Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
30мин
| Сөздік
Мультимедиа – Мультимедиа – Multimedia Кескін – Изображение – Image Бейне – Видео – Video Дыбыс – Звук – Sound
Анимация – Анимация – Animation «Мультимедиа» термині ақпаратты мәтін мен дыбыс, бейне мен дыбыс сияқты бірнеше типпен ұсыну арқылы түсіндіріледі. Веб-бетке қосылатын мультимедиа элементтерінің көлемі жағынан үлкені – бейне файлдар. Мәселен, 1 минуттық бейне 10 Мбт жады көл мін алады. Дыбыстық файлдардың көлемі олардың сапасына байланысты, мысалы, жоғары сапалы 3 минуттық дыбыстық жазба 3,5 Мбт көлемді қажет етеді. Анимациялық элементтер веб-беттерде кеңінен қолданылады, ал көлемі орташа сападағы графикалық файлмен салыстырғанда көбірек орын алады.
Көп жағдайда браузерлер түрлі форматтардың шектеулі жиынтығын қолдайды. Жалпы алғанда, браузерлер HTML-құжаттарды, қарапайым мәтіндер мен кең қолданыстағы графи калық файл форматтарын шығара береді.
Браузерлерде мультимедиалық файлдарды ойнату мүмкіндіктері жоқ. Олардың орнына мультимедиа элементтерін веб-бетке шығару үшін браузерлерге қосылғаннан кейін жұмыс істейтін арнайы көмекші қосымшалар немесе кітапханалар (плагин) пайдаланылады.
Веб беттерде дыбыстарды қолдану ерекшеліктері
Веб-беттердегі дыбыстық әсерлер аудиофайлдар көмегі мен құрылады. Кең таралған аудиофайлдардың форматтарына мыналар жатады (13-сызба):
13-сызба. Аудиофайлдардың кең таралған форматтары
Веб-беттердегі аудиожазбаларды бірнеше тәсілмен ойнатуға болады: • батырманы басу; • сілтеме бойынша өту; • жаңа терезе ашу және т.с.с.
Кейбір веб-беттер дыбыстық файлдармен сүйемелденеді.
Веб- беттерде бейнелерді қолдану ерекшеліктері
Бейне файлдардың кең тараған форматтарына мыналар жатады (14-сызба):
14-сызба. Бейнефайлдардың кеңтараған форматтары
Веб-беттерде суреттерді қолдануерекшеліктері
Веб-бетке қойылатын кескіндерді таңдай отырып, мынадай факторларды ескеру қажет: • сайттың жүктелу жылдамдығы;
• кескіннің сапасы; • айқындылығы. Суреттердің кең тараған форматтарына мыналар жатады (15-сыз ба):
15-сызба. Суреттердің кең тараған форматтары
Анимация – қозғалыс әсерін құрайтын бірнеше кескіннің ойнатылуы. Flash- анимациялар назарды өздеріне аудартып, сайтқа қызығушылықты арттырады. Анимация құруға арналған программаларды шартты түрде қарапайым немесе қолмен құрылатын және дайын онлайн-сервистер деп екіге бөледі. Flash-қатарлар құру қағидасы осы екі жолға ұқсас: жеке кескіндер (кадрлар) белгілі ретпен қойылады, әрбір кадрдың көрсетілу ұзақтығы беріледі, арнайы әсерлер қосылады. Нәтижесінде мультфильм секілді бейне алынады. Веб-беттегі мультимедианың басты қызметі – сайтта ұсынылатын ақпаратты қабылдау үрдісін жеңілдету.
Авторлық құқық — программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы. Плагиат (лат. plaqіo — ұрлау, ұрлық) — басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану.
1-тапсырма «Жеке жұмыс» WIX сайтын пайдалану
WIX сайтында аудио қалай қосамыз?
Дескриптор
Оқушылар сайтқа ақпарат жүктейді Әуенді қалай қосу керектігін үйренеді
| Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Жаттығуларды орындайды
| ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Қалыптастырушы
Бағалау
Жапондық бағалау әдісі
| Оқулық
Ақпараттық мәтін Слайд
Ноутбук
|
Сабақтың соңы
Қорытынды
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| Рефлексия.
Білім мен мақсатқа жетудің "дамуын" бағалау үшін келесі сөз тіркестерін жалғастыру
Мен білмеген едім...
Енді мен білемін...
| Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
| Кері байланыс
|