Главная страница
Навигация по странице:

  • Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам (

  • тарих. ГОС сұрақтары қаз тарихы 90. азастан тарихы пнінен тарих емес мамандытар студенттеріне арналан мемлекеттік емтихан сратары


    Скачать 28.69 Kb.
    Названиеазастан тарихы пнінен тарих емес мамандытар студенттеріне арналан мемлекеттік емтихан сратары
    Анкортарих
    Дата30.01.2023
    Размер28.69 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГОС сұрақтары қаз тарихы 90.docx
    ТипДокументы
    #911526

    Қазақстан тарихы пәнінен тарих емес мамандықтар студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұрақтары


    1. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағы.

    2. Қазақстандағы аридтену үдерістері. Қола дәуірі және мәдениеттері

    3. Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпелі шаруашылық түрлері және атқа міну мәдениеті

    4. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері

    5. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар, масагеттер, савроматтар мен сарматтар

    6. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері

    7. Қаңлы мемлекеті: саяси тарихы және шаруашылығы.

    8. Ғұндардың саяси және этникалық тарихы.

    9. Ежелгі түріктердің руникалық жазуы. Көне түркі руникалық жазуының ескерткіштері.

    10. Түрік және Батыс түрік қағанаттары: этносаяси тарихы.

    11. Түркеш және Қарлық қағанаттары. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы

    12. Қазақстан жеріне ислам діні мен араб мәдениетінің енуі және тарауы.

    13. Ертедегі түріктердің діни нанымдары.

    14. Оғыздар мемлекеті: этникалық және әлеуметтік - саяси тарихы.

    15. Қимақ және қыпшақтар мемлекеті: этносаяси тарихы, шаруашылығы.

    16. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы

    17. «Жібек жолының және оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық өмірдегі орны.

    18. ІХ-ХІІІ ғғ. Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы. Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласұғни, Ахмет Яссауи шығармаларының әлемдік маңызы.

    19. Қарахандықтар мемлекеті: саяси тарихы, экономикасы және мәдениеті.

    20. Қарақытайлар шапқыншылығы және қарахандықтар мемлекетінің құлауы.

    21. Наймандар мен керейлердің этносаяси тарихы.

    22. Моғолстанның, Ноғай ордасының және Сібір хандығының қазақ халқының тарихындағы алатын орны.

    23. Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы. Қазақстан үш моңғол ұлысының құрамында .

    24. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.

    25. Ақ-Орданың құрылуы және көтерілуі. Орыс хан және Тоқтамыс.

    26. Көшпелі өзбектер мемлекеті. Әбілхайыр хан.

    27. Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары.

    28. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.

    29. Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан және оның ішкі және сыртқы саясаты.

    30. Қазақ хандығының Қасым ханнан кейінгі саяси жағдайы

    31. Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі.

    32. Тәуекел хан, оның саясаты. Қазақ халқының этникалық аумағы, қалыптасуының аяқталуы.

    33. ХУ-ХУІІІ ғғ. қазақ хандығының мемлекеттік және әлеуметтік құрылымы.

    34. ХУ1-ХУ11 ғғ. қазақтардың экономикалық және мәдени өмірі.

    35. Есім және Жәнгір хандар кезіндегі қазақ мемлекеті (ХУІ-ХУІІғғ.)

    36. Тәуке хан кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайы (ХУІІғ. соңы-ХУІІІғ. 6асы) «Жеті Жарғы» заңдар жинағы.

    37. Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары

    38. Әбілқайыр ханның қазақ қолбасы болып сайлануы. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі.

    39. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі қазақ батырларының рөлі. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау

    40. Қазақ – башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары

    41. ХУІІ-ХУІІІғ. қазақ-орыс қатынастары.

    42. ХУІІІғ. қазақ-қытай қатынастары.

    43. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдануы(18ғ. 40-шы жылдары)

    44. Абылай хан және оның қазақ хандығың қалыптастыру мен нығайтудағы дипломатялық өнері.

    45. ХУІІІ ғ. қазақ мәдениеті. Бұқар, Үмбетей, Ақтамберді және т.б. жыраулардың шығармашылығы

    46. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты.

    47. Кіші және Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. XIX ғ. 20-шы жж. патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік және сот реформасы.

    48. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі.

    49. Қазақстандағы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының ерекшелігі және оның тарихи маңызы.

    50. Қазақстан Ресейдің саясаты жағдайында: әкімшілік реформа. Өлкедегі XIX ғ. 60-90 жж.

    51. Дала комиссиясының қызметі. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже(1886ж). Дала облыстарын басқару туралы ереже(1891ж)

    52. XIX ғ. 60-90 жж. көші – қон мәселесі. Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аударудың басталуы. Ұйғырлар мен дуңғандардың қоныс аударуы.

    53. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы мен білімі.

    54. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы.

    55. Ағартушы ғалым Шоқан Уалиханов және оның Қазақстан тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы.

    56. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы.

    57. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіндегі тарихи рөлі.Абай және Е.П.Михаэлис.

    58. Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы: Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Біржан сал Қожағұлұлы т.б.

    59. Қазақ әдебиеті. «Зар - заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық және діни – эсхатологиялық идеялар мен мотивтер: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері

    60. Қазақстанға жер аударылған орыс ғалымдарының Қазақстанның өндіргіш күштерін, өмірі мен мәдениетін зерттеуі: А.И.Левшин, В.И.Даль т.б.

    61. Қазақстанға жер аударылған Г.С.Карелин., М.М. Муравьев – Апостол, Ф.М.Достоевский және т.б Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі

    62. Ғылыми қоғамдардың пайда болуы. Орыс географиялық қоғамының бөлімдері . Статистикалық комитеттер және олардың қызметі

    63. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. «Қазақ» газеті және «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі.

    64. Ресейдегі 1905-1907 жж. революция және оның қазақ қоғамына әсері.

    65. 20 ғ. басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және Столыпиндік жаңғырту.

    66. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ даласы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері

    67. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері

    68. Қазақстанда қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың құрылуы «Алаш», «Үш жүз» т.б.

    69. Қазақ өлкесінің автономиясын жариялау. Алаш Орда үкіметі және оның Кенес өкіметіне катынасы.

    70. Қазақстан жеріндегі азамат соғысы (1918-1920 жж.)

    71. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір.

    72. Қазақ АКСР-нын құрылуы. Қазақ жерлерін біріктіруді аяқтау (1920-1924 жж.).

    73. Қазақстанда ЖЭС-ті (НЭП-ті) іске асыру. Жер-су реформасы.

    74. Әлихан Бөкейханов — аса көрнекті қоғамдық - саяси қайраткер және ғалым.

    75. Қазақстандағы индустрияландыру: қиындықтар, табыстар және кемшіліктер.

    76. Қазақстандағы күштеп коллективтендіру және оның зардаптары.

    77. Қазақстанда 30-шы жж. заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия.

    78. Ахмет Байтұрсынұлының оқу – ағарту саласындағы қызметі

    79. Қазақстандағы 20-30-шы жылдардағы идеялар күресі. «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.

    80. Шәкәрім Құдайбердіұлы — ақын, ғалым және қоғам қайраткері.

    81. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945) қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.

    82. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945) қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.

    83. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандағы ұлттық қатынастар. Репрессияға ұшыраған халықтар және оларды Қазақстанға қоңыс аудару.

    84. Соғыстан кейінгі кезеңдегі қоғамдық-саяси өмір. «Бекмаханов ісі».

    85. Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтижелер.

    86. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты. Идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер

    87. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы.

    88. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының(ТМД) құрылуы

    89. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары

    90. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам (2022 ж.1 қыркүйек).


    написать администратору сайта