Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағалау

  • Жалпы балл 11

  • Білім

  • Төмен Орташа Жоғары

  • 52. Тапсырма. Электромагниттік индукция блімі бойынша


    Скачать 103.07 Kb.
    НазваниеЭлектромагниттік индукция блімі бойынша
    АнкорRABOTA NEGRY 52
    Дата10.05.2023
    Размер103.07 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла52. Тапсырма.docx
    ТипДокументы
    #1120407

    «Электромагниттік индукция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

    Тапсырмалар

    1. 1- және 2- суреттерде берілген контурларда пайда болатын индукциялық токтар бағытын анықтап, суретте белгілеңіз.



    1. Суретте бір орамды катушкасы бар екі полюсті электрқозғалтқыш берілген.



    Коллектор үзік сақина түрінде жасалған және катушка айналған кезде, ондағы токтың бағытын өзгертеді. Егер катушка бір рет айналым жасаса, ток бағыты неше рет өзгереді?

      1. 1

      2. 2

      3. 3

      4. 4

    Жолақ магнит стержені металдан жасалған. Суретте катушкаға қарай қозғалып келе жатқан магнит стержені көрсетілген. Магнит полюстері белгіленген.


    Катушкаға гальванометр жалғанған.

    1. Түсіндіріңіз, неліктен магнит стерженді катушкаға енгізу кезінде гальванометр тілшесі ауытқиды?

    2. Гальванометр тілшесінің ауытқу бағытын өзгертуге бола ма?

    1. Трансформатордың бір орамасы ойыншық пойыз жиынтығына, ал екінші орамасы 240 В айнымалы ток көзіне суретте көрсетілгендей қосылған.



      1. Суретке қарап берілген трансформатордың төмендеткіш екенін қалай айтар едіңіз?

      2. Ойыншық пойызға түсірілген кернеуді есептеңіз.

      3. Қоректендіруші ток көзіндегі кернеу төмендейді. Пойыз жиынтығына түсірілетін кернеуге не болады? Ұяшыққа белгілеңіз.

        артады




        кемиді




        өзгермейді




      4. Пойыз жиынтығын ток көзінің кернеуі 110 В болатын елде қолдануға әрекет жасалды. Ойыншық пойыз жұмысында байқалатын айырмашылықтың бірін ұсыныңыз.

    1. Трансформатордың жұмыс істеу принципі туралы қай тұжырым дұрыс?

    1. Бірінші орамға айнымалы кернеу берген кезде, екінші орамда үнемі айнымалы ток ағады.

    2. Екінші орамдағы ток үнемі бірінші орамдағы токтан үлкен.

    3. Бірінші орамға айнымалы кернеу берген кезде, екінші орамда индукциялық ЭҚК пайда болады.

    4. Бірінші орамда тұрақты ток бар болса, екінші орамда индукциялық ЭҚК пайда болады.

    1. Суретте электр қозғалтқыш жұмысын басқару үшін электромагниттік реле қолданылғаны көрсетілген.



    Төменде құрылғының жұмыс кезеңдерін сипаттайтын сөйлемдер берілген.

      1. Жылжымалы арматура мен контактілер тұйықталады.

      2. Реленің өзекшесі магниттеледі.

      3. Кілт тұйықталады және катушка арқылы ток ағады.

      4. Қозғалтқыш арқылы ток жүріп, оны жұмысқа қосады.

      5. Өзекше жылжымалы арматураның жоғарғы бөлігін тартады.

    Төменде берідген ұяшықтарға сәйкес кезеңдерді ретімен белгілеңіз. Бір ұяшық мысал ретінде толтырылған:

    1-кезеңге сәйкес сөйлем

    2-кезеңге сәйкес сөйлем

    3-кезеңге сәйкес сөйлем




    4-кезеңге сәйкес сөйлем




    5-кезеңге сәйкес сөйлем




    1. Өткізгіш контурды тесіп өтетін магнит ағыны онда индукцияның ЭҚК 1,2 В болғанда 0,6 Вб-ге бірқалыпты өзгерді. Магнит ағынының өзгеру уақытын анықтаңыз. Өткізгіш кедергісі 0,24 Ом.

    2. Механикалық және магнит өрісі энергиясын сипаттайтын шамалар арасындағы сәйкестікті анықтап, кестені толтырыңыз.

      Механикалық энергияны сипаттайтын шамалар

      Магнит өрісінің энергиясын сипаттайтын шамалар



















    3. Кілтті қосқанда және ажыратқанда катушкада индукцияланатын ток бағытын анықтаңыз.

    4. Велосипед дөңгелегі горизонталь магнит өрісіндегі металл оське вертикаль бағытта бекітіледі. Дөңгелектің металл шеті мен металл ось шанақтар арқылы байланысқан.

    Неліктен дөңгелекті айналдырғанда ЭҚК индукцияланатынын түсіндіріңіз.

      1. Осы ЭҚК-ті арттырудың екі әдісін көрсетіңіз.

      2. Дөңгелек радиусы 15 см және ол секундына бес рет айналады. Магнит өрісін біртекті деп есептеуге болады, оның индукциясы 5 мТл.

    Есептеңіз:

        • әр шанақтың бір секундта қамтитын ауданын;

        • контактілер арасында пайда болатын ЭҚК-ін.



    Бағалау критерийі

    Тапсырма



    Дескриптор


    Балл

    Білімалушы

    Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіреді

    1

    1-суреттегі индукциялық токтың бағытын анықтайды;

    1

    2-суреттегі индукциялық токтың бағытын анықтайды;

    1

    2

    ток бағытының өзгерісін анықтайды;

    1

    Ленц ережесін қолданады

    3

    гальванометр тілшесінің ауытқуын түсіндіреді;

    1

    оның тілшесінің бағытын қалай өзгертуге болатынын сипаттайды;

    1

    Трансформатордың жұмыс істеу принципін сипаттайды

    4

    төмендеткіш трансформаторды сипаттайды;

    1

    шығысындағы кернеуді есептейді;

    1

    кернеуді анықтайтын формуланы қолданады;

    1

    кернеудің өзгерісін сипаттайды;

    1

    ойыншық пойыз жұмысында байқалатын айырмашылықты жазады;

    1

    5

    трансформатордың жұмыс істеу принципін сипаттайды.

    1

    Жалпы балл

    11



    «Электромагниттік индукция» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
    Білім алушының аты-жөні



    Бағалау критерийі

    Оқу жетістігінің деңгейі

    Төмен

    Орташа

    Жоғары

    Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіреді

    Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіреді, бірақ индукциялық токтын бағытын және мотордағы токтың бағыты неше рет өзгеретінін анықтау қиындық тудырады.

    Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіреді, бірақ индукциялық токтын бағытын анықтауда/ мотордағы токтың бағыты неше рет өзгеретінін анықтауда қателеседі.

    Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіреді, индукциялық токтын бағытын анықтайды және мотордағы токтың бағыты неше рет өзгеретінін дұрыс табады.

    Ленц ережесін қолданады

    Ленц ережесін қолданады, бірақ токтың пайда болуын және ток бағытының өзгеруін сипаттау қиындық тудырады.

    Ленц ережесін қолданады, бірақ токтың пайда болуын сипаттауда/ ток бағытының өзгеруін сипаттауда қателеседі.

    Ленц ережесін қолданады, токтың пайда болуын және ток бағытының өзгеруін дұрыс сипаттайды.

    Трансформатордың жұмыс істеу принципін сипаттайды

    Трансформатордың жұмыс істеу принципін, оның түрлерін біледі, бірақ трансформатор теңдеуін қолдану және кернеудің өзгеруіне байланысты болатын өзгерісті сипаттау қиындықтар тудырады.

    Трансформатордың жұмыс істеу принципін және оның түрлерін біледі, бірақ трансформатор теңдеуін қолдануда/ кернеудің өзгеруіне байланысты болатын өзгерісті сипаттауда қателеседі.

    Трансформатордың жұмыс істеу принципін және оның түрлерін біледі, трансформатор теңдеуін қолданады және кернеудің өзгеруіне байланысты болатын өзгерісті дұрыс сипаттайды.








    написать администратору сайта