Главная страница
Навигация по странице:

  • М. Вебер

  • этностық топтар

  • Г.В.Малининнің

  • этносаралық қарым-қатынас. Этнос дегеніміз бір халыты екіншісінен ажыратуа ммкіндік беретін орта белгілері бар ауымдасты. "Этнос" ымын кпшілік зерттеушілер барлы дрежедегі этникалы жйелер жиынтыы ретінде тсіндіру алыптасан (тайпа, халы, лт жне т б.


    Скачать 18.43 Kb.
    НазваниеЭтнос дегеніміз бір халыты екіншісінен ажыратуа ммкіндік беретін орта белгілері бар ауымдасты. "Этнос" ымын кпшілік зерттеушілер барлы дрежедегі этникалы жйелер жиынтыы ретінде тсіндіру алыптасан (тайпа, халы, лт жне т б.
    Дата16.10.2020
    Размер18.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаэтносаралық қарым-қатынас.docx
    ТипДокументы
    #143450

    Этносаралық қарым-қатынас

    Этнос дегенімізбір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л.Н.Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.). Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос – әдет-ғұрыптарының ұқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ".

    Ал, этностық топтар – тілдің, мәдениетінің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттық оқшау бөлігі.

    Этносаралық өзара қатынастарды зерттеу кезінде этносоциологтар мен этнопсихологтарлың зерттеу пәні ең алдымен өз тобы мен басқа топ жөніндегі ойлары мен қабылдауы, онымен байланысқа түсуге дайындығы, психикалық жай-күйімен процестер болып табылады.

    Ұлтаралық қатынастар – қазақстандық қоғамтанушылар үшін зерттеуде ерекше көңіл бөлетін мәселе. Қазақстандық ғалым А.П.Коноваловтың пікірінше – әлеуметтік материяның ажырамас бөлігі қатынас, қоғам іс-әрекетінің бағытын, оның нақтылы құрамдас бөліктерін анықтаушы фактор болып табылады.

    Қатынастар – бұл өзара байланыстар мен өзара әсер ету жүйесі, мүмкіндіктер мен жағдайлар жүйесі, іс-қимылды, ортақ мүдделерді іске асыруға бағыттауға мүмкіндік беретін қандай да бір психологиялық қоғамның, оның ұжымдарының, нақтылы өкілдерінің мүдделері. Қатынастар – бұл социум өмірінің формасы, оны біріктіруші күш.

    Ұлтаралық қатынастарда бір-бірімен ажырамас болғанымен, әр түрлі «жұмыс істейтін» мүдделердің тұрақты екі тобы өмір сүреді.

    Мүдделердің бірінші тобы шартты түрде «жалпы әлеуметтік» деп аталған. Қазақстанда өмір сүретін ұлттық топтар үшін бұлар көбінесе төмендегілер болуы мүмкін: аумақтық-мемлекеттік (аумақтық-құқықтық қатынастардың бірыңғай жүйесі бар ортақ мемлекет), әлеуметтік-экономикалық (бірыңғай экономикалық кеңістік, материалдық игіліктерді өңдіруде, бөліп беруде қатысудың бәріне ортақ механизм), әкімшілік-құқықтық (бәріне ортақ заңдарға бағыну), білім алу, ғылыми, мәдени салалардың т.б. ортақтығы.

    Мүдделердің екінші тобы – «этникалық өзіндік ерекшелігі бар» мүдделер, автор оған әрбір ұлттық топты сипаттайтын және ең алдымен тілдің, мәдениеттің, дәстүрдің, шаруашылық тәртіптің, сана мен өзіндік сана-сезімнің т.б. ерекшеліктерінде көрінетін қажеттіліктер тобын жатқызады.

    Этносаралық қатынастар – қазіргі полиэтникалық қоғамды анықтайтын құрамдас бөліктерінің бірі. Бұл қатынастардың динамикасы мен тепе-теңдігі байланысқа түсетін халықтар мен этникалық топтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты. Оларға өзара тәуелді факторлардың жиынтығы әсер етеді. Атап айтқанда: халықтардың әлеуметтік-экономикалық қатынастарының деңгейі, олардың саяси, мәдени және демографиялық дамуының тарихи қалыптасқан ерекшеліктері. Бұл олардың өзара әрекеттесуінің сипаты мен динамикасын ғана емес, сонымен қатар әрқайсысының орны мен рөлін де анықтай алуы мүмкін.

    Этносаралық қатынас – бұл объективті өмір сүретін шындық, этноәлеуметтік қауымдастықтарға тән этникалық белгілер мен қасиеттердің көріну ауқымы: мақсаттардың, ділдің (менталитеттің), жүріс-тұрыс ережелерінің, т.б. жиынтығы. Бұл қатынастар барлық уақытта күрделі болып келеді.

    Этносаралық қатынастарды сипаттайтын қазіргі кездегі ұғымдардың бірі «ұлтаралық келісім» болып табылады. Қазақстандағы ұлтаралық келісімді зерттеуге ғалым Г.В.Малининнің еңбектері арналғын.

    Біріншіден, жалпы дүниетанымдық негіздемелердің, тарихи тағдырлардың, рухани жақындықтың болуы.

    Екіншіден, басқа этникалық субъектіні түсінуден ғана емес, сондай-ақ оның өзіне қарым-қатынас бойынша тең серіктес ретіндегі көзқарасынан тұратын толық шынайы өзара түсіністікке қол жеткізу. Өзара түсіністік барлық уақытта қайтымды, өзара екі жақты келісімді сипатта болады.

    Үшіншіден, өмірдің барлық салаларында үнемі және үздіксіз өзара айырбас үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау. Келісім – ол жүйелі бейнедегі өзара әрекет пен айырбастан тұратын, негізінде субъектілердің өзіндік ерекшелігі мен бір-біріне жақындығын терең меңгеру болып жататын процесс.

    Төртіншіден, өзара қарым-қатынас жасайтын этникалық субъектілер мүдделерінің сәйкес келуі үшін мүмкіндіктер іздеу.

    Бесіншіден, өзара қарым-қатынас жасайтын этникалық субъектілердің өзара бағалау деңгейінің тепе-теңдігіне қол жеткізу.

    Алтыншыдан, этносаралық толеранттылықтың – шыдамдылықтың қалыптасуы. Толеранттылық – мәжбүрлі емес коммуникацияның құндылығы, рухани қарым-қатынастың, қайырымдылық пен келісім аясын кеңейтуге ұмтылыс.

    Қорытындылай келе, этносаралық қарым-қатынасқа өзіміздің Қаза елімізді алуға болады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, сондықтан да мемлекетімізде ұлттық қатынастар қалыптасады. Және әр ұлт өкілдері өзіндік мәдениетімен, тілімен, ділімен, салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Біздің тәуелсіз Қазақстан елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқына тән қонақжайлықпен, кеңпейілдікпен барша ұлттарды бауырымызға басқан елміз. Этносаралық қатынастардың берік бірлікке негізделген үлгісін жасаудағы Қазақстанның тәжірибесі сәтті шыққан және бірегейлігімен ерекшеленеді.


    написать администратору сайта