Главная страница
Навигация по странице:

  • Биотикалық факторлар

  • Антропогендік фактор

  • экологиялық факторлар. Экологиялы факторлар


    Скачать 20.95 Kb.
    НазваниеЭкологиялы факторлар
    Дата05.09.2022
    Размер20.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаэкологиялық факторлар.docx
    ТипДокументы
    #662356

     

    Организмге әсер ететін кез-келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлардеп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмдердің тіршілігіне, санына (молдығына), географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді.
    Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі бойынша әр түрлі. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі - абиотикалық, биотикалық және антропогендік (немесе антропикалық).
    Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғалдылық, жарық т.б.), атмосфералық (атмосфераның химиялық құрамы), топырақ, геоморфологиялық, гидрологиялық және басқа факторлар жатады.
    Биотикалық факторлар- тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері. Олар түр іші және түр аралық болып бөлінеді. Түр іші факторларына - демографиялық, этологиялық (мінез-құлық), бәсекелестік және т.б. жатады. Ал түр аралық факторларға популяциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер (бәсекелестік, аменсализм) және оң әсерлер (комменсализм, мутуализм, симбиоз) жатады. Сондай-ақ түрлер арасындағы қарым-қатынастарда екі топқа да жататын әсерлер (жыртқыштық, паразитизм) болуы мүмкін. Бүл әсерлер өсімдіктер (фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңырауқұлақтар және микроорганизмдер тарапынан болуы мүмкін. Тірі организмдер қорек (өсімдіктер - фитофаг-жануарлар үшін, жануарлар - жыртқыштар үшін), тіршілік ету ортасы (паразиттер үшін - иесі, үлкен өсімдіктер эпифиттер үшін) рөлін атқара отырып, көбеюге (өсімдіктер тозаңдатқыштары) немесе бір-біріне химиялық, физикалық және басқадай да әсері болуы мүмкін. Биотикалық факторлар тікелей - бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауықтар) және жанама(қоршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі есімдіктерге жарықты аз өткізіп, басқа шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Кейбір өсімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар (фитонцидтер, гликозидтер, эфир майлары) белуі арқылы әсер етуі. Мұны аллелопатия деп атайды (бидайық тамырсабағы арқылы топыраққа токсиндер бөліп, мәдени өсімдіктердің тұқымының өнуін нашарлатады немесе арам шептердің мәдени дақылдардың өсуіне кедергі жасауы).

    Антропогендік фактор деп адамның қызмет әрекетінен жаңа түрде туындайтын фактор. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгергені соншалық, табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.

    Қазіргі кезде антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар: көшетхана эффектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон кабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену, т. б. туындады. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау-кен өндіріс салалары, т. б. жатады.


    написать администратору сайта