Главная страница
Навигация по странице:

  • Ежелгі дәуірдегі саяси ілімдер.

  • Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саси ойлар.

  • Заңды мәңгілік, діни,табиғи және оң деп бөліп көрсетті

  • ХV-ХVI ғасырлар аралығы Батыс Европада “қайта өрлеу дәуірі”

  • Т.Гоббс геометрия сияқты тиянақты ғылымға айналдыруға тырысты

  • Адам тек ақылға арқа сүйегенде тәуелсіз әрі күшті, бірақ көпшілік адамдар ақымақ әрекеттерге барады. Міне осылар құқық пен мемлекет қажеттілігін тудырады.

  • . Заң көпшілік жиынымен қабылдануы тиіс.

  • Парето

  • Демократия дегеніміз көпіре сөйлеушілердің билікке жету үшін саясаттан хабары шамалы көпшіліктің өз қулықтарына пайд CCC алануы.

  • Оның зерттеуінің негізгі мақсаты-қоғамның шаруашылық өмірінің, әртүрлі әлеуметтік топтардың материялдық және идеологиялық мүдделерін , діни көзқарастарының мәнін ашу

  • саяси ғылымның даму тарихы. Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері. Ежелгі дуірдегі саяси ілімдер


    Скачать 48.61 Kb.
    НазваниеЕжелгі дуірдегі саяси ілімдер
    Анкорсаяси ғылымның даму тарихы
    Дата27.09.2021
    Размер48.61 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері.docx
    ТипДокументы
    #237664

    Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері.

    1.Ежелгі дәуірдегі саяси ілімдер.

    2.Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойлар.

    3.ХIХ ғасырдағы саяси ілімдер мен бағыттар.

    4.ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы саяси ілімдер.

    Ежелгі дәуірдегі саяси ілімдер.

    Ежелгі Грецияның саяси ілімдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуір ойшылдары қоғамдық өмірді, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырады.Ежелгі грек ойшылдарының көрнекті өкілінің бірі-Платон б.з.д.427-347 жылдары өмір сүрді. Ол саяси ойларын “Саясат”, “Мемлекет”,”Заңдар” атты еңбектерінде қарастырған.Мемлекет пен заңдарға деген мұқтаждықты Платон адамдардың өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындатуға деген талпынуларымен түсіндірді.Платон пікір бойынша мемлекеттік құрылыстың “дұрыс” және “бұрыс” формалары кездеседі.

    4. Мемлекеттің дұрыс формасы-- тимократия /байлықты иеленуге талпынушылардың үстемдігі/, олигархия /азғана бай жауыздардың, қылмысқа жақындардың үстемдігі/, демократия /көпшілік билігі/, тирания /бір адам билігі/.

    Платон мемлеекттің дұрыс және бұрыс формаларына ізгілікті мемлеектті қарсы қояды .Оның пікірі бойынша ізгілікті мемлеект мынадай белгілерге ие болуы тиіс; 1)қорғау құралдарымен; 2) қоғам мүшелерін қажетті материалдармен жүйелі түрде жабдықтап тұру; 3) рухани және шығармашылық қызметтің жоғарғы деңгейде дамуына жағдай жасау.Ол мемлеекттегі касталық құрылысты дәріптейді.Қоғамдағы

    5. адамдарды философ,билеушілер,сақшылар,тікелей өндірушілер деп бөледі.Әрбір

    6. сословие өзінің қабілеті келетін іспен айналысуы керек деп санаған. Платон саяси ілімінде тоталитарлы бағыт анық сезіледі.

    Аристотель б.з.д .384-322 ж.ж. Саяси ілімі “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”“Риторика” деген еңбектерінде жинақталған. Ол саясақа кең мағына бере отырып, мемлеект- табиғи дамудың өнімі және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бірақ мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлеектке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол да мемлекетті “дұрыс” және “бұрыс” формаларға бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократия мен политияны жатқызады.

    Ал тирания, олигархия мен демократия мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер, халық, ел пайдасын ойлайды,билік қоғамға қызмет етеді.Ал бұрыс түрінде олар өздерінің бас пайдаларын ойлайтын көрінеді. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу -ызаға берілмей қоймайды,ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Сонымен ежелгі грек ойшылдары мемлекеттік құрылыстың әртүрлі формаларын мемлеект ісіне азаматтардың қатысуын талдап ғана қойған жоқ.Сонымен бірге, олардың идеялары саяси ілімнің әрі қарай дамуына жағдай жасады.

    Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саси ойлар.

    Саяси ілімдер тарихында орта ғасырлар ойшылдарының еңбектері мен идеяларының маңызы зор. Олар феодалдық қоғамдық-экономикалық құрылыспен тығыз байланысты.Әрі олардың саяси тұжырымдары діни сипатта болды. Солардың бірі, Аврелий Августин (354-430 ж.ж. )Христиан философиясының негізгі қағидаларын дәріптеп уағыздаған.Ол “Құдай қала” туралы атты еңбегінде саяси ой-пікірлерін білдірді.А.Августин барлық әлеуметтік,мемлекеттік,құқықтық ұйымдармен заңдар адам күнәсінің нәтижесі деп санады.Себебі оның ойынша адамдарға баста екі жолмен өмір сүруге мүмкіндік берілген. Бірі құдай жолымен екіншісі адам жолымен. Біріншіні қалағандар құдаймен мәңгілік патшалық құрып бақытты өмір сүрсе, екіншілер жын-шайтандармен бірігіп азапқа түседі. Фома Аквинский (1224-1247 ж.ж.) “Құдайшылдықтың жиынтығы деген еңбегінде саяси биліктің үш элементін; мәнін, формасын және қолдана білуді ажыратып көрсетті.Сонымен бірге, ол өз еңбектері арқылы арнайы заң теориясын жасады.Заңды мәңгілік, діни,табиғи және оң деп бөліп көрсетті.Құдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебі. Сондықтан билікті құрайтынның барлығы мейірімділіктен тұрады. Ф.Аквинский монархияны қолдады, себебі ол заңға сүйенеді деп есептеген.

    ХV-ХVI ғасырлар аралығы Батыс Европада “қайта өрлеу дәуірі” деген атқа ие. Қайта өрлеу дәуірінің саяси ойының жарқын жұлдызының бірі италиандық Н.Макиавелли /1469-1527ж.ж/ болып табылады.Оның “Патша” /1513ж./, “Тита Ливлийдің бірінші декадасы туралы ой толғаныстар” /1519ж./, “Флоренция тарихы” /1532ж./ т.б. Атты құнды еңбектері бар. Н. Макиавеллидің саяси ілім тарихы дамуына қосқан үлестері;

    1.схоластиканы бұзып, рационализм мен реализм негізін салды;

    2.саясаттану ғылымының негізін салды;

    3.феодалдық бытыраңқылыққа қарсы шығып , Италияда бір орталықтанған,

    тұтас монархияның абсалюттік формасын қалыптастыру үшін күресті;

    4. “мемлекет” және “республика” ұғымдарын енгізіп, оларға қазіргі заманғы

    мән берді;

    5. папалық тақ пен шіркеуді әшкереледі;

    6. “мақсат әрбір тәсілді ақтайды” қағидасы бойынша қалайда мақсатқа жетуге шақырады.

    Табиғи құқық мектебінің ірі теоретигі нидерланд ғалымы Гуго Гроций /1585-1645 ж.ж/ “Соғыс пен бейбітшілік туралы құқық. Үш кітап” /1625ж./ атты трактатында халықаралық құқықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатын қойды. Соғыс пен бейбітшіліктің теориялық мәселелерін шешу құқық ,әділеттілік, олардың көздері,өмір сүру формасы, зерттеу әдістері сияқты жалпы мәселелерді қарастыруды қажет етті.Нәтижесінде. Оның ілімінің бастама бөлімі-- адам табиғаты, адамның әлеуметтік сапасы. Г.Гроций пікірінше “табиғи жағдай” бір кездерде болған, онда мемлекет те, жеке меншік те болмаған. Адамзаттың дамуы,алғашқы қарапайымдылығын жоғалтуы, адамдардың қарым-қатынасқа талпынуы, ақылмен басқаруға деген қабілеті мемлекетті құруда келісімге келуге Г.Гроций жаңа метадологияға негізделген құқық пен мемлеекттің жалпы мәселелерін тиімді шешуші саяси-құқықтық доктринаны қалыптастырады итермеледі.Бұл мемлекет шығуының қоғамдық келісім теориясы еді. Г.Гроций “мемлекет дегеніміз құқық дегеніміз құқық пен ортақ игілікті сақтау үшін құрылған, жетілген адамдар одағы” -деп анықтама берді.Оның пікірі бойынша мемлекеттің белгісі жоғарғы билік, атрибуты-заң шығару, сот , лауазымды қызметке тағайындау, салық жинау, соғыс және бейбітшілік мәселерін талдау,халықаралық келісімге келу.

    Томас Гоббс /1588-1679 ж.ж./ еңбектері “Левиафан немесе материя, мемлекет формасы мен билігі” , “Азамат жөнінде “, “Дене туралы” , “Адам туралы”. Мемлекет пен құқық туралы ілімді Т.Гоббс геометрия сияқты тиянақты ғылымға айналдыруға тырысты. Ол өз ілімін адам табиғаты мен құмарлығы туралы ойлары писсимистік болды. Адамға бақталастық , даңқ, құмарлық, сенімсіздік тән. Бұл құмарлықтар адамдарды жауластырады,”барлығының барлығына соғыс жағдайын” тудырады.Бұл адамдарды табиғи жағдайды қысқарту жолын іздестіруге итермелейді, соңында табиғи құқықтан бас тарту адамдарды мемлеектке әкеледі. Т.Гобс мемлеекттің үш формасын монархия, демократия,аристократияны атайды, олардың ішінен шексіз монархияны қолдайды.

    Б. Спиноза /1632-1677 ж.ж/ голландиялық философ-материалис. “Этик, геометриялық тәртіпте дәлелденген”, “Діни -саяси толғау”, “Декарт философиясының қағидалары” атты еңбектердің авторы. Б.Спиноза табиғи жағдай теориясына қарсы болды. Ол қоғамдық келісім теориясын жақтады, бірақ оны өзінше түсіндірді. Мемлеект пен заңдарға деген қажеттілік табиғи себептерге негізделген- құмарлық пен ақыл -ой қарама-қайшылығында. Адам тек ақылға арқа сүйегенде тәуелсіз әрі күшті, бірақ көпшілік адамдар ақымақ әрекеттерге барады. Міне осылар құқық пен мемлекет қажеттілігін тудырады. “Егер адамдар табиғатынан ақиқат, санасы көрсетіп отырғандардан басқаны қаламаса, онда қоғам ешқандай заңды қажет етпеген болар еді. Бірақ адам табиғаты басқаша құрылған. Әрбір адам өз пайдасына, табысына ұмтылады, әрі көпшілік ақыл-ойға емес, қызығушылығын ұстап тұра алмайды”. Заңды түзу монархқа, жекелеген адамдарға сеніп тапсырылмайды,онда олар табиғатының әлсіз жағын қанағаттандырумен айналысып кетеді. Заң көпшілік жиынымен қабылдануы тиіс.Ең саналы,әрі күшті, берік мемлеект республика, әсіресе демократиялық. Ол абсалютті монархияны сынады. Спиноза монархияны өкілдік мекеме басқаруы арқылы шектеу мүмкіндігін айтты. Деиократия еррекшелігі билік пен заңдар халыққа қарсы емес, оның бостандығын шектемейді және әркімге берген еркіндікті қамтамасыз етеді деп санаған.

    3. ХIХ ғасырдағы саяси ілімдер мен бағыттар.

    ХIХ ғасырдағы Батыс Европадағы қоғамдық- саяси өмір бұржуазиялық тәртіптің әрі қарай бекуімен ерекшеленеді. ХVIIIғасырдың соңында Франциядағы буржуазиялық революция Европада капитализмнің күшті дамуына жол ашты.Бұл капиталистік құрылыс өз идиологиясы либерализмді қалыптастырды. Ол ХIХ ғасырдағы ең ықпалды саяси ағым болды. Оны жақтаушылар әртүрлі қоғамдық топтардан шықты. Бірақ негізгі әлеуметтік базасы кәсіпкерлер,шенеуніктер,университет профессорлары, ерікті мамандық иелері болды. Либерализм ағымы екі негізгі тезистерден қалыптастырады:

    1. жеке бостандық; әрбір индивид пен жеке меншік бостандығы.

    2. жеке адамның шығармашылық деңгейін дамытушы ғана емес, сонымен бірге қоғам көркеюін, мемлекет дамуын қамтамасыз етуші құндылықтарды өндіру.

    Ағылшын либерализмі.Ағылшын либерализмінің көрнекті өкілі И.Бентам /1748-1832 ж.ж./ утилитаризм теориясының негізін салушы. Негізгі элементтері: “Үкімет туралы үзінділер”, “Деонтология немесе мораль туралы ғылым”, “Заң қағидалары”. И.Бентам либерализмінің ең негізгісі- индивид бостандығы туралы ереже. И.Бентам қоғам мен мемлекет қоғамдық келсім негізінде пайда болады деген идеяны сынады.Мемлекеттік билік ұйымдары туралы мәселеде ол демократиялық бағытта болды.Ол монархия мен мұрагерлік аристократияны жақтамады, мемлеекттік құрылыстың республикалық формасын қолдады.Бірақ олар бір-біріне тәуелсіз болуы керек дегенмен келіспеді.Демократиялық республикалық құрылысты жақтаған И.Бентам Англияға бір палаталы парламеттік жүйені енгізіп,лордтар палатасын жою керек деп санаған. Демократия тек қана мемлекеттік билікте ғана жүргізілмесе, ол бүкіл саяси жүйені қамтуы керек, ол үшін сайлау құқығын кеңейтуді ұсынды.

    Дж. Милль /1806-1873 ж.ж./ либералды-демократиялық идеяны әрі қарай дамытушы.Оның негізгі еңбектері: “Бостандық туралы”, “Өкілдік басқару”, “Саяси экономика негіздері”. Ол И.Бентам утилитаризм идеясының жақтаушысы болды, бірақ кейін одан бас тартты. Өйткені ол барлық нәрсені экономикалық пайдамен өлшеуге болмайды деп есептеді. Француз либерализмі. Жаңа буржуазиялық қатынастың идеялық негізін салушы дарынды ойшылдар қалыптасты.Оларға Б.Констан мен А.Токвиль жатады.

    Б. Констан /1767-1830 ж.ж/ оны зерттеушілер либерализмнің рухани әкесі деп есептейді. Б. Констан саяси ілімінің негізгі көзі – жеке бостандық дегеніміз антикалық дәуірдегі проблемасы. Мұнда бостандық дегеніміз антикалық дәуірдегі бостандықтан ерекше болады. Б.Констан үшін адамның материялдық және рухани автономисы, оны заңның сенімді қорғауы бірінші кезекте тұрады.Оның ілімі бойынша бұл құндылықтарға мемлекет құрылысы мен мақсаты тәуелді болуы керек.

    А.Токвиль /1805-1859 ж.ж/ “Америкадағы демократия туралы”, “Ескі тәртіп және революция” атты еңбектерінде демократияның практикалық аспектілерін зерттеді.Оның пікірі бойынща демократия “теңдік” және “бостандық” құндылықтарымен тығыз байланыста ғана мүмкін.Демократия үшін шексіз орталықтанған биліктің қажеті жоқ.

    Марксизм класиктері саяси құндылықтар мәселесіне арнайы тоқталмаған,дегенмен әлеуметтік -экономикалық және таптық мәселелерді құндылықтармен тығыз байланыста қарастырды. Марксизм үшінең маңызды болған құндылықтар “теңдік” , еркіндік”, “әділеттік”,”еңбек” жалпыадамзаттың негізгі құндылықтардың қатарына жатады. Бұл құндылықтарды қоғам өміріне ендіру формасы ретінде революцияны таңдаулары үлкен қателік болғанын тарих дәлелдеді.К.Маркс /1818-1883 ж.ж./ пен Ф.Энгельс /1820-1895 ж.ж./ капитализм орнына социализм келеді, онда бұл аталған құндылықтардың басымдылығы артады деген пікірлері іске аспады.

    В.Парето /1848-19”32 ж.ж./ саяси ілімінің негізгі идеялары-саяси элита теориясы мен билік құрылымы туралы. ”Жалпы социология жөніндегі трактат” деген еңбегінде элита ұғымын саяси ілімінге енгізген.Саяси өмір дегенімізэлиталар арасында күрес және олардың орын алмасуы.Билікке қолы жеткен соң, олар күресті де тоқтатады,өз табыстарына қанағаттанып тынышталады.Сөйтіп өз ізденістері, шығармашылығын жоғалтады.Осы жағдайда жаңа бір күш-қуатты элита өмірге келеді, сөйтіп,билік басындағы элитанықұрту үшін бар жігерін салады. Бірақ оларда оңай кетпейді,бұл елде төңкеріс,революцияға алып келеді.Бұл қоғам үшін пайдалы. Оның ойынша қоғам дамуыәлиталар алмасуы арқылы жүреді.

    Г.Моска /1858-1941 ж.ж./ “Саяси ілімінің негіздері” деген еңбегінде сасат дегеніміз екіь қарама-қарсы топтың үстемдік жүргізуші элитаның және бағынышты көпшіліктің күресі төңірегінде болатын жағдайлар.Ол демократияны жақтамады.Демократия дегеніміз көпіре сөйлеушілердің билікке жету үшін саясаттан хабары шамалы көпшіліктің өз қулықтарына пайд CCCалануы.

    Р.Михельс /1876-1936ж.ж./ саяси партия консепциясының негізін салушы.Демократия дегеніміз ұйымдарсыз, басқару аппаратынсыз және кәсіпқой жетекшісіз мүмкін еместігі партия қызметкерлеріне қызмет орны мен артықшылықтарды бекітіп береді, сөйтіп партиялық көпшіліктен оларды ажырытады деп санады.

    М.Вебер /1864-1920ж.ж./ немістің көрнекті ойшылы, сасаттанушы ғалым.Оның саяси ілімінің негізгі идеясы—плюрализм Оның зерттеуінің негізгі мақсаты-қоғамның шаруашылық өмірінің, әртүрлі әлеуметтік топтардың материялдық және идеологиялық мүдделерін , діни көзқарастарының мәнін ашу. Дін капитализмге қажет белсенді күш деп есептеді. Сонымен бірге, ол қоғамның таптық құрылымына,таптық шиеленіске, билік қатынасына ерекше көңіл бөлді.


    написать администратору сайта