_Көңілді информатика_ сыныптан тыс шара жоспары. Армысыдар, бгінгі кешке жиналан ауым! тарып ауыр бейнеттен
Скачать 30.26 Kb.
|
Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым! Құтқарып ауыр бейнеттен Техниканы үйреткен Роботтай –адамды Тіл бітіріп сөйлеткен Компьютер емей немене Білмегенді білдірген Өлшеп киім кигізген Барлық істі атқарып Пайдасын елге тигізген Компьютер емей немене Бәріңіз маған қараңыз! Ойынымызды бастайық Алуан түрлі ойларды Ортамызға тастайық. Информатика пәнінен Көрсетіп біздер батырлық Ой толғалық жүйелі Таңдайымызға татырлық Сабақтың тақырыбы: «Көңілді информатика» Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты: Білімділігі: сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Дамытушылығы: ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу. Тәрбиелілігі:Оқушылардың қарсыласын бағалай білуге, топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай білу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті конверт, смайликтер. Сабақ барысы: Ұйымдастыру: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Көңілді информатика» атты сыныптан тыс сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Осы жерде сайысқа төрелік ететін мұғалімдерді ортаға шақырайық: Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Оқушылар ортаға шығып жылулық шеңберін құрап, бір-бірлеріне жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, дайын турған смайликтерді алып, оның артындағы жазуына қарайды.«Модем» жазуы барлар бір топқа, «Ғаламтор» жазуы барлар екінші топқа біріктіріледі. І-топта 5 бала, ІІ-топта 6 бала. Балалар бөлініп екі жаққа отырамыз, және өздерін араларынан топ басшысын сайлап аласыздар. «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады, Ренжімей тараса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау, Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау!»- дей келе сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін. І-тур: «Тапқырлық» ІІ-тур: «Адасқан әріптер» ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі» ІV-тур: «Бәрін білгім келеді» V-тур: «Сұрақтар патшалығы» І-тур: «Тапқырлық!» Сайыстың бұл кезеңінде араларынан сайлап алған екі топ басшысы шығып мына столдан дайын тұрған конверттерді ашамыз, ішіндегі карточкаларды алып топтарына қарап оқисыңдар жұмбақтарды , бірге жауап бересіздер. Әрбір дұрыс шешілген жұмбақ жауабына 10 ұпайдан беріледі. 1-топқа Жануарға ұқсас атым бар, Бағдар көрсетер затым бар. Кілемше үстінде тұрамын, Ең қажетті құралмын... (Тышқан) Жұртты өзіне қаратқан Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер) Мәліметті сұраған, Экранға шығарған... (монитор) Егер білсең,айта қойшы Бұл қандай құрылғы Ақпаратты қағаздағы Компьютерге енгізеді. (Сканер) Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары. Қыдырмашы біреуі, Бір күн бар да,бір күн жоқ. Соны есепке алсақ Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір) 2-топқа Бұтақ орнында мың бір инесі, Компьютер жаны мекені. (кактус) Компьютермен енеді, Қағазға басып береді... (принтер) Төрт бұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек (монитор) Саусақтарды билететін Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта) Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын Қорқақ компьютердің кенже баласы ? (тышқан) ІІ-тур: «Адасқан әріптер!» Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге5 ұпайдан беріледі. «Интернет» тобына «Модем» тобына •ЕОДМЕ •ИМРКООНФ •ОНТИРМО •АКЬЛУКТОЯЛР •РСУИВ •ИТНРНЕТЕ •ЫШТАҚН •ЕРНПЕАҚТАТ •РИНПРЕТ •ОЛОКНАК •ҚАПРАТА •МЕАРКА Дұрыс жауаптары: •МОДЕМ •МИКРОФОН •МОНИТОР •КАЛЬКУЛЯТОР •ВИРУС •ИНТЕРНЕТ •ТЫШҚАН •ПЕРНЕТАҚТА •ПРИНТЕР •КОЛОНКА •АҚПАРАТ •КАМЕРА ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі!» бұл бөлімде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі интерактивті тақтада, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс шешілген мақалға 10 ұпай беріледі. 1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала) 2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады) 3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес) 4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім) 5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра) 6. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды) 7. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл) 8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады) ІV -тур: «Бәрін білгім келеді!»Интерактивті тақтада бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген. Әрбір ұяшықтағы сұрақтардың тақырыбына сай сұрақтар беріледі. Ұяшықтардағы сұрақтарға дұрыс жауап берген топ ұяшық ұпайын ала алады, егер жауабы дұрыс болмаса келесі топ жауап беріп ұпайын иеленуге құқылы. 1. Ғалымдар: 10 ұпай – Компьютердің атасы? (Чарльз Бэббидж) 20 ұпай - 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым? (Блез Паскаль) 30 ұпай – Ең алғашқы программист кім? (Ада Лавлейс) 2. Тарих: 10 ұпай - Бұл санау құрылғыларын Римдіктер «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар «соробан»деп ал біздің елімізде не деп атаған?(шоттар) 20 ұпай - ЭНИАК машинасын кімдер, қайда, қай жылы құрастырды? (АҚШ-та, Пенсильван университетінде, 1943-1946жж) 30 ұпай - Ақпарат сөзі қайдан шықты? Мағынасы қандай? (латыннан, түсіндіру, баяндау) 3 Әртүрлі: 10 ұпай – Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл болады? (70 жыл) 20 ұпай – Желтоқсан оқиғасы қашан болды? (1986ж, 16-17 желтоқсан) 30 ұпай – Теңгенің туылған күні (15 қараша 1993ж) Ғалымдар 10 20 30 Тарих 10 20 30 Әр-түрлі 10 20 30 Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер.-деп V-бөлімді бастайық «Сұрақтар патшалығы!» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі. 1. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт) 2. Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін дайындаймыз? (Көшіру, Копировать, Сору) 3. Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window) 4. Монитордың неше түрі бар? (үш, три, фри) 5. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, маус) 6. Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз? ( Мәзір жолағы, Строка меню, Menu) 7. Экранның қоршаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе, Окно, Windows) 8. WORD бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз? (қарындаш, карандаш, pensl) 9. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі, Рабочий стол, Work table) 10.Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа? (Операциялық жүйе, Операционная система, Operation system ) Осымен бес турдан тұратын сайысымыз аяқталды әділқазылар алқасы дайын болғанша мен сендерге логикалық сұрақтар қоя тұрайын: 1. Ағашта саңырауқұлақ кепті, Жаңбыр жауып,оны жұмсартып кетті. 40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді, Тышқан мен тиін 7-н жедің, Қалды екен нешеу, айта ғой? Жауабы: (61саңырауқұлақ) 2. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Үйде неше бала бар ? Жауабы ( 8 бала ) 3. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады ? Жауабы ( 5 бұрыш қалады ) 4. Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай ағашта қалды ? Жауабы ( 10 торғай ) Жетпесіңе жеткізген, Қызықты уақыт өткізген. Бар ғылымды сыйдырып, Білетіні көп бізден. Жаңалықтың жаршысы, Жұртты елең еткізген Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз. топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық. Уақыттарыңызды бөліп, келіп көргендеріңізге көп рахмет! |