Главная страница
Навигация по странице:

  • Қапленбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің басшысы, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор

  • Қапланбек жоғары аграрлық- техникалық колледжінің «Ветеринариялық санитарлық сараптау» пәнінің оқытушысы Аширбаев Ибрагим Есеркеповичтың

  • Қапленбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ғылымдарының кандидаты. С.А.Шаймерденов

  • Аширбаев Ибрагим-пікір. апланбек жоары аграрлы техникалы колледжіні Ветеринариялы санитарлы сараптау пніні оытушысы Аширбаев Ибрагим Есеркеповичты


    Скачать 21.32 Kb.
    Названиеапланбек жоары аграрлы техникалы колледжіні Ветеринариялы санитарлы сараптау пніні оытушысы Аширбаев Ибрагим Есеркеповичты
    Дата27.02.2023
    Размер21.32 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАширбаев Ибрагим-пікір.docx
    ТипДокументы
    #957199






    Қапланбек жоғары аграрлық-

    техникалық колледжінің «Ветеринариялық санитарлық сараптау» пәнінің оқытушысы

    Аширбаев Ибрагим Есеркеповичтың

    жұмысына берілген


    ПІКІР

    Аширбаев Ибрагим Есеркепович оқу-тәрбиелік нормативтік-құқықтық базасын толық игерген, өз мамандығын жетік меңгерген тәжірибесі мол ұстаз. Өзі сабақ беретін пәндерінде студенттің дербес (жеке) ерекшеліктерін оқыту үрдісінің барлық формалары мен әдістерінде ескере отырып білім береді.

    Оқыту технологиялары, көптеген педагогикалық инновациялық іс-тәжірибелер, авторлық мектептер және жаңашыл- мұғалімдердің проблемалары жан-жақты талдауды және жүйелеуді талап етеді. Дербес тәсіл-бұл оқыту ұстанымы, ал оқытуды дербестендіру осы ұстанымды өзіндік формасы мен әдістері арқылы іске асыру.Оқыту бірдей бағдарламамен жүреді, бірақ әр студентке дербестендіру формасы мен әдістері қолданылады. Колледжімізге әр өңірден білім деңгейі әр түрлі білім алушылар келіп оқуда. Аширбаев Ибрагим Есеркепович өз сабақтарында дербес оқыту технологиясын қолдануы, осы білім деңгейінің ерекшеліктерін толық қамтып өтеді. Бұл тәсілді сабақтарында қолданғалы білім алушылардың потенциалды мүмкіндіктерін толық іске асыруға ықпал етуде. Білім алушылар оқуға деген білім мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін жүйелі түрде қалыптасуда.

    Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай,- «қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз».

    Оқытушының дәріс барысында өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениеті мен білім алушылармен қарым-қатынас мәдениеті жетілгендігін және өз пәнін терең меңгергендігін көрсете білді. Білім алушыларды ұйымдастыру барысында үй тапсырмасын жүйелі орындауына, өздігінен іздену жұмыстарына және жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды қатар алып жүруге дағдыландырды.Әріптестері, білім алушылар мен ата-аналары арасында еңбегі сіңген беделге ие.

    Қапленбек жоғары аграрлық-техникалық

    колледжінің басшысы, ветеринария

    ғылымдарының докторы, профессор,

    ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. Е.Қ.Қанжігітов





    Қапланбек жоғары аграрлық-

    техникалық колледжінің «Ветеринариялық санитарлық сараптау» пәнінің оқытушысы

    Аширбаев Ибрагим Есеркеповичтың

    жұмысына берілген



    ПІКІР
    Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді оқытушы ізденісі арқылы студент қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

    Колледждегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті - студенттердің жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр студентті жеке тұлға ретінде дамыту. Әр колледж білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.

    Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. 

    Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. Осыған орай Аширбаев Ибрагимнің білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту алға қойған мақсаттарының бірі. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау Аширбаев Ибрагимнің басты міндеті болып табылады.

    Қазіргі кезде вереинаря саласы да басқа салалар сияқты жахандық қарқынды дамуда, ауруды анықтаудың, емдеудің әр түрлі әдістері үнемі жаңарып отыруда. Осыған байланысты Аширбаев Ибрагимнің өз сабақтарында білім алушыларға мамандық бойынша жаңа ақпараттармен ақпараттандырып отырады. Колледждегі жаңа заманауи құрал-жабдықтарды, техникаларды сабақ өту барысында үнемі тиімді пайдаланып отыр.

    Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Осы мақсатта Аширбаев Ибрагимнің еренбей үнемі ізденіспен еңбек етуде.
    Қапленбек жоғары аграрлық-техникалық

    колледжінің басшысы, ветеринария

    ғылымдарының докторы, профессор,

    ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. Е.Қ.Қанжігітов




    Қапланбек жоғары аграрлық-

    техникалық колледжінің «Ветеринариялық санитарлық сараптау» пәнінің оқытушысы

    Аширбаев Ибрагим Есеркеповичтың

    жұмысына берілген



    ПІКІР
    Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты – студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың жеке шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру.

    Кредиттік-модульдік оқыту жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыру іс-әрекеті білім алушылардың өзіндік жұмыстар сипатын нығайтып, аудиториялық сабақтардың көлемін қысқарту болып табылады. Мұнда негізгі міндет білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінде өзбетімен білім алу және өзбетімен даму қабілеттерін дамыта, кәсіби еңбегіне қажетті ақпараттарды жүйелі меңгерумен шектелмей, ол білім көзін қабылдау мен қолдануда сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыруға бағыттайды. Олай болса, бір кредиттегі аудиториялық сағаттардың саны азайып, өзіндік жұмысқа бөлінген сағат көлемі мәнді өзгеріп отыруына да мүмкіндігі бар. 

    Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» академия оқу үдерісін толығымен реформалады, осылайша оны жаңа жоспарлаушы және реттеуші құжаттамамен қамтамасыз етті. Аширбаев Ибрагим Есеркепович өз пәнінде кредиттік оқыту жүйесін кеңінен қолдануда.

    Ибрагим Есеркепович сабақ өту барысында білім алушылардың білімін, тәжірбиелік дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытудың жаңа тиімді технологияларын үнемі пайдаланып отырады. Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі артықшыларының бірі болып студенттер оқытушыларды таңдау мүмкіндігіне ие болады. Ибрагим Есеркепович сабақ беретін топтармен қарым-қатнасы өте жақсы, студенттер өз ойларын еркін айтады және мамандыққа деген қызығушылығының артуы айқын байқалады.

    Қапленбек жоғары аграрлық-техникалық

    колледжінің басшысының оқу ісі жөніндегі

    орынбасары, ғылымдарының кандидаты. С.А.Шаймерденов






    Қапланбек жоғары аграрлық-

    техникалық колледжінің «Ветеринариялық санитарлық сараптау» пәнінің оқытушысы

    Аширбаев Ибрагим Есеркеповичтың

    жұмысына берілген


    ПІКІР
    Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технологияда бірінші орында оқушы туралы және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударады.

    Деңгейлеп оқыту әр студентке өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін студент деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу студенттердің өз бетінше, ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарға баулиды, қиялын, ойын ұштайды.

    Қазіргі кезеңде студенттерге сапалы білім бермейінше, заман сұранысын қанағаттандырып, экономиканың дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Колледжіміздің басты мақсаты – білімді, жаңа идеялармен қаруланған кәсіби мамандарды даярлау болып табылады. Бұл студенттің кәсіби, технологиялық дайындығы ғана емес, сонымен қатар оның білімінің жан-жақтылығы мен ақпараттық мәдениеті жоғары, яғни компьютерді еркін меңгеруі, интернет ресурстарын пайдалана білуі, оқытудағы жаңа технологияларды меңгеруі.

    Ибрагим Есеркепович сабақ өту барысында стунеттерге өзіндік жұмыстарды орындауды көп пайдаланады. Себебі студент теорияда алған білімін тәжірбиемен ұштастырмаса, алынған білім нақтыланбайды. Осы мақсатта зертханалық-практикалық сабақтарды, өндірістік практикаларды осы оқыту технологиясын ұтымды пайдалануда.

    Аширбаев Ибрагим білім алушыларға деңгейлі тапсырмалар беріп отырады. Бұл деңгей – барлық студенттердің шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында модульді меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Студенттер бір курста бір бағдарлама бойынша білім ала отырып, қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді талдауға мүмкіндік табады. Пән бойынша деңгейлі тапсырмалар дайындалған. Сонымен бірге студенттер төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге ұмтылуы Аширбаев Ибрагим сабақтарында айқын байқалады.
    Қапленбек жоғары аграрлық-техникалық

    колледжінің басшысы, ветеринария

    ғылымдарының докторы, профессор,

    ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. Е.Қ.Қанжігітов


    написать администратору сайта