сценарий ана тілі-отбасы. Ана тілі жне Отбасы байауы азаша бимен ашылады
Скачать 23.02 Kb.
|
«Ана тілі және Отбасы» байқауы Қазақша бимен ашылады. Апасы: Ерте-ерте, ертеде, ешкі жөні бөртеде... Баяғы бір заманда аю мен маса болыпты ... (Аю мен Маса ертегісі қойылады). Апасы: Ертегі осылай аяқталады. Көрдің бе,балам.Адамның түр-сипатына,киім-киісіне қарап,оны бағаламауымыз қажет.Біреудің ала жібін аттамау керек,рұқсатсыз затын алмау керек. Немересі: Жарайды ,апа.Мен барлығын ұғып алдым.Өте қызық ертегі екен. (Сырттан бір бала жүгіріп келеді.) Апасы: Балам-ау, не болып қалды,неге жүгіріп келесің (деп қорқып жүрегін ұстап қалады). Немересі 2: Жай,апа ешнәрсе болған жоқ. Апасы: Әбден жүрегімді ұшырдың-ау,балам.Үйге қарай жүгіруге болмайды ғой. Немересі 1: Неге апа? Неге сонша қорқып кеттіңіз? Апасы: "Үйге қарай жүгірме дегенім" бұрын жау шапқанда хабарлаушы адам үнемі үйге қарай шауып келетін болған, сондықтан үйге қарай жүгіргенде елдің үрейін ұшырмау үшін,солай тиым салған. (Үйге қонақтар келеді) Қонақтар: Қалайсыз апа,хәлдеріңіз қалай?! Біз Құдайы қонақ едік. Апасы: Ааа,келіңдер,қандай тамаша,отырыңдар. (Келіні шығып сәлемін салып,шәйін береді.) Апасы: Бізде бәрі жақсы,өздерің қалайсыңдар.Ауыл-іші аман ба? Қақаған қыстан аман-есен шықтыңдар ма, Абай ауылында не жаңалық,айта отыр?! (Келіні үстел үстіне нан қояды,немересі артынша келіп нанның үстіне бір зат қояды). Апасы: Алижан, айналайын,нанның үстіне зат қойма.Есіңде болсын! Қонақтар: Ия,апа,дұрыс айтасыз. Нан қасиетті.Тіпті адам ашыққан кезде,қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен.Бірақ нанның өзін ешқашан баспаған.Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. (Келіні шәйін құйып,тамағын береді). Апасы: Ал,тамақтан алып отырыңдар! Қонақтар: Көп-көп рақмет,әлденіп алдық. Енді ары қарай жолымызды жалғастырайық. «Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды» , «Орамал тон болмайды, жол болады» деген ел арасында аталы сөз бар. Апа,осы орамалды сый ретінде қабыл алыңыз. Апасы: Рақмет,айналайын, келіп тұрыңдар,есігіміз әрдайым ашық.Аман-есен жүріңдер (Келіні жүгіріп пакет алып шығып береді қайтарым ретінде). (Қонақтар кетеді,келіні қағып-сілкіп жинай бастайды.) Апасы: Келінжан, кел отыра ғой қасыма. Қонақ кете салысымен үйді қағып-сілкуге болмайды. Себебі қонақпен бірге үйге жақсы тілек, ықылас-пейіл келеді. Екіншіден қонақ кете салысымен үйді қағып-сілку әдепке жатпайды. Ойлап қараған адамға бұл сендерден құтылдым ба, жоқ па деген ойға келтіреді. Әлі жас келінсің, түсінем, менде солай-солай үйренгем.Есіңде сақтап қалсаң болғаны. Келіні: Жарайды,апа.Есімде сақтаймын,сізге үлкен рақмет. Атасы: Әжесі-ау, Алижан да үлкен жігіт болып қалыпты. Енді баламызға «Ашамай» тойын жасауымыз керек. Апасы: Ия,дұрыс айтасың-ау. Соған дайындық көре берейік. Той басталады. Киіз үй жанында самаурынға шай қайнатып жатқан әжесі мен той қамымен жүрген келіншектер. Киіз үйден баласын анасы киіндіріп алып шығады. Немересі: Әже, - деп әжесінің қасына барып, маңдайынан сүйгізеді. Әжесі: Құлыншағым, балам, бүгін саған арнап үлкен той жасаймыз, аталарыңды, аға –көкелеріңді, нағашыларыңды шақырдық. Саған бүгін нағашыларың бәсіреге берген тайыңды әкеп бермекші. Немересі: Алақай, менің тайым бар енді, мен тайға мінемін. (Үйден әріректе отырған атасы шақырады). Атасы: Алижан, балам, бері кел. Сенің тор құлының өсіп тай болыпты. Сен де енді үлкен жігіт болдың. Осы шаңырақтың жалғасы сенсің, сондықтан бүгіннен бастап, бар жауапкершілікті саған тапсырамын. Осы үйдің де, малдың да иесі сенсің, балам. Бүгін ауылдың үлкендері мен нағашыларыңды тойға шақырдым, сенің жігіт болғаныңды көрсін, тізгін ұстап, тайға мінгеніңді көрсін. Әжесі келеді: Атасы, міне баламызға арнап, ақ киізден тоқым бастым. Әжесінің қолынан шыққан тоқымды ашамайына ерттесін. Самаурын маңайында жүрген келіншектер: Апа, қонақтар келе жатыр! - Алпамыстың нағашы жұрты секілді, жетектеген тайлары бар. Атасы: Ал , балам, қонақтарды қарсы алайық Қонақтар кіреді./2-3 адам/ - Ассалаумағалейкум! - Уағалейкум ассалам! - Мал жан аман ба? - Шүкір, шүкір. Нағашысы: - Алижан жиеніміз жігіт болыпты. Қайырлы болсын! - Ия, бәсіреге берген құлынымыз өсіп, тай болды. Енді сол тайымызды иесіне ұстатайық деп келдік. Алижанның әкесі ер тоқымды әкеледі. Әкесі: - Мынау Алижанның ашамай ерін өзіне арнап, Әсет шеберге жасаттым. Атасы: - Аа, бәрекелді, құтты болсын! Нағашылар жағы: - Ия, ашамайға мінбеген бала, бала ма?! - Жігіт болды деген осы. Атасы: - Ал, енді өзің ерттеп бер! Мен немереме батамды берейін (Немересіне қамшы береді. Немересі қамшыны алып, басын иеді). Ал, ақ тілек, ақ тілек, Атқа тоқым сал білек, Атқа жақсы шаба біл, Жасыңнан малды баға біл, Өнеге, өнер таба біл, Аймағыңа жаға біл, Жолсыз жерде жол баста, Жаугерлік болса, қол баста, Сәйгүлігің сай болсын, Тілегім осы, ие Алла! (Бәрі қол жайып, «Әмин» дейді.) (Әкесі баланы атқа отырғызып, жетектеп бір айналдырады. Сол кезде келіншектер шашу шашады.) Нағашысы: -Ие, бәрекелді, мен де жиеніме батамды берейін: Бәсіре тайың пыраққа айналсын! Мінген ашамайың таққа айналсын! Айналаң толы қауым болсын! Лайым жолың болсын! Тілейік біз ақ тілек, Атқа жақсы шаба біл! Жасыңнан малды баға біл! Оқу-өнер таба біл! Ел-жұртыңа жаға біл! Әумин, жолың ақ болсын! – деп бата береді. Атасы: - Уа, жұртым, Алижанның нағашы жұрты, міне, менің балам ер жетті, қолына тізгін алды. (Бір топ бала асық ойнап жүреді.Осы кезде ағасы келеді.) Ағасы: Асығың алшыннан түсті ме?! Асық ойнауға жүйрік екенсіңдер.Жарайсыңдар!Ал,мақал-мәтелге қалайсыңдар?! Балалар: Мен білемін,менде білемін,мен айтайыншы... Ағасы: Әп-бәрекелді.Онда жарыс болсын.Жеңген адамға кәде сыйым бар. Балалар: Біз дайынбыз.Біздің ауылдан Тоғжан шықсын.Біздің ауылдан Тұрар шығады.Бізден Ербол шығады. Ағасы: Олай болса бастайық. (Үш адам шығып мақал-мәтел айтып,жарысады.Ағасы жеңген адамға кәде сыйын табыстайды.Осы кезде топ болып қыздар келеді.) Ағасының достары: Жүсіп,қарашы көрші ауылдың қыздары келіпті. (Жігіттер ортаға келіп,жиналады,қарсы бетте қыздар жиналады.Құдаша әні орындалады. Бір жігіт шығып ойын ойнасақ қалай болады дейді.Ияяя,ойнайық деп бәрі келіседі.) ОЙЫН МАЗМҰНЫ Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушыар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді. (Жеңілген адамдар өнерлерін көрсете береді.) Поэзия Домбырамен күй ойналады. Хор (Ән кезінде барлығы сахнаға шығып,аяқталады) |