Главная страница
Навигация по странице:

  • Пемба Шерпа Әдеби мәтін

  • Исландиялық жылқылар Ақпараттық мәтін

  • Тұқымындағы дарасы

  • Мықты және төзімді

  • Сырт келбетінің ерекшелігі

  • Жуас мінезді

  • Жүрістің ерекше түрі.

  • Қорғалған және даңқты

  • пирлс мәтіндер. Дастан жне Грифон деби мтін


    Скачать 27.93 Kb.
    НазваниеДастан жне Грифон деби мтін
    Дата31.10.2022
    Размер27.93 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапирлс мәтіндер.docx
    ТипДокументы
    #763249

    Дастан және Грифон

    Әдеби мәтін

    Дастан шуақты күні үйдің артқы ауласында отырды. Ол ата-анасын күтіп жалығып

    кетті. Қызық бір нәрсе көремін деген үмітпен ол бақша жаққа қарады.

    Бұл бақша аса үлкен де емес, таза да емес еді. Оның айналасында ескі биік әлсіз қабырға, ал дәл төменгі жағында кішкентай ағаш есік болды. Дастан, анасы қабырғаны шырмауықтан тазартқанша, кешегі күнге дейін, осы есік туралы білген жоқ, сөйтсе ол ашылуын күтіп тұр екен.

    Дастан бақшадағы кішкентай ағаш есікке қарады. Ол ақырын тұрып, бақшаға қарай жүгірді. Кішкентай ағаш есікке жеткенде, Дастан үй жаққа қарады, артынан ешкім бақылап тұрмағанына көзі жеткен соң, есіктің үлкен дөңгелек тұтқасын бұрады. «Тек қараймын» - деді ол.

    Есік сықырлап, шықырлап ашылды да, Дастан үңіліп қарады. Қандай өкінішті. Онда ештеңе болмады. Мүлдем ештеңе жоқ, тек шөп пен арамшөп, одан әрі ұзынырақ шөптер мен арам шөптер болды.

    Мүмкін ол солай ойлады.

    «Сәлеметсіз бе?» - деді өте жұмбақ, қартаң дауыс.

    Дастан шошып кетті. Ол үңіліп қарап тұрды. Бірақ қанша үңілсе де, ұзын шөптер мен арамшөптерден басқа ештеңе көре алмады.

    «Бұл кім?»

    «Мен ешкім емеспін», - деді жұмбақ қартаң дауыс. «Мүмкін емес, мен көп жылдар бойы жалғыз қалып, өз-өзіммен сөйлесетін болғанмын ба?»

    Дауыс жабайы бақтың жолындағы кішкентай төмпешіктен естілгендей болды.

    «Сізді әлі көре алмай тұрмын» - деді, Дастан сол жерге жеткенде.

    «Мына менің үстімдегі заттардан әрине көре алмайсыз», - деді ашулы қартаң дауыс.

    Дастан кішкентай төмпешіктің үстін басқан шөптер мен арамшөптерді тазартты. Олардың астынан күннің жылы болғанына қарамастан ұстағанда салқын, ескі және қатты нәрсе тапты.

    Үлкен сұр қанат.

    «Басқа жағында сіз тағы біреуін табасыз», деді дауыс. «Егер көргіңіз келсе, әрекет етіңіз». Дастан айналып басқа жағына барған кезе екінші қанатты тапты. Ол тастан жасалған болса да, шамалы қозғалды.

    «Егер де сіз дәл солай менің басымды босатсаңыз» , - деді тас мүсін, «мені өте бақытты етер едіңіз. Сізге күннің көзін көруді қаншалықты ұзақ күткенімді сөзбен жеткізе алмаймын».

    Дастан иілген тұмсығы бар сұр тас мүсіннің басын шөп пен арамшөптерден тазартты.

    Үлкен көз оған көзін қысты.

    «Бала, мен қателеспесем», - деді көз, тұмсық және қанаттардың иесі. «Соңғы рет қашан баланы көргенім есімде жоқ. Сенің атың кім, бала?».

    «Дастан», - деді Дастан. «Ал сіздің ше?»

    «Менің атым жоқ», -деді тас мүсін. «Адамдарда ғана есім болады. Менен сұрағаның ақымақтық».

    «Сонда, сіз кімсіз? Бүркітсіз бе?»

    Тас мүсін ренжігендей болды. «Дастан, сен мұнда мені ашуландыру үшін келдің бе? Менің бүркіт емес екендігім айдан анық. Бүркіт ол жай ғана құс, ал мен болсам ... мен - грифонмын».

    «Грифон деген кім?»

    Грифон басын маңғаздана көтерді. «Грифон жасырылған қазына сақшысы».

    Дастан аузын ашып қалды. «Сонда сіз, мына жерде жасырылған қазына бар деп тұрсыз ба?»

    «Ей, жоқ, олай емес», - деді грифон, сәл қысылып. «Сіз көріп тұрғандай менің орнымды ауыстырған. Жаңа үй иелері мені үйден алып шығып, осында, қабырғаның артына әкеліп қойды. Содан бері мен мұнда керексіз, қараусыз, ұмыт қалдым. Бұл нағыз жалғыздық».

    «Мен сізді тағы арамшөптерден тазартайын ба?» - деп сұрады Дастан.

    Грифонның тас қабақтары таң қалғаннан жыпылықтап кетті. «Қандай мейірімділік. Иә, мен сізге өте риза болар едім».

    Дастан жұмысқа кірісті, бір кезде ол грифонның қанаттары, тұмсығы және алдыңғы аяқтарының тырнақтарының болуына қарамастан, бүркіттен біраз үлкен екендігін байқайды. Оның артқы аяқтары арыстандікіндей болып көрінді. Онда тіпті арыстанның құйрығы болды.

    «Дастан! Сен онда не істеп жатырсың?»-деді дауыс. Дастан орнынан тұрды. «Кетуім керек», - деді ол грифонға.

    «Әрине саған кету керек. Ерте ме, кеш пе бәрібір барлығы мені тастап кетеді. Мен сақтап қорғайтын қазына жоқ, жай ғана грифонмын. Мені аямай-ақ қойыңыз».

    «Мен кешірек қайтып келемін», - деді Дастан.

    «Қалауыңыз білсін», - деді де, грифон теріс бұрылды.

    Сол түні жатар алдында, Дастан қақпадан бақшаға шығып кетті. Қараңғы түсіп келе жатты, бірақ айдың күміс жарығы грифонның тұмсығы мен қанаттарына түсіп, жарқырап жатты.

    Дастан да өзімен бірге сөмкесі және ас үйден алған қасығы болды. Ол еңкейіп қасығымен грифонның алдыңғы аяқтарының арасын қаза бастады.

    «Сен не істеп жатырсың?» - деп сұрады грифон.

    Дастан сөмкесін ашып, ішінен ағаштан ойылған қорапты алып шықты. Ол қорапты ашты, грифон оның ішіне қарады. Ішінде Дастанның ерекше қазынасы: алған сыйлықтары, өзі сақтаған және жәрмеңкеден ұтып алған заттары болды.

    Дастан қорапты жапты да грифонның аяқтарының арасында қазылған шұңқырға салып қойды.

    «Мінекей», - деп сыбырлады Дастан. «Енді сізде сақтайтын қазынаңыз бар».

    Қазына сақшысы басын көтерді. Оның үлкен қанаттары тас көлдің суы сияқты созылып жылтырап жатты.

    «Мен оларды жақсылап сақтаймын», - деді грифон Дастанға.

    Сұрақтар Дастан және Грифон

    1.Әңгіменің басында Дастан не болды деп үміттенді?

    А)Күн шуағын шашады

    Ә)Ата-анасы оған бірнәрсе алып келді

    Б)Қызық бір нәрсе көремін.

    В)Біреу бақшаны тазартады

    2.Дастан есіктен қарағанда нені көрді?

    ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    3. «Мүмкін ол солай ойлады».

    Бұл сөйлем оқырманға нені білдіреді?

    _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    4.Дауыс оның көп жылдар бойы жалғыз қалғанын, айтты.

    Грифонның көп уақыт бойы жалғыз болғандығын басқаша қалай түсінуге болады?

    А)Грифон өз-өзімен сөйлесті

    Ә)Грифон шөптермен арамшөптермен жабық тұрды.

    Б)Грифон ұстағанда таң қаларлықтай мұздай болды

    В)Грифонның үлкен сұр қанаттары болды.
    5.Дастан кішкентай төмпешіктен шыққан дауысты естіген кезде, грифонның бақытсыз екендігін түсінді.

    Автор осыны көрсету үшін қандай сөздер қолданды?

    Екі мысал келтіріңіз.

    1.________________________________________________________________________

    2.________________________________________________________________________

    6.Дастан алғашында грифонның басына қатысты қандай жаңалық ашты?

    Екі мысал жаз.

    1.__________________________________________________________________________

    2.__________________________________________________________________________

    7.Дастан грифонды ренжітетіндей оған не айтты?
    А)Дастан грифонға өзінің атын айтты

    Ә)Дастан грифоннан оның бүркіт екендігін сұрады

    Б)Дастан грифоннан қазына бар ма деп сұрады

    В)Дастан грифонға ақымақ әдеті бар екенін айтты
    8.Грифонның бүркітке және арыстанға ұқсайтын жерлерін атаңыз

    Бүркіт

    ____________________________________________________________________________

    Арыстан

    ___________________________________________________________________________

    9.Грифонның «Мен ешкім емеспін» дегені туралы ойланыңыз. Әңгімеге сүйене отырып, мұнымен грифонның не айтқысы келгеніне бір себеп жазыңыз.

    ____________________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________________ Грифонның не айтқысы келмегеніне бір себеп жазыңыз

    ____________________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________________ 10.Дауыс шақырғаннан кейін, Дастан кетуге мәжбүр болады.

    Неліктен грифон Дастан қайтып келмейді деп ойлайды?

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    11.Дастан қандай бала?

    ____________________________________________________________________________

    Әңгімеден Дастанның осындай екенін көрсететін екі мысал келтіріңіз.

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    12.Мәтіннен қазына қорабы жайлы айтылатын бөлімін табыңыз.

    «Күміс жарығы »деген не?

    А)Айдың жарығы

    Ә)Грифонның көзі

    Б)Қазына

    В)Қасық
    13.Неліктен Дастан грифонның қасындағы жерді қаза бастайды?

    А)Дастан грифонның алдыңғы аяқтарын жапты

    Ә)Дастан грифонның қазынасын іздеді

    Б)Дастан грифонды шөп пен арамшөптерден тазарты

    В)Дастан қазынаны грифон үшін жасырып жатты.
    14.Әңгіменің басында грифон не себепті өзінің жұмысын атқара алмағанын сипаттап беріңіз.

    Оны өзгерту үшін Дастан не істеді?

    Грифон өзін қалай сезінді?

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Пемба Шерпа

    Әдеби мәтін

    Менің атым Пемба, мен Шерпа ұрпағынанмын.

    Шерпалар – жолбасшылар ретінде өз істерімен бүкіл әлемге танымал адамдар. Олар альпинистерді Гималай тауларының шыңын бағындыру үшін бастап жүреді.

    Кез-келген басқа ұл бала сияқты мен ауылымда жолбасшы болуды армандаймын.

    Бір күні таңертең, мен мектепке отын апару үшін ерте тұруым керек болды. Менің қарындасым Ян Ки де барғысы келді.

    «Отын апару үшін сен тым кішкентайсың», - дедім мен оған.

    1.Пемба не туралы армандады?

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    2.Неге Пембаға ерте тұру керек болды?

    А)Ян Киді қарау үшін

    В)мектепке бару үшін

    С)тауға шығу үшін

    Д)отын апару үшін

    Ян Ки тыңдамады. Ол айтты: «Отынды мен апарамын, өйткені өскенде жолбасшы болу үшін мен күшті болуым керек».

    Мен күлдім. «Қыздар жолбасшы бола алмайды!»

    Ян Ки күлген жоқ, «Мен де сен сияқты Шерпамын», -деді қайталап. Мен жолға түсе бастадым.

    Мен тік, тар жолға жеткенде артымнан бір дыбыс естідім. Ян Ки менің артымнан келе жатты!

    «Қайт! Сен менімен бірге бара алмайсың!»-деп мен оған айғай салдым.

    3.Неге Ян Ки отын апарғысы келді?

    А)өз ағасына көмектесу үшін

    В)от жағу үшін

    С)күшті болу үшін

    Д)уақытты көңілді өткізу үшін

    4.Ян Кидің қандай сөздері Пембаны күлдірті?

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    5.Пемба Ян Кидің артында келе жатқанын қайдан білді?

    А)Ян Ки отын апарғысы келді

    В)Ян Ки оған айғайлады

    С)Пемба дыбыс естіді

    Д)Пемба оны көрді

    Мен бұрышқа қарай асықтым. Кенет жартастан асып көшкін құлап түсті. Мен көшкінде қалдым және төмендегі терең арнаға құладым.

    Мен тоқтай алмай арна жаққа қарай құлай бастадым. Менің саусақтарым жерді тырналай берді. Мен ағаштың тамырын көрдім де, оны ұстай алдым. Ұстап алдым да, мен шеттен сантиметрдей жерге ғана тоқтадым.

    Мен төменге қарауға қорықтым.

    6.Пемба неліктен құлады?

    А)Пемба көшкін себебінен құлады

    В)Пемба Ян Киден қашып бара жатқанда.

    С)Жол тым тік және тар болды

    Д)Соқпақ жолды тастар мен балшық жапқан.

    7.Пембаны шеттен құлаудан не тоқтатты?

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    8.Пемба неге төменге қарауға қорықты?

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Дәл сол кезде мен шу естідім. Бұл бамбуктың ұзын таяғын әкеле жатқан Ян Ки болатын. Ол ақырын, абайлап үлкен ағашқа қарай төмен қарай түсіп келе жатты. Ол өзін ағашқа бекітті де, маған бамбук таяғын созды.

    Ян Ки бір жақ шетін екі қолымен ұстап тұрды. Мен тез тартылдым да, Ян Ки менің салмағымды ұстай алатынына көз жеткізгеннен кейін, таяқтың екінші жағын ұстадым. Ол мықтап тұрды, мен одан сайын тартылдым.

    Мен жоғары қарай өрмелей бастадым.

    9.Ян Ки ұзын бамбук таяғын неге алды?

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    10.Ян Ки неге ақырын және абайлап жүрді?

    А)Таяқ ауыр болды

    В)Ол өте үлкен болмады

    С)Ол төмен қарауға қорықты

    Д)Жер мен тастар тайғақ болды

    11.Пемба өрмелеп шықпас бұрын алдымен не істеді?

    _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Менің аяқтарым сырғанақ жерде тірелу үшін тырмысып келеді. Мен Ян Киге қарадым және қаттырақ тарттым. Оның жіңішке қолдары таяқты бір жерде ұстап тұрған болат сақина сияқты болды. Ақыры, мен оған жеттім.

    Сол кезде мен тобығымның ауырғанын сездім. Мен тұруға тырыстым, бірақ мен жерге құладым. Мен мектепке арналған отынды қалай аламын?

    «Осы жерде отыр және тобығыңды демалдыр», -деді Ян Ки.

    Мен оған алғыс білдірейін деп бұрылдым, бірақ ол кетіп қалды! Мен өзімді шарасыз сезіндім. Мен ештеңе істей алмадым, бірақ күттім.

    Бұл Ян Ки қайтып келерден біраз бұрын болды. Сосын мен оның –отынның үлкен жүгін әкеле жатқанын көрдім.

    12.Неге ол Ян Кидің қолдары болат сақинаға ұқсайды деді?

    А)Оның қолдарының жіңішке екенін көрсету үшін

    В)Оның қолдары қаншалықты күшті екенін көрсету үшін

    С)Оның қолдарында білезіктер бар екенін көрсету үшін

    Д)Оның қолдары таяқтың айналасында екенін көрсету үшін

    13.Пемба неге жерге құлады?

    А)ол отынды жоғалтты.

    В)ол мектепке кешігіп жатты

    С)ол тобығын ауыртты

    Д)ол өзін шарасыз сезінді

    14.Неге Ян Ки Пембаны қалдырып кетті?

    А)отынды алып кету үшін

    В)Пембаға демалуға уақыт беру үшін

    С)мұғалімді алып келу үшін

    Д)Пембаның достарына айту үшін

    Мен сол кезде әрі мақтандым, әрі ызаландым. Мектепте менің достарым, қарындасымның отынды әкелгенін біліп қояды деп ойладым.

    «Менің орныма отынды апаруыңа мен жол бере алмаймын!». Мен ашуландым.

    Ян Ки жауап берді: «Қандай жағдай болса да, мен апарамын. Бүгін мен сенің жолбасшыңмын».

    Мен ештеңе істей алмадым.

    Мен ақсаңдап, Ян Ки жолбасшымның артынан жүрдім. Мен қатты шаршадым, бірақ біз мектепке жеткен кезде, өзімнің кішкентай қарындасыммен мақтандым.

    Менің қарындасымның ерлігі туралы әңгіме айналаға тез тарады. Содан бастап мен Ян Кидің жолбасшы болатынына еш күмәнданған жоқпын. Бұрын мен, жолбасшы болып жұмыс істеу үшін қыздар тым әлсіз болады деп ойладым. Бірақ менің қарындасым менің пікірімді өзгертті.

    15. «Мен сол кезде әрі мақтандым, әрі ызаландым». Неге екенін түсіндіру үшін, төмендегі екі сөйлемді аяқтаңыз.

    Пемба мақтанды, өйткені

    ____________________________________________________________________________

    Пемба ызаланды, өйткені

    ____________________________________________________________________________

    16.Пемба оған ашуланғанда Ян Ки не істеді?

    А)Ол оның өтініші бойынша жасады

    В)Ол өкінішті екенін айтты

    С)Ол оның сөздерін елеген жоқ

    Д)ол ренжіді

    17. «Бүгін мен сенің жолбасшыңмын».

    Неге Ян Ки ағасына осылай айтты?

    _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    18.Барлық оқиға туралы ойланыңыз.

    Ян Ки Пембаның пікірін қалай өзгертті?

    Ян Ки жасаған екі әрекетті жазыңыз.

    1.___________________________________________________________________________

    2.___________________________________________________________________________

    19.Сіз Ян Киді әрекетіне қарап, оның қандай екенін білдіңіз бе?

    Ян Ки қандай екенін сипаттаңыз және оқиғадан осыны көрсететін мысал келтіріңіз

    Исландиялық жылқылар

    Ақпараттық мәтін

    870 жылдың жазғы түндерінің бірінде викингтердің бір тобы жаңа үй табу үшін Норвегиядан алыс кетті. Викингтер, Еуропада бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген адамдар. Оларды бұл саяхат жансыз аралға әкеледі,казіргі кезде ол Исландия деп аталады.

    Осы Викингтер Исландияға ауыр,ағаш,жүк кемелермен келіп жетеді. Викингтер бұл кемелерді жылдам , әрі жеңіл әскери кемелердің орнына пайдаланды, себебі олар тірі жан жоқ аралда өмір сүруге қажетті заттардың барлығын алуға мәжбүр болды.

    Бірақ, олардың кемелері кішкентай еді. Ұзындығы 16 метр, ол 3 машинаның ұзындығымен бірдей болды.Олар өз жүктерін мұқият таңдауға мәжбүр болды.Ең маңыздысы-жылқыларын алды.Жылқылардың биіктігі 135сантиметр ғана,ол машинаның биіктігімен бірдей:бірақ,олар ересек адамды көтере алады.

    Көптеген викингтер аралға келе бастады.Жақын арада ол жерде өз жылқылары, қойлары және ірі қара малдары бар 60000жуық қоныстанушылар болды.

    Бұл жаңа жерге викингтердің жылқылары тез үйреніп кетті. Ол жерде оларға қауіп төндіретін үлкен жануарлар болған жоқ.Көп ұзамай, Исландияда мыңдаған жылқылар пайда болды.Негізінде, олардың көп болғаны соншалық, олар түгелге жуық ағаштар мен бұталарды жеп қойды. Нәтижесінде,бұдан былай жылқыларды аралға әкелуге тыйым салатын заң қабылданды.

    Тұқымындағы дарасы

    Исландиялық жылқылардың басқа жылқыларға ұқсамайтын ерекше төрт қасиеті бар. Осы төрт қасиеттің жиынтығы исландиялық жылқыларды шынымен де тұқымында дара етеді.

    Мықты және төзімді

    Қоныстанушы викингтер заманынан бастап, қазіргі уақытқа дейін исландиялық адамдар өмір сүру үшін өздерінің жылқыларына тәуелді болды.Исландиялық жылқылар мықты болды. Жылқылар жер жыртты, ауыр жүктерді тасыды және терең мұзды суларда өздерінің үстіндегі шабандоздарымен судан жүзіп өтті.Оған қоса,Исландияда қашанда жанартаулар көп болған. Жылқылар мұздай және қатты лава басқан далалармен жүруге мәжбүр болған. Олар мұзды далада және таулармен жоғары-төмен жүрді Бұған жылқылардың аяқтары нық тұруы керек болды.Викингтер мықты және төзімді жылқыларды қатты құрметтеді. Ол ешқашан қалдырып кетпейтін серік, әрі дос болды.

    Сырт келбетінің ерекшелігі

    Исландияның ауа-райы үнемі қатал болған.Ауа-райы суық және желді. Ауа-райында өзгерістер жиі болып тұрады.Дауылдар мен жанартау атқылайды.Осыған қарамастан, қоныстанушылар жыл бойы жылқыларын далада ұстаған. Нәтижесінде, исландиялық жылқылардың ерекше сырт келбеті пайда болды.

    Қыс бойы жылқылар бүкіл аралда еркін жайылатын. Олар үйірлерімен немесе үлкен табынмен жүреді.Ауа-райы өте суық болғандықтан, тірі қалған жылқылардың терілері және жүндері қалың, әрі ұзын.

    Сонымен қатар, жылқылар азықтарын өздері тауып жеу керек болды.Қыста азық табу қиын: олардың аздығынан исландиялық жылқылардың ұзындығы қысқырды.Олардың аяқтары мен мойындары да қысқарды. Бүгінде, исландиялық жылқылар әлемдегі ең қысқа жылқылардың бірі болып саналады.

    Жуас мінезді

    Негізінде исландиялық жылқы жабайы табиғатта еркін өсті. Бұл жылқының жуас мінезін қалыптастыруға көмектесті. Қоныстанушы винкингтер кезінен бастап, құлындар немесе жас жылқылар адамдардың қамқорлығында сирек болды. Олардың көпшілігі сыртта, шөпті далада туып, алғашқы айларында енелерінің артынан еріп жүрді. Содан кейін, жас жылқылар үйірлерге қосылып еркін жайылды. Олар үйірде тіршілік етуге бейімделп , бір –біріне үйренеді. Олар жабайы табиғатта еркін тіршілік етеді және нақты жаулары болмайды. Исландияда туған жылқылар тебі мен тістеуді білмейді.

    Жүрістің ерекше түрі.

    Қоныстанушылар бүкіл аралда орналасқандаықтан ешкім жаяу жүрмеді. Үйлердің арасындағы қашықтық біршама алыс болғандықтан, барлығы атқа мінді. Адамдар атпен жиі жүргендіктен, енді олар саяхатқа ыңғайлы аттарды қалады. Сондықтан, адамдар исландиялық жылқыны жоғары бағалады: ол Тельт деп аталатын ең ыңғайлы жүріс түрін мүлтіксіз орындаған. Тельт деген жүрістің ерекше түрі, ондай жүрісте жылқының екі аяғы әрдайым жерде тұрады. Ол бірқалыпты және тез. Тельтты орындағанда аттың үстіндегі адам секірмейді. Әдетте, көрсетілім кезінде, шабандоз көбінесе су толтырылған стаканды ұстап тұрады. Қатты тельт жүрісі кезінде шабандоз жерге бірде-бір тамшы төкпейді!

    Қорғалған және даңқты.

    1882 жылы, Исландия адамдардың ешбір жылқыны аралға әкелуге болмайтындығы туралы заңды қайта жаңғыртты. Тек Исландияда туған исландиялық жылқыларға рұқсат берілді. Сол себепті бұл елде осы күнге дейін тек бір ғана түрі бар.

    Исландиялық жылқыны қорғайтын заң, оның аман қалуына көмектесті. Елде жылқыларға зиян келтіретін аурулар жоқтың қасы. Нәтижесінде, исландиялық жылқының күйі жақсы. Қазіргі кезде 80000 жуық жылқы аралда өмір сүреді.

    Қазіргі Исландияда негізінде немесе көңіл көтеру үшін қолданады. Исландияға көпетеген туристер келеді. Оларға мұндай ерекше атпен исландияның далалары мен тауларында жүрген ұнайды.

    Сұрақтары:

    1. Алғашқы исландиялық жылқылар қай елдер келді?



    1. Мәтін бойынша, неліктен викингтер өздерінің жүктерін мұқият таңдауға мәжбүр болды?

      1. Олар ең жақсысын алғасы келді

      2. Олардың саяхаттары ұзақ, әрі қауіпті болуы мүмкін еді.

      3. Кемелер ауыр және ағаштан жасалған болды

      4. Олардың кемелерінде көп орын болған жоқ

    2. Неге Исландияда көп ұзамай мыңдаған жылқылар болды? Екі себеп жазыңыз.



    1. Викнингтер Исландияға келген кезде, олар қандай жерді тапты?

    Мәтіннен екі түрлі мысал жазыңыз.

    1. Неге Исландия халқы жылқыларға үлкен құрмет көресетеді?

      1. Жылқылар сенімді болды

      2. Жылқылар көп ақша тұрды

      3. Жылқылар еркін жайылып жүрді

      4. Жылқылар өте сирек болды

    2. Исландияның ауа-райы исландиялық жылқыларды қалай өзгерткендігін жазыңыз.



    1. Неге исландиялық құлындар жуас болып өседі?

      1. Олар тебу не тістеу үшін өте кішкентай

      2. Олар үйірде бағылады

      3. Олар шөпті далада туады

      4. Оларды қайырымды адамдар өсіреді

    2. Тельт деген не?

      1. Жүріс түрі

      2. Жылқы түрі

      3. Жақсы шабандоз

      4. Ұзақ қашықтық

    3. Неге шабандоздар көріністерде кейде суы бар стаканды ұстап тұрады?



    1. Аттардың екі қасиетін жазыңыз. Неліктен әр қасиет исландиялық адамдардың қажеттілігін қанағаттандыратынын түсіндіріңіз.



    1. Неге Исландияда жылқының тек бір ғана түрі бар?

      1. Олар салқын ауа-райында өмр сүре алады

      2. Викингтер оларды Норвегиядан алып келді.

      3. Олар кішкентай және олардың ұзын жзүндері бар

      4. Заң олардың басқа түрін алып келіуге рұқсат бермейді

    2. Қазіргі таңда адамдар көбінесе исландиялық жылқыларды қандай мақсатта қолданады?



    1. Исландия аралындағы жылқылар жүздеген дылдар бойы оқшауланды.

    Бұл қазіргі Исландиялық жылқылардың жетілуіне қалай әсер етті?


    написать администратору сайта