Главная страница
Навигация по странице:

  • «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

  • Колдасова Баянсулу 005-2к группасы Жалпы медицина мектебінің 1 курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы

  • 1 нұсқа 1 тапсырма. Тест түріндегі сұрақтар (1 дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаппен). Әр сұраққа– 3 балл.

  • 2 тапсырма. Суретте 5 қадам. 1 қадам-5 балл

  • Анатомиялық құрылым№1 - Бұл қолқаның кеуделік бөлігінің висцеральды бронхтық тармақтары - rr . bronchiales pars thoracicae aorta

  • Анатомиялық құрылым№2

  • Анатомиялық құрылым№4

  • 3 тапсырма. Жағдайлық есептерді шығару. Дұрыс шығарылған бір есеп үшін -15 балл 1 есеп

  • Сұрақ: Осы анастомоздың пайда болуына қатысатын тамырларды атаңыз.Жауап

  • Анатомия. Анатомия кафедрасы


    Скачать 0.65 Mb.
    НазваниеАнатомия кафедрасы
    АнкорАнатомия
    Дата04.03.2021
    Размер0.65 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 нұсқа.docx
    ТипДокументы
    #181711








    «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
    НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»


    Анатомия кафедрасы

    Әдістемелік жұмыс

    Редакция: 1

    беттің -ші беті




    Колдасова Баянсулу

    005-2к группасы

    Жалпы медицина мектебінің 1 курс студенттеріне арналған

    әдістемелік нұсқау
    Тақырыбы: Кеуделік қолқа: париеталды және висцералды тармақтары, қандандыру аймақтары. Үлкен қан айналым шеңберінің веналары. Жоғарғы қуыс вена: түзілуі, құйылыстары, топографиясы.

    1 нұсқа

    1 тапсырма. Тест түріндегі сұрақтар (1 дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаппен). Әр сұраққа– 3 балл.


    1. Жоғарғы қуыс вена қандай веналардың қосылуынан құралған:

    1. оң ішкі мойындырық венаның

    2. сол бұғана астылық венаның

    3. сол иық-бас венасының

    4. сыртқы мойындырық венаның

    5. оң иық-бас венасының




    1. Қолқаның кеуделік бөлігінің тармақтары:

    1. алдыңғы қабырғааралық артериялар

    2. артқы қабырғааралық артериялар

    3. көкбауыр артериясы

    4. жоғарғы көкеттік артерия

    5. бел артериялары



    1. Қолқаның кеуделік және іштік бөлігінің шекарасының орналасу деңгейі:

    1. I кеуделік омыртқа

    2. көкет

    3. I — II бел омыртқалары

    4. IV бел омыртқасы

    5. сегізкөз-мықын қосылыстары




    1. Қолқаның кеуделік бөлігінің висцералды тармақтары:

    1. a.phrenica inferior

    2. rr.bronchiales

    3. rr.oesophageales

    4. rr.pericardiaci

    5. rr. tubarii




    1. Әр артқы қабырғааралық артериясынан бөлінеді:

    1. r.сutaneus medialis

    2. rr.bronchiales

    3. rr.perforantes

    4. r.dorsalis

    5. rr.mamarii lateralis




    1. Қолқаның париеталды тармақтары

    1. a.phrenica superior

    2. a.phrenica inferior

    3. rr.oesophageales

    4. rr.mediastinales

    5. aa.intercostales posteriors




    1. Бас пен мойын ағзаларынан ағатын вена:

    1. мойындырық

    2. бұғанаастылық

    3. қолтық

    4. төменгі қуыс

    5. жартылай сыңар




    1. Лабиринт венасының шығатын орны:

    1. мойындырық тесігі

    2. айдаршықтық тесігі

    3. ішкі есту жолы

    4. жыртық тесігі

    5. дөңгелек тесік




    1. Ішкі мойындырық вена ненің жалғасы:

    1. сигматәрізді қойнаудың

    2. шеткі қойнаудың

    3. жоғарғы тасты қойнаудың

    4. төменгі тасты қойнаудың

    5. көлденең қойнаудың




    1. Диплоеалық веналардың құятын жері:

    1. жоғарғы сагитталды қойнау

    2. көлденең қойнау

    3. сынатәрізді-шекелік қойнау

    4. төменгі тасты қойнау

    5. жоғарғы тасты қойнау




    1. Vena azygos құяды:

    1. бұғанаасты венаға

    2. жауырынасты венаға

    3. ішкі мойындырық венаға

    4. жоғарғы қуыс венаға

    5. лабиринт венасына




    1. Vena jugularis interna-ның бассүйек сыртылық құйылыстары:

    1. vena labirinthi

    2. venae pharyngeae

    3. vena facialis

    4. venae diploicae

    5. vena thyroidea superior




    1. Веналық қан бассүйек қуысынан ағады:

    1. алдыңғы мойындырық венасына

    2. ішкі мойындырық венасына

    3. омыртқа венасына

    4. шығарушы веналарға (эмиссарлы)

    5. жартылай сыңар венаға




    1. Мидың қатты қабығының қойнаулары бастың сыртқы веналарымен келесі веналар арқылы анастомоз құрайды

    А. vena lingualis

    Б. venae diploicae

    В. venae emissariae

    Г. vena ophtalmicae

    Д. venae epicranialis
    15. Омыртқалық веналық өрімдер бөлінеді:

    1. оң және сол

    2. алдыңғы және артқы

    3. сыртқы және ішкіі

    4. беткей және терең

    5. медиалды және латералды


    2 тапсырма. Суретте 5 қадам. 1 қадам-5 балл








    Анатомиялық құрылым№1 -

    Бұл қолқаның кеуделік бөлігінің висцеральды бронхтық тармақтары - rr. bronchiales pars thoracicae aorta



    Анатомиялық құрылым№2 – бұл қолқаның клапаны - valva aorta



    Анатомиялық құрылым№3 –

    бұл қолқаның кеуделік бөлігінің париетальды артқы қабырғааралық тармақтары - aa. intercostales posteriors pars thoracicae aorta



    Анатомиялық құрылым№4 – бұл ағзадағы ең үлкен артерия қолқа - aorta



    Анатомиялық құрылым№5 – бұл қолқаның кеуделік бөлігінің висцеральды өңештік тармақтары - rr. esophageales pars thoracicae aorta



    3 тапсырма. Жағдайлық есептерді шығару. Дұрыс шығарылған бір есеп үшін -15 балл

    1 есеп

    Жоғарғы немесе төменгі қуыс вена бойымен веналық ағым бұзылған жағдайда, жұлын өзегінде және жұлын бағанасының айналасында кава-кавальды анастомоз дамиды.

    Сұрақ:

    Осы анастомоздың пайда болуына қатысатын тамырларды атаңыз.

    Жауап: Кава-кавальды анастомоз жоғарғы немесе төменгі қуыс веналарының ағымы бұзылған жағдайдағы қан айналымын қамтамасыз етеді. Үш негізгі анастомоз бар:

    - іш қуысының алдыңғы қабырғасында жоғарғы және төменгі эпигастрий веналары арасында, беткей эпигастрия венасы мен кеуде-эпигастрия веналары арасында.

    - құрсақ қуысының артқы қабырғасында бел тамырларының бастамасы (төменгі қуыс венаның салалары) мен жоғарғы бел тамырлары (сыңарлы мен жартылай сыңарлы веналар (жоғарғы қуыс вена кава жүйесінен)) анастомоздалған .
    2 есеп

    Дене қуыстарында қан тамырлар ағзаларды ғана емес, сонымен қатар олардың қабырғаларын да қанмен қамтамасыз етеді, сәйкесінше олар висцеральды және париеталды болып бөлінеді.

    Сұрақ
    Қолқаның кеуде бөлігінің париетальды және висцеральды тармақтарын атаңыз. Кеуде қуысы мен құрсақ қуысына ортақ қабырға ішінде қандай жүйеаралық анастомоз түзіледі?

    Жауабы: Висцеральды тармақтар:

    1. Жүрекқаптық тармактар (rr.pericardiaci)

    2. Өңештік тармақтар (rr.oesophageales)

    3. Көкірекаралықтық тармақтар (rr.mediastinales)

    4. Бронхтық тармақтар (rr.bronchiales).

    Париетальды тармақтары:

    1. Жоғарғы көкет артериясы (a.phrenica superior)

    2. Артқы кабырғааралық артериялар (aa.intercostales posteriores).

    Қолқаның кеуделік бөлігінің париетальды тармақтары - бұғанаасты және қолтық артериялары жүйелерінен шыққан қабырғааралық тармақтары мен 10 жұп артқы қабырғааралық артериялар анастомоз түзеді. Кеуде қуысының төменгі қабырғасында диафрагмада - бір-бірімен a. musculophrenica, a. pericardiacophrenica(из системы подключичной арте­рии) с a. a. phrenicae superiores және кеуде қолқасының 5 - 6 төменгі артқы қабырғааралық артериялары және қолқаның құрсақ бөлігінің a.phrenicae inferiores аностомоз құрады.


    Әзірлеуші: лектор Дәрмен Н.Ж.


    написать администратору сайта