7 сынып сыныптан тыс информатика. Инорматика сыныптан тыс. Бекітемін оу ісіні мегерушісі
Скачать 19.93 Kb.
|
Бекітемін: оқу ісінің меңгерушісі _____________ ___ ___ 2022 ж. Сабақ жоспары Күні: 25.02.2022 ж. Сыныбы: 7 «Б» Өтетін орны: 205-кабинеті Уақыты: сағ. 1215 Сабақтың тақырыбы: Үштілді білу – жарқын болашақ бастауы Сабақтың мақсаты: оқушылардың информатика үштілде факультатив сабағынан алған білімдерін жинақтап өз беттерінше білім деңгейлерін көтеру. Сондай ақ оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық ойлануын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру Сабақтың түрі: сайыс сабақ Қолданылатын көрнекіліктер: интербелсенді тақта, компьютер, ұялы телефон. Сабақ барысы: Таныстыру (әр топ бейнеролик арқылы топ мүшелерін және топтың атын таныстырады). Бейнеролик уақыты 2 мин. Үй тапсырмасы. Тақырыбы: «IT саласындағы соңғы жаңалықтар». Әр топ үй тапсырмасын бейнролик арқылы көрсетеді. Бейнеролик уақыты 2 мин. Kahoot.com сайтында тест орындау. 20 сұрақ беріледі. Полиглот. Берілген жұмбақтың шешуін 3 тілде қазақша, орысша, ағылшынша айту. (слайд) «Кім тапқыр?» Компьютерді қаншалықты жақсы білесіз, тексеріп көріңіз. Компьютердің ішкі құрылыстарының жүйелік блокта орналасуын көрсетеді. (LearningApps.org) «Адасқан сөздер» WordWall Әділқазылар алқасы әр кезеңді бағалау критерийлері бойынша бағалайды. Таныстыру (әр топ бейнеролик арқылы топ мүшелерін және топтың атымен таныстырады). Бейнеролик уақыты 2 мин. Бағалау критерийі: Тақырыпты аша алуы; Бейнероликтің талғамға сай болуы және эстетикалық көріністің сақталуы; Регламентің сақталуы. Үй тапсырмасы. Тақырыбы: «IT саласындағы соңғы жаңалықтар». Әр топ үй тапсырмасын бейнролик көрсетеді. Берілген тақырып аясынан ауытқымайтындай бейнеролик дайындау қажет. Бейнеролик уақыты 2 мин. Бағалау критерийлері: Бейнеролик тақырыпқа сай болуы; Бейнероликтің дыбыстық сүемелденуі, бейне материалдардың дизайндарының үйлесімділігі; Регламенттің сақталуы. Kahoot.com сайтында тест орындау. 20 сұрақ беріледі. Жылдамдықпен дұрыс жауап берген топтың нәтижесін Kahoot.com сайты көрсетеді. Полиглот. Жұмбақтың шешімін 3 тілде қазақша, орысша, ағылшынша айту. Бағалау критерийлері: Компьютер құрлысының атауларын білуі; 3 тілде аудармасын айта алуы. «Кім тапқыр?» Бұл кезеңде берілген тапсырманы топ болып орындайды. Компьютердің ішкі құрылыстарын тиісті орынға жазып, оларды орналастыру. Бағалау критерийлері: Компьютердің ішкі құрылыстарының атауын білуі; Компьютердің ішкі құрылыстарын атауларымен сәйкестіндіре білуі. «Адасқан сөздер» WordWall платформасында берілген сөйлемдерді ретімен орналастыру және оқып беру. Бағалау критерийлері: Берілген сөздерді дұрыс ретімен дұрыс орналастыруы; Мәтінде қатесіз оқуы. |