Главная страница
Навигация по странице:

  • 1907 жылы 17 мамырда Ресейдің ІІ-Мемлекеттік Думасында депутат М. Қаратаев қазақ халқы үшін ең маңызды қандай мәселені көтерді

  • Ақпан революциясының қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын не сипаттайды

  • 2 апта. Баылау сратары


    Скачать 13.28 Kb.
    НазваниеБаылау сратары
    Дата11.12.2021
    Размер13.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 апта.docx
    ТипДокументы
    #300256

    Бақылау сұрақтары:


    1. Қазақ интеллигенциясын қалыптастыруда қандай оқу орындары айтарлықтай роль атқарды?

    Қазақ интеллигенциясын қалыптастыруда Петербург, Мәскеу, Варшава, Ресейден тыс шетелдік шығыс оқу орындары, Қазан университеттері мен басқа да жоғарғы оқу орындары, сондай-ақ Сібірдің жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындары да айтарлықтай рөл атқарды.


    1. 1907 жылы 17 мамырда Ресейдің ІІ-Мемлекеттік Думасында депутат М. Қаратаев қазақ халқы үшін ең маңызды қандай мәселені көтерді?

    Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мәселесіне арнады: «Үкімет, біріншіден, Ресей ішіндегі помещиктер мүддесін, яғни, 130 000 помещиктің мүддесін қорғау үшін» жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып әперіп отыр. Екіншіден, үкіметтің бұл саясаты ашықтан-ашық ұлы державалық, шовинистік негізде жүргізілуде. Соның нәтижесінде жерге орналастыру мекемелері қазақтарды «орныққан орындарынан, поселке, деревня құрап отырған үйлерінен жаппай қуып шығумен айналысып отыр». Әрине, бұл сөз жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатын жергілікті халықтың атынан әшкереу еді. Б. Қаратаев орыс халқының еңбекші бұқарасы мен зиялы қауымын қазақ елін осындай ауыр жағдайына көңіл аударуға шақырды.


    1. Ақпан революциясының қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын не сипаттайды?

    Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті.


    написать администратору сайта