Главная страница
Навигация по странице:

  • «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда»

  • Білім беру гранты иегерлеріні тменде келтірілген тізімімен жмыс істеу бойынша жадынама


    Скачать 17.72 Kb.
    НазваниеБілім беру гранты иегерлеріні тменде келтірілген тізімімен жмыс істеу бойынша жадынама
    Дата13.12.2022
    Размер17.72 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла001.docx
    ТипДокументы
    #842550

    Білім беру гранты иегерлерінің

    төменде келтірілген тізімімен жұмыс істеу бойынша
    ЖАДЫНАМА

    Жыл сайын білім беру гранты иегерлерінің тізімі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады. Берілген Жадынама Сіздің мәліметтеріңізді білім беру гранты иегерлерінің тізімінен іздеу барысын жеңілдету мақсатында жасалды.

    Білім беру гранты иегерлерінің тізімі төмендегідей тәртіп бойынша орналасады:

    1. күндізгі оқу түрі бойынша білім беру грантына ие болғандар тізімі;

    2. педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында оқуға арналған квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі;

    3. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде студенттерді оқыту үшін квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.

    4. күндізгі қысқартылған оқу түрі бойынша білім беру грантына ие болғандар тізімі.

    5. сырттай қысқартылған оқу түрі бойынша білім беру грантына ие болғандар тізімі.

    6. Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бөлінген квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.

    7. I және II топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін бөлінген квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.

    8. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін бөлінген квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.

    9. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар үшін бөлінген квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.

    10. Қазақстан-Британ техникалық университетіне түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.

    11. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.

    12. «Қаржы академиясы» АҚ-на түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.

    13. бекітілген квота шеңберінде берілген гранттарды бөлу барысында сұранысқа ие болмауына байланысты қайта тағайындалған білім беру гранттары иегерлерінің тізімі.

    14. Жоғары оқу орындарының анықтамалығы.

    Білім беру гранттары ҰБТ немесе ТКТ сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Білім беру грантын тағайындау кезінде:

    1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;

    2) ТКББ бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;

    3) бекітілген талаптар сақталғанда халықаралық, республикалық және президенттік олимпиадалар, ғылыми және спорттық жарыстардың, орындаушылық конкурстардың жеңімпаздарының басым құқығы болады.

    Көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, I және II топтардағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдер жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы болады.

    Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестатының немесе дипломының орташа балы жоғары тұлғаларға беріледі.

    Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша, содан кейін Мамандықтар бойынша бекітілген басым пәндердің тізіміне сәйкес қалған пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.


    написать администратору сайта