Главная страница
Навигация по странице:

  • ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Модуль

  • Біліктілігі

  • Алматы, 2019 Оқу жұмыс бағдарламасын құрастырды___________ ЦӘК отырысында қаралып, бекітуге ұсынылды

  • Әдістемелік Кеңес отырысында қаралды және мақұлданды Хаттама № «__» 2019 ж.ӘК төрайымы_______________ Кіріспе

  • Оқытудың соңғы нәтижелері Студент білуі тиіс

  • Пререквизиттер

  • СӨЖ тақырыптары СӨЖ тапсырма түрі СӨЖ Бақылау түрі

  • Барлығы: 15

  • Тақырыптары Қысқаша мазмұны Сағат саны

  • Барлығы 5

  • Тақырыптар Мазмұны Сағат саны

  • Барлығы: 40 Оқыту және оқыту әдістері

  • 1.9. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері

  • мед генетика. 60 час медициналык генетика. азастан республикасыны министерство образования и


    Скачать 74.41 Kb.
    Названиеазастан республикасыны министерство образования и
    Анкормед генетика
    Дата03.06.2022
    Размер74.41 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла60 час медициналык генетика.docx
    ТипДокументы
    #566713




    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ



    МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И

    БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    Аlmaty qalasynun`

    Инновационный колледж

    innovatsiialyq kolledji

    города Алматы








    "Бекітемін"

    Директор колледжінің м.а.

    ___________ Кантарбаева Р.М.

    "______" ____________ 2019ж.

    ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

    Модуль: «Жалпы кәсіптік оқыту»

    Пән: «Генетика мен медициналық биология»

    Мамандығы: 0302000 - «Мейіргер ісі»

    Біліктілігі: 0302043 «Жалпы практикадағы мейіргер»

    Курс: 2

    Семестр: 3 күз

    Бақылау нысаны: емтихан

    Барлық сағаттардың/кредиттердің еңбек сыйымдылығы – 60/2

    СӨЖ – 15 сағ.

    СОӨЖ – 5 сағ.

    Аудиториялық сабақтар – 40 сағ.


    Алматы, 2019


    Оқу жұмыс бағдарламасын құрастырды___________

    ЦӘК отырысында қаралып, бекітуге ұсынылды

    ЦӘК төрағасы ______________

    Хаттама №___ «__» 2019 ж.
    ҒӘБ басшысымен келісілген _____________
    Әдістемелік Кеңес отырысында қаралды және мақұлданды

    Хаттама № «__» 2019 ж.

    ӘК төрайымы_______________


      1. Кіріспе

    Медициналық биология және генетика білім беру жүйесіндегі негізгі пән болып табылады және ол ақуыздармен нуклеин қышқылдарының құрылысын және қасиеттерін, матрицалық (қалыптық) синтезді, генетикалық материалдардың құрылымын және қызмет етуін, жасушалардың және олардың органеллаларының құрылысы мен қызмет етуінің молекулалық негіздерін, жасушалардың өсу, даму, бөліну және өлу құбылыстарын зерттейді.

    Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептерін және дамуын, оларды анықтау, алдын алу және емдеу мәселерін де зерттейді. Медициналық генетиканы оқып-зерттеу жасуша қызметі мен құрылысының молекулалық негізін, гендер экспрессиясының реттелуін, матрицалық синтезді, сигналдардың берілу механизімдерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұның өзі қалыпты тіршілік үдерісін ғана емес, олардың бұзылыстарын, гендік және хромосомалық мутациялармен байланысты көптеген тұқым қуалайтын ауруларды анықтауға қажет.

    Медициналық жоғары оқу орындарындағы білім берудің интеграциялық ұстанымына сәйкес молекулалық биология пәнін оқып үйрену жасушаның құрылысы мен қызмет етуінің, гендердің экспрессиялануының реттеуінің, матрицалық синтез, сигналдарды өткізу тетіктерін түсінудің молекулалық негіздерінің базасын қалыптастырады. Ал, бұл өз кезегінде, қалыпты тіршілік ету және көптеген аурулардың пайда болу себептері болып табылатын гендік және храмасомалық мутациялардың молекулалық тетіктерін ұғыну үшін қажет. .
    Пәннің саясаты оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық колледжде оқудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған:

    1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу.

    2. Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәріс (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі.

    3. Орындау түрі әркелкі болатын СӨЖ-ң 4 түрін міндетті орындау.

    4. Студент СӨЖ-н тақырыптық жоспарға сәйкес сол тарау бойынша аралық бақылауға дейін 1 апта бұрын тапсыру керек.

    5. Аралық бақылауды тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыруы тиіс. Аралық бақылау теория бойынша сұрақтарға жауап беруден және тәжірибелік дағдыларды (зертханалық жұмыстарды орындау және безендіру) тапсырудан тұрады.

    6. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (зертханалық жұмыстарды конспектілеу, теориялық материалды дайындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу, зертханалық жұмыстарды өз бетінше орындау).

    7. Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген оқу бөлімінің рұқсат қағазы болғанда ғана жүргізіледі.

    8. Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс.

    9. Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен келуі керек.

    10. Профессор-оқытушылар құрамымен, оқу-көмекші құрамның қызметкерлерімен және студенттермен құрмет тұтарлық қарым-қатынаста болу.

    11. Топтардағы талас тудырған мәселелерді колледждің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен ашық түрде талқылау.

    12. Колледж мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау.


      1. Пәннің мақсаты:

    Ағзадағы негізгі молекулалық - генетикалық және клеткалық механизмдерді меңгерту, сол білімдерін клиникалық тәжірибеде қолдануы.

      1. Пәннің міндеті

    • ДНҚ-технологиялар бойынша кәсіптік тәжірибе алу, жоғары технологиялық молекулалық генетикалық лабораторияларда жұмыс істеуді үйрену;

    • трансгенді ағзаларды алу әдістері туралы білім алу, биотехнологияны медицинада қолдану;

    • кең таралған ауруларды тиімді анықтау (диагностика), алдын алу және емдеу мақсатында адам ағзасының қалыпты тіршілігінің және патологияларының дамуының молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктерінің ролін ұғынуды қалыптастыру;

    • ауруларды диагностикалауда қолданылатын заманауи гендік инженерлік технологияларды зерттеу;

    • кейбір жиі кездесетін тұқым қуалаушылық ауруларды дер кезінде анықтау және алдын алу үшін тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуге үйрету;

    • ғылыми әдебиетпен және электронды базамен жұмыс істей білуді үйрету;




      1. Оқытудың соңғы нәтижелері

    Студент білуі тиіс:

    • генетикалық және жасушалық гомеостаз тұрақтылығының негізгі механизмдерін түсінеді;

    • ақпараттық макромолекулалардың құрылысы мен қызметі, берілу механизмдері мен генетикалық ақпарат экспрессиясын біледі;

    • жасушааралық әрекеттердің қамтамасыз етілуіндегі биологиялық мембраналар рөлі, мембраналық тасымалдау механизмдері мен сиг-налдың қалыпты немесе патологиялық жағдайын біледі;

    • гендік және хромосомалық аурулардың пайда болу механизмдері мен себебтерін, оларды диагностикалау, емдеу және алдын алу үрдерістерін біледі;

    • медицинада молекулалық-генетикалық технологиялар әдістерін қолданудың негізгі принциптері

    • жасуша циклінің реттелуі, канцерогенез және бағдарланған жасушанеың өлу механизмдері

    • генетиканың заманауи жетістіктері геномика, протеомика туралы және негізгі заңдылықтарын негізгі түсініктерін көрсетеді;

    • дамудың туа біткен ақаулары мен оның алдын алудың негізгі принциптерін түсінеді;

    • молекулалық биологиялық және генетикалық терминологияны 3 тілде біледі.

    Жасай алуы тиіс:

    • молекулалық – генетикалық және хромосомалық деңгейде зерттеу жұмыстары;

    • биологиялық объектілермен зертхана жағдайында заманауи экперименттік жұмыс әдістерін қолданады;

    • денсаулықты қалыптастыру факторларын бағалайтын молекулалық-генетикалық үдерістер білімін қолдануға және қорғаныс-бейімдеуш, реттелу мен өзіндік реттелудің қалыпты немесе патология жағдайын түсіндіруге қабілетті;

    • медицинада молекулалық-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптерін түсінеді;

    • тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен шежіре құрастыру мақ-сатында, жанұядағы аурулар туралы ақпарат жинауға қабілетті;

    • адамның патологиялық және қалыпты кариотипін ажыратады және хромосомалардың түрлі типтерін айыра біледі;

    • кәсіби қызметінде тұқым қуалайтын ауру-лардың электронды генетикалық мәліметтер қорын, молекулалық-биологиялық және генетикалық терминологияны, арнайы анықтамалық материал қолдануға қабілетті;

    Дағдыларды игеруі тиіс:

    • зерттеулердің денсаулық сақтаудағы маңызы туралы;

    • заманауи молекулалық генетикалық технологияларды қолдануда биоэтика сұрақтары туралы;

    • әлеуметтік мағынасы бар мәселелер мен үдерістерді талдауға, гуманитарлы, жараты-лыс тану, медициналық биологиялық, клини-калық білімдер әдіс-терін әртүрлі кәсіби және әлеуметтік іс әрекеттерде қолдануға дайын, әрі қабілетті;

    кәсіби әрекеті барысында пайда болатын мәселелердің табиғи ғылымдық мағынасын анықтауға қабілетті, оларды шешу үшін биологиялық білімді қолдануға дайын.


      1. Пререквизиттер: химия, биология.




      1. Постреквизиттер: биохимия, микробиология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, балалар ауруы.




      1. Тақырыптық жоспар:

        1. СӨЖ-тың тақырыптық жоспары







    СӨЖ тақырыптары

    СӨЖ тапсырма түрі

    СӨЖ

    Бақылау түрі

    СӨЖ бақылау кестесі

    Сағат саны

    1

    Жасушаның қозғалыс органеллалары

    Реферат

    Тестілеу




    2

    2

    Жыныссыз және жынысты көбею және олардың түрлері.

    Презентация

    Диктант




    2

    3

    Гаметогенез. Оогенез. Сперматогенез.

    Глосарии

    Бақылау сұрақтарына жауап беру




    2

    4

    Мейоз. Генетикалық материалдың рекомбинациясы.

    Конспект

    Жазба бақылау жұмысы




    2

    5

    Гомеостаз туралы ілім негіздері

    Реферат

    Диктант




    2

    6

    Ситуациялық есептер:АВО жүйесі бойынша

    Есеп щығару

    Жазба жұмыс




    2

    7

    Адамның тұқымқуалайтын патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның рөлі.

    Ақпарат дайындау

    Ауызша




    2

    8

    Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптар.

    Презентация

    Сұрақтарға жауап беру




    1

    Барлығы:__15'>Барлығы:

    15




        1. СОӨЖ-тың тақырыптық жоспары






    Тақырыптары__Қысқаша_мазмұны__Сағат_саны'>Тақырыптары

    Қысқаша мазмұны

    Сағат

    саны

    1

    Жалпы генетика негіздері. АВО жүйесі бойынша қан тобының генетикасы

    Тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Есептер шығару

    2

    2

    ДНҚ молекуласының репликациялану механизмдері.

    Репликация түрлері:тета репликация; сигма репликация; У-тәрізді репликация.

    2

    3

    Ақуыз биосинтезі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық

    Транскрипция. Трансляция. Плазмогендер, плазмон, плазмидалар.

    1




    Барлығы




    5



    1.7.3. Аудиториялық сағаттардың тақырыптық жоспары




    Тақырыптар

    Мазмұны

    Сағат

    саны

    1

    Медициналық биология және генетика пәні, міндеттері, даму кезеңдері.

    Медициналық биологияның негізгі бағыттарын тірі материяның құрылымдық ұйымдары: молекулалық-генетикалық, жасушалық, ағзалық, популяциялық.



    2

    2

    Тірі ағзның құрылымдық деңгейлері. Тірі ағзаның түпкілікті қасиеттері.

    -тіршіліктің қасиеттері : көбею, даму, дискреттілігі. т.б.

    2

    3

    Жасушаның молекулалық биологиясы, химиялық құрамы. Жасуша тіршілігіндегі мерзімдік өзгерістер.

    Жасушаішілік компоненттер мен қозғалыстарға қатысатын микротүтікшелердің қызметі. Жасушаның арнайы қозғалыс органеллаларының құрылысы мен қызметі.

    2

    4

    Ақуыздар құрылысы мен қызметі. Нуклейн қышқылдарының құрылысы мен қызметі.

    Ақуыз құрылымы денатурация, ренатурация үдерістері.Катализдік, ферменттік, тасымалдаушы, энергетикалық т.б қызметтері. ДНҚ және РНҚ құрылымы орналасу орны, нуклетидтер құрамы

    2

    5

    Цитогенетика негіздері. Адам генетикасы

    Хромосома құрылымы, хромосомалардың ережелері, классифмкациясы. Генеалогиялық әдіс,егіздерді зерттеу, цитогенетикалық, популяциялық, биохимиялық әдістер.

    2

    6

    Жасушанын генетикалық аппараты. Ағзалардың генетикалық жүйесі.

    Гендер классификациясы. Генотип, фенотип, гомозиготалы, геторозиготалы, доминанттылық, кодоминанттылық.

    2

    7

    Жасушалық цикл. Митоз. Апоптоз.

    Пресинтездік, Постсинтездік, синтездік кезен. Митоз фазалары

    2

    8

    Көбею биологиясы. Жыныссыз және жынысты көбею

    Жынысты және жыныссыз көбеюдің биологиялық маңызы. Агаметогамия: конъюгация; гаметогамия: копуляция изогамия, оогамия

    2

    9

    Қартаюдың молекулалы-генетикалық механизмдері, герантология. Мутагенез және канцерогенез.

    Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы, негізгі теориялары. Мутагендер, индукцияланған мутациялар. Химиялық , биологиялық, физикалық мутагендер.

    2

    10

    Тұқым қуалаудың жалпы заңдылықтары.

    Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы, цитоплазмалық тұқым қуалаушылық

    2

    11

    Мендель заңдары. Гендік және хромосомалық аурулар.

    Біркелкілік заңы, ажырау және тәуелсіз ажырау заңы. Гендік және хромосомалық аурулардын себептерін, гендік, геномдық, хромосомалық мутация түрлерін.

    2

    12

    Адамдардың хромосомалық аурулары. Онтогенез. Дамудың генетикалық негіздері

    Хромосомалық аурулардың пайда болу механизмдері .Синдром түрлері. Онтогенездің кезеңдері

    -ұрықтың даму кезеңдерінің сатылары

    2

    13

    Эмбриональды дамудың жалпы заңдылықтары. Дамудың туа біткен ақаулары.

    дамудың жасушалық негізі

    -бөлшектену морфологиясын.

    генетикалық және жасушалық даму кезеңдері, тератогендік фактор әсері-ұрықтың дамуында

    2

    14

    Тератогенез. Тұқымқулайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Гендік терапия.

    Химиялық, биологиялық, физикалық факторлар. Генетикалық инженерия. Плазмогендер, плазмидалар,репарация

    2

    15

    Медициналық генетикалық кеңес беру негіздері. Мүшелер жүйесінің эволюциясы.

    Клинико-генеологиялық талдау

    адам мүшелер жүйесінің дамуындағы филогенетикалық ақаулар

    -антропогенез ұғымы

    2

    16

    Филогенез

    -филогенез ұғымы

    -адам нәсілдерінің жіктелуі

    2

    17

    Паразитизм биологиясы. Медицинлық паразитология негіздері.

    -паразитизмнің биологиялық негіздері

    -медициналық паразитология туралы негізгі түсінік

    қарапайым паразиттердің тіршілік циклі

    -протозооназдардың алдын алу шаралары


    2

    18

    Медициналық протозоология. Медициналық гельминтология. Арахноэнтомалогия


    адамда паразит тіршілік ететін жалпақ және жұмыр құрттар

    -гельминттердің даму циклі бунақденелілер класы өкілдерінің морфологиялық ерекшеліктері

    бунақденелілер класы өкілдерінің морфологиялық ерекшеліктері

    -буынаяқтылар типі морфологиясы

    2

    19

    Экология және фармакогенетика негіздері

    Биотикалық , абиотикалық факторлар, антропоэкологиялық жүйелер. Дәрі –дәрмек биотрансформациясы, полиморфты ферменттер.

    2

    20

    Емтихан




    2

    Барлығы:

    40




      1. Оқыту және оқыту әдістері: ауызша сұрау,тест сұрақтарына жауап беру, сыни тұрғыдан ойлау, шағын топтар, пікірталас, презентациялар, кейс-стади, жобалау.


    1.9. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері: тестілеу, ауызша сұрау.
    1.10. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

    Тақырыпқа сәйкес видеоматериал, тақырыпқа сәйкес слаид, интерактивті тақта,видеофильм, тақырыпқа сәйкес оқу-әдістемелік кешен, пәнге байланысты плакат.

    Тақырыпқа сәйкес атомиялық модель, тренажер, манекен, фантом, медициналық құжат, пациент күтіміне қолданылатын аспап, медициналық аспап, аппарат және құрал.

        1. Негізгі әдебиеттер:

      1. Е.Ө. Қуандыков , С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика

      2. С.А. Әбилаев. Молекулалық биология және генетика.

      3. Е.Ө. Қуандыков ,Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері.




        1. Қосымша әдебиеттер

    1. Бегімқұл Б.К. Медициналық генетика негіздері. Оқулық Астана-Фолиант 2008, -80экз.

    2. Әбилаев С.А. Медициналық биология және генетика оқулық. Алматы, 2004.Всего 60экз.

    3. Қуандықов Е.Ө. Медициналық биология және генетика оқу құралы. Алматы, ҚазҰМУ, 2004.-49экз.

    4. Жолдасов Қ.Т. Жасушаның тұқым қуалау негізінің құрылымы мен қызметі (Электронный ресурс) Шымкент 2012.эл.опт.диск. 1 экз.

    5. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина, 2003.

    6. Генетика учебник для ВУЗов/под. Ред. Академика РАМН В.И.Иванова – М., ИКЦ «Адемкнига» 2007-638 с.

    7. Медицинская биология и генетика/ Под. Редакцией Куандыкова Е.У.., Алматы, 2004

    8. Введение в молекулярную медицину/ Под. Ред. М.А.Пальцева, М.Медицина, 2004.

    9. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов . – Астана, 2006, 2007.

    10. А. Сартаев. М. Гильманов Биология


    написать администратору сайта