Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
| І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ «Кейс – стади» әдісі әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Жұмысты жүргізу үшін бір жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі - бірінші кезекте адамның лайықты өмір сүруіне қажетті сапалы өнімдерді пайдаланумен анықталады. Ғалымдардың болжауы бойынша алдағы елу жылда жер бетіндегі халықтың саны 12 миллиардқа жететін көрінеді. Ал осыншама халықтың басқа да қажеттіліктерін ойламағаннның өзінде, бір ғана ішіп – жеуге қаншама азық – түлік керек болады?
Гені түрлендірілген ағзалар дегеніміз не? Бұл молекула не үшін керек? Ол қандай болады?
Гендік инженерия дегеніміз не? Модификация ұғымдарына сипаттама беріңңдер.
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| «INSERT» әдісі
Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
| Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастырады.
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Полиплодия арқылы түраралық кедергілерді жоюды сипаттайды.
| 9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
|
| Оқулықта берілген тапсырманы орындатады
| 1. Неге бағытталған мутагенез көбінесе микроағзалар селекциясында, ал өсімдіктерде сирек, жануарларда өте сирек қолданылатынын түсіндіреді.
2. Селекциядағы жаңа әдістер мен оларды қолдану болашағы арасындағы байланысты анықтайды.
3. Г.Д.Карпеченко қалай түраралық шағылыстыруды жүзеге асырғанын сипаттайды.
| Дискриптор: Жалпы балл-3
1. Тапсырманы орындайды.
| ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
|
| «Ашық микрофон» әдісі
Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, жаңа тақырыпқа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
| Мутация, полиплоидия, гетерозис, бағытталған мутагенез, будандастыру, гендік инженерия және модификация сөздерін басты назарға алады.
| Дискриптор: Жалпы балл-3
1.Терминдерге сипатта беріп, талқылайды.
| ДК экраны
9-сынып оқулығы
Микрофон
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.
| Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|