салыстырмалы грамматика. Салыстырмалы грамматика пәнінің мақсаты. Дріс жоспары аза тіліні алыптасуындаы ерекшеліктер. Орыс тіліні алыптасуындаы ерекшеліктер Масаты
Скачать 30.27 Kb.
|
теңізші], футурология — [лат. /ийіпіт —болашак + гр. һ§оз — сөз, ілім)] т.б.Салыстырмалы грамматика пәнінің мақсаты, міндеті 12.08.2020 Ulagat Дәріс жоспары:. Қазақ тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктер. Орыс тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктер.. Мақсаты: Қазақ тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктер. Орыс тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктер.. Мазмұны: Қай тілді алсак та оның өзінін сөздік құрамы, ерекше фонетикалық жүйесі және грамматикалық құрылысы болады. Қазақ және орыс тілдерін генеалогиялық жактан алғанда, әр түрлі тілдік топтарға жатады: қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, орыс тілі индоеуропа тілдерініц шығыс славян тобына жатады. Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар Дунайга дейінгі Еуразия далаларын, Орталық, Орта Азия, Сібір, Кавказ, Кіші Азия жерлерін мекен еткен. Қазақ тілінің түпкі шығу тегі түркі тілдері дамуындағы ең көне Алтай дәуірінен, Хун дәуірінен (біздің заманымыздан бұрынғы III — 1У ғасырлар мен біздің заманымыздын V ғасыры аралығы) және одан бергі көне түркі дәуірінен (біздің заманымыздың V — X ғасырлар аралығы) бастау алады. Алтай дәуірінде негізі бір ата тілден шыкқан түркі және монғол, түнғыс-маньчжур тілдері бір-бірінен ажырай бастаған. Ал Хун дәуірінде монғол, түнгыс-маньчжур тілдерінен түгелдей ажырап болған түркі тілдері өз ішінен шығыс түркі және батью түркі тілдері болып екі салага бөлінген. Қазақ тілі батыс түркі тілдершщ кыпшақ тобына енеді. Қыпшак тілдсрінің, оның ішінде қазақ тілінің қүрылымы туралы моліметтер Махмуд Қашқаридің «Дивани луғат ат-түрк», Юсуф Баласағүниың «Кутадғу билик», Ахмет Иассауидің «Дивани хикмет» т. б. еңбектерінде кездеседі. XV ғасырдың аяқ кезі мен XVI ғасырдың басыида қазақ тайпалары қыпшақ қауымынан, ноғай ордасынан бөлініп шығып, дербес халык болып бірігеді. Қазақтың біртұтас халық тілінің қалыптасуы XV — XVI ғасырлардан басталып, XIX ғасырдың екінші л<артысына деиін созылды. Осыған байланысты қазақ тілі қыпшак тілдеріне, оның ішінде қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерғе тән белгілерді сақтай отырып, өзінің ішкі даму заңымен жетіліп отырған. Қазақ тілінің XV — XIX ғасырлар аралығындағы қүрылысы жайында мәліметтер Алпамыс, Қамбар, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Көкше т.б. сияқты тарихи эпостар мен тарихи поэзия жырларында берілген. XVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында кітаби тіл элементтерін сақтаған қисса-дастандар, батырлар жайында жырлар пайда болады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тілі ұлт тілі болып қалыптаса бастайды. Қазақ тілінің сөздік кұрамына түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы тел сөздері кіреді. Тарихи тума сездер тіліміздің сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған. Сонымен қатар тілдің сөздік құрамьшың толығып кемелденіп бір ғана өзінің ішкі мүмкіндіктері арқылы жүзеге аспайды. Өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік қүрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғандығын көреміз. Ертеде тәжік, өзбек, татар халықтары арқылы араб-парсы елдерімен, XII — ХІП ғасырларда монғол халқымен тығыз байланыста болса, XVIII ғасырдан, яғни Қазақстанның Ресей қарамағына ене бастаған кезенінен (1731 ж.) бастап күні бүгінге дейін орыс халқымен тікелей үздіксіз қарым-қатынас жасап келеді. Осындай үзақ ауыс-түйіс, мол байланыстан қазақ тілінің сөздік құрамында қыруар шетел сөздері пайда болған. Қазақ тілінің сөздік қүрамындағы кірме сөздер негізінен араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен енген. Түркі тілдеріне араб, парсы тілдерінен сөз ауысу процесі қазақ тілінің біртүтас халық тілі болып қалыптасуынан көп бүрын. орта ғасырлардың алгашқы кезінен басталады. Араб, парсы сөздері қазақ тіліндегі кірме сөздердің ең мол қорын жасайды және оның лексикасын түр-түрпаты, мән-мағына жағыкан да кеңейтіп, кемелдендірген. Яғни, араб-парсыдан ауысқан сөздердің көпшіліп сыртқы түр-түрпаты жағынан да, ішкі мән-мағынасы жағынан да әбден жымдасып, қазақтың тума төл сөздеріндей болып кетсе, кейбіреулерінің мағынасы толық сақталғанымен, сыртқы тұлғасы қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сай кейде түгелдей, кейде жаптылай езгерген (каэс — кесе, фән — пән т.б.).Ал кейбір сөздердің түр-түлғасы ғана емес, мән-мағынасы да жаңарьш, өзгерген (қүн/хун — парсы сөзінің бүрынғы мағынасы ңан,ал қазақ тілінде өлген кісіге төленетін толемақы). Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің бірқатары қазақ тілінде әр түрлі өзгеріске үшыраған. Соның салдарынан бір сөз бірнеше түрде айтылып, кейіннен бір-бірінен алшақтап, дербес мағыналы сөзге айналған (ғылым Орыс тіліндегі терминдерге казақтьвд тел сөздері және олардан калька жасау арқылы туынды сездер балама етіліп калыптастырылған (үшқыш — летчик, цондыргыш -надстройка). Орыс тіліндегі сөздерге лайықты балама іздеп табу нәтижесінде кейбір дублет сөздерге дербес мағына беріліп, олар бір-бірінен сараланып отырған (білім — знанае, гылым — наука, ілім- учение). Орыс тіліндегі термин сөздерді қазақша аударып алуда кейбір тар мағыналы сөздер активтеніп, олардың белсенділігі арттырылған. Соныц нәтижесінде дара мағыналы сөздер көп мағыналы болып калыптасты, яғни кейбір сөздердің семантикалық шеңбері кеңіді (фонд, запас, резерв — қор деген бір сөзбен ғана аударылып жүр.) Орыс тіліндегі терминдерге лайықты атаулық баламалар табу ісінде қолданысқа түспей, қалтарыста калып жүрген кейбір көнерген сөздер активтеніп, қайтадан іске қосылған (здание — гимарат, тиф — сүзек). Кейбір төл сөздер бүрынғы негізгі магынасының үстіне терминдік жаңа магына қосып алған (сыбага — удел, жертва — қүрбандық). Қазақ тіліндегі көптеген жүрнақтар, әсіресе -у; -лық/лік; -ыс/іс; -ма/ме сияқты жүрнақтардың сөз тудыру Көп магыналы терминдердің лайықты балама табылған мағьшасы аударылып қазакша берілсе, баламасы жоқ мағынасы орысша қалпында берілген (фаза — кезең, ал физика ғылымында — фаза деген сөз ез калпында алынған). Орыс тіліндегі көп мағыналы терминдер қазақ тіліне ауысканда, әрдайым бір мағынасында ғана қолданылады. Мысалы, операция, ассимиляция сөздері орыс тшшде көп мағыналы болғанымен, қазақ тілінде көбінесе дара мағынада жүмсалады. Алайда әскери операция, медициналық операция, ақша операциясы деген тіркестер контексте қолданыла береді. Орысша туынды терминдерді қазак тіліне қабылдау қажет болгаы жағдайда, олардың түбірі сол қалпында алынып, орысша қосымшасы қазақ тілінің қосымшасымен алмастырылады (нормироваіпь — нормалау, газификация — Кейбір термин сөздердің орысшасы мен қазақшасы жарыса қолданылып жүр (метод — әдіс, форма — тур, тұлга). Интернационалдық терминдер, яғни халықаралық сипаты бар сөздер аударылмай қолданылып жүр (атом, конституция). 1950 — 60 жылдардан бері қарай орыс сөздерінің қолданылуын реттеу, мүмкіндігінше қазақша баламасын табу, егер баламасы болмаса, оны жасанды түрде беру мәселесі қарастырылып келеді (остановка — аялдама, холодилъник — тоңазыпщыш). Орыс сөздерінің баламасы калька сөздер арқылы берілді (акпарат — информацня, елтаңба — герб, муражай — музей). Орыс тіліндегі -оро, -оло, -ере, -еле, -ело морфемаларына көне славян тілінің -ра, -ла, -ре, -ле —морфемалары сәйкес келеді (неполногласие). Яғни сөз басында екі дауыссыз дыбыс қатар келгенде, екеуінің арасына дауысты дыбыс кірігіп айтылады (брада-борода, младость — молодость, чреда — череда, шлем — шелом, млеко — молоко).Орыс тіліндегі -ро, -ло — морфемаларына көне славян тілінде сөздің басында -ра, -ла сай келеді (раб, ладья — робить, лодка). Жалпы славян тіліндегі ж -ның орнына орыс тілінде з/сд-аффрикаты қолданылады (одежда, надежда, между); Орыс тіліндегі чі ның орнына щ дауыссызы келеді (ночъ — нощь, дщерь — дочъ). Орыс тіліндегі о= ньщ орнына сөздің басында е дауыстысы келеді (елень — олень, один — един). Орыс тіліндегі огё)-ныц орнына жуан дауыссыздьщ алдында екпін түсіп түрған е_ дауыстысы келеді (крест, небо -крёстный, нёбо). -боз, -из, -низ, -чрез, -пре, -пред — сөз алды қосымшалары (воспетъ, изгнание, чрезвычайный, предсказатъ, преступитъ т.б.) -стви(е), -ени(е), -ани(е), -знь, -тв(а), -ч(шт),-ущ, —ющ, -ащ, -ящ (пришествие, моление, терзание, казнь, молитва, кормчий, ведущий, знающий, кричащий, разящий т.б.) Біріккен түбірлер: богобоязненный, благонравие, злоумышление, суеверие, чревоугоқш. Көне славян сөздерінің көбі кітаби сткльге жатады: младость, брег, дланъ, воспеть, священный, нетленный, вездесущий т.б. Кейбір көне славян сәздері шығыс славян варианттарына сәйкес келіп, олардың орнына қолданысқа енген (шлем — шелом, сладкий —солодкий, влага — волога). Көне славян сөздерінің кейбіреулері орыс тіліне енгеннен кейін езгерген магыналарымеп қатар қолданылады (прах — порох, предатъ — передатъ, глава — голова, гражданин — горожанин).Кейбір көне славян сөздері қазіргі орыс тілінде кірме сөздерге жатпайды, өйткені олар орыс тілінің төл сөздеріне айналған. Еуропа тілдерінің ыкпалы, әсіресе, Петр I дәуірінде айрықша күшейді. Бүл кезеңде, көбінесе, әскери, теңіз терминдері, ғылым мен өнер саласындағы сөздер, шаруашылыққа байланысты атаулар көптеп енді. Мысалы, неміс тілінен енген сөздер мынадай: бутерброд, галстук, графин, шляпа, контора, пакет, прейскурант, процент, бухгалтер, векселъ, акция, агент, лагеръ, штаб, командир, юнкер, ефрейтор, лафет, патронташ, верстак, никелъ, кварц, вольфрам, картофель, лук т.б. Голланд тілінен теңізге байланысты мына сияқты терминдер енген: верфь, гаванъ, вымпел, койка, дрейф, лоцман, матрос, рейд, рея, руль, флот, флаг, фарватер, шкнпер, штурман, шлюпка, балласт т.б. Ағылшын тілінен де теңізге байланысты терминдер енген: бот, бриг, баржа, шхуна, яхта, мичман т.б. Кейін ағылшын тілінен техникаға, спортқа байланысты терминдер, шаруашылыққа байланысты сөздер енген: лидер, департамент, митинг, байкот, парламент, док, бюджет, сквер, коттедж, троллейбус, релъс, макинтош, бифштекс, пудинг, ром, виски, грог, торт, плед, свитер, пиджак, френч, финши, спорт, спортсмен, футбол, баскетбол, волейбол, бокс, крокет, покер, хоккей, жокей, бридж т.б. Петр I патша дәуірінде, кейін XVIII ғасырдың аяғында, XIX ғасырдың басында, француз тілінен көп сөздер енген: костюм, капот, корсет, корсаж, жакет, жилет, палыпо, манто, блуза, фрак, браслет, вуалъ, этаж, мебелъ, комод, кабинет, буфет, салон, туалет, трюмо, люстра, абажур, сервиз, лакей, бульон, котлета, крем, рагу, десерт, мармелад, пломбир, авангард, капитан, сержант, артиллерия, марш, кавалерия, атака, бреіиь, баталъон, салют, гарнизон, курьер, генерал, лейтенант, блиндаж, рекрут, сапер, корнет, корпус, десант, флот, эскадра, пьеса, актер, суфлер, режиссер, антракт, фойе, сюжет, амплуа, рампа, репертуар, фарс, балет, жанр, ролъ, эстрада т.б. Бүл заттардың атаулары ғана емес, мән-мағынасы да орыс тіліне толық енген. Ал кейбір француз сөздері орыс тіліне сіңбей, қолданыска енбеген. Мысалы: рандеву, плезир, политес Француз тілі арқылы итальян сөздері де енген: барокко, купол, мезонин, мозаика, кавалер, нанталоны, бензин, арка, баррикада, акварель, кредит, коридор, бастион, карнавал, арсенал, бандиш, балкон, шарлатан, баста, балюстрада т.б. Итальян тілшен орыс тіліне және барлық еуропа тілдеріне музыкаға байланысты терминдер енген: адажио, ариозо, ария, алът, бас, виолончель, бандура, капелла, тенор, каватина, мандалина, либренипо, форте, пианино, клавесин, балерина, арлекин, опера, импрессарио, браво т.б. Француз тілі арқылы испан тілінен де сөздер енген: гитара, кастаньеты, мантилья, серенада, карамель, ваниль, табак, томат. сигара, лимон, жасмин, банан т.б. Алайда орыс тіліне басқа тілдерден сөздер ғана еніп қоймаған, кейбір сөзжасам элементтері де кірген. Мысалы, грек сөз алды косымшалары: а-, анти-, архи-, пан-: аморалъный, антипере-строечный, т.б.\ латын сөз алды қосымшалары: де-. контр-, транс-, улътра-, интер- : деградация, улыпралевый, интервокальный т.б.; ла-тын жүрнақтары: -изм, -ист, -ор, -тор іп.б.: гармонист, комбинатор, хвостизм т.б. Бұл сөз алды қосымшалар мен жұрнактар тек орыс тіліне ғана еніп қойған жоқ, олар халықаралык деңгейде де қолданылады. Сонымен катар орыс тіліне басқа тілдерден енген сөздердің көбі бірте-бірте ассимиляцияга ұшырап, орыс тілінің фонетикалық жүйесіне бейімделіп, орыс тілінін сөзжасам ережелеріне бағынып, өздерінің ұлттық сипаттарынан айрылған. Мысалы, грек сөзі аеикіагрек тілінде көптік мағынада қолданылады, ал орыс тіліне енгеннен кейін жекеше формада, әйел текте (ж.р.) қолданылатын болды; тагхсһіегепдеген неміс сөзі орыс тіліне енгеннен кейін орыс тілінің -оваіпъ жүрнағы қосылып, маршироватъ деген сөзғе айналған. Кейбір кірме сөздердің семантикасы да өзгерген, көбі ана тіліндегі шығу тегіне сәйкес мағынасынан айрылған. Мысалы, курорпі. парикмахер деген неміс сөздерінің мағынасы орыс тілінде өзгерген, Неміс тілінде парикмахер — «парик істеуіиі»; курорт — кшіегеп — «емдеу», огі — «орын» деген мағынаны білдірсе, орыс тілінде бүл сөздердің семантикасы басқаша, өзінің түпкі мағынасына сай келмейді. Кірме создердің кейбіреулері орыс тілінің төл сөздері сияқты кабылданып, әбден сіңісіп кеткен. Мысалы: вишня, тетрадь, партия, шалаш, суп, котлета т.б. Ал енді бір кірме сөздер өздерінің ұлттык сипатын толык сақтап калған, сондықтан олар кірме сөздер ретінде ерекшеленеді. Кірме сөздердің ішінде тек қана бір ұлтқа тән, сол ұлттың өмірі мен үлттык салт-дәстүріне байланысты ғана қолданылатын создер бар. Оларды экзотизмдер деп атайды. Мысалы, сакля деген сөз тек қана Кавказ халыктарының тілдеріне тән. Кірме сөздер ішінде ерекше аталатын тағы бір топ —варваризмдер. Варваризмдер сөздіктерге енгізілмейді, олар жазылғанда ассимиляцияға үшырамай, өздерінің төл формаларын сактап қалады. Мысалы: аіта таіег, мерси, о’кей т.б. Жалпы, орыс тіліне енген кірме сөздердің мынадай фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерін атауға болады: /. Орыс тілінің төл сөздері ешқашан [а] фонемасынан басталмайды, сондықтан орыс тіліндегі [а] фонемасынан басталатын сөздер кірме сөздерге жатады (анкета, аббат, абзац, ария, атака, абажур, арба, ангел, анафема т. б.). Орыс тілінде [э] фонемасынан да сөз басталмайды, ал грек, латын тілдерінен енген сөздерде [э] фонемасы сөз басында қолданыла береді (эпоха, эра, эпшка, экзамен, экзекуііия, эффект, этажт.б.). Шығыс славяндарда [ф] фонемасының болмауына байланысты орыс тілінің төл сөздерінде [ф] фонемасы кездеспейді. Сондықтан [ф] фонемасы бар сөздер де кірме сөздер больш танылады (форум, факт, фонарь, софа, фильм, афера, форма, афоризм, эфир, профиль т.б.). Орыс тілі фонетикасының заңы бойынша екі және одан артык дауыстылар қатар келмейді. Осыған байланысты бірнеше дауысты дыбыс катар келген сөздер кірме сөздерге жатады (поэт, ореол, аут, теаіпр, вуалъ, какао, радио, пунктуация т.б.). -Ге, -ке, -хе тіркестері тек кана кірме создерге тән (кедр, герой, схема, агенпг, аскет т.б.). Орыс тілінің фонетикалық жүйесіне сәйкес келмейтін кейбір дауыстылар мен дауыссыздардын қатар келуі де кірме сөздерге тән (парашют, жюри, пюре, джип, коммюнике т.б.). Түркі тілдеріне тән үндестік заңына байланысты тек жуан, не жіңініке дауыстылардан тұратын сөздер де кірме сөздер болып танылады (атаман, караван, карандаш, башмак, аркан, сундук, сарафан, барабан, каблук, кушак, улус, мечеть, бисер пі.б.). Ал кірме сөздердің морфологиялық ерекшеліктері ретінде олардың септелмеуін, көпше, жекеше формаларының болмауын атауға болады. Мысалы, тпакси, кофе, пальто, мини, макси сиякты кірме сөздер септелмейді, көпше, жекеше формалары жоқ. Кірме сөздердің сөзжасамға байланысты да ерекшеліктері бар, олар мына сез алды қосымшалары мен жүрнақтар аркылы білінеді: интервал, дедукция, мндивидуализм, регресс, архимандрит, контрацмырш антипоц; деканаш, стуцент, техниқул*, редакто^, литература, нролетариаш, похіупизм, специалггсш, хюпштироватъ т.б. Кейбір кірме свздер грек, латын, неміс, француз тілдерінен калька жолымен сөзбе-сөз аударыльш, орыс тілінің создік қорына енген. Мыс, ат&еһеп — неміс тілінен сөзжасам тәсілі арқылы аударылып, орыс тіліне выглядеть деп енген (вы — аш, түбір — глядеть — зеһеп). Бүндай калька лексикальщ немесе сөзжасамдык калька деп аталады. Бүдан басқа семантикальщ калька деген де тәсіл бар. Олар аударылу барысында өз мағынасына коса басқа мағынаны да білдіреді. Мысалы, орыс тіліндегі картинаонер шығармасы деген мағынаны білдірсе, ағылшын тілінің әсерімен кинофилъм деген мағынаны да білдіреді., ейткені ағылшык тілінде сурет, өнер шыгармасы, кинофильм деген мағынада беріледі. Кірме сөздер кейде л<артылай калька жасау жолымен де енеді. Мыс, латын сәзі ҺитагіИа орыс тіліне латыя түбірі гуман, орыс тілінің лсүрнағы -остъ арқылы гуманностьболып аударылған. |