Главная страница
Навигация по странице:

  • Факультеті: « Экономика және бизнес жоғары мектебі

  • ЖОСПАР І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім

  • Ш. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Эссе Қазақстан Республикасының саяси дамуы мен рухани жаңғыруы Кіріспе

  • Қазақстан Республикасының саяси дамуы

  • Рухани жаңғыру

  • Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруы

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Қазақстан Республикасының саяси дамуы. Қазақстан Республикасының саяси дамуы және рухани жаңғыруы. азастан Республикасы білім жне ылым министрлігі л Фараби атындаы аза лтты Университеті Факультеті Экономика жне бизнес жоары мектебі


    Скачать 70.77 Kb.
    Названиеазастан Республикасы білім жне ылым министрлігі л Фараби атындаы аза лтты Университеті Факультеті Экономика жне бизнес жоары мектебі
    АнкорҚазақстан Республикасының саяси дамуы
    Дата07.01.2021
    Размер70.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚазақстан Республикасының саяси дамуы және рухани жаңғыруы.docx
    ТипДокументы
    #166344

    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

    Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



    Факультеті: «Экономика және бизнес жоғары мектебі»

    Кафедрасы: «Есеп және қаржы»

    СӨЖ

    Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының саяси дамуы мен рухани жаңғыруы»

    Орындаған: Дәулетова Н.С

    Тексерген: Мусатаев С.Ш

    Алматы, 2020ж

    ЖОСПАР

    І. Кіріспе

    ІІ. Негізгі бөлім

    1. Қазақстан Республикасының саяси дамуы

    2. Рухани жаңғыру

    3. Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруы

    Ш. Қорытынды

    IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    Эссе

    Қазақстан Республикасының саяси дамуы мен рухани жаңғыруы

    Кіріспе

    Саяси даму – сапалық өзгерістерге негізделінген, ішкі және сыртқы факторлардың ықпалына тәуелді, эволюциялық сипаттағы көпқырлы және күрделі процесс. Саяси даму, бұл саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы. Сонымен бірге, саяси даму – саяси жүйе мен басқару тәртібінің эволюциясы, саяси мінез-құлық пен саяси мәдениеттегі, азаматтардың саяси қатысу деңгейіндегі өзгерістер.

    Қазақстан Республикасының саяси дамуы

    Қазақстан егеменді мемлекет болып қалыптасу үшін саяси дамудың ұзақ жолынан өтті. Қазіргі әлемдегі мемлекеттердің даму қарқыны мен бағыты көп жағдайда стратегиялық бағытының дұрыстығы мен көлеміне тәуелді болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның саяси даму стратегиясын даярлау мен жүзеге асырудағы жауапты да қажырлы еңбектің арқасында елімізде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құрылды.

    Н.Ә. Назарбаев елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану міндетін ұсынды, дегенмен, қоғам өмірінің барлық саласында жүргізілетін реформалар тиімділігі саяси тұрақтылық пен демократиялық қағидалардың қоғам өмірінің барлық саласы мен саяси санаға саяси құндылық ретінде енуіне тәуелді. Сонымен бірге, экономикалық табыстар, қазақстандық әрбір отбасының әл-ауқатының артуы, өмір сүру стандарттарының өсуі де саяси дамудың жаңа кезеңіне қадам басуын талап етеді. Қазақстанда саяси тұрақтылықтың сақталынуы, бұл мемлекетіміздің даму кезеңдерінде саяси реформаларға басымдық мән беруінің нәтижесі деп санаймын. Бұл туралы Н.Ә. Назарбаев саяси дамудың қазақстандық жолы мына қағидатты ұстанды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол – сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида – қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық».

    Рухани жаңғыру

    Рухани жаңғыру, яғни, кез келген қоғамның, ұлт болмысының мәдени дамуы мемлекеттің рухани өміріндегі қоғамдық сана түрлерінің заман талабына сай жетілуі арқылы көрінеді. Қоғамдық сана дегеніміз мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында, ұлттың тұлғалануында ұлттық мүддені қалыптастыру, қорғау және нығайтуда мәдени құбылысқа айналып отыратын тәжірибелер мен білімдердің, рухани – әлеуметтік құндылықтардың жиынтығы.
    Егер, бұлардың барлығы жеке адамның танымында, қоғамдық ортада өмір сүретін болса қоғам тегістей дамиды. Қоғамдық ортада әділеттілік, шынайылық дәстүр, білімді, өнерді кәсіп ету қоғамның ұстанымына айналады. 

    Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруы

    Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті.

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін. Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты. Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады. Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.

    Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. Орыс тілін білу маңызды болып қала береді. 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады. Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады. Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануғада мүмкіндігі болады. Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады. Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек. Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек. Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі.

    Қорытынды

    Қорытындылай келе, рухани жаңғыру белгілі бір межемен аяқталмай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Себебі, қазіргі ғылым мен технология аса жылдам қарқынмен дамып бара жатқан заманда, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырып, жасампаз ұлт ретінде үнемі түлеп, рухымызды көтеріп, жаңарып, өркендеп отырмасқа лажымыз жоқ. Бір сәт мүлгіп кетсек ғарыштың жылдамдығымен дамып жатқан әлемде, өркениет көші бізді күтіп тұрмай біраз жерге ұзап кетеді. Содан соң ол көшті қуып жетіп, оған ілесу қиындай түседі. Сондықтан, рухани жаңғыру да ұлт ретінде жаңғырып, дамып отыруымызбен қатар жүруі керек. Бірақ, осы рухани жаңғыруды бесжылдықтармен, онжылдықтармен өлшеу қиындау. Себебі, бұл – рухани дүние. Ал рухани жаңғыруды адам, қоғам сезінуі тиіс. Қазақ халқының рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, ғылымы өркендеп, мәдениеті мен дәстүрі үстем болып, мейрімді, адал, ақылды, білімді, бауырмал, ұлтшыл, елшіл, кеңпейіл, отаншыл жандар қауымы қаумалаған қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміздің әр азаматы өзі-ақ жан-тәнімен сезінеді.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

      1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017

      2. Сыздықов, С. «Мәңгілік ел» идеясы: қалыптасуы, үш негізі, тарихи сабақтастық: қоғамдық- саяси әдебиет — Астана : Фолиант, 2013

      3. Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет,


    написать администратору сайта