Главная страница
Навигация по странице:

  • Грек-парсы со ғ ыстары

  • Дерекк ө здер

  • Ерте темір дуірі


    Скачать 24.77 Kb.
    НазваниеЕрте темір дуірі
    Дата27.03.2023
    Размер24.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 бөж.docx
    ТипДокументы
    #1019372

    Ерте темір дәуірі

    Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.

    ТАРИХЫ

    Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металлмен байланысты болды.

    Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады.

    Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.

    Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ.

    МӘДЕНИЕТІ

    Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы - Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар.

    Бұл ұланғайыр өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстануының әркелкілігі оның батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.

    Тасмола тайпалары мекендеген ерте темір дәуірінде шаруашылықтың жаңа прогрессивті түрі кеңінен тараған. Бұл ІІІ мыңжылдыққа созылып, дала тұрғындарының ең негізгі кәсібіне айналған. Көшпелілер даланың барлық жерін игеріп, өзінің күшті көшпелі орталықтарын құрды, олар келешек көшпелі империялардың бастамалары болып қаланған.[1]

    Грек-парсы соғыстары

     (б.з.б. 500 – 449 ж.), Ахемен әулеті мен ежелгі грек қала-мемлекеттерінің (полистерінің) арасында болды. Соғыстың басталуына б.з.б. 500 жылы Кіші Азиядағы парсы үстемдігіне қарсы шыққан грек полистеріне Афина мен Эретрияның (Эвбей аралы) әскери кемелерінің көмек беруі себеп болды. 493 жылы қолбасшы Мардоний басқарған парсы армиясы көтерілісті басып, келесі жылы Геллеспонт арқылы Грекияны жаулап алуға аттанды (қ. Марафон шайқасы). 10 жыл үзілістің ішінде Афинада демократиялық топтардың көсемі Фемистокльдің бастамасымен үлкен флот құрылды. 480 жылы парсылардың жаңа жорығын Ксеркс патша басқарды. Спарта патшасы Леонид басқарған гректер қорғаған Фермопиль тау өткелін бұзып өткен парсы әскері Беотияны, Аттиканы талан-таражға түсіріп, Афинаны талқандады. Алайда сол жылы парсы флоты Саламин аралында ауыр жеңіліске ұшырады. 479 жылы Платеяның түбінде парсылардың жаяу әскерлері талқандалып, сол кезде парсы флоты Микале мүйісінде тағы да жеңіліске ұшырады. Бұл шайқастар іс жүзінде грек-парсы соғыстарының тағдырын шешті. Парсылар Грекия аумағынан кетуге мәжбүр болып, гректердің әскери қимылдарды Эгей т. мен Кіші Азия ауданына ауыстырылды. 5 ғасырдың 70-жылдары қолбасшы Кимон басқарған гректердің біріккен армиясы бірнеше жеңіске жетіп, Фракия жағалауын, Эгей теңізіндегі бірқатар аралдар мен Византийді басып алды. 469 жылы гректер Эвримедонт өзенінің сағасында парсыларды ауыр жеңіске ұшыратты. Әскери қимылдар бірде тоқтап, бірде қайтадан жалғасып, 449 жылға дейін созылды. Кипрдегі Саламин қаласының жанында гректер ірі жеңіліске жеткен соң Персиямен Каллий (афина өкілетті уәкілінің есімімен) бітімі жасалды. Бұл бітім бойынша Персия өздерінің Эгей теңізіндегі, Геллеспонт пен Боспордағы иеліктерінен айырылып, Кіші Азиядағы грек қала-мемлекеттерінің саяси тәуелсіздігін мойындады. Грек-парсы соғыстарындағы гректердің жеңісі Ахемен әулетінің әлсірей бастағанын көрсетті. Осы соғыстан кейін грек құлиеленушілік қоғамы гүлдену кезеңін бастан кешті. Соғыстар барысында Делосс одағын құрған Афинаның күшеюі басталды. [1]

    Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

    1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

    Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том


    написать администратору сайта