Главная страница
Навигация по странице:

  • жылғы Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша кезектен тысөткізілген жиналыстың№1 Хаттамасы

  • Хаттама. Қырғауылды ОМ хаттама. азастан халына жолдауын насихаттау бойынша кезектен тыс ткізілген жиналысты 1 Хаттамасы


    Скачать 18.06 Kb.
    Названиеазастан халына жолдауын насихаттау бойынша кезектен тыс ткізілген жиналысты 1 Хаттамасы
    АнкорХаттама
    Дата01.09.2021
    Размер18.06 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚырғауылды ОМ хаттама.docx
    ТипДокументы
    #228703

    Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша кезектен тыс өткізілген жиналыстың №1 Хаттамасы

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2021 жылғы Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша кезектен тысөткізілген жиналыстың
    №1 Хаттамасы


    Өткізілген күні: 01.09.2021ж.
    Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, педұжым,кіші қызметкерлер

    Күн тәртібінде:
    1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2021 жылғы жолдауын педұжымға насихаттау

    Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде 2021 жылдың 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2021 жылғы жолдауын мектеп ұжымына мектеп директоры П.М Абдибаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.К.Тустикбаева, тарих пәнінің мұғалімдері А.Б.Мейркулова, О.Уразбаева жолдаудың маңызды міндеттерін оқи отырып, түсіндіріп, талқылау жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры П.М.Абдибаева жолдаудағы Қ.К.Тоқаеватың І.Зейнетақы жинағы: Президент зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолдану бастамасының әсері қазірдің өзінде байқалып жатқанын алға тартты. "Азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат беру қажет. Бұл ақшаны жинау мен тиімді жұмсауға ынталандырады", - деді Қазақстан президенті. Жолдауын аяқтаған президент сөз соңында мемлекеттік аппарат жұмысына тоқталып, өз міндетін атқаруды қаламайтын шенеуніктерге қызметін босатуға кеңес бергендігі туралы айтылды.

    ІІ. Бюджет саласындағы қызметкерлер жалақысы "2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды. Олар - музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалары. 2022 жылдан 2025 жылға дейін осы санаттағы қызметкерлердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсетін болады. Тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді";

    ІІІ. Ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру "Қазақстанның басты байлығы - еліміздің амандығы" деген президент ең төменгі жалақы мөлшерін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырды. "Ең төменгі жалақы мөлшерін қарастыратын уақыт келді. Ол 2018 жылдан бастап өспеді. Коронадағдарыс халықтың табысына салмақ түсіруде. Біз ең төменгі жалақы мөлшері бойынша бірқатар ТМД елдерінен артта қалдық. 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырамын";

    ІҮ.Ұлт пен бірлік мәселесі "Бірлігіміз - әралуындықта. Біздің азаматтар үшін толеранттық өмірлік маңызға ие. Біз радикализмнің кез келген формасын болдырмаймыз. Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Адамды тіліне, дініне, нәсіліне қарай кемсітуге болмайды", Президент қазақ тілінің маңыздылығын да сөз етті. "Қазақ тілі - мемлекет саясатын дамытудың басым бағыттарының бірі. Қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар - бұл қазақ тілі. Болашағымызды дамытатын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы қажеттілігін;

    Ү.Сонымен қатар ,білім беру саласы Президент білім беру саласына коронавирус пандемиясы мен қашықтан оқыту кері әсер еткенін сөз етіп, елімізде мектептер саны 2025 жылға дейін кемінде 1000-ға жетуі керектігіне баса назар аударды. Одан бөлек, мемлекет басшысы ғылым саласында грантты қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту керектігін айтуда.

    ҮІ.Қазақстан үшін пандемияның салдары "Мемлекеттік қарыздың аздығының арқасында Қазақстан пандемия салдарын сәтті еңсеруде. Қаржылық тұрақтылықтың қоры шектелмеген. Бюджеттік бақылауды күшейту үшін шаралар қолдану қажет. Елге мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік қарыздарды және Ұлттық қорды басқарудың бірқатар ережесі қажет. Үкімет пен Ұлттық банктен жыл аяғына дейін мемлекеттік қаражатты басқару тұжырымдасамын әзірлеуді сұраймын";

    ҮІІ.Экономиканы әртараптандыру бойынша жұмыс "Индустрияландырудың 10 жылында алғаш рет өңдеу өнеркәсібінің үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесінен асып түсті. 2025 жылға дейінгі орта мерзімді мақсат - өңдеу өнеркәсібі экспортын 1,5 есе, 24 млрд долларға дейін, ал еңбек өнімділігін 30%-ға дейін ұлғайту" туралы өз жолдауында мәлімдеді.

    Бұл жолдау Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде халыққа жолдаған үшінші жолдауы. Екінші жолдауымен ол ел алдына 2020 жылдың 1 қыркүйегінде шыққан еді. Алғашқысы 2019 жылдың 2 қыркүйегінде жолданған.
    Шешім:
    1. Мектептің сынып бөлмелеріне және мектеп дәлізінде Мемлекет басшысының жолдауына арналға стенд жаңалансын.
    2. Ақпараттық – насихаттау тобы құрылып, жоспары жасалынсын.
    3. Барлық сынып жетекшілер ата – аналарға, сыныптарына түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
    4. Сынып жетекшілер жоспарға сәйкес тәрбие сағаттарын өткізсін.
    5. Мектеп кітапханасында бұрыш ұйымдастырылсын.


    написать администратору сайта