Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Ойлау дағдыларының деңгейі: Орындау уақыты

  • Қазақ жазуының даму жолы. аза жазуыны даму жолы блімі бойынша жиынты баалау 2нса


    Скачать 20.46 Kb.
    Названиеаза жазуыны даму жолы блімі бойынша жиынты баалау 2нса
    Дата03.11.2022
    Размер20.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚазақ жазуының даму жолы.docx
    ТипДокументы
    #768997

    «Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

    2-нұсқа


    Оқу мақсаты:

    9.1.1.1 Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырыппен көтерілетін мәселені болжау;




    9.2.1.1 Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау.

    Бағалау критерийі:

    Білім алушы:




    -Фразалар мен дәйексөздерге сүйеніп, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды;

    -Cөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға сәйкес ауызша мәтіндер құрайды.

    Ойлау дағдыларының деңгейі:
    Орындау уақыты:

    Білу және түсіну

    Қолдану
    15-20 минут


    Тыңдалым

    1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.


    Фразалар

    Мағынасы

    Қазақ фонетикасының ерекшеліктері




    «Төте жазуды» пайдалану




    Латын графикасына негізделген




    Қазақ тілінің әліпбиін өзгерту





    Мәтіннің тақырыбы мен көтерілетін мәселені жоғарыда берілген фразаларды қолдана отырып, болжапкөріңіз.


    Менің болжамым

    Мәтін тақырыбы және көтерілген мәселе

    Мәтін тақырыбы

    Тақырыбы






    Мәселе

    Мәселе








    2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тақырыбы мен көтерілген мәселені кестенің екінші бағанына жазыңыз.

    1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. Алайда оның өзіндік қиындықтары болды, себебі онда қазақ тілінің ерекшеліктері ескерілмеген. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері сақталып жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Дегенмен ол да мәселе туғызды, себебі араб әріптері сөз басында, ортасында және соңында әртүрлі таңбаланады. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Кирилл жазуы Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін мекендеген қазақ жұрты пайдаланады. Сондай-ақ Түркия, Германия, АҚШ, т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы қалыпты емес әртүрлі латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО тарағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін араб әліпбиін қолданған. 1928-1940 жылдар аралығында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді. (164сөз)

    https://znanija.com/task/
    3-тапсырма. Дұрыс жауапты табыңыз.


    1. Қазақстанда араб жазуы қай жылға дейін пайдаланылды?

    А) 1924

    В) 1929

    С) 1945

    Д) 1977
    2. 1940 жылдан бері қандай әліпби қолданылып келеді?

    А) араб графикасы әліпбиі

    В) кирилл графикасы әліпбиі

    С) латын графикасы әліпбиі

    Д) төте жазу графикасы
    3. Қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты қандай себептермен айқындалып келді?

    А) әдеби

    В) мәдени

    С) ғылыми

    Д) саяси
    4-тапсырма. «Күлтегін» жырының бүгінгі күнгі өзектілігі» тақырыбында төменде берілген тірек сөздерді пайдалана отырып, ауызша мәтін құрастырыңыз.

    Арыстай ұлдары, Ару қыздары,жетегінде жүрген, ұшан-теңіз, сұңқардай қанатынан, күндей күркіреген, қарсы алады, тарайды, бастары бірігіп.


    Бағалау критерийі

    Тапсырма

    Дескриптор

    Балл

    Фразалар мен дәйексөздерге сүйеніп, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды

    1-2


    3

    - берілген фразалардың мағынасын жазады;

    - берілген фразалар арқылы мәтінде көтерілетін мәселеге болжам жасайды;

    - мәтін бойынша тақырыпты анықтайды;

    - мәтін мазмұны бойынша көтерілген мәселені нақтылайды;

    - мәтін бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді.


    1

    1
    1
    1
    1

    Сөздердіқолданып,

    мақсатты аудиторияғасай ауызшамәтіндер

    құрастырады

    4

    • тақырып бойынша ауызша мәтін құрайды;

    • берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

    • мақсатты аудиторияға сай құрайды.

    1
    1
    1

    Барлығы







    8


    написать администратору сайта