Главная страница
Навигация по странице:

  • Әйелдердің еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

  • эссе. Нусуп Акниет эссе. Ебек жадайын санитарлыэпидемиологиялы баалау


    Скачать 14.58 Kb.
    НазваниеЕбек жадайын санитарлыэпидемиологиялы баалау
    Дата21.01.2021
    Размер14.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНусуп Акниет эссе.docx
    ТипДокументы
    #170036

    Еңбек жағдайын санитарлық-эпидемиологиялық бағалау

    1.Санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар әйелдердің еңбегін пайдаланатын барлық меншік нысанындағы заңды және жеке тұлғаларға қолданылады және жұмыс істейтін әйелдердің өндірістік және еңбек процестеріне, жабдықтарына, жұмыс орындарына, өндірістік ортасына және санитариялық-тұрмыстық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды айқындайды.

    2. Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

    1) аллергиялық әсер-заттардың жоғары немесе бұрмаланған сезімталдықты тудыруы;

    2) діріл-техникадағы механикалық тербелістер;

    3) гонадотропты әсер-жыныс бездерінің қызметіне зиянды әсер ету;

    4) канцерогендік әсер - заттардың немесе факторлардың қатерлі ісік немесе басқа ісіктер туғызу қабілеті;

    5) мутагендік әсер-заттардың немесе факторлардың ағзаның тұқымқуалаушылық қасиеттерінің өзгеруін туғызу қабілеті;

    6) репродуктивтік функция-организмдердің өзіне ұқсас түрлерін жаңғыртуы;

    7) терратогендік әсер - заттардың немесе факторлардың даму аномалиялары мен ақауларын тудыру қабілеті.

    3. Әйелдердің еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

    - Жұмыс орнында зиянды факторлардың деңгейі бойынша өндірістік орта жағдайларын бағалау жүргізіледі және өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының сипаттамасы бар санитариялық-гигиеналық паспорттар толтырылады.

    -Ұйымдарда осы Санитариялық қағидалар талаптарының сақталуына өндірістік бақылау және жұмыс орындарын аттестаттау жүргізілуі тиіс.

    -Өндірістік микроклимат жылу жайлылығын қамтамасыз етуі, денсаулық жағдайында ауытқулар тудырмауы және жұмыс ауысымы ішінде жұмыс қабілеттілігіне әсер етпеуі тиіс.

    -Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оңтайлы параметрлері Жылдың суық және жылы кезеңдерінде әртүрлі санаттағы жұмыстарды орындауға қатысты өндірістік үй-жайлардың микроклиматына қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптарды регламенттейтін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге (бұдан әрі-НҚА) сәйкес келуі тиіс.

    -Жылдың жылы мезгілінде ауа температурасының рұқсат етілген жоғарғы шегі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.

    Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының ең жоғары шамалары шектерден шықпауы тиіс:

    1) 70% - ауа температурасы плюс 25 градус Цельсий °С кезінде

    2) 65% - ауа температурасы плюс 26°С кезінде;

    3) 60% - ауа температурасы плюс 27°С кезінде.

    8. Ауа температурасы плюс 25-тен плюс 27°С-қа дейін болған кезде ауа қозғалысының жылдамдығы диапазонға сәйкес келуі тиіс:


    написать администратору сайта