Главная страница
Навигация по странице:

  • Жарақаттардың белгілері: Жергілікті белгілер

  • Жарақаттардың асқынуы

  • Қан кету

  • Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату

  • Қан кетуді бұраумен немесе орап бұраумен тоқтату

  • жарақаттан кейінгі науқастарға мейіргерлік көмек. Жарақаттан кейінгі науқастарға мейіргерлік көмек. Эссе Жарааттан кейінгі науастара мамандандырылан мейірбикелік кмек Жара


    Скачать 19.47 Kb.
    НазваниеЭссе Жарааттан кейінгі науастара мамандандырылан мейірбикелік кмек Жара
    Анкоржарақаттан кейінгі науқастарға мейіргерлік көмек
    Дата20.06.2021
    Размер19.47 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖарақаттан кейінгі науқастарға мейіргерлік көмек.docx
    ТипДокументы
    #219384

    Эссе: Жарақаттан кейінгі науқастарға мамандандырылған мейірбикелік көмек

    Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан Жараны кесілген Жара (оның шеті тегіс);ине, біз, пышақ кірген Жараны тесілген Жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын Жараны мылжаланған Жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі Жараны кездейсоқ жара деп атайды.

    Жараға тән белгілері: ауырсыну, қан ағыс, қабырғасының ажырауы, қызметінің бұзылуы. Тілінген жара. өткір заттармен жараланғанда болады. Мұндай жараныңаузы ашылып тұрады. Қан ағысы жақсы, тілініп пайда болғандықтан жиектері түзу, жара айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбінесе асқынбай уақытында жазылады.

    Жарақаттардың белгілері:

    Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.

    Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.

    Қан кету, қан кетудің түрлері

    Қан кету (грекше — қан, — ағу) — қанның жүрек-қантамыр жүйесінен олардың бүтіндігінің бұзылуы салдарынан сыртқа шығуы (жүрек қуыстары мен тамырлардан).

    Қан кетудің түрлері

    Артериялық қан кету — өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды.

    Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара — көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар. Капиллярлық қан кету. Аралас сипатты қан кету негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады. Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда паренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін.

    Қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөледі. жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр).

    жеңіл дәрежесі — АҚК-нің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)

    орташа дәрежесі — АҚК-нің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400 мл)

    ауыр дәрежесі — АҚК-нің 20-30% жоғалтқан (1500 — 2000мл) массивті дәрежесі — АҚК-нің 30%-дан астамын жоғалтқан (2000мл астам)

    Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату

    Қан кетуді тоқтату үшін: жарақаттанған аяқ-қолды көтереді;Қан ағып тұрған жараны (пакеттің ішіндегі) түйілген таңғыш материалмен жауып, үстінен жараның бетіне саусақтарды тигізбей басып; қолды алмай 4-5 минуттай ұстайды. Егер қан кету тоқтаса, салынған материалды алмай, оның үстіне басқа пакеттен тағы бір түйілген материалды немесе мақтаны салып, аздап күш сала отырып, жарақаттанған аяқ-қолдың қан айналымын бұзбау үшін жарақаттанған жерді бинтпен орайды. Қолды немесе аяқты бинтпен орау кезінде төменнен жоғары қарай –саусақтардан денеге орайды;

    Қатты қан кету кезінде, егер оны басатын таңғышпен тоқтату мүмкін болмаса, жарақаттанған жердегі қан тамырларын саусақтармен, бұраумен немесе бұрап байлағышпен басу не аяқ-қолды бүгеді. Барлық жағдайда қан кету кезінде дереу дәрігерді шақыру және оған бұрауды нақты салған уақытты көрсету керек. Ішкі қан кету өмірге қауіптірек болып табылады. Ішкі қан кетуді беттің күрт бозғылттануынан, әлсіздіктен, жиі соғатын тамырынан, ентігуден, бас айналудан, қатты шөлдеуден, есін жоғалту халінен байқауға болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақыру қажет, ал ол келгенге дейін зардап шегушінің толық тыныштықта болуы қамтамасыз етіледі. Егер ішкі қуыс органдарының жарақаттануына күдік бар болса, оған ішетін зат беруге болмайды.

    Қан кетуді бұраумен немесе орап бұраумен тоқтату.

    Егер буынды бүгу тәсілін қолдану мүмкін болмаса (мысалы сол аяқ-қолдың сүйектері сынған кезде) қатты қан кету кезінде бұрау салу арқылы барлық аяқ-қолды тартады.

    Бұрау ретінде қандай да бір жұмсақ созылатын матаны, резеңке түтікті, бауды және тағы басқа қолданған дұрыс. Бұрауды салу алдында аяқ-қолды тартады.

    Егер көмек көрсетушінің қасында көмекшісі болмаса алдымен артерияны саусақтармен басуды зардап шегушіге тапсыруға болады.

    Бұрауды дененің бөлігіне жақын иыққа немесе жамбасқа салады. Бұрау салатын жерді теріні зақымдамау үшін жұмсақ, мысалы бірнеше қабатталған бинтпен немесе дәкемен орайды. Бұрауды жеңнің немесе шалбардың сыртынан салуға болады.

    Бұрауды салу алдында оны созып, содан кейін онымен терінің барлық жерін бұрау ортасында ашық жер қалдырмай аяқ-қол қатты оралады.

    Бұраумен аяқ-қолды тарту кезінде оны аса қатты байлауға болмайды, себебі олар тартылып жүйке тамырлары зақымдануы мүмкін. Бұрауды қан кету тоқтағанға дейін салады. Егер қан кету тоқтамаса, онда қосымша (қаттырақ байлап) бірнеше қабат бұрау салынады.

    Бұраудың дұрыс салынғандығын тамырдың со Салынған бұрауды 1,5-2,0 сағаттан артық ұстауға болмайды. Бұл қан бармаған аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соғады.

    Салынған бұраудан болатын сыздаудың соншалықты ауыр болатындығына байланысты уақытша бұрауды шешуге тура келеді. Мұндай жағдайларда бұрауды шешу алдында қан ағып жатқан артерияны саусақтармен басу және зардап шегушінің дем алуына, аяқ-қолға біршама қанның баруына мүмкіндік береді. Содан кейін бұрауды қайта салады. Бұрауды біртіндеп және ақырын босатады. Егер зардап шегуші бұраудың әсерінен болған сыздауға шыдайтын болса да, бір сағаттан кейін оны 10-15 минутқа шешеді.

    Егер қол астында резеңке лента (бұрау) болмаған кезде аяқ-қолды созылмайтын материалдан: галстуктан, белдіктен, ширатылған орамалдан немесе сүлгіден, жіптен, белбеуден және тағы басқа жасалған орап бұрау арқылы тартуға болады.

    Орап бұрауға пайдаланылатын материал жұмсақ (мысалы бірнеше қабат бинтпен) жабылған тартылатын аяқ-қолдың айналдыра өткізіледі және аяқ-қолдың сырт жағынан түйінделіп байланады. Осы түйінге немесе оның астына таяқша түріндегі қандайда бір зат салынады, ол қан тоқтағанға дейін бұралады. Жеткілікті дәрежеге дейін таяқшаны бұрап, өздігінен тарқатылып кетпеуі үшін оны бекітеді.

    Бұрауды салғаннан немесе орап бұрауды жасағаннан кейін оны салған уақыт көрсетілген жазба жасайды және оны бинт немесе бұрау астындағы оралған жерге салынады. Аяқ-қолдың терісіне жазуға да болады.


    написать администратору сайта