каржылык жсопарлау. каржылык жоспарлау. аржылы жоспарлау, оларды тапсырмалары жне принциптері, аржылы жоспарлауды басты дістері жоспар
Скачать 1.96 Mb.
|
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ, олардың тапсырмалары және принциптері, қаржылық жоспарлаудың басты әдістері ЖОСПАР: Қаржылық жоспарлау түсінігі Қаржылық жоспарлау тапсырмалары(мақсаттары мен міндеттері) және оның сипатталуы Қаржылық жоспарлау принциптері Қаржылық жоспарлау әдістері 1 2 4 3 Қаржылық жоспарлауды жетілдіру бағыттары 5 Қаржылық жоспарлау түрлері 6 Тақырыпқа байланысты тапсырмалар мен есептер 7 Қаржылық жоспарлау түсінігі Қаржылық жоспарлау Бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік пен үйлесімділік ұғымдарына анықтама беріп өтсек. Теңгерімділік мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Үйлесімділік кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы қатынасты айтамыз. Қаржылық жоспарлау мақсаттары 1. Қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін анықтау; 2. Олардың көлемін анықтау; 3. Аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру; 4. Резервті қаржы көздерін қалыптастыру. Қаржылық жоспарлаудың міндеттеріне шаруашылық субъектлерді дамыту мақсатында теңгерімділік пен үйлесімділікке қол жеткізу жатады. Қаржылық жоспарлау — бұл экономиканы басқарудың маңызды функциясына жатады. Ол мемлекеттің билік органдары арқылы сонымен қатар шаруашылық субъектілер арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлау көп жағдайда болжамдау негізінде жүзеге асырылады. Қаржылық жоспарлау міндеттері Экстенсивтілігімен Қарқындылығымен Тиімділігімен сипатталады
ЖОСПАРЛАУ: а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады; ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі); б) нөлдік база (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі). Қаржылық жоспарлау тәсілдері Қаржылық жоспарлау принциптері:
Қаржылық жоспарлау әдістері Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу ең алдымен салықтық, бюджеттік, банктік, кедендік және монополияға қарсы саясаттың жүргізілуімен қамтамасыз етіледі. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі басты ролді қаржылық жоспарлау оның ішінде индикативті жоспарлау алады. Индикативті қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаты - мемлекеттің қызметін жүзеге асыруға бағытталған қаржы ресурстарының көлемі мен бағыттарын анықтау. Индикативті қаржылық жоспарлау тек мемлекеттік сектор үшін ғана міндетті болып, ал экономиканың басқа секторлары үшін – ұсыныстар сипатында болады. Кәсіпкерлік буындар өзінің шаруашылық –коммерциялық қызметінде жоспарлауда бизнес — жоспарды пайдаланылады. Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық, экономикалық негізіне сәйкес болатын құжат. Қаржылық жоспарлау түрлері
“СӨЗДЕР ТАБУ” ойыны
Стратегия, жоспар, депозит, есепшот, касса, несие, қарыз, заң, банк, салық, баланс, инфляция, процент, нарық, қаржы, чек, акция, инвестор, стартап, табыс, капитал, шарт.Жасырылған сөздер: Тест
А) бұл қаржылық қатынастардың жиынтығы, сонымен қатар ақша қаражатының жиынтығы; В) жалпы қоғамдық өнiмдi бөлу және қайта бөлу кезiнде мемлекеттiк және басқа да экономикалық агенттер қалыптасатын ақша қорлары; С) бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас бөлігі; D) қаржылық әдiстермен құрылған, белгiлi бiр қажеттiлiктердi қанағаттандыруда пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары; E) орталықтанған және орталықтанбаған қорларды қалыптастыру бойынша жеке, заңды тұлғалар және мемлекет арасындағы ақшалай қатынас. 2. Теңгерімділік дегеніміз не? А) мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас; В) бұл қаржылық ақпаратқа, мысалы, компанияның аудиттелген қаржылық есептілігіне қол жетімділік және дұрыс ашу; С) кез келген мәселеде анықтықты, дәлдікті, ашықтықты білдіретін ұғым; D) кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы қатынас; E) кәсіпорында өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару үрдістері еңбек қызметі сияқты тоқтаусыз, тұрақты жүргізіліп отыруы. Тест 3. Үйлесімділік дегеніміз не? А) мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас; В) бұл қаржылық ақпаратқа, мысалы, компанияның аудиттелген қаржылық есептілігіне қол жетімділік және дұрыс ашу; С) кез келген мәселеде анықтықты, дәлдікті, ашықтықты білдіретін ұғым; D) кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы қатынас; E) кәсіпорында өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару үрдістері еңбек қызметі сияқты тоқтаусыз, тұрақты жүргізіліп отыруы. 4. Қайсысы қаржылық жоспарлау мақсатына жатпайды? А) Қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін анықтау; В) Резервті қаржы көздерін қалыптастыру; С) Ағымдағы және келешек мерзiмде компанияның меншiк иелерiнің әлауқатын максимизациялануын қамтамасыз ету; D) Қаржылық ресурстардың көлемін анықтау; E) Аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру. Тест 5. Қаржылық жоспарлаудың негізгі міндеті қандай? А) фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтау; В) фирманың оңтайлы қызмет ету тәртібін анықтау; С) фирма акцияларының бағамдық құнын жоғарылату; D) қызмет аясын, сонымен бірге ұсынылатын өнімдер мен қызмет көрсетулерді сипаттау; E) шаруашылық субъектлерді дамыту мақсатында теңгерімділік пен үйлесімділікке қол жеткізу. 6. Қаржылық жоспарлау немен сипатталады? А) тиімділігімен; В) айқындылығымен; С) салыстырмалылығымен; D) толықтылығымен; E) дәйектілігімен. 7. Жоспарлаудың экстенсивтілігімен сипатталуы дегеніміз не? А) техника мен әдістерді қолданумен түсіндіріледі; В) қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді; С) қызмет аясын, сонымен бірге ұсынылатын өнімдер мен қызмет көрсетулерді сипаттауын білдіреді; D) әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды; E) алдыңғы кезеңде пайданың тұрақты нормасына жетуді түсіндіреді. Тест 8. Жоспарлаудың қарқындылығымен сипатталуы дегеніміз не? А) техника мен әдістерді қолданумен түсіндіріледі; В) қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді. С) қызмет аясын, сонымен бірге ұсынылатын өнімдер мен қызмет көрсетулерді сипаттауын білдіреді; D) әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды; E) алдыңғы кезеңде пайданың тұрақты нормасына жетуді түсіндіреді. 9. Қаржылық жоспарлау тәсілдеріне қайсылары жатады? А) өндірістік, тәуекелдік, базалық; В) автоматтық, статистикалық, нөлдік; С) салалық, аймақтық, ұлттық; D) жай, күрделі; E) факторлық, стахостикалық. 10. Қайсысы қаржылық жоспарлау мақсатына жатпайды? А) Жүйелік жоспарлау; В) Бейтараптық; С) Үздіксіздік; D) Икемділік; E) Дәлдік. Тест 11. Қаржылық жоспарлаудың қанша әдісі бар? А) 3; В) 5. С) 2; D) 4; E) 6. 12. Қаржылық жоспарлаудың нормативтік әдісі дегеніміз не? А) келешектегі даму көрсеткіштерін нақты көрсеткіштердің динамикасы негізінде анықтау; В) жоспарлауда аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалану – сарапшылардың тәжірибесін пайдалану; С) жоспарлы көрсеткіштері бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде есептеліп шығарылуы; D) шығындардың олардың жабу көздерімен үйлесуін қарастырылуы; E) ақты мақсат пен оған жетудің жолдары анықталған бағдарламалы тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын әдіс. 13. Қайсысы қаржылық жоспарлау түріне жатпайды? А) оперативтік; В) перспективалық; С) стратегиялық; D) ағымдық; E) айналым. Тест 14. Қаржылық жоспарлаудың баланстық әдісі дегеніміз не? А) келешектегі даму көрсеткіштерін нақты көрсеткіштердің динамикасы негізінде анықтау; В) жоспарлауда аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалану – сарапшылардың тәжірибесін пайдалану; С) жоспарлы көрсеткіштері бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде есептеліп шығарылуы; D) шығындардың олардың жабу көздерімен үйлесуін қарастырылуы; E) ақты мақсат пен оған жетудің жолдары анықталған бағдарламалы тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын әдіс. 15. Индикативті қаржылық жоспарлау қандай сектор үшін міндетті болып табылады? А) мемлекет; В) кәсіпорын; С) жеке кәсіпкерлік; D) ЖШС; E) өндірістік. ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ:1. С 2. A 3. D 4. C 5. Е 6. А 7. D 8. А9. В 10. В 11. Е 12. С 13. Е 14. D 15. АЕсеп №1Берілгені: ЖШС «Арас» есепті кезең ішінде өнімді өткізуден 7500 мың тенге түсім көрді, өндіріс шығындары 3200 мың тенгені құрады. ЖШС «Арас» барлық капиталының құны 5450 мың тенге. Капиталдың жалпы құнындағы меншік капиталының үлесі 64 %-ті құрайды, негізгі өндірістік қорлар үлесі 30%. Салықтық аударымдар сомасы 1580 тенге.Анықтау керек: Өнімді өткізуден түскен түсім; Таза табыс; Меншік капитал сомасы; Өндірістік қорлар сомасы; Меншік капиталдың рентабельділігі; Өндіріс рентабельділігі; Өнімнің рентабельділігі.Есеп №1 Шешуі: Өнімді өткізуден түскен түсім = 7500 – 3200 = 4300 мың теңге Таза табыс = 4300 – 1580 = 2720 мың тенге Меншік капитал сомасы = 5450 * 64% = 3488 мың тенге Өндірістік қорлар сомасы = 5450 * 30% = 1635 мың тенге Капитал рентабельділігі = Өнімді өткізуден түскен түсім / активтер *100% = =7500/ 5450 * 100 = 137,6% Өндіріс рентабельділігі = Табыс /өзіндік құн *100%=7500/3200* 100 = 234,3% Өнімнің рентабельділігі=Өнімді өткізуден түскен түсім/таза табыс*100%= =7500/ 2720* 100% = 275,7%. Назарларыңызға рахмет! |