ааа. Тақырып №2. Баланы сіп дамуы Балалы шаты кезедері
Скачать 27.85 Kb.
|
Тақырып №2: Баланың тәндік дамуы. Бала өмірінің кезеңдері. Баланың жасы мен жынысына байланысты тәндік дамуының негізгі көрсеткіштері. Балалардағы нерв жүйесінің,терісінің,тері асты май қабатының,лимфа түйіндерінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері,зақымдану семиотикасы. Балалардың сүйек-бұлшық ет және тыныс алу жүйелерінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері,зақымдану семиотикасы.Балалардың ас қорыту жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері,зақымдану семиотикасы. Баланың өсіп дамуы Балалық шақтың кезеңдері Балалық шақ бала туылғаннан бастап 14 жас 11ай 29 күнге созылады. Бала организімінің ересектерден ерекщелігі – ол ірдайым өсіп, жетіліп отырады. Бұл өсіп – даму құрсақтағы кезеңнен басталып, бала есейгенше күрделеніп отырады және бала жасының кезеңдерінің әрбірінде әртүрлі дәрежеде өтеді. Балалық шақ келесі кезеңдерге өтеді: А. Құрсақтағы кезең – ұрық пайда болғаннан туылғанға дейін - эмбриондық кезең - жүктіліктің 8 аптасы - плаценталық кезең – жүктіліктің 8 – 38 аптасы Б. Жаңа туылған бал- кезеңі – 0 – 29 күн В. Емізулі кезең - 29күн – 1 жас Г. Сүт тістері кезеңі: - сәбилік кезең – 1-3 жас - мектеп алдыңдағы кезең – 3-6 жас Д. Мектеп жасындағы кезең: - төмеңгі класс кезеңі – 7 – 12 жасбп - жоғарғы класс кезеңі – 12 – 15 жас Баланың өсіп - дамуына әсер ететің факторлар Баланың құрсақтағы кезеңдегі және туылғаннан кейінгі өсіп-дамуына бірнеше сыртқы және ішкі ортаның факторлары әсер етеді. а) құрсақтағы кезеңде – анасының жүктілік кезіңдегі аурулары, экологиялық жағдайлар, жүкті әйелдің тамақтануындағыкемшіліктер, жүйкенің күйзелістері т.б. б) бала туылғанан кейін - оның тамақтандырылуындағы кемшіліктер, сыртқы қоршаған ортаның кері әсерлері ( нашар үй, тұрмыстық жағдайлар, күтімінің нашар болуы), баланың әр түрлі аурулары ( әсіресе жұқпалы іш аурулары ), әшкі секреция бездерінің әсерлері. Баланың өсіп – дамуын бағалау Баланың қсіп – дамуын бағалау үшін оған арнайы өлшеулер жүргізіледі, оны антропометрия деп атайды. Бұлқлшеулерге баланың салмағын, бойын, кеуде және бас айналымдарын, аяқ-қолдарының айналымдарын қлшеу жатады. Баланың өсіп дамуы жасына сәйкес, сәйкес емес екенің білу үшін, алдымен жасына қарай нормада болу керек кқрсеткіштерін анықтап алып, содан кейін өлшеулер арқылы табылған көрсеткіштермен салыстырамыз. А. Балаға қлшеулер жүргізу. Баланың салмағын2 жасқа дейін көлденең таразы, ересек балалардың салмағын тіке таразы арқылы өлшейміз. Бойын 1 жасқа дейін көлденең, 1 жастан асқасын тіке бой өлшегішпен анықтаймыз. Баланың бас, кеуде, қол-аяқтарының айналымдарынөлшеу үшін сантиметрлік лентаны қолданамыз. Б. Баланың өсіп дамуының нормадағы көрсеткіштерін аныөтау. Бұл үшін арнайы центильдік таблицалар, формулалар қолданылады. Бала жасының әр кезеңінде оның өсу жылдамдығы да әр түрлі болады: ең жедел өсіп-жетілетін кезеңдер – емізулі жіне жас өспірім кезеңдерінде. Мерзімі жетіп туылған баланың салмағының орташа көрсеткіщі – 3300-3500 г , бойы 51 – 53 см, бас айналымы – 34-35 см, кеуде айналымы одан 1-2 см төмен болады. Бала 1 жасқа толғанда осы туылғандағы көрсеткіштеріне: салмағына 7150 г бойына 25 см, бас айналымына -10-11см ,кеуде айналымы -13-15 см қосады. Бала бір жасқа толғанша кез-келген айдағы нормада болу керек көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы таблицаны қолдана аламыз. Бұл таблицада әр ай сайын және барлық ай ішінде баланың қалыпты жағдайда қосатын сандары көрсетілген, сол сандарды туылғандағы өсу көрсеткіштеріне қосу арқылы нормада болу керек. Салмағымен бойының көрсеткіштері анықталады. Мысалы: баланың туылғандағы көрсеткіштері – салмағы 3400гр, бойы 52 см. Осы баланың 5 айлық кезіндегі нормада болу керек салмағы мен бойын табу үшін 3400 + 3650 = 7050 гр, 52 см + 13см = 62 см екенін анықтай аламыз. Баланың қазіргі нақты көрсеткіштерін таразы және бой өлшегіш арқылы анықтап , нормада болу керек сандармен салыстыру арқылы баланың өсіп дамуына баға береміз. Мысалы, өлшеулер арқылы осы 5 айлық баланың салмағы 6500 г, бойы 65 см екні анықталса, баланың салмағы төмен, ал бойы өз айына сәйкес екен деген баға беруге болады. 1 кесте 1 жасқа дейінгі баланың өсіп дамуы
Бала 1 жастан асқаннан кейін өсу қарқыны баяулайды: 1- 2 жас аралығында салмағы 3 кг, бойы 7-8 см артады, одан әрі жыл сайын салмағына 2 кг, бойына 5 см қосып отырады. Бұл берілген сандар орташа көрсеткіштер, одан ауытқулар нормада да байқалады, бұл жерде баланың жынысы, жеке басының даралығы ескеріледі. Кез-келген жастағы баланығ нормада болк керек өсу көрсеткіштерін аңықтау үшін, оның бір жасындағы көрсеткіштеріне жыл сайын қосатың салмаұпен бойының көрсеткіштерін қосамыз. Мысалы, баланың 1 жасында салмағы 11 кг, бойы 74 см болса, оның 7 жасында салмағы 11+3+2+2+2+2+2 =24 кг, бойы 74++7+5+5+5+5+5+5+5=106 см болу керек екенін таба аламыз. 2-кесте 1 жастан асқан баланың өсіп дамуы
Баланығ нормадағы салмағы, бойының көрсткіштерін жынысына байланысты арнайы центильді таблицалар арқылы да анықтауға болады. Кейінгі 70-80 жылдың көлемінде балалардың өсіп дамуында жеделдеу байқалады, бұл құбылыс акселерация деп аталады. Баланың туылғанан бастап салмағы, бойы артығырақ, тіс жару, еңбек жабылу мерзімдері ертерек өтеді. Бұл құбылысты халықтың тұрмыс – жағдайының өзгеруімен, тамақтану ерекшеліктерімен, ғылыми техниканың дамуымен байланыстырады. Бірақ бала өсуінің жеделдеуі оның ағзаларының қызметімен, мүмкіншіліктерімен сәйкес келе бермейді. Соның салдарынан кейбір аурулар да туындайтыны дәлелденген. Баланың өсіп дамуындағы өзгерістер Баланың саллмағы мен бойының нормадағы көрсеткіштерденжалпы ауытқуын – дистрофия деп атайды.Баланың бойы нормаға сәйкес, ал салмағы төмен болса, ол гипотрофия деп аталады. Кейде баланың салмағы да, бойы да нормадағы көрсеткіштерден төмен болады – гипостптура, ал баланың салмағы мен бойы нормадағы көрсеткіштерден артық болса – паратрофия деп аталады. Баланың өсіп дамуы кезінде оның денесінің әр бөлігі әр түрлі қарқынмен өседі, осыған байланысты әр жастағы баланың дене мүшелерінің пропорциясы әртүрлі болады. Мысалы, жана туылған баланың басы денесінің 1 \ 4 ,ал ересектерде 1 \ 8 құрайды. Жаңа туылған баланың денесі бойының 45 % құраса , ересек балалара 38% құрайды., яғни бала неғұрлым кішкентай , жас болса , соғұрлым оның басы үлкенірек , денесі аяқтарына қарағанда ұзынрақ келеді. Дене құрлысының ерекшелігіне байланысты (концтитуциясына) 3 түрге бөлеміз: н о р м о с т е н и к а л ы қ- салмағы бойына сәйкес а с т е н и к а л ы қ- бойы ұзын , самағы аз г и п ер а с т е н и к а л ы қ – бойы нормада , салмағы жоғары. Денсаулық топтары Денсаулық топтары- барлық балалар денсаулық дәрежесіне қарай 5 топқа бөлінеді. I топқа- дені сау , физикалық , психикалық дамуында ешқандай ауытқуы жоқ балалар жатады. II топқа- дені сау , кейде өткір аурулар мен ауыратын , созылмалы патологияға айналу қаупі аз , өміріне қауіпсіз туа пайда болған аномалиялары бар балалар жатады . III топқа- созылмалы ауруы немесе компенсациясы қалпындағы туа пайда болған кемістігі бар және қорғаныш күштері өте төмен балалар кіреді. IV топқа- созылмалы аурулары мен туа біткен ақаулары субкомпенсация күйіндегі асқынулары бар әлсіз балалар тұрады. V топқа- ауыр декопенсация күйіндегі созылмалы аурулары мен ағза ақаулары бар , мүгедектікке әкелетін ауыр аурулары бар немесе мүгедек балалар жатады. Д е н с а у л ы қ и н д е к с і жайлы түсінік. Денсаулық индексі деп жыл бойына бірде-бір рет ауырмаған бала санының барлық сол жастағы балалар санынан проценттік үлесі аталады. Бұл көрсеткішті есептеп шығару үшін ауырмаған бала санын барлық бала санына бөліп 100 процентке көбейту керек. Мысалы, бөлімшеңізде барлығы 3 жасқа дейін 90 бала бар , олардың 38 осы жылы бір рет те ауырған жоқ. Денсаулық индексі – 38:90х100=42% . көрсеткіш неғұрлым жоғары болса , соғұрлым фельшердің жұмысына оң бағаберіледі. ЖЖ АФЕ. Нерв жүйесі жүктіліктің 2-3 апталығынан бастап үздіксіз дами береді, алғашқы жылдары өте тез дамып, 20-22 жасқа дейін толық жетіліп болады. 3 жаста ақыл ой тұжырымының 50 % қалыптасады.4-7 жас арасында30%, ал қалған өмірінде - 20% құрайды. Сондықтан 3 жасқа дейін тәрбиелеп, сонан соң қайта тәрбиелейміз деген осы мен байланысты Бас миы 400,0 дейін, су көп, иірімдерімен үлкен өзектері кішкене және таяз, ұсақ өзектер 4 – 6 жаста қалыптасады. Ми қыртысының 7 қабаты бар, бірақ, толық бөлшектенбеген (дифференциаланбаған), пирамидалық жол қалыптаспаған қарыншалар кең, мишық жоғары орналасқан миелинделмеген. 5 жаста мидың сыртқы көрінісі ұқсас болады. Жұлын – нәрестенікі 2-6 грамм, 5 жаста үш есе өседі, 20 жаста 5-8 ретке өседі, ұзындығы негізінде кеуде бөлігінде ұзарады, төменгі сегмент 3 бел омыртқа тұсында, 4-5 жаста 4 омыртқа тұсында. Атқаратын функциялары: рефлекторлы; трофикалық; симпатикалық пен парасимпатикалық нейрондар вегетативті нерв жүйесін реттейді; нәжіс пен зәр бөлу орталығы. Құрсақтағы балада – 12 – 16 аптада бас миы қыртыстары жетіледі. 17 аптадан бастап рефлекстер (ұстау), 27 аптада қозғалыс рефлекстері, 28 аптада моторлы-кардиальды рефлекс. 32 аптада дыбысқа реакция беру; 20-40аптада мишық жетілуіне байланысты моторикамен белсенділік қалыптасып, туғанда сыртқы ортаға бейімділікті қаблетті етеді. ІІІ-ші триместрде нервті-психикалық белсенділік қалыптасып дамиды. Есту мен вестибулярлы жүйе 6 айда жетіледі, дыбыстарға жағымды, жағымсыз реакциялар беру қабілеттері пайда болады. Бұл кезде ана мен бала қатынасы, ананың сезімі өте қажет, ол үшін жақсы, қолайлы жағдай тудыру қажет. Нәресте кезеңінде – ми салмақтың 10% құрастырады. Мидағы иірімдер айқын анықталады, бірақ терең емес, дифференциясы жеткіліксіз, балалар шартсыз рефлекстермен туады. Суықты сезетін рецепторлар, жылудан 10 есе артық болғандықтан, тоңдырмау қажет. Дәм мен иіс сезу анализаторлары жақсы жетілген. Көру мен есту анализаторлары тез дами бастайды. Тактильді және эмоциялық қатынас анасымен жақсы дамыған. Барлық шартсыз рефлекстер бар, еңбектеу рефлексі айқын (табынға алақан қойсаң еңбектеу қимылын жасайды. Омырау іздеу, сору рефлекстері жақсы жетілген. 2 аптада дыбысқа, 4 аптада көруге көңіл бөле алады. 2 аптада көмей дыбыстары шығады, 8 аптада –гуілдейді. Омырау жасындағы бала – ми тез жетіледі, 2 есе өседі бас миы нерв клеткалары алғашқы 5-6 айлықта тез, күрделі қалыптасады. Сезім мүшелерінің дамуына байланысты, сыртқы ортаға көңіл бөлу, дыбыс пен бет жыбырлату арқылы сезім мүшелерінің қалыптасуымен бас миы да ары қарай жетіле береді. Қимыл іс - әрекеттер: 1,5-2 айда мойны қатайады, қол қимылдары да жетіліп бағытталған, мақсатты болады (ойыншыққа ұмтылады). 3 жасқа толғанда мидың салмағы 3 есе ұлғаяды. Миелинденуі жақсарады, ішкі мүшелердің функциясын реттеп отырады, түскен мәліметті сараптап, қайта өңдеу, ойда сақтап, әсерлеу қабілеттері қалыптасады. 7 жасқа дейін ми салмағының қосылуы тежеледі, өткізгіш жолдардың миелинденуі аяқталады, шартты рефлекстер тез қалыптасады, образды анықтау толықтап, образдың ойлану формасы қалыптасады. 11 жасқа дейін морфологиялық қалыптасу аяқталып, өткізгіш жүйе мен клеткалық құрылыстар толық жетіліп болады, парасат пен ойы жақсарады. Нервті психикалық даму. Қалыпты туған нәресте алғашқы 1-2 сағаттан соң тіксіну жағдайында болады, геометриялық фигураларды сканирлауға икемді, алғашқы айда адамның көзіне көңіл бөледі. Негізгі уақытты ұйықтау мен өткізеді, 5-7 күндері қарны ашып мазасыздану пайда болады, анасының омырауды іздейді. 2 аптадан бастап көру арқылы омырауды сезеді. Дыбысқа көңіл бөлу 2 аптадан кейін, ал көру зейінділігі 1-ші айдың аяғында қалыптасады. 4 аптада әлсіз көмей дыбысы, 8 аптада “гуілдеу”, жымиады, бір нәрсеге көз қарасын тоқтатады, 3 айда дыбысты ажыратып, қимыл кешені қалыптасады, 4 айда көрген затты ұстау қимылы пайда болады, 5 айда қимыл қозғалыс мақсатпен бағытталған (ұмтылады), 6 айда буындар айтады, 8 айында қарапайым сөздер айтады, 9 айлықта пинцет сияқты ұстаса, 10 айда шымшып ұстайды. 4-5 айлықтағы бала, анасы мен туыстарын таниды, бөтендерді жатырқайды. 6-7 айда заттардың атын түсініп қайда? Деген сұраққа көзбен іздей бастайды. 8-9 айда негізгі ойыншықтардың айтылуын біледі, өзін айнадан көргенді қызықтайды. Бірге толған баланың сөз қоры 8-10 болса, екінші жылы фраза, сөйлем, ойлану қаблеттері қалыптасады. Сөздің қоры 300 ден артады. 3 жасында абстракты ойлану қаблеті, сөзді қимылмен, жалғастыру, сюжетті ойындар ойлану қаблеттері қалыптасады. Сөздің қоры 1200 ден артады. Мінез құлық қалыптасады, тақпақтарды, өлеңдерді тез үйреніп, рөлдік ойындар, ойнайды. Психикалық даму тұқыммен емес, тәрбиемен байланысты, сондықтан, дұрыс тәрбиенің осы кездерде маңыз даму үшін өте зор, олар: биологиялық фактор; мидың дұрыс қалыптасуы; О.Н.Ж. жетілуі; Ағзаның туа біткен қасиеттерінің маңыздары бар. 3-7жастың арасында, эмоция дамиды, ойда сақтау қаблеті жетіле түседі, парсаты қабілеті жетіле түседі, парасаты қаблетті дамиды. Сезімдері жетіліп (табиғатқа творчестваға, фантазия көңіл бөледі, өзін сезіну, өзін жақсы көру) қаблеттері қалыптасады. Мектеп жасында: теориялық қортындылау әлеуметтік-психиканың дамуы, сана-сезімнің өсуі, жігерлік, саналылық, өнегелілік қалыптасады. Қимылдың қалыптасуы. 1, 5- 2 айда мойны қатайады, 3 айда басын көтере алады, 4-5 айында аунайды, 6 айдан бастап отырады, 7 айда жағалап тұрады 7 айна айнала, 7,5 айда артқа қарай, 8 айда төрт аяқтап еңбектейді. 8-9 айында ойыншықтарды жақсы ұстай алады, құрастырады. 10 айда жағалап жүреді. 11-12 айда жүреді. Сезім мүшелерінің ерекшеліктері. Көру: көз жүктіліктің 3-ші аптасынан бастап дами бастайды. Туғанда көз толық дамып болған жоқ. 3-5 жастағы бала көзі ұлғаяды, пубяртата кезде даму толық аяқталады. Нәрестенің фотофобиясы сәл жетілген, қарашығы қысылған, корнеилді рефлексі жақсы, нистагм айқын. Жас шығаратын без жетілмеген. Басында монокулярлы 3 аптадан кейін бинокулярлы көру қалыптасады. 6 айдан бастап түс ажырату қабілеті қалыптаса бастайды, 2-3 жасында түрлі-түсті толық ажырата алады. Есту: құлақ морфологиялық жеткілікті дамыған Евстахиев түтікшесі қысқа, әрі кең. 3,5 айдан бастап дыбысты ажырата алады. 7-8 айда дыбыс шыққан жақты іздейді. Иіс сезу туған кезде иіс сезу жақсы жетілген, күрделі сезіну мектеп жасына дейін қалыптасады. Дәм сезу туғаннан бастап жақсы жетілген ашты мен тәттіні бірден ажыратады. Тактильді сезім – тері арқылы сезу, ет сезімі, туғаннан бастап жақсы жетілген. Жүйке жүйесі ерекшеліктері І. Қимыл іс-әрекеттердің қалыптасу мерзімдері: туғандағы қимыл мақсатсыз, хаосты; 1,5 – 2 айда мойны қатайады (мойын лордозы); 3 – 4 айлықта еркін аунайды, 6 айынан бастап өздігінен отырады; 7 айынан бастап өздігінен отырады; 8 айынан бастап өздігінен жағалайды; 10 – 12 айынан бастапжүреді ІІ. Сезім мүшелердің дамуы: туғаннан бастап тері арқылы сезу және дәм сезу қабілеттері жақсы дамыған; көру сезім мүшесі; а) туғанда физиологиялық қылилық, тұрақты қарай алмайды (заттар мен қимылға қарайды); б) 1 – 2 айдан бастап көз қарастары қалыптаса бастайды (заттар мен қимылға қарайды); в) 3 – 4 айда анасы мен туыстарын ажыратады; г) 6 айдан бастап түсті заттарды ажыратады. Есту сезім мүшесі: а) туғанда дыбыстарға реакция жоқ; б) қатты дыбысқа реакция 1 жұмадан кейін; в) сөйлегенде реакция бере бастайды 1 айдан соң; г) жағымды, жағымсыз дыбыстарды ажыратады – 3 – 4 айдан бастап; д) дауыстап таныйды – 5 – 6 айдан. ІІІ. Рефлекстер: Шартсыз, шартты рефлекстер қалыптасу. ІҮ. Түйсіктер: Алғашқы түйсік: шартты және шартсыз рефлекстер; Екінші түйсік: сөз. Екінші түйсіктің қалыптасу кезеңдері: алғашқы күндер мен жұмада түсініксіз дыбыстар шығарады. 1 айда гуілдейді; 2 – 3 айда әндетіп гуілдейді; 6 айдан бастап буындар айта бастайды. 8 – 12 айда қарапайым сөздер айту (орташа 8 – 10 сөз); 12 – 18 айда қарапайым сөйлемдер; 18 – 24 айда күрделі сөйлемдер; логикалық ойлану, есте сақтау қабілеттің күшеуі. |