалы ақыл кеңестерін берді.Осындай риясыз көмектің арқасында өзінің ерен еңбексүйгіштігімен мен іздемпаздығының нәтижесінде 31 жасар қазақ тарихшысы 1946 жылы Москвада СССР Ғылым академиясы тарих институтының ғылыми кеңесінде докторлық диссертациясын қорғады .

    3.3 Бекмахановтың шығармасы . Қуғын - сүргіннің негізгі себебі .

    Е.Бекмахановты кіналауға себеп болған 1947 жылы өзінің докторлық диссер негізінде жарық көрген« ХІХ ғасырдың 20-40 жылдардығы Қазақстан » атты монографиясын еді. Бұл еңбекте көтерілген тақырып , ұсынған концепциясы тұрғысынан қызу айтыстар туғызды . Оған тек қана тарихшылар емес , сонымен қатар қоғамдық ғылымдардың түрлі саласының өкілдері : экономистер , юристер , журналистер , әдебиеттанушылар белсене араласты . Бір өкініштісі : Е.Бекмахановтың бұл еңбегін бағалауда кейбір солақай сыншылар талдау жүргізудің орнына оның авторына буржуазиялық-ұлтшыл , феодалдық қоғамды дәріптеуші деп саяси қуғын сүргінге ұшырауына , « халық жауы » атанып , түрмеге отыруына себеп болды.

    Зерттеу 2 бөлімнен , 10 тараудан тұрды . Алғашқы тарау « ХІХ ғасырдың бірінші жартсындағы Қазақстан » деп аталса , екінші бөлім « Кенесары Қасымов басқарған азаттық күресі » деген тақырыппен берілген . Жұмыстың кіріспесі де аса көлемді және тиянақты . Ондағы әдебиеттерде , архив деректерде және ауыз әдебиеті материалдарына жасалған ғылыми талдаулар бүгінгі тарихшыларға үлкен өнеге бола алады .

    40-шы жылдардың екінші жартысы мен 50 - ші жылдардың басында еліміздің саяси - идеалогиялық өмірінде қалыптасқан хал - ахуал « буржуазияшық-ұлтшыл» аталғандардың да , « космополит » аталғандардың да жаппай репрессияға ұшырауына жол ашқан еді . Басқа сөзбен айтқанда , сол кезде кеңес интеллигенциясына қарсы сталиндік қуғын - сүргіннің жаңа толқыны басталған болатын . Оның алғашқы « әзірлігі » 1944 жылдың өзінде - ақ жүргізгендігі « Вопросы историй » журналының 1988 жылғы 2 - ші нөмірінде жарияланған академик А.М.Панкратованың хаттарынан айқын көрініп отыр . Бұл хаттар ұзақ жылдар бойы СССР Ғылым академиясының архивінде және Анна Михайловнаның жақын адамдарының қолында сақталып келген . Бұл хаттар 1943 жылы А.М. Панкратованың басшылығымен редакциялауымен жарық көрген « Қазақ ССР тарихы » және онда көтерілген кейбір мәселелер жөнінде көпшілікке беймәлім кейбір жәйттар айтылған .

    Аталған кітап одақтас республиканың көне дәуірден бастап , сол еңбек жарык көргенге дейінгі тарихтың қамтыған алғашқы зерттеу болды . Ол шығысымен сталиндік сыйлыққа ұсынылды . Бірақ оны алдын - ала талқылауда ресми сарапшы болған СССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі А.И. Яковлев оған оң баға бермеді . Кітап сыйлық алуға өтпей қалған соң , А.М.Панкратова ВК ( б ) пОрталық комитетіне арнайы хат жолдап , онда « Қазақ ССР тарихын » тілге тиек ете отырып , жалпы советтік тарих ғылымындағы жағдай туралы белгілі таорихшылардың кеңесін өткізу жөнінде ұсыныс жасады . Ұсыныс қабылданып , 1944 жылғы 29 мамыр -1 маусым , 5 ммааусым , 22 маусым және 8 шілде күндері белгілі тарихшылардың бес мәжілісі өткізілді . Оған С.К.Бушуев , А.М. Панкратова , М.В. HEчкина , С.В.Бахрушин , А.В.Ефимов , И.И.Минц , Б.Д.Греков және басқа көрнекті кеңес тарихшылары қатысты . Мәжілісті ВК ( б ) П Орталық Комитетінің секретары А.С. Щербаков жүргізіп , оның жұмысына А.А. Жданов пен Г.М.Маленков қатысып отырды .

    Осы мәжілістің барысында советтік тарих ғылымының өзекті мәселелері мен қатар оның шақырылуына түрткі болған « Қазақ ССР тарихы » жөнін ішінара әртүрлі пікірлер айтылған . Біраз ғалымдар ( А.М.Панкратова , Н.С.Державин , Б.Д. Греков , т.б. ) бұл еңбекті ұлттық республикалар тарихын жасаудағы сәтті бағалады . Ал А.И. Яковлев , С.К.Бушуев және басқа ғалымдар « Кітазақ ССР тарихы » ұлтшылдық сарынға толы , орыстарға қарсы жазылған шығарма деген тұжырым жасады . Мұндай тұжырым Е.Бекмахановтың келешек тағдыры мен ғылыми қызметі үшін қаншалықты ауыр болғандығы көп кешікпей ызғарын тапты . Мәскеудегі Орталық Комитет көп кешікпей - ақ , Орталықтан шығатын « Большевик » журналының 1945 жылы № 6 санында : « Об Историй Казахской ССР » деген мақаласы және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің « Большевик Казахстана » журналының осы жылғы №6 санында « О подготовке 2 - го издания » « Историй Казахской ССР » деген тақырыпта ресми материалдары жарық көріп , оларда аталмыш кітаптың « идеалогиялық қателері түзету және қайта басып шығаруға дайындау мәселелері айтылды.

    Қалыптасқан ауыр ахуал , оның үстіне Е. Бекмахановтың 1946 жылы қазанда , тағы да Мәскеуде « ХІХ ғасырдың 20-40 жылдардағы Қазақстан » атты монографиясын докторлық диссертация ретінде КСРО Ғылым академиясы тарих институтында назарғаалды. Институт ғалымдар кеңесінің қолдауымен Е.Бекмахановқа Қазақ республикасы тарихшыларының арасында алғашқы болып тарих ғылымының докторы атағы ұсынылды .

    3.4 Бекмахановқа қарсы қудалау ісі

    Кейінгі жағдай Е.Б.Бекмахановқа қарсы тұрақтала басталды . « Қырғи қабақ » соғысының шиеленісуімен , феодалдық - антиколониалды көтерілістерге баға беруге қарсы дауыстар көбейе бастады . Ұлттық қозғалыстар Шәміл , Кенесары Қасымұлы , т.б. қайта қарастырыла басталды . Антиколониалды көтерілістер басшылығының ағылшын агентурасымен болған байланысы туралы архив деректер пайда болды . Кавказ және Орталық азиядағы ішкі оқиғалары Орталық Шығыстағы ағылшын - орыс қарсылығы тарихымен тығыз байланысты болды . Патшалықтың отарлау саясатының нақты мәні-барлық тарихи кітаптарды жою . тарапынан өткір сынға алынды , Алматыдан Мәскеуге Е. Бекмахановтың қаралап ағылған , домалақ » арыздар тасқыны оның докторлық диссертациясын бекітуіне екі жылдай кедергі жасады .

    Ғылыми талдау даулары ғылыммен мүлде байланысы жоқ , жеке тәртіптің түрткіңкісімен күрделене түсті . 1947 жылы Мәскеуде диссертация авторын арнайы плагиатство жасағаны үшін , кіналайтын өтініш жазылды .Осында Е.Бекмахановтың жаңа монографиясы — жеке еңбек емес , контрреволюционер - эмигрант , тарихшы А. Ф.Рязановтың басылып шықпаған қолжазбаы деп айыптады .

    Осындай жағдайда Е.Бекмаханов амалсыздан « Казахстан в 20-40 годы XIX деген атпен 1947 жылы баспадан шыққан және докторлық лауазым алуына негіз болған жеке зерттеуінде өзін - өзі және өзінің әріптестерін « Қазақ ССР тарихының » бірінші басылымындағы « қателіктері » үшін сынауға мәжбүр болды . Е.Бекмаханов өз макаласында « Қазақ ССР тарихының » кітабының жағымды жактарын жазуымен қатар , алғашқы кезеңінде кеткен кемшіліктердің де орынды сыналғанан ды . Кеңестік Қазақстан тарихы мәселелерінде « қателіктер , ұлтшылдық бұрмалаушылықтар » жіберіліп жүр деген партия сыны ескерілді . Е.Бекмаханов аталған кезең тарихынан әлі бірде - бір монография жазылмағандықтан , кеңестік кезең тарихын жүйелі зерттеу барысында бұл мәселеде өзгерістер болу мүмкІндігі ескеріліп кезеңдерді алғашқы нұсқауларда қалдыруды ұсынды . « Кенеесары Қасымовтың көтерілісін баяндауға негізгі қателік — деп жазды ол , -әлеуметтік Экономикалық шарттарды талдамай , біржақты сипатталуында . Сондықтан да , Кенесары котерілісінің сипаты мен қозғаушы күштері түсініксіз болып қалған . Онан соң , Кенесары халқының саяси құрылысы мүлде көрсетілмеген , ал онсыз өзінен соң бұрынғыларымен салыстырғанда Кенесарының прогрестік рөлі неден көрінетінін түсіну мүмкін емес »

    1948 жылы Е.Бекмахановтың монографиясына арналған екі мәжіліс өткізілді . Оның біріншісі 28 күні Мәскеуде СССР Ғылым академиясының тарих институтында болды . Ол СССР Ғылым академиясының тарих және философия бөлімшесінің академик - секретары Б.Д.Грековтың басшылығымен өтті . Оған еліміздің белгілі тарихшы ғалымдары М.Дружинитн , С.В. Бахрушин , М.П.Вяткин , А.П.Кучкин , С.В.Юшков және басқалары қатысты . Осы талқылауда Алматыдан арнайы келген тарих ғылымының кандидаты Х.Гайдарова ұзақ сөз сөйледі . Мәжілісте тарих ғылымының кандидаты Т.Ж.Шойынбаев пен М.Б.Ақынжановтың талқыланатын кітап жөніндегі жазба пікірлерінде : « Кенесары мен оның төңірегіндегі сұлтандардың қызметі ... феодалдық - монархиялық ұлтшылдықтың көрінісі болды , оның бұқаралық сипаты болған жоқ » деген уәж айтылып , мынадай тұжырым жасалды : Кенесарының қозғалысын бұқаралық ұлт-азаттық , прогресшіл қозғалыс деп бағалаған кітап авторы « іс жүзін , уазияшыл « тұтас ұғым » теориясының феодалдарға , хандарға , сұлтандарға , байларға , билерге қарсы жүргізген күресі көрсетілмеді » .

    Талқылауға қатынасқан басқа ғалымдар ( А.Кучкин , Н.Дружинин , С.Бахрушин , М.Вяткин , т.б. ) Шойынбаев , Ақынжанов және Айдарова жолдастардың кітап жөніндегі пікірлеріне негізінен қарсы шықты және Е.Бекмахановтың монографиясы , оның жекелеген кемшіліктері болуына қарамастан , салиқалы еңбек екендігін айтты . Мәскеулік ғалымдар сонымен бірге кітап авторына « буржуазияшыл - ұлтшылдық концепцияны уағыздаушы , маркстік - лениндік позициядан ауытқушы » деп айып тағудың еңбекті ғывлыми тұрғыдан талдауға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын субьективті әрекет екендігін мәлімделді .

    Талдауды қорыта келіп , академик Б.Д. Греков совет тарихшылары қандай проблеманы зерттемесін , тек қана шындықты жазуға міндетті екенін, оның ішінде ұлт - азаттық қозғалыс тарихын да суреттегенде де біріңғай әсіресе - қызыл бояу жағуға , немесе тұтас қара бояумен бейнелеуге болмайтындығын айта келіп ,Қазақ тарихшыларын бірлікке бірлесіп еңбек етуге шақырды .

    Алайда , сол кездегі , Қазақстан жағдайында үлкен совет ғалымының бұл тілегі жүзеге аспады . Осының нәтижесінде 1948 жылғы шілдеде Қазақ КСРО Ғылым академиясында Е.Бекмахановтың кітабына байланысты бес күнге созылған дискуссия ұйымдастырылды.Ол 14-17 және 29 шілде күндері академияның тарих , археология және этнография институтында өткізілді . Дискуссияға қатысқан 24 адамның әрқайсысы 40 минуттан 1,5-2 сағатқа дейін сөз сөйледі . Осы дискуссиянын стенограммасы машинкаға басылған 552 беттік үлкен қолжазба томды құраған .

    Қысқаша мәлімдесек , дискуссияға қатысушылар талқыға түскен кітап пен оның авторы жөнінде үш түрлі пікір айтып , үш түрлі қорытынды жасады . Кейбір ғалымдар талқылап отырған кітаптың концепциялық тұжырымдамаларында үзілді - кесілді қарсы шығып , өз ойларын былай деп түйді : « Бекмахановтың кітабы мазмұны жағынан негізсіз , буржуазияшыл-ұлтшылдық сарындағы идеясыз еңбек . Сондықтан да оны пайдаланудан дереу шығарып тастау қажет » . « ХІХ ғасырдың 20-40 - шы жылдары Қазақстан » атты еңбек ғылыми жағынан шатасқан , идеялық жағынан зиянды » деді.

    Екінші топтағы ғалымдар кейбір сын - ескертпелер айтқанымен , Е. Бекмаханов кітабының негізгі концепциялары мен ғылыми корытындыларын қолдады .

    Қорытынды сөзінде Е.Бекмаханов ішінара былай деді: « ... Tәжірибесі жағынан бойынша да,жас бойынша да мен , айтарлықтай жас қызметкермін . Өзімнің алғашқы монографиялық еңбегімді жасау барысында мен әрқашан өзімнің жеке мансабым туралы емес , өзімнің халкым туралы ойладым ... Үлкен және қиын мен зерттеулер жолында қателіктер болуы тиіс еді , оның үстіне , өзімнің әріптесттерім , тарихшы - казақтар арасында менің алғаш рет батылдық жасап , өте күрделі мәселе жасауыма тура келді ... Осында , талқылауда , қаралған мәселелерге ілтипатпен және шыдамдылықпен қараған біздің ғылыми қауым XIX ғасырдың 20-40 ж тәрізді қазақ халқының күрделі тұсы болып табылатын кезеңінің кітабын жазғаным үшін мені айыптай қоймас деп ойлаймын ».

    Е.Бекмахановтың осындай мұзды да жібітерліктей , шынайы пікірі , іштарлық пен өртенген оның « дұшпандарының » жүрегін жібіте қоймады . Олар талантты тарихшыға қарсы жүйкені тоздырар кыртын әрекеттерін бұрынғыдан да үдете түсті . Сондықтан да , сол жылдың қарашасында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде өткен тарихшылар кеңесінде Е.Бекмаханов сөз арасында былай деп ашына мәлімдеді : « Қаншалықты таңданарлықтай болып көрінсе де , осыған қарамастан айта кеткен жөн ,біздің кейбір тарихшылар ұлттық маниясымен ауырады және болып табылатын дәлелдеумен айналысады . Осындай заттар жолдастардың ғылыми жүйкесін жұқартуда және оларды біздің ісіміз үшін қауіпті және жалған көзқарасқа жетелеуде

    Кітап пен оның авторы жайындағы айтыс пен тартыс мұнымен аяқталмады . Кітапты талдаудан гөрі оның авторына саяси соққының салмағы күн өткен сайын артта берді .

    Алғаш Жиреншин көрсеткендей , Якунин Кеңесбаев тәрізді ғалымдардың Е.Бекмахановтың еңбегін жағымды тұрғыдан бағалаған пікірлерінде шабуыл жасаған Якунин ақырында Е.Бекмахановтың ежелгі қарсыластары Х.Айдарова мен Т.Шойынбаевқа қосылып , 1950 жылы 26 желтоқсанда « Правда » газетінде « За марксистко - ленинское освещение вопросов историй Казахстана » атты мақала жариялады . Онда авторлар Кенесарының көтерілісін « қазақ халқын кейінге тартқан реакциялық қозғалыс » ретінде сипаттап , Е. Бекмаханов « оны түсінбеді , сөйтіп тарихты бұрмалады » , - деп айыптады .

    Мақала авторларының бірі Т.Шойынбаев Е.Бекмахановқа қарсы күресті ертерек бастаған еді . 1947 жылы 26 желтоқсанда Тарих , археология және этнография институты мәжілісінде Е.Бекмахановты Т. Шойынбаев қолжазбалар бөлімде жетекшілер жасаудағы кемшіліктері үшін өткір сынға алған еді . Е.Бекмахановтың ымырасыз қарсыласы М.Ақынжановты Т.Шойынбаев 1948 жылдың 31 қаңтарда « Саяси қате , ғылыми құнсыз кітап » деген тақырыппен Е.Бекмахановтың аталған іргелі зерттеуін айыптаған мақала жазды.

    Е.Бекмаханов университеттегі жұмысынан қуылып , 1951 жылы партия қатарынан шығарылды . Ол біраз уақыт Алматы облысы Нарынкөл ауданындағы мектепте тарих пәнінен сабақ берді , көп кешікпей Жамбыл облысы Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мұғалім болып орналасты . Осы жерде 1952 жылғы 5 қыркүйекте Ермұқан тұтқындалды . Екі айға жуық тергеу жүргізіліп , 3 қарашада Е.Бекмахановты айыптау қорытындысы дайын болды . Онда былай делінді : « 1952 жылғы 5 қыркүйекте Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздігі министрлігі Бекмаханов Ермұқанды тұтқындап , оған антисоветтік қызметі үшін айып тақты . КСРО-дағы саяси құрылысқа қарсы пиғылда болған Бекмаханов өзінің ғылыми қызметін пайдаланып , 1942-1952 жылдарда антисоветтік жұмыс жүргізгені анықталды . Өзінің « ғылыми » жұмыстарында ол Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызды буржуазияшыл - ұлтшылдық тұрғыдан түсіндірілді . Өзінің ұлтшылдық концепциясын негіздеуге Бекмаханов реакцияшыл ақындардың және кеңес халқының қас жаулары — алашорданың деректерін пайдаланды . Онымен бірге өзінің таныстары арасында антисоветтік үгіт жүргізді.

    Кеңес өкіметіне қас пиғылда болып , 1942-1952 жылдары ұлтшылдық идеяларды насихаттағаны , антисоветтік үгіт жүргізгені үшін Бекмахановқа РСФСР қылмысты істер кодексінің 58-ші статьясының 10 - бөлімінің екінші тармағына сәйкес айып тағылды ...

    Айыптау қорытындысы 1952 жылғы 3 қарашада жасалды .

    Қазақ ССР Мемлекет қауіпсіздігі министрлігінің аға - тергеушісі аға лейтенант Бенин .

    « Келісемін » – министрліктің тергеу бөлімінің бастығы подполковник Ішмурзин » .

    Жоғарыда келтірілген айыптау негізінде 1952 жылғы 2 желтоқсан коллегиясының үкімімен Е.Бекмаханов 25 окыл мерзімге бас бостандығынан айырылып , ГУЛАГ - тың алыстағы лагерлерінің біріне айдалады .

    Е.Бекмахановтың ақталуы

    Сталин өлгеннен кейін лагерден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде , академик , қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды да қамқор адамдардың тікелей көмек жәрдемінің арқасында Е.Бекмахановтың ісі қайта қаралды . 1954 жылғы 16 ақпанда оның « қылмысты ісі » тоқтатылып , ақталып шықты .

    Бұдан соң жыл оның жағдайы аса ауыр болды : жұмыссыздық , кешегі халық жауына » күдіктене қараушылық оның жүйкесін жұқартып , денсаулығын әлсіретті . Соған қарамастан , қайсар талант өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған « Қазқстанның Ресейге қосылуы » атты іргелі еңбегін аяқтау ісімен айналысты . Осы еңбегінің КСРО Ғылым академасының Мәскеудегі « Наука » баспасынан 30 баспа көлемінде 1957 жылы жарық көруіне А.М.Панкратова баға жетпес көмек көрсетті .

    Е. Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай, коғамдағы орнын қайтадан алды . Оған университеттегі өзі 1947 жылғы ұйымдастырған кафедрасынын меңгерушілік қызметі қайтарып берілді . 1962 жылы Қазақ КСР Ғылым адемиясының корреспондент - мүшесі болып сайланды . Өмірінің соңғы он жылында Ермұқан Бекмаханов өте өнімді еңбек етіп , терең мазмұнды ғылыми еңбектер жазды , орта мектеп үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын шығарды.Оқу құралдары мен маман кадрлар даярлау ісімен шебер ұштастырды .

    Ермұқан Бекмаханов кемел шағында 1966 жылы мамыр айында дүние салды . Үлкен жүректі жанның қазасына байланысты еліміздің түпкір түпкірінен ондаған телеграммалар , хаттар келген екен . Оның ішінде көңіл айту хаттар мен телеграммаларын Халима жеңгей республикалық академияның орталық архивіне өткізді . Сол архивтiк қорда Бауыржан Момышұлының азалы адресі де сақтаулы . Ол кәдімгі мүшел тойда сыйланатын мұқабасы калың жібек астарлы папка екен . Ол көк сиямен былай деп жазыпты « Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде » деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде Қанышка , Мұхтарға , т.б. арнап жазып едім .Інім едің сенімен қоштасып , басыңа келіп тұрмын . Жаткан жерін торқа болсын , әрқашанда есімдесің , бауырым деп Бауыржан атамыз қайғырыпты.

    Қорытынды

    Тағдыры күрделі қайсар талант Ермұқан Бекмаханов өзінің тынымсыз ізденісі арқылы халқына қалаулы , еліне елеулі азамат болды . Оның артында қалған бай ғылыми мұрасының біраз бөлігі жарияланбаған. Еңбектерін бастырып шығару бүгінгі ұрпақтың парызы . Үлкен дау мен айтыстардың обьектісі болған « ХІХ ғасырдың 20-40 - шы жылдардағы Қазақстан » атты еңбегін қазіргі тұрғыдан ыждағатпен зерделеп , бір кезде осы кітап пен оның авторына тағылған айыптардың оның қанағатына жету де – өз кезегін күтіп жатқан міндет .

    Ұлтжандылық пен ғылымдағы шынайылық ақиқаттан аттап өте алмау Алаш зиялылары мен ғалым Е. Бекмахановты рухани байланыстырды , пікір Tunchackz сабақтастығын тудырды . Кенесарының сурескерлік тұлғасы арқылы ел obaly мүддесін , ұлт рухын ұлақтады . Ұлттық идеясыз , ұлттық зиялысыз , ұлттық элитасыз ұлт өспейді . Оған рухани басшылық керек . Болашаққа жол сілтеген елбасының « Қазақстан » бағдарламасы Қазақстан қоғамыныш ішкі , сыртқы ахуалын зерделеу негізінде жасалған. Ел мен оның зиялысы осы елбасы көтерген көгілдір тудың астынан табыла берсін.


    написать администратору сайта