Главная страница
Навигация по странице:

  • АННОТАЦИЯСЫ Ғылыми жұмыстың мақсаты

  • Зерттеудің өзектілігі

  • Жұмыстың орындалу әдістері.

  • Зерттеудің практикалық маңыздылығы

  • Зерттеудің дербестік нәтижесі

  • АННОТАЦИЯСЫ Цель научной работы

  • Актуальность исследования

  • Результаты независимого исследования

  • Annotation The purpose of the scientific work

  • Methods of performing work

  • Independent research results

  • Әйелдердің әшекей бұйымдары

  • Тұмарша

  • 2.2. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінде кездесетін әшекейлер

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • әшекей бүйымдар жоба. аза халыны зергерлік шекей бйымдары


    Скачать 1.93 Mb.
    Названиеаза халыны зергерлік шекей бйымдары
    Дата29.03.2023
    Размер1.93 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаәшекей бүйымдар жоба.docx
    ТипДокументы
    #1024011


    ОБЛЫС ҚАЛА МЕКТЕП


    Тақырыбы:
    "Қазақ халқының зергерлік әшекей бұйымдары"

    Авторы:

    Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

    2022-2023 оқу жылы

    Пікірі
    Ғылыми жұмыс қазақ халқының зергерлік әшекей бұйымдарының тарихы мен оның жасалу ерекшеліктерін танытуға арналған. Ғылыми жұмыстың көлемі 20 беттен түзілген болып, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

    Зерттеу нәтижелері жергілікті авторлардың ғылыми еңбектерімен байытылған. Алынған ақпараттық деректер мұқият талданып, сарапталуы барлық ақпараттарға жүйелі талдау жасауға мүмкіндік берді.

    Аннотацияда автор жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеттерін айқын анықтаған.

    Еліміздің ертеңі болатын ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен қолға алу керек. Оқушыларға туған мәдениетін, тілімен салт-дәстүрін, патриоттық тәрбие беру және насихаттау, бала бойына сіңіру жолында жол көрсету. Ұлттық әшекей бұйымдарды, отандық әшекейлерді насихаттау, іс жүзіінде қолдану. Оқушымның зерттеу жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады. Оқушы өзінің көргенін түйіндеп қорытынды жасаған.

    Зерттеу әдістемесінің сапасына келетін болсақ, деректі дәлелдер, мысалдар келтірілген. Зергерлердің шеберлігі, ауызша түсіндіруі жақсы. Жұмыс жақсы деңгейде орындалған. Оқырмандарды қызықтыратын фактілер кездеседі. Халқымыздың ауыз әдебиетіне қатысты көптеген еңбектерді басшылыққа алған. Ұлттық құндылығымызды осы салт-дәстүрімізден, қазақ ұлттық киімдерімізді мысалдар келтіре отырып, талдау жасаған.

    Оқушының жұмысын сыныптан тыс іс-шараларда, тәрбие сағаттарда, дүниетану, қазақ тілі  сабақтарында қызықты мәліметтер алу үшін және оқушылардың тіл байлығын арту үшін пайдалануды ұсынып отыр.
      Оқушым, өз жұмысын одан әрі әлі де зерттеп, толықтырады деп ойлаймын.


    Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


    АННОТАЦИЯСЫ
    Ғылыми жұмыстың мақсаты: Ұлттық әшекей бұйымдардың түрлері мен ерекшеліктерін зерттей отырып, тарихи құнды мәліметтер жинақтау. Ұлтымыздың мұрасын сақтауға және оны насихаттауға, көбейтуге үлес қосу.

    Зерттеудің өзектілігі:Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Қол өнерінің басты бір саласы — әшекей бұйымдар жасау. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық әшекейлеріміз әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу), сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы тапсырысы бойынша жасалынып жүр. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз. Мұның барлығы зерттеу тақырыбының өзекті екенін көрсетеді.

    Жұмыстың орындалу әдістері.  Ұлттық әшекей үлгілерімен терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу

    Зерттеу объектісі, заты: Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары.

    Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта қазақтың ұлттық әшекейлеріне деген жастардың қызығушылықтарын арттырып, әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің тарих, өнер пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге де болады.

    Зерттеудің гипотезасы: Егер, Қазақтың ұлттық зергерлік өнері өз дәрежесінде танытылып, көрсетілсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабалар рухы, ұлттық өнер, діл, салт-дәстүріне деген құрметтері артып, таным қабілеттері арта түсер еді.

    Зерттеудің дербестік нәтижесі:

    - Қазақ ұлттық зергерлік өнерінің тарихы терең таныстырылды;

    - Қазақтың ұлттық әшекей үлгілерінің атауларына, жасалуына аса мән берілді;

    - Оларды қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен салыстыра зерттеу жүргізілді;

    - Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері айқындалды.

    АННОТАЦИЯСЫ
    Цель научной работы: сбор исторически ценных сведений с изучением видов и особенностей национальных украшений. Внести вклад в сохранение и пропаганду, приумножение наследия нашей нации.

    Актуальность исследования: ручное искусство казахского народа-богатое сокровище, развивающееся вместе с историей древних времен. Главная область ручного искусства-изготовление украшений. Еще немало казахских национальных украшений, которые с давних времен и до наших дней не теряют своего достоинства и продолжают использоваться не только как передовой образец ручного искусства, но и как красочный и удобный. Некоторые из них носят пожилые люди ежедневно, некоторые используют для развлечения на свадьбах кыз узату, сноху (надевание саукеле на невесту), а многие-по специальному заказу театров. Во всем великолепии и орнаменте казахской одежды, в каждом ее украшении есть неповторимое отражение истории, мысли нашего народа. Это наша национальная культура.
    Методы выполнения работ: Углубленное знакомство с образцами национальных орнаментов, сбор данных, научные исследования, исследовательская

    Объект исследования: Казахские национальные орнаменты. Практическая значимость исследования: материалы, собранные в результате исследования, могут стать полезным вариантом для тех, кто хочет в будущем продолжить изучение и развить интерес молодежи к казахским национальным орнаментам, а также включить их в программу курсов по выбору по предметам истории и искусство школы. Гипотеза исследования заключается в том, что если бы казахское национальное ювелирное искусство было представлено на своем собственном уровне, то у молодого поколения было бы повышенное уважение к духу предков, Национальному искусству, менталитету, традициям и когнитивным способностям.

    Результаты независимого исследования: - Подробно была представлена история казахского национального ювелирного искусства; - Особое внимание было уделено дизайну и оформлению казахских национальных орнаментов


    Annotation
    The purpose of the scientific work: is to collect historical valuable information, studying the types and features of National Jewelry. Contribute to the preservation and popularization of the heritage of our nation.

    Relevance of the study:the art of the Kazakh people is a rich treasure that develops and merges with the ancient history. One of the main branches of handicrafts is the production of jewelry. There are many Kazakh National ornaments that have not lost their dignity from ancient times to the present day, not only as an excellent example of handmade art, but also beautiful and convenient to use. Some of them are worn by old people every day, some are used for entertainment at weddings of girls and bridesmaids (saukele for kalyndyk), and most of them are made by Special Order of theaters. In all the splendor and ornaments of Kazakh clothing, in each decoration there is a unique reflection of the history and thought of our people. This is our national culture.

    Methods of performing work: In-depth acquaintance with samples of national ornaments, data collection, scientific research, research Object of research: Kazakh National ornaments.

    Practical significance of the study: the materials collected as a result of the study can be a useful option for those who want to further study and develop the interest of young people in the Kazakh National ornaments in the future, as well as include them in the program of elective courses in the subjects of history and art of the school. The hypothesis of the study is that if the Kazakh National Jewelry Art was presented at its own level, then the younger generation would have an increased respect for the spirit of ancestors, National Art, mentality, traditions, and cognitive abilities.

    Independent research results: - The history of Kazakh National Jewelry

    Art was presented in detail; - Special attention was paid to the design and design of Kazakh National ornaments; -A comparative study of them with the everyday life of the Kazakh people was conducted; - Own national costumes of the Kazakh people.


    ЖОСПАРЫ

    І Кіріспе   ......................
    1.1Қазақтың ұлттық әшекейлерінің тарихы

    ІІ Негізгі бөлімі

    2.1 Қазақтың әшекейлердің түрлері ........................

    2.2. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінде кездесетін әшекейлер ......

    ІІІ Қорытынды .................................................................................................

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................

    КІРІСПЕ
    Қазақ халқының зергерлік өнері Қазақстанның Алтайдан Оралға және Сырдариядан Солтүстік орман далаларына дейінгі жерлерін мекендеген көшпелі халықтар мәдениетінің дәстүрі негізінде қалыптасты. Археологиялық қазбалар жүргізген кезде осы аталған аймақтардан алтын, күміс, қоладан жасалған, қымбат тастармен әшекейленген ескерткіштер табылған. Табылған заттар арқылы қазақтың зергерлік өнерімен салыстырып, түрлі-түсті асыл тастарды, алтынды пайдалану тәсілдерінің сол уақыттан бері келе жатқанын анықтаған.

    Зергерлік бұйымға шыны, көз орнату Орталық Қазақстан, Жетісу және Маңғыстау жерін мекендеген халықтарға тән. 16 ғасыр тарихшысы Рузбихан мәліметіне сәйкес, Сырдария қалалары мен Орталық Қазақстан, Жетісу ауылдары қолөнер орталығы болған. Осы жерден кесу, құю, қашау, шекілеу істерінің атақты шеберлері шыққан.

    Қазақ зергерлік ұлтымыздың тыныс тіршілігінен сыр шертіп, тереңде жатқан тарихымыздың айқын көрінісі болмақ. Бабаларымыз сөзге де іске де келгенде алдыңғы шепті бермей, түркі дүниесінде есімін алтын әріптемен жазып қалдырған. Қазақ әйелінің тартымдылығын арттыра түсетін бірден бір нәрсе әшекейлер. Салынған әрбір оюдың да өз мағынасы, өз сыры бар. Елімізге келген шетел азаматтары бұл әңгімелерді естіп таңдайларын талай рет қаққаны ақиқат.

    Өресі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне, сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты, қазіргі бізге келіп жеткен «Құстұмсық жүзік», «Құдағи жүзік», алтынмен апталып, күміспен күптелген алқалар мен өңіржиек, өңірше, үзбелі сырға, тоқым әбзелдері мен үй мүліктерінің сирек кездесетін үлгілері кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы мұра болып табылады. бірақ мұндағы өкінішті жай, сол халық шеберлерінің көпшілігінің есімдері тарихта қалмағандығы. Бұл әрине, ертеде өз жазу-сызуы болмаған қай халықтың болса да басынан өткен жайлар. Дегенмен, сол халық ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп, сәндеп жасаған бұйымдарының әсемдігіне, шебер жасалғандығына, қазір де қарап көз тоймайды.

    Ал сол халық өнері шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды насихаттауда Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, археологтарының да еңбегі зор. Солардың тырнақтап жинаған асыл бұйымдары қазір республикамыздың тарихи-өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде жинақталған. Осы музейлердің бәрінде де қазақ халқының тарихы, этнографиясы, ою-өрнектері жөнінде бағалы дүниелері бар.

    Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым-этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ қолөнерінің өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тән методологиясын зерттеу, қазірдің өзінде де күн тәртібінен түспей жүрген мәселенің бірі.

    ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан-ақ басталған бірқатар жұмыстар негізінде методологиялық жағынан зерттеудегі жіберілген кемшіліктер қазақ қолөнерінің творчестволық даму мүмкіншілігін дұрыс бағаламады. Мәселен, қазақ ою-өрнектерінің құрылысын, заңдылықтарын алаш рет байқауға ат салысқан С.М.Дудин, күнделікті сауда орындарына, фабрикаларда жасалып түсуіне байланысты қазақ өнері жақын уақыттың ішінде мүлде жойылады-мыс, қажетсіз болады-мыс деді.

    Кейбір зерттеушілер мен творчество қызметкерлері қазақтың қолөнерінің идеялық маңызын көтеріп, қолөнердің ою-өрнек сияқты негізгі ұлттық қорын жоққа шығарды. Мәселен, С.МДудин, Е.Р.Шнейдер: «Қазақ ою-өрнегі иран мәдениетінің тек бір бөлігін ғана көрсетеді.

    Қазақ халқының ұлттық өнеріне жатпайды», - деп топшылады.

    Бірақ халықтың қолөнері өзінің тарихы, теориясы мен кейбір ұйымдастыру мәселелерінің жеткілікті элементтеріне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде, социалистік қоғам кезінде де жалпы мәдени дәрежені де жоғары көрсетуге тән дамып келе жатыр.

    Біз жоғарыда көрсеткендей көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбилеуге қызмет етеді.

    1.1Қазақтың ұлттық әшекейлерінің тарихы
    Рузбиханның жазуы бойынша Шайбани хан қазақ шеберханаларын жауыздықпен жойған, ал Бұрындық хан дәуірінде қазақтар Дешті қыпшақ пен Алтын Орда дәуірінде дамыған өнерге жан бітірген. Ал сол кезеңдегі шеберханаларды адам әдейі бұзғанын 16-18 ғасырларға жататын шеберханалар қалдығы, пештер мен ою-өрнектер, ру таңбалары әшекейленген керамикалар дәлелдейді. Шеберхана қалдықтары мәдениет саласы жақсы дамыған Отырар, Сауран, Сығанақ, Күлтөбе, Тараз және Түркістан қаласынан табылған.

    16-18 ғасырларда жазғы және қысқы ауылдарда темір соғатын орын – темірхана, темір өңдейтін орын – ұсталық, зергерлердің жұмыс істейтін орны – шеберхана болған.

    19 ғасыр зерттеушілері зергерлік бұйымдарды өндіру жұмыстары суреткерлік пен шеберлікті талап ететінін анықтаған. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінде де шаңырақ, ер тоқым, сарай, сандық, жүген, қылыш, әйелдер әшекейлері сияқты қолөнер бұйымдары назардан тыс қалмаған.

    Алтын мен күмістен бұйым жасайтын шеберлерді "зергер" деп атаған. Зергерлерді кей жерде алтын, күміс соғушы деп те атаған.

    Әйелдердің әшекей бұйымдары

    Зергерлер алтын мен күмістен әйелдер әшекейін жасады. Оларға қымбат тастардан, маржаннан көздер орнатқан. Қазақ әйелдерінің омырау әшекейлеріне тікбұрыш пішінді өңіржиек, доға тәрізді тұмарша немесе бойтұмар жатады. Қыздардың шаш ұшына байланатын әшекейі шолпы деп аталған.

    Зергерлер бұдан басқа да шаш салпыншағын – шашбауды, сондай-ақ білезік, жүзік, сырға, қапсырма, ілгек, сәукеле әшекейі – шілтірді, түйме мен түрлі түйреуіш жасаған.

    Өңіржиек –  кеудеге тағылатын әшекей зат. Дәстүрлі қазақ қоғамында өңіржиекті мереке күндері қыздар мойын-омырауына сән ретінде таққан. Өңіржиек төртбұрышты немесе дөңес етіп жасалған бірнеше күміс тілікшеден тұрады, олардың арасы қатар түскен бірнеше жіңішке шынжырмен шығыршық арқылы жалғасады. Қазақ шеберлері тілікшелерді жұқа немесе арасын қуыс етіп, ортасына ақ балшық толтырып жасайды.

    Тұмарша – ою-өрнегі үшбұрыш болып келетін тылсым күші бар әрі сұлулық үшін тағылатын әшекей. Әдетте тұмар тіл-көзден сақтау үшін тағылады. Шолпы – қыздардың бұрымға тағатын әшекейі. Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соққан. Күмістен әшекей үшбұрышты не төртбұрышты етіп жасалады, ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі жағына бірнеше салпыншақ тағылады. Дәстүрлі қазақ қоғамында шолпының көзді шолпы (асыл тас қондырылған), қозалы шолпы, қоңыраулы шолпы, шынжырлы шолпы, қос үзбелі шолпы, маржанды шолпы, меруертті шолпы сияқты түрі мен атауы кездеседі. Шолпыны, ең алдымен, әйелдер қара ниетті тылсым күштерден қорғану үшін таққан. Кейде олардың салмағы 3 келіге жеткен. Шолпы жас қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған.

    Шашбау – қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей бұйым. Әйел шашының ажарын аша түсетін, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған бұйым таққан. Шашбауды түркі халықтары ежелден қолданып келеді. Жасалу, әшекейлеу әдістеріне қарап оларды үзбелі шашбау, шашақты шашбау деп топтастырады. Шашбау көбіне күмістен соғылады, ұшына теңге тағылады. Шашбау, әйел шашының өсуіне ықпал етеді.

    Зерттеушілердің айтуынша, қазақ әйелдері шаштарына темір ақша тәрізді әшекейлер таққан. 18 ғасырда жазылған Георги жазбаларында "Әйелдер шаштарына кең көлемді, жылтыратылған және әсемдетілген әшекей таққан" деген мәліметтер де кездеседі. Шаш әшекейлері алтын не күміс ақша тізбегінен құрастырылған.

    Білезік – білекке тағылатын әшекейлі, сәнді бұйым. Білезік сөзі білек және жүзік (білекжүзік) сөзінің бірігуінен шыққан. Білезік қымбат металдардан жасалады. Білезіктің көлемі, пішіні, әшекейі әр алуан болады. Оған асыл тастардан көз орнатылады.

    Бұйымдар ішінде білезіктің түрі өте көп болған. Олар баулы шынжырмен қосылған сақиналары бар білезіктер, асыл тастан көз орнатылған көзді білезіктер деп бөліне береді.

    Жүзік – соғу, қалыптау, ширату, сәндеу арқылы жасалып, сәндік үшін саусаққа салынатын әшекейлі сақина. Жүзік сөзі жүз сөзінен шыққан деген де дерек кездеседі. Жүзіктер құю не шекілеу тәсілі арқылы дайындалған. Батыс Қазақстан жүзіктері көлемінің үлкен болуымен, асыл тастармен көмкерілгенімен ерекшеленген.

    Сырға – қыз-келіншектердің құлаққа тағатын сәндік әшекей бұйымы. Сырға тағу барлық елдің дәстүрінде бар деуге келеді. Ал қазақы нақыштағы сырғада ою-өрнек бейнеленеді. Сондай-ақ ұзатылатын қызға алдымен сырға салу дәстүрі де қазірге дейін жалғасып келеді.

    Қапсырма – қамзол, кәзекей, кеудеше тәрізді әйелдердің сыртқы киімінің екі өңірін бір-біріне қаусырып тұратын ою-өрнекті, сіркелі, асыл тасты, асты ілгекті күміс әшекей. Оның астыңғы бетіне киімнің екі өңірін бір-біріне бекітетін ілгек орнатылады. "Қапсырма" сөзі қаусыру сөзінен туындаса керек. Оны қазақ зергерлері қыз-келіншектер киімін сәндеу үшін жасаған. Қапсырманы қымбат бағалы металдардан әшекейлеп, асыл тастардан көз орнатып жасайды. Қапсырма ілмек, сақина тәріздес екі бөлшектен тұрады. Сөйлеу тілінде қаптырма, қаусырма, тістестірме деп те атайды.

    Әйелдер әшекейлерін дайындау барысында құю, қашау, шекілеу, мөр басу секілді тәсілдер қолданылған.

    Өнертану саласының маманы Сабыркүл Асанованың "Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы" еңбегінде ауқымды сырғалар ертеден келе жатқан дәстүрлі әшекейлердің бірі болғаны айтылады. Олардың пішіні дөңгелек тәрізді және оларға асыл тастардан салпыншақ қосылған. Зергерлік өнер түрлері

    Құю – зергерлік өнердегі қола дәуірінен белгілі ежелгі техниканың бірі. Құю тәсілімен алтыннан және басқа да металдардан жүзік, жүген, бас киім әшекейлері дайындалған.

    Мөр басу үшін мырыштан жасалған дискілер қолданылған. Мөр басу тәсілі Сырдария, Орталық Қазақстан мен Торғай алқаптарында, Маңғыстауда сақталған. Мөр басу тәсілі арқылы сәукелеге арналған әшекейлер дайындалған. Ірі жапсырмалар белбеу мен жүген әшекейлері үшін қолданылған.

    Безеу – болат кескіштер және шекіме көмегімен бедер түсірудегі ежелгі техниканың бірі. Безеу тәсілімен ат әбзелдерін, киімдерді, ыдыстарды әшекейлеген.

    Тағы бір зергерлік тәсіл – шекілеу. Шекілеу тәсілімен металдан жасалған бұйымдарға әртүрлі өрнектер, иректер, айқаспалар түсірілген. Осы тәсілмен жасалған бұйымдарға көбінесе геометриялық өрнектер қолданылған.

    15-19 ғасырдағы қазақтардың зергерлік өнерінде кең дамыған тәсілдің бірі – филигрань. Филигрань алтын және күміс сымдардың бірге балқытылған балқымасынан жалпақ тілікшелердің үстіне "шырша", "арқан жіп", "бау", "ши" бейнелері пішінінде дәнекерлеу тәсілі. Білезіктер, омырау әшекейлері және жүзіктерге қолданылатын филигрань техникасы Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Орталық Қазақстан облыстарындағы шеберлердің зергерлік бұйымдарында сақталған.
    2.1 Қазақтың әшекейлердің түрлері
    Әшекей бұйымдар алтын және күмістен жасалған. Күміс – қасиеті медицина өкілдері де мойындаған ерекше металл. Өзге ұлт өкілдері күмісті ақша жасауға пайдаланса, қазақ халқы көбіне өзіне керекті заттарды, оның ішінде әшекей бұйымдардың материалы ретіде пайдаланған. Күмісті соғу әдісі әр өлкеде әр түрлі болған. Соның ішінде біздің батыс өлкесінің ерекшелігі – сіркелеу әдісі. Сіркелеу әдісі дегеніміз – өрнекті кішкентай ұсақ нүктелер арқылы салу. Әшекейлерді сатып алу мақсатында айырбас тәсілі кең таралған. Теке қаласына (қазіргі Орал қаласы) мал айдап барып, шеберлерден малға айырбастап алған. Сол себепті әшекей бұйымдарды тек қорасында артық малы бар адамдар адамдар ғана тағатын болған. Ақсүйек өкілдері қыз бала дүниеге келген кезден бастап барлық әшекейлерін бірден сатып алып немесе ұзатылмас бұрын бұйымдарын алдын – ала дайындап қоятын болған. Бойтұмар – күмістен жасалған ішіне Құран аяттарын салуға арналған бұйым болған. Қазіргі кезде к өбіне теріден жасалынған түрі қолданылады. Шекелік– сырғаның ықзметін атқарады. Бірақ ұүлақты жырып жіберу қауіпі болғандықтан құлаққа тағылмайды.  Сәукеленің ішкі матасына тағылатын бұйым. Сыртқы көрінісі сырғаға ұқсас.
           Сырға – құлаққа тағылатын бұйым. Оның көлеміне, сыңғырына қарай әйел адамның жасын сұрамай – ақ білген. Тұрмыс құрмаған бойжеткен қыздардың сырғалары сыңғырлақ, қоңыраулы болған. Тұрмыс құрғаннан кейінгі сырға сыңғырлақсыз, көзді, байыпты болған. Әжелеріміздің сырғалары қалың етіп соғылған салмақты болған.


           Құстұмсық жүзік –сыртқы көрінсі құстық тұмсығына ұқсас қыз баланың тұрмысқа шықпай тұрып қыз кезінде таққан жүзігі. Құстұмсық деп аталу себебі – тұрмыс құрмаған қыз жат елге келін болмай тұрып құстай еркін самғап жүре алуы. Тұрмыс құрып жатқан кезінде қыздың анасы қызының құстұмсық жүзігін орамалға түйіп жасауымен бірге беріп жіберген. Құстымсық жүзікті жас келін бауырларына жағдайының жақсы екенін, еліне хабар беру мақсатында беріп жіберетін болған. Жүзігі қыздың артынан қайтып келген болса, ол елдегі қыздың жағдайының жақсы екендігін, енесінің келініне жақсы қарайтындығын білдіретін болған. Оны көрген қыздың анасы қуанып, ауыл арасында шағын той жасайтын болған.

    Отау жүзік –отау құрғаннан кейінгі, әйелдің тұрмысқашыққандығын білдіретін бұйым.


          Оймақ сақина – әйелдің әр түрлі тігін тігу барысында ите кіріп кетпеу мақсатында тағылатын сақина түрі.
          Құдағи жүзік.Үлкен көлемде қалың соғылған. Қыз тұрмысқа шыққаннан соң біраз уақыттан соң құдалық шақыру барысында қыз өз қайын жұрты туралы жақсы пікірде болған болса, қыздың анасы өз құдағиына құстұмсық жүзік тағатын болған. Құдағи жүзік өз келініне мейірім көрсетіп, аналық мейірімін төге білген, парасатты, дана құдайғиларға тағылатын болған. Жиын тойларда қолында құдағи жүзігі бар әйелді ерекше құрметтеген. Себебі ол ененің даналығын, парасаттылығын білдірген.


          Өңіржиек – өңірлік –алқаның қызметін атқаратын өңірге тағылатын жаңа түскен келіннің бұйымы. Әр түрлі таспадан құрылып, шынжырлар арқылы бекітіледі. Әрқайсысы сылдырмақты болады. Келіннің құрсағын сұқ көздерден сақтау үшін таққан. Кешқұрым түзге шыққан уақытта күмістің сыңғырынан жын – шайтан келінге жақындамайды деген сенімде болған.

    Үкіаяқ –шаштың ұшына тағылатын бұйым. Шолпы –қыз баланың бұрымына тағылатын бұйым. Ол туралы ақын – жыршылар әнге қосып, қыз сұлулығын ерекше суреттеген. Киіз үйге шолпының сыңғыры естілетін болса, қыз баланың кележатқанын біліп, ер адамдар етек жеңдерін жинап, жинақы отырған.


    2.2. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінде кездесетін әшекейлер

    Ерте кездегі авторлардың айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сақтар мен массағаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері әшекейленген.

    Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіктер де мыстан соғылып, жүген-сулығы, ауыздығы, т.б. бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген», - деп жазады.

    Сол дәуірдегі халық шеберлерінің қалыптасқан ою-өрнек үлгілері скифтердің мал шаруашылық мәдениеті жайында болғандықтан Алтайдағы Келес даласынан қазылып алынған заттар.

    Ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар және төсек-орын, киім-кешек, ыдыстар, ер-тұрман тағы басқалар әшекейленген. Кесте тігу, тоқымашылық, өру, құрақ құрау өнері, ағаш бетіне күйдіріп ою салу немесе зергерлік, керамикалық, т.б. кең түрде қолданылды. Мұндай алтыннан айрақша күрделі өрнектер салынып жасалған заттар үстем таптың пайда бола бастауын, таптық қауымның өзгере бастауын көрсетеді. Алтыннан нәзік өрнектермен істелген диадема, аңшылықты бейнелейтін көріністер, адам бейнесі, жыртқыш аңдар мен мифтік жанды заттардың өрімделген, ою-өрнектелген күрделі композициясының барлығы, сол кездің өзінде-ақ өнердегі шындық негізді салыстырып қарағанда, техникалық және көркемдік жағынан жоғары қолөнершілікке қолы әлдеқайда ерте жеткендігі байқалады.

    Демек, ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде сақталды.

    Егер бұрыңғы замандарда жүген, белдік, пышақ сабы және осы сияқты заттардың кейбір бөлшектері хайуанаттардың дене бітімдерімен бейнеленетін болса, ІХ-ХІІ ғасырлардан, ислам дінінің үстемдік құрған кезеңінен бастап, тірі жәндікті бейнелеу тәсілі қолөнер кәсібі саласынан мүлде алысталып тасталды. Бәлкім заттарды әшекейлеуде бірден бір белгілі тәсілмен салынған ою-өрнектер ғана қалуы мүмкін.

    Халық шеберлері ою-өрнек салу тәсілін белгілі бір ізбен қалыптастыруда өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою-өрнектердің композициясына, әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп отырды. Қазақстанда моңғол шапқыншылығы (ХІІІ ғ.) салдарынан елдің мәдениеті мен өндіргіш күштің дамуы тежеліп, тұтас бір ғасыр артқа шегеріліп тасталды. Қолөнері тек дін басылары мен дәулетті адамдарға ғана қызмет етіп, жекелеген дәулеттілердің байлығын көрсетуге, семья мүшелерінің киім-кешегін әшекейлеуге бағытталды. Жоқшылықта өмір сүрген көпшілік халық өзінің күнделікті үй тұрмымысындағы заттарын әшекейлей де алмады.


    Тек қана ХІХ ғасыр ортасында қазақ халқының Россияға қосылуымен қазақ мәдениетінің орыс мәдениетіне қоян-қолтық араласуы, қазақ қолөнерін қайта өрлетіп, жаңа элементтермен байытты. Түрі жағынан қолөнерінің бейнелеу амалы байыды. Кестелеуге алтын, күміс түсті жіптер мен өрнектеу тәсілі еңгізілді. Күнделікті тұрмыста өндірістік бұйымдар пайда болды. Халық творчествосын шабыттандырып, кестелеудің әр түрлі әшекейлі әдістеріне көңіл аударыла бастады.

    Жасампаз халқымыздың архитектуралық сәндік, күнделікті тұтынатын жасау жиһаздары мен алуан түрлі әшекейлі бұйым нақыштарына қарай отырып, халық шеберлерінің ою, өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне, асқан зейінділік, сезімтал творчестволық тәсілмен тамаша пайдаланғанына көзіміз жетеді.

    Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ, тарихына бойласақ, ел іші он саусағынан өнері тамған өнерпаз саңлақтарға кенде болағанын көреміз. Олар жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай не замандар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, уақыт озса да өшпей, ізі жоғалмай бүгінгі күнге жетті.

    Қазақта «ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деп киімді айтатын болса, киімнің жарасты да, келуіне киім әшекейлерінің атқарар ролі жоғары болған. Ер адам киімінің негізгі әшекейі – белдік болып табылады. Киімді буынуға арнауының сыртында белдіктің ырымдық, салттық қырларына байланысты, киім әшекейінің бұл түрі де сақ, ғұн, түрік замандарындағыдай күмістеліп, тас орнатылып сәнделеді. Белдіктің қазақ арасында «кісе», «деумент», «күміс белдік», «келер белдік» деген т.б. түрлері кең тараған. Белдбеу (бел+бау+бағ – көне түрікше байлау деген сөзден туындаған) деп негізінен ұзын матадан жасалған белді таңып байлайтын киімнің құрамдас бөлігін атайды. Кісе белдікке дәндәку, пышақ қылымен және керек-жарақтар іліп тағып жүретін болған. Хан-сұлтандар жалпақ келген тас мүсіндердей бейнеленген кескіндерінен қалған тас мүсіндерде бейнеленген кескіндерден көре аламыз. Көне түркілерде әйелдер белдік тақпаса, қыпшақ дәуірінен бастап әйелдер де белдік тағатын болған. Осы тұрғыда ер адамда белдікті күш-қуаты меңзейтін символикалық мәнінің астарын байқауға болады. Ілкіде қару – жарақтың адам мәртебесін айқындайтынына байланысты қарусыз адам топ-жиынға қатыстырылмайтын болған болса, осы ретте қамшы да ер адамның жанынан тастамайтын негізгі құралының бірі болған. Қамшы да ерекше сәнделетін-ді, өйткені ол иесін пәле-жаладан сақтап, қорғайды. Ал қазақтың ұлттық киімінде киім өңірін ұстап тұратын тікелей өз қызметінен гөрі күмістеліп, тас қондырылып жасалған сәндік мақсаты көбірек, үлкенді-кішілі түйме де негізгі атрибут болып келеді.

    Белдік - әйелдердің барқыттан әшекейленген Қашар белбеуі. Қазақ әйелдерінің өңір әшекейлері алуан түрлі. Батыс Қазақстанның ұзатылатын қыздарына арналған әшекей бұйымдарының жиынтығы өзінің ерекше салтанаттылығы және салиқалылығымен ерекшеленеді. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі - өңіржиек. Өзара бір-біріне шашбау етіп үзбелеп бекітілген әлденеше үленді-кішілі өрнекті шытыралармен безендірілетін бұл бұйым кейде салсыз салпыншақтарымен күрделене түседі. Күміс шытыралар оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар қондырылады. Аса көп еңбек пен шеберлікті талап ететін бүршікті зерлеу тәсілі ХІХ-ғасырдың соңында кең тараған қалыптау әдісімен жиі ауыстырылады. Басқа өңір әшекейлері алқа, түйреуіштер, салпыншақтар, бойтұмарлары Батыс Қазақстанның әшекейлерінің кешеніндей басқа бұйымдар сияқты, осы тәсілдермен жасалады, оларда даралық мәнер сирек кездеседі. Қазақ әйелдерінің киім үлгілерінде киімді сан алуан өрнекті шытыралармен бедерлеу арқылы көрінетін көптеген мәдениеттерге тән ежелгі дәстүр басқалардан гөрі мол сақталған. Яғни, шытыралармен әшекейленіп камзолдар, бешпеттер және шапандар сияқты киімдердің екі өңіріне қапсырма – бастырмалар немесе ілгектер тағылған. Аса салтанатты жағдайда тағылатын әйел белдіктері ерлердікі сияқты көлемді емес. Көп жағдайда олар бстырманы шытырамен бекітілетін кездеме мата түрінде қолданады. Бұл салтанат білезіктермен, сақиналалармен және сырғалармен олықтаралады. Ол бұйымдар б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан аумағында белгілі болған полихрамдық дәстүрді жалғастырған біртектес мәнерде жасалған. Бірақ ХҮІІІ ғасыр шеберлерінің қолданатын басты шикізаты күміс болды. Қазақтар күмстің қарығыңқы реңін алтын реңмен тең көрген. Көпшілік әшекейлердің ақшыл сұрғылт өңі қазақтардың ұлттық киімдерінің түсіне үйлесіп келіп отырады. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған. Әшекейлердің тегістеу бетіне бедерлер шекіліп, ол бұйымның жоғары бөлігіне алдын ала шекіліп дайындалған пластинкалар бекітілген. Зерлеу мен бүршіктеу сияқты әшекейлеудің күрделі техникасы қалтқысыз меңгерген Батыс Қазақстандық зергер-шеберлер сірә, Қазақстандағы жеке дара құбылыс болса керек. Бұл әдістермен, әдетте, көркемдік тұрғыдан аса бағалы және қымбат әшекейлер дайындалған.

    Ақық (сердолик) – қазақ зергерлерінің сүйікті тасы. Ақық сөзінің өзі қазақтарда әрдайым сақтаушы түсінігін берген. Лағылдан кейінгі кең қолданылатын тастар – маржан мен көгілдір ақық. Егер жалтыратылған ақақ тасы құнды әшекейлердің дәл ортасына орнатылса, ол ұсақ моншақтар көгілдір ақықтан және маржаннан әшекейленген көп жағдайда сәндік әшекейлер киімнің негізгі композициялық түйіндерін ашып, қосалқы өң береді. Адамды залалды әсерлерден қорғайтын сиқырлы күші бар материалдар ғана ардақталып қойған жоқ. Пішіні мен өрнек әшекейлері жануарлар текті болып келетін кейбір бұйымдар да киелі саналған. Көне наным-сенімнің арқыншағы болып табылатын бойтұмарлар мен басқа бұйымдар – салтанат киімдерінің біртұтас кешенінің эстетикалық, тұрмыстық және қорғаушылық қызметіне ие құрамдас бөлігі. Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдарды жасаудың сан алуан техникалық тәсілдерін жетік меңгерген. Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы киім үлгілері мен әшекейлерінде кейбір өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Қыздардың бас киімдері тақия мен бөрік - әр түрлі сәнді жапсырма маталармен інжу, маржанмен, күміс шытыралармен, тана мен төбесін шоқ үкі қауырсынымен әшекейлейтін болған. Оларды бұйымға қосып өрілетін маржан мен шытыра шашбаулар тағылған күміс шытыра шолпылар ажарландыра түседі. Оңтүстікте көршілерінің, әсеріне байланысты бұйымның ұшына таралған қара жібектен металл араласқан шашақ тағу дәстүрі болған. Оңтүстік Қазақстан сәукелесі, негізінен, Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстан сәукелелеріне ұқсас. Тек қана кейде оның етегіне маржан моншақтардан торша тігіледі. Жетісу сәукелесінің екі жағына қатарластыра маржан тігілген желек бар. Бұл сән-салтанатты бас киімнің екі жағын жаңбарға ұқсас күміс бұршақтай бетмоншақ толықтырып жүр. Көз тартатын бұл дара нұсқа коллекцияның көркі десе болғандай. Оңтүстік Қазақстанның дәстүрлі өңір әшекейлерінде кестелі әшекейлер өте мол. Қыздардың мойын әшекейі тамақша – мата өрнекті кестелермен, шытыралармен сәнделген матадан тігіледі. Камзолдың және көйлектердің белі мен жағасы маржан теңгелер қадалған тізбемен және күміс шытыралармен безендіріледі. Тұмар қасиетті бұйым саналған.


    Алқа – әйел адамдар мойнына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым. Мойынға тағатын өңір әшекейлері  тобына алқадан басқа моншақ, тұмар сиақты бұйымдар жатады. Бұл әшекейлерді емдік тәжірбиеде де пайдаланылған.



    Егер баланың құлағынан бұлақ ағып ауырса, анасы оны бұлаққа әкеліп, үш рет ауырған жерін сумен жуып, суға міндетті түрде моншақты тастаған. Содан кейін «Бұлағыңды алып, құлағымды бер!» деген қасиетті сөздерді үш рет айтқан. Бұл жағдайда моншақ баланы ауыруынан айықтыру үшін өтемақы және бұлақтың тазартушылық магиялық күшімен байланыстырушы ретінде қолданылады. Сонымен қатар эпилепсия ауыруына да қолданылған. Моншақтардың «көз моншақ», «қараңғылық моншақ», «чашми» т.б. әшекейлерді таққан балалар, ересек адамдар тіл-көзден, бәле-жаладан , ауру –сырқаудан  аман болады деген түсінік ел арасында қазір де кездеседі. Міне сол алқа төмендегі сурет.



    ІІІ Қорытынды
    Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің  өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай  сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ретінде  жалғасын тауып келе жатқан қолөнеріміздің  ішіндегі киелі әрі күрделілерінің бірі – зергерлік өнер. Зергер- сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста. Зергерлік – әшекейлі бұйым жасау өнері. Әсіресе, зергерлік бұйымдардың ішінде  қазақтың қыз-келіншек, әйелдердің тағатын әшекей бұйымдардың орны ерекше. «Әшекейі жоқ әйел жапырағы жоқ ағашпен тең» демекші ертедегі қыз, келіншектер, апа әжелеріміз ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарын шашбауларын сылдырлатып, қолдарына жүзік сақиналарын тағып жүрген, қазірде қыз келіншектердің барлығы дерлік мойын қодарына әшекейлерін күнделікті өмірде тағып жүреді. Бірақ бір әттеген-ай дейтін жеріміз өзіміздің ұлттық нақыштағы әшекейлерімізді емес Еуропа стилиндегі бұйымдарды күнделікті өмірде қолданады. Менің бұл тақырыпты таңдаған мақсатым ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарымыздың тек сәндік ретінде ғана емес емдік қасиеттері жөнінде де мағлұмат беру. Менің ойымша біз өз ұлттық киімізді, сәндік қолданбалы өнерімізлі, әшекей бұйымдарымызды күнделікті өмірде қолданып жүрсек, басқа ұлт өкілдері де қызығып, одан әрі қазақтың әшекей бұйымдарының таралуына, ұмыт болмауына оң әсерін тигізер еді.

    Енді әшекей бұйымдарымызды саралап олардың емдік қасиеттерін адамға тигізетін пайдасын жазсам.     

    Зергерлер көбіне бағалы металлдың ішіндегі  ең қолайлысы күмісті пайдаланған. Өйткені күмістің жалтыраған түсін, әр түрлі  техникалық тәсілдерге  икемділігін, жұмсақтығын  және  тазалығын жоғары бағалаған. Сонымен қатар күмістің адам баласына тигізетін пайдасы көп екен. Адам бойындағы ауыруларды күміс тартады дейді, сол кезде ол қарайып кетеді екен.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Ниязова Н. Н. Әсемдікке құштарлық академиясы. – Алматы: ЖАҚ «Рост», 2001, — 168б.

    2. Жауымбаев С. У. Древние медные рудники Центрального Казахстана // Бронзовый век Урало-Иртышского междуречья. Межвузовский сборник. Челябинск, 1984. с. 113-121.

    3. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихы. Том

    4. Т 1. Алматы, 1996. 4. Кузнецова Э. Ф. Древняя металлургия и металлообработка в Центральном Казахстане // Тезисы докладов советско-французского симпозиума по археологии Центральной Азии и соседних регионов «Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизации». А.-А., 1987. с. 43-46 5. Итина М. А., Яблонский Л. Т. Мавзолеи Северного Тагискена. Поздний бронзовый век Нижней Сырдарьи. М., 2001.


    написать администратору сайта