Главная страница
Навигация по странице:

  • Мұғалімнің аты-жөні: ГабидуллинН.М 15.02.2023ж Пән/Сынып

  • Қай аптаның нешінші сабағы 5 апта, 5 сабақ Тарау немесе бөлім атауы

  • Сабақтың тақырыбы: Сталиннің тұсында КСРО қалай дамыды Оқу мақсаты

  • Саралап оқыту Ұжымдық жұмыс

  • Уақыты Кезеңдері Тапсырма

  • 09:05-09:11 09:11-09:16 Тәжірибе 1-тапсырма.

  • 5 сабақ. Сталиннің тұсында КСРО қалай дамыды. ашытан оыту кезіндегісаба жоспарыны лгісі


    Скачать 23.28 Kb.
    Названиеашытан оыту кезіндегісаба жоспарыны лгісі
    Дата16.02.2023
    Размер23.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5 сабақ. Сталиннің тұсында КСРО қалай дамыды.docx
    ТипДокументы
    #939500

    ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

    Мұғалімнің аты-жөні:

    ГабидуллинН.М 15.02.2023ж

    Пән/Сынып:

    Дүниежүзі тарихы, 8 сынып

    Қай аптаның нешінші сабағы

    5 апта, 5 сабақ

    Тарау немесе бөлім атауы:

    Еуропа елдеріндегі татолитарлық режимдер.

    Сабақтың тақырыбы:

    Сталиннің тұсында КСРО қалай дамыды?

    Оқу мақсаты:

    8.1.1.2 социалистік қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік топтардың (жұмысшы табы, шаруалар, зиялылар) мәртебесіндегі өзгерісті талдау;

    8.4.2.1 «жоспарлы экономика», «нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып,
    XX ғасыр бірінші жартысындағы капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстыру;

    8.3.1.2 тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру


    Бағалау критерийі:

    социалистік қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік топтардың (жұмысшы табы, шаруалар, зиялылар) мәртебесіндегі өзгерісті талдайды.

    «жоспарлы экономика», «нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып, XX ғасыр бірінші жартысындағы капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстырады

    тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіреді.



    Саралап оқыту

    Ұжымдық жұмыс

    Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


    Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

    Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

    Жеке жұмыс

    Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

    Уақыты

    Кезеңдері

    Тапсырма


    Тапсырманың мақсаты

    Бағалау

    Ресурстар

    1 минут
    09:00-09:01

    Ұйымдастыру

    Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

    Сендер 8 сыныптың дүниежүзі тарихы бойынша Сталиннің тұсында КСРО қалай дамыды? тақырыбымен танысасыздар.

    Бүгінгі сабақта:

    Социалистік қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік топтардың мәртебесіндегі өзгерістерді анықтап, талдаймыз.

    «жоспарлы экономика», «нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстырамыз және тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасуымен таныс боламыз.

    Не меңгеретінін білу үшін




    Арнайы дайындалған презентация


    3-минут
    09:01-09:04



    Жаңа сабақ

    Социалистік қоғамды нығайту барысында Сталиннің тап күресін күшейту туралы тұжырымы репрессиялық, яғни қуғын-сүргін бағдарламасының негізіне айналып, “халық жауларын” әшкерелеумен айқындалды. “Партиямен халыққа жат элементтер” ең алдымен партияның өз арасынан және өзгеше ойы бар зиялылар қатарынан іздестірілді.

    КСРО-дағы тоталитарлық саяси режимнің белгілері:

    • Баршаға міндетті ресми идеологияның болуы;

    • Биліктің партиялық аппараттың қолына шоғырлануы;

    • Партия мен үкімет құрылымдарының нақты бірігуі;

    • Экономиканы ұлттандыру;

    • Саяси оппозиция мен еркін ойға тыйым салу;

    • Қоғам мен тұлғаны жалпы бақылау;

    • Физикалық және психологиялық террор жүйесі;

    • Көшбасшының жеке басына табыну.




    Жаңа тақырыпты меңгеру






    6 минут
    09:05-09:11


    09:11-09:16


    Тәжірибе

    1-тапсырма.

    Берілген термин сөздердің мағынасын анықтаңыз.

    1. Тоталитарлық жүйе -

    2. Жеке басқа табыну -

    3. Репрессия -
    Дескриптор:Білім алушы

    - Тоталитарлық жүйе сөзінің мағынасын анықтайды

    - Жеке басқа табыну сөзінің мағынасын анықтайды.

    - Репрессия термин сөзінің мағынасын анықтайды.

    Жауабы:

    1. Тоталитарлық жүйе - қоғам өмірінің барлық саласы мемлекеттің бақылауында болып, адам бостандықтары мен конституциялық құқықтары жойылған билік жүйесі.

    2. Жеке басқа табыну - бір адамның көзі тірісінде тарихи дамуыдың барысына шешуші ықпал жасайтын рөлін дәріптеу, жеке адамның елді алқалы басқаруды ауыстырып, демократияны жойып, диктаторлық тәртіп орнатуы.

    3. Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары.


    2-тапсырма.

    Капиталистік және социалистік елдердегі экономикалық жүйелерін салыстырыңыз.
    Капиталистік елдегі экономика:

    Социалистік елдегі экономика:
    Дескриптор:Білім алушы

    • Капиталистік елдегі экономиканың ерекшелігін жазады.

    • Социалистік елдегі экономиканың ерекшелігін жазды.


    Жауабы:

    Капиталистік елдегі экономика: бұл өндіріс құралдары жеке меншікте болатын экономикалық жүйе. Өндіріс пен тұтынушылық бағалар «сұраныс пен ұсыныстың» еркін нарықтық жүйесіне негізделген.
    Социалистік елдегі экономика: бұл экономикалық және саяси жүйе, оның негізінде өндіріс құралдары көпшілікке тиесілі. Өндіріс пен тұтыну бағаларын халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекет бақылайды



    Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

    Бағалау критерийлерін ұсыну



    3 минут

    09:16-09:19


    Бекіту

    1. тапсырма.

    КСРО тұсындағы тоталитарлық саяси режимнің 3 белгісін анықтаңыз.

    1 белгісі:

    2 белгісі:

    3 белгісі:

    Дескриптор: Білім алушы

    - КСРО тұсындағы тоталитарлық саяси режимнің 1 белгісін анықтайды.

    - КСРО тұсындағы тоталитарлық саяси режимнің 2 белгісін анықтайды.

    - КСРО тұсындағы тоталитарлық саяси режимнің 3 белгісін анықтайды.
    Жауабы:

    КСРО тұсындағы тоталитарлық саяси режимнің 3 белгісі:
    1 белгісі: Баршаға міндетті ресми идеологияның болуы;

    2 белгісі: Қоғам мен тұлғаны жалпы бақылау;

    3 белгісі: Көшбасшының жеке басына табыну.


    Тақырыпты меңгергенін анықтау

    Бағалау критерийлерін ұсыну




    1 минут

    09 19-

    09 20


    Қорытынды

    Сонымен оқушылар біз бүгін Кеңес одағында шынайы демократиядан алшақ тұрған тоталитарлы әміршіл-әкімшіл жүйе халықты саяси биліктен шеттетіп, мемлекет пен қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін еткендігі туралы білдік. Социализм мен капитализм арасындағы экономикалық айырмашылықтарын анықтадық. Сонымен қоса тоталитарлық саяси режімнің белгілерімен таныстық.












    написать администратору сайта